«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата04.07.2016
өлшемі66.53 Kb.
#178075


«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізлсін:

мынадай мазмұндағы 1-тармақтың 3) тармақшасымен толықтырылсын:

«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телефон байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:



3-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – жеке тұлғалар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін және заңды тұлғалар үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірін қамтитын, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы мәліметтер, биллингтік мәліметтер және оларға көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер, абоненттік құрылғының желіде орналасқан жері, деректер беру желісіндегі мекенжайлары және деректер беру желісінде интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, интернет-ресурсты сәйкестендірушілер, деректер беру желісінің хаттамалары;»;

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) байланыс операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, байланыс қызметтерін көрсететін заңды тұлға;»;



27) тармақша алынып тасталсын;

11-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;

12-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырсын:

«15) телекоммуникация қызметтері үшін төлемдерді байланыс операторларының абоненттерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда комиссиясыз қабылдауды қамтамасыз етеді. Төлеу түрін және нысанын байланыс операторы белгілейді.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:



2-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – жеке тұлғалар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін және заңды тұлғалар үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірін қамтитын, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы мәліметтер, биллингтік мәліметтер және оларға көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер, абоненттік құрылғының желіде орналасқан жері, деректер беру желісіндегі мекенжайлары және деректер беру желісінде интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, интернет-ресурсты сәйкестендірушілер, деректер беру желісінің хаттамалары;»;



мынадай мазмұндағы 2-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырсын:

«2-1) абоненттік нөмірді көшіру – басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасқан кезде абоненттік нөмірді сақтау және ұялы байланыс желілерінде пайдалану бойынша абонентке көрсетілетін қызмет;»;

«11-1) донор-оператор (бұдан әрі - донор) – байланыс желісінен абоненттік нөмірді көшіруді жүзеге асыратын ұялы байланыс операторы;»;

16) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырсын:

«29-1) реципиент-оператор (бұдан әрі - реципиент) – байланыс желісіне абоненттік нөмірді көшіруді жүзеге асыратын ұялы байланыс операторы;»;

32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«32) ұялы байланыс операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, байланыс қызметтерін көрсететін заңды тұлға;»;

7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Абоненттік құрылғылар ретінде кіріктірме модемдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер және ноутбуктер, сондай-ақ USB-модемдер, ұтқыр Wi-Fi роутерлер және басқа да байланыс құралдары пайдаланылуы мүмкін.»;

10-тармақ алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырсын:

«10-1. Ұялы байланыс операторлары абоненттерге Заңның 8-бабы 1-тармағының 8-5) тармақшасына сәйкес бекітілген қағидаларда көзделген мерзімдерде абоненттік нөмірді көшіру қызметін көрсетеді.»

14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Ұялы байланыс операторы Байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына сәйкес (бұдан әрі – Шұғыл шақырулар) қосылыстарды ұсынуды қамтамасыз етеді. Шұғыл шақыруларға қосылу, сондай-ақ 1414 нөміріне қысқа хабарламалар байланыс операторларымен тарифтелмейді.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесінде ұялы байланыс операторымен байланыс (ақпараттық-анықтамалық) қызметтерін көрсетумен байланысты қызметтер тегін көрсетіледі.»;



16-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырсын:

«4) байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты басқа да ақпараттық-анықтамалық қызметтер.»;

17-тармақ алынып тасталсын;

19-тармақты мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырсын:

«11-1) абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшірген кезде абоненттің дербес шотында жұмсалмаған ақшалай қаражатты қайтару тәртібі;»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы нормаларда негіздемелер бойынша, сондай-ақ Заңның 8-бабы 1-тармағының 8-5) тармақшасына сәйкес бекітілген Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында көзделген тәртіпте бұзылады (өз қолданасын тоқтатады).»;

22-тармақта:

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырсын:

«9-1) абоненттік нөмірді көшірудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді;»



келесі мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырсын:

«31) ұялы байланыс қызметтері үшін төлемдерді байланыс операторларының абоненттерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда комиссиясыз қабылдауды қамтамасыз етеді.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Ұялы байланыс операторы абоненттерге ұсынатын тарифтік жоспарларды қалыптастырады. Тарифтік жоспарлар тізбесі, оларды пайдалану шарттары (олардың қолдану мерзімі немесе басқада шектеулер), оларға енгізілген ұялы байланыс қызметтерін және оларға тарифтерді ұялы байланыс операторы анықтайды және ұялы байланыс операторына қолжетімді тәсілдер арқылы абоненттердің назарына жеткізеді.»;

Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидаларын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.


2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):


1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.





Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы


А. Рау



«КЕЛІСІЛДІ»:

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев

2015 жылғы «___» __________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет