«Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкерлер



Дата12.01.2024
өлшемі13.66 Kb.
#488887
түріБағдарламасы
document name



Автор: БАЙЖАНОВА АЙГУЛЬ АСКАРОВНА
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 8-сынып
Бөлім: Махаббат және абырой
Тақырып: «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкерлер

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

Сабақтың мақсаты:

Тақырыптағы негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу;

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: Кестелер толтыра алады, өз көзқарастарын білдіреді, ой қорытынды жасайды. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тура және жанама мінездеу, кейіпкерді сомдау.

Күтілетін нәтиже:

Барлығы: Шығарманың мазмұнын таниды.
Басым бөлігі: Шығарманы талдап, сюжеттік желілерін анықтай алады.
Кейбірі: Кейіпкерлерді сомдауда мінездеулерді жіктей алады.

Бағалау критерийлері:

Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды.
Өз көзқарасын білдіреді.

Құндылықтарды дарыту:

• Өзін де, өзгені де сыйлау.
• Ынтымақтаса жұмыс жүргізу.
• Ой-пікірін ашық жеткізу.
• Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет.
• Шығармашылық.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Слайдтар. https://bilimland.kz/kk/plans/create

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих, география, өзін-өзі тану

Бастапқы білім:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 минут)

Қызығушылықты ояту .  Дүниедегі барлық нәрсеге не қажет? (Атау,есім)
 Өзі менің әкемнің баласы, бірақ маған аға да, іні де емес.Бұл кім болғаны? (Мен өзім). «Жартыңды тап» Мақал-мәтелдердің сыңарлары жазылған парақшалар арқылы топтасады. 1.Оқу – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы.
2.Асыл – тастан, Ақыл – жастан.
3. Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. (3 топқа бөлінеді)

Мақалдар жазылған парақшалар

Сабақтың ортасы
(30 минут)

1-тапсырма. Жеке жұмыс. «Кейіпкерді атаймыз» Роман кейіпкерлерін еске түсіру.
1. Сәрсенбай шаңырағына шыр етіп дүниеге келген сәбидің есімі? ( Жамал)
2. Жамалдың анасының есімі кім? . ( Шолпан)
3. Жамалдың оқытушысының есімі кім? (Ғазиз )
4. Сәрсенбай өз қызын қай байдың ұлына ұзатады? ( Байжан)
5. Байжанның ұлының есімі және жасы нешеде? ( Жұман , жасы-17)
6. Жамал жиын- тойда қандай жігітті кездестіреді? ( Ғали)
7. Ғали Жамалды алып қашып кімнің үйінде паналайды? ( Фатихолла)
2-тапсырма. Топтық жұмыс. «Т» кестесі «Жамал трагедиясы – бүкіл халықтық трагедия ма, әлде бір қыздың бас қайғысы ма?» мәселесі негізінде Т сызбасын толтыртып және топта талқылату.
Халықтық трагедия Жеке бастың қайғысы
Дескриптор: - Ұсынылған пікірді өз сөзімен өрбітеді.
- Пікірді мысалмен дәлелдейді.
- Қорытынды жасайды.
3-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Кейіпкерге мінездеме» Кейіпкерлерге портреттік мінездеме беру.
Кейіпкер Тура мінездеу Жанама мінездеу
Сәрсенбай
Шолпан
Жамал
Ғали
Жұман
Дескриптор: - кейіпкердің портреттік мінездемелерін жазады.
– кейіпкер туралы ой қорытындысын жеткізеді.
4-тапсырма.Топтық жұмыс. «Бірге талқылаймыз» Жамалдың мінезіне байланысты берілген анықтамаларды дәлелдеу үшін шығармадан үзінділерді тауып, талдау.
Мінез ерекшелігі Шығармадан үзінді Менің ойымша... Мақсаты бар
Зерек, оқуға бейім
Ақылды
Ақын
Дескриптор: - өз пікірін дәлелдеуде үзіндіні орынды қолданады.
- үзінді бойынша қорытынды шығарады.

А4-парақшалары
Кестелер



Сабақтың соңы
(2 минут)

"Менің пікірім" Оқушылар шығармаға сүйене отырып, өз пікірін білдіреді.
Автор Жамалдың бейнесін ашуда қандай сөздер қолданған?

Стикер

Рефлексия
(3 минут)

Кері байланыс « Мен үшін» Оқушының аты-жөні ............................................................................. Сыныбы ................. Пәні ................
Сабақтағы жетістігім Сабақтағы жаңалық Сабақта ұнаған тәсіл Сабақтағы басты қиындық

Кері байланыс парақшасы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет