20
соңғысында қан шығарушы органдардың: сүйек кемігі, көкбауыр, лимфалық
түйіндердің негізін құрайды, өкпе тіндерін түзуге және т.б. қатысады.
Ретикулин қайталану кезеңі 64 нм (коллагендегідей) жіңішке көлденең
сызылған фибриллалардан тұрады. Әр түрлі
жануарлардың ретикулин
құрылымы ұқсас.
Муциндер мен мукоидтер біршама мөлшерде дәнекер тінде болады.
Жасушааралық заттың құрамында бұл ақуыздар полисахаридтермен бірге
фибриллді және жасушалық компоненттерді белгілі
бір құрылымдық өзара
орналасуда ұстап тұратын кешендер түзеді.
Муциндер көптеген сөлдер: сілекей, асқазан шыры мен басқаларының
міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. олар күрделі ақуыздар тобы –
гликопротеидтерге жатады. Простетикалық топтар ретінде бұл ақуыздарда
ақуызбен берік байланыспаған мукополисахаридтер кездеседі. Муциндердің
простетикалық
тобының құрамына галактоза, глюкоза, глюкозамин
қалдықтары немесе галактоза, гдюкурон, сірке және күкірт
қышқылдары
кіреді.
Мукополисахаридтер (күрделі сахаридтер) желілік тарамдалмаған
полимерлер болып табылады және олар қайталанатын дисахаридті
буындардн жасалады. Олар жасушааралық заттың
цементтеуші компоненті
рөлін атқарады, коллагеннің пептидті тізбектерінің молекулааралық
байланыстарды түзуге
қатысады, муциндер мен мукоидтар құрылымына
кіреді. Осы заттар дәнекер және басқа тіндерде микрофлораның әрекет етуне
қатысты қорғаушы рөлін орындайды.
Дәнекер тіннің әр түрлерінде әр түрлі мукополисахаридтердің
молекулалық көріністері болады. Жануарлар тіндерінде
көбінесе гиалурон
қышқылы, хондроитин-4-сульфат, хондроитин-6-сульфат, дерматансульфат,
ксратансульфат, гепаринсульфат немесе гепарин таралған.
Достарыңызбен бөлісу: