3
Ет пен ет өнімдерін өндірудің физика-химиялық негіздері.
Қанның құрамы мен физика-химиялық қасиеттері.
Қанның автолитикалық өзгерістері.
Қанның тағамдық құндылығы.
Мақсаты: Қанның құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін, қанның
тұратқтануын, автолитикалық өзгерістері мен қанның тағамдық құндылығын
зерттеу.
Қанның құрамы мен физика-химиялық қасиеттері
Жануарлардың қаны қызыл, қою, тұтқыр, тұзды, дәмі мен өзіндік иісі
бар сұйықтық. Қанның қандай тамыр құрамынан алынуына байланысты түсін
ажыратуға болады. Мысалы: өкпедегі оттегіні сіңіріп артериядан алынған қан
түсі ашық қызғылт түске ие, ұлпаларға оттегіні беріп, көмірқышқыл газымен
қаныққан күре тамыр қаны қою қаралау реңге еніп, оның түсін қою қызғылт
түс деп сипаттауға болады. Ағзада қан айналым жолдары арқылы жүре
отырып, ол әр түрлі қызмет атқарады:
ұлпаларға оттегі, қоректік заттар
жеткізіп, зат алмасу қалдықтарын (көмірқышқыл, несеп, артық су,
минералды тұздар) зиянды заттардан арылтатын мүшелерге (өкпе, бүйрек,
тері, ішек) жеткізеді.
Қан арқылы ағза қызметтерінің реттелуі гуморальді деп аталады: қан
жасуша үшін жағымды физико – химиялық орта болып табылады, олар жылу
реттелуіне қатысады, ағзаны ауру тудыратын микробтардан қорғайды.
Ірі қара малда қан мөлшері 80%, қойда 8,1% , шошқада 4,6%, жылқыда
9,8%, құста 8,5% болады, бірақ малды сойған кезде қан шығымы едәуір аз.
Осылайша ірі қара малда қан шығымы 4,2%, қойда 3,5%, шошқада 3,2%,
жылқыда 5,5% болады.
Достарыңызбен бөлісу: