Ақпарлама 29.02.2024 ж. мектебімізде алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту парызың!» атты шығармалар байқауы өтті. Байқау 9-10 сынып оқушыларының арасында өтті. Оқушылар жүрек жарды алғыстарын анасына, достарына, туған еліне және т.б. арнап шығармалар жазды.
Тақырыбы:«Алғыс айту парызың!»
Күні: 29.02.2024ж
Сынып: 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б», 10 «А»
Мақсаты:
Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту.
Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету.
Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.