Байқауда алдын ала өткен іріктеуде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 12 ару бақ таластырды



Дата08.07.2016
өлшемі11.33 Kb.
#185647
2011-02-03 13:29:00.0
Елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қыз сыны» байқауы өтті

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Кеше елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қыз сыны» байқауы өтті.

Байқауда алдын ала өткен іріктеуде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 12 ару бақ таластырды. Ақылдарына көркі сай қыздар «Сыр мен сымбат сұлулығы» атты сайыста өзін-өзі таныстырып, ұлттық кийім үлгісін көрсетті, «Бес саусағынан бал тамған» сайысында ісмер апа-әжелеріміздің қол өнер үлгісі бойынша, ою ойып, кесте тікті, ұршық иіріп, құрақ құрады. «Ақыл - жастан, асыл - тастан шығады» кезеңінде қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына қатысты танымдық сұрақтарға жауап берсе, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» сайысында бикештер көрермендерге өздерінің ән айту, би билеу, мәнерлеп оқу және ұлттық аспаптарда ойнау қабілеттерін көрсетті.

Оқу орнының тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, қазылар алқасының төрағасы Александр Майер, бірінен-бірі өткен сұлу қыздардың өнерлеріне риза болып, қазіргі буынның жастары заман ағымынан қалмай, ата-жұрттың салт-дәстүрлерін де қаперлерінен шығармай жүргендігі аса қуантатындығын атап өтті.



Тартысты өткен сайыстың нәтижесінде С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың 2011 жылғы «Ару қызы» атағына агрономия факультетінің 1 курс студенті Назгүл Рахымбекова лайық деп танылды. Екінші орын энергетикалық факультеттің 1 курс студенті Айдана Бисекеноваға бұйырса, техникалық факультеттің 1 курс студенті Сандуғаш Борамбек үшінші вице-мисс атағын місе тұтты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет