Пәні: Қазақ әдебиеті
Күні:
|
Сыныбы: 8
Мұғалімнің аты-жөні: Ташмагамбетова А.Т.
Мектебі: «№137 негізгі орта мектебі» КММ
|
Бөлім тақырыбы
|
Дананың сөзі-ақылдың көзі
|
Сабақ тақырыбы №2
|
Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» шығармасындағы кейіпкерлер
|
Оқу мақсаты
|
8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
|
Сабақ мақсаты
|
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» шығармасындағы кейіпкерлердің мінездеу түрлерін анықтайды.
Мінездеудің түрін дәлелдеу үшін шығармадан үзінділерді келтіреді;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Кейіпкерлер бойындағы мінезді қазіргі заман тұрғысынан талдайды;
Оқушылардың кейбірі орындай алады.
Қазіргі кездегі «Толық адам» бейнесін ұсынады.
|
Бағалау критерийлері
|
Мінездеу түрлерін анықтауда тура және жанама мінездеулерді ажыратады.
Келтірілген үзінділері мінездеу түрін ашады.
Талдауда А.Йассауи насихаттаған адами қасиеттерге өз көзқарасын білдіреді.
«Толық адам» концепциясын ұсынуда қазіргі заманға қажетігін дәлелдейді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Дағдыларды дамыту:
Түсіну және талдау дағдыларын жетілдіру.
Үштілділік:
пәлсафалық, хикмет
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Қылует, пір, сопылық, зікір, шариғат, мағрифат, тариқат, хақиқат, ғазиз, ғафил, аят, хадис, тақуа, ақырет, тамұқ, нақақ.
Талқылау сұрақтары:
Қазіргі кезде адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары
ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ РУХАНИЯТ
Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық
|
Ресурстар
|
Ахмет Иассауи фотолары, мәтіндер, таратпа материалдары, ғаламтор, кестелер.
|
Оқыту
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Саралау тәсілдері
|
Қалыптастырушы бағалау тәсілдер
|
Сабақ басы
5 минут
|
Тапсырма: «Броун қозғалысы» әдісі.
Мақсаты: Психологиялық ахуал тудыру,топқа бөлу.
Құрметті оқушылар, қазір музыка ойнаған кезде аудиторияда айналып билеп жүріңіздер;
Музыка тоқтап, айтылған сан бойынша бірігіп қосылыңыздар.
Үшінші сан бойынша топ құраңыздар.
Осы бойынша «Шариғат», «Тариқат», «Мағрифат», «Хақиқат» деген топтарға бөлініңіздер.
Тапсырма: «Сұрақтар жауыны» әдісі
Мақсаты: Сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбын ашқызу.
Мінез дегенді қалай түсінесіздер?
Адамның мінезін қалай білуге болады?
Адамның қандай мінездерін көркем дер едіңіздер?
Сұрақтардың бүгінгі сабақпен байланысы қандай деп ойлайсыздар?
- Сабақ мақсатын оқыңыздар.
- Сабақ мақсаты бойынша бағалау критерийлерін жасап көріңіздер.
- Менің ұсынып отырған бағалау критерийлерімен салыстырыңыздар.
|
Сұрақтар топта талқыланады да, оқушылар бір біріне қолдау көрсетеді.
|
«Ауызша бағалау» әдісі. Оқушы мен мұғалімнің ауызша кері байланысы.
|
Сабақ ортасы
5 минут
7 минут
7 минут
6 минут
|
1-тапсырма: «Маңдайдағы стикер» әдісі
Мақсат: Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» шығармасындағы кейіпкерлердің мінездеу түрлерін анықтайды. Мінездеудің түрін дәлелдеу үшін шығармадан үзінділерді келтіреді;
А) Әр оқушы маңдайына кейіпкер есімі жазылған стикер жабыстырамын;
Өзге оқушылар, осы кейіпкердің мінездемесін айтыңыз;
Стикері бар оқушы, бұл қай кейіпкер екенін табу керек.
Дескриптор:
Кейіпкерді қосымша детальдерінен негізгі мінездемесіне дейін қамтиды.
Ә) Кестені толтырыңыз.
Тура мінездеу- кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндау.
Жанама мінездеу -оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу.
Қаралатын аспекті
|
Тура мінездеу
|
Жанама мінездеу
|
Анықтамасы
|
|
|
Өлеңнен үзінді
|
|
|
Менің көзқарасым
|
|
|
Дескриптор:
Кейіпкерді мінездеу түрлерін дұрыс анықтады.
Өлең үзіндісінен кейіпкер мінезін ашты.
Өлеңге өз көзқарасын білдіріп, пікір айтты.
2-тапсырма: «Үш түрлі күнделік» әдісі
Мақсаты: Кейіпкерлер бойындағы мінезді қазіргі заман тұрғысынан талдайды.
1. «Үш түрлі күнделікті» толтырыңыз.
2. Толтырылыған кестені топта талқылаңыз.
3. Сұраққа жауап беріңіздер.
Шығармадан үзінді.
|
Үзіндіге көзқарасы
|
Бұл жөнінде туындаған сұрақ
|
|
|
|
Дескриптор:
Үзінді кейіпкердің мінезін ашады;
Көзқарасында мінезге баға береді;
Сұрақтар мінездің қазіргі кездегі маңыздылығына дәлел сұрайды.
Жауаптарда қазіргі өмір ерекшеліктерін ашады.
3-тапсырма. «Еркін жазу» әдісі
Мақсаты: Қазіргі кездегі «Толық адам» бейнесін ұсынады.
«Қазіргі кездегі «Толық адам» қандай болуы тиіс?» деген сұраққа кеңейтілген жауап жазыңыз.
Дескриптор:
1. Толық адамның қасиеттерін атайды.
2. Атаған қасиеттердің маңыздылығы ашылады.
|
Топта тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.
Оқушылар күнделікті топта толтырады, ресурс ретінде шығарма мәтіні, әдебиет теориясы анықтамалығы беріледі.
Деңгейі жоғары оқушылар таңдауы бойынша орындайды.
|
«Бас бармақ» әдісімен дескриптор бойынша топтар бір-бірін бағалайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен дескриптор бойынша мұғалімнің және сыныптастарының кері байланысы.
«Бағдаршам» әдісімен дескриптор бойынша мұғалімнің және сыныптастарының кері байланысы.
Дескриптор бойынша мұғалімнің және сыныптастарының кері байланысы.
|
Сабақ соңы
5 мин
|
6. Рефлексия: «Синквейн» әдісі
Мақсаты: «Хикмет» сөзімен өлең құрастыру.
Бірінші жол – тақырыптың атауы ( зат есім)
Екінші жол – тақырыпты сипаттайтын екі сөз – (сын есім)
Үшінші жол – тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз( етістік)
Төртінші жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.
|
|
|
|
Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы
|
Саралау. Көбірек қолдау үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктейсіз?
|
Қалыптастырушы бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?
|
Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік тексеру. АҚТ қолдану. Құндылықтарға сілтеме
|
Жұптық, топтық жұмыстарды бірлесе орындап, бір-біріне қолдау көрсетеді. Сабақ мақсаты деңгейлерге бөлініп, күтілетін нәтиже сараланады. Мақсатқа жету үшін ресурстар арқылы саралау жүргізіледі.
|
Оқушылардың нәтижелерін тексеру мақсатында «Ауызша бағалау», «Бас бармақ», «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістерімен рубрика, дескрипорлар бойынша кері байланыс береді.
|
Пән аралық байланыста философия, дінтану пәндерімен байланыс болады. Денсаулықтарына қауіпті ештеңе қолданылмайды. Өмір бойы білім алу, құрмет құндылықтары мәтін мазмұны арқылы іске асырылады.
|
Рефлексия
Сабақ мақсаттары жүзеге асырылды ма?
|
|