Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары



Дата01.07.2016
өлшемі177.5 Kb.
#169600


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды

есепке алу қағидалары


1. Осы Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы кодексінің (бұдан әрі – кодекс) 89-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бала асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарды (бұдан әрі – азаматтар) есепке алуды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2. Азаматтарды есепке алуды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы (бұдан әрі – орган) жүзеге асырады.

3. Азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша органға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (бұдан әрі – бала) асырап алғысы келетіні туралы жазбаша өтінішті мына құжаттарды:

1) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) жақын туысқандардың бала асырап алуға жазбаша келісімін;

4) достарының немесе көршілерінің үштен кем емес ұсыным хаттарын;

5) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтаманы;

6) отбасы жағдайы туралы анықтаманы;

7) азаматтардың және жақын туысқандар денсаулығының жай-күйі туралы анықтаманы;

8) соттылығының жоқ екені туралы анықтаманы;

9) тұрғын үй-жайға меншік құқығын растайтын құжатты қоса отырып ұсынады.

берілген күннен бастап үш ай ішінде жарамды азаматтардың және жақын туысқандар денсаулығының жай-күйі туралы анықтаманы қоспағанда, 3) – 8) тармақшаларда санамаланған құжаттар берілген күннен бастап алты ай ішінде жарамды.

4. Орган азаматтардың кодекстің 91-бабына сәйкес бала асырап алуға үміткерлер болуға құқығын, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданыстағы Қазақстан Республикасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Тексеру қорытындысы бойынша орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде азаматтардың тұрғын үй жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізеді, оның нәтижелері бойынша 1-қосымшаға сәйкес тиісті акті жасайды және азаматтардың бала асырап алуға үміткерлер болу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес дайындайды.

5. Азаматтардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі жағдайларында орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу журналына тиісті жазба енгізу арқылы оларды бала асырап алуға үміткерлер ретінде есепке қояды.

Органның бланкісінде орындалған оң қорытындының түпнұсқасы қол қойылған күннен бастап он бес күн ішінде бала асырап алуға үміткерлерге беріледі.

6. Азаматтар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда орган қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде азаматтардың назарына негіздемесі бар теріс қорытындыны жеткізеді. Азаматтарға олардың құжаттары бір мезгілде қайтарылады.

Азаматтар тілек білдірген кезде теріс қорытынды жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.

7. Азаматтардың теріс қорытындыда көрсетілген жол берілген кемшіліктерді жою кезінде құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес оларды қарайтын органға қайта беріледі.

8. Бала асырап алуға үміткерлер баланы өзінің тұрғылықты жері бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында бала асырап алу үшін баланы таңдай алмаса, бала асырап алуға үміткерлердің тұрғылықты жері бойынша орган олар тілек білдірсе, басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органына органда кейіннен бала асырап алуға үміткерлер ретінде тіркелу үшін жазбаша өтінішпен жүгінеді.

Бұл ретте, осы Қағидалардың 3-тармағының 2) – 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау актісі, бала асырап алуға үміткерлер болу мүмкіндігі туралы оң қорытынды қоса беріледі.

Басқа облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада тіркелгеннен кейін бала асырап алуға үміткерлер тұрғылықты жері бойынша органда есептен жазбаша өтініштің негізінде шығарылады.

_________________________


Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды

есепке алу қағидаларына

1-қосымша



Бала асырап алуға үміткерлер болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау

АКТІСІ
Тексеріп-қарау жүргізілген күн _________________________________________

Тексеріп-қарауды жүргізді _____________________________________________

(тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты,

____________________________________________________________________

жұмыс орны)

Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның мекенжайы және телефоны:_______________________________________

________________________________________________________________________________
Тексеріп-қарау мақсаты:_______________________________________________

(бала асырап алу)


1. Бала асырап алуға үміткерлер болғысы келетін азаматтардың жалпы сипаттамасы

Тегі ______________________________ аты ______________________________

әкесінің аты ________________________ туылған күні______________________

жұмыс орны ________________________ лауазымы ________________________

білімі ____________________________ азаматтығы ________________________
Тегі ______________________________ аты ______________________________

әкесінің аты ________________________ туылған күні______________________

жұмыс орны ________________________ лауазымы ________________________

білімі ____________________________ азаматтығы ________________________

Тұрғылықты жері_____________________________________________________

Некеде _________________________ ______________________________ бастап

(тұрады, тұрмайды) (неке тіркелген күн)

Күйеуінің бұдан бұрынғы некелері _____________ бастап ___________ аралығы

(иә, жоқ)

Әйелінің бұдан бұрынғы некелері _____________ бастап ___________ аралығы

(иә, жоқ)

Балалары ____________________________________________________________________

(бар, жоқ)
Балалары туралы мәліметтер:

1) Тегі ____________________________ аты ______________________________

әкесінің аты ________________________ туылған күні______________________

Құқықтық қарым-қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке алғанда) ____________________________________________________________________

(туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)

Тұрғылықты жері _____________________________________________________

2) Тегі ____________________________ аты ______________________________

әкесінің аты ________________________ туылған күні______________________

Құқықтық қарым-қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке алғанда) ____________________________________________________________________

(туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)

Тұрғылықты жері _____________________________________________________

3) Тегі ____________________________ аты ______________________________

әкесінің аты ________________________ туылған күні______________________

Құқықтық қарым-қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке алғанда) ____________________________________________________________________

(туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)

Тұрғылықты жері _____________________________________________________


2. Бала асырап алуға үміткерлер болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы

Жалпы ауданы ___________ (ш. м) тұрғылықты ауданы ______________ (ш.м)

Тұрғылықты бөлмелердің саны _________

Жазылғандар_________________________________________________________

(тұрақты, уақытша)

________________________________________________ құқықтарында тұрады

(меншік иесі, жалдаушы, қосымша жалдаушы)

Үйдің, пәтердің тиесілігі _______________________________________________

(мемлекеттік, жеке)

Тұрғын үйдің жайлылығы______________________________________________

(жайлы, жайлы емес, жартылай жайлы)

Санитарлық-гигиеналық жай-күйі _______________________________________

(жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер __________________________________

____________________________________________________________________

 

Отбасының бірге тұратын өзге мүшелері:



 

Тегі, аты, әкесінің аты

Туылған күні

Туысқандық қарым-қатынастары

Жылдық табыс

 

 

 

 

 

3. Биографиялық мәліметтер (балалық шақта және жасөспірімдік кезеңдегі отбасы ахуалы, ата-аналармен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен, басқа туысқандарымен қарым-қатынасы):____________________________________________

________________________________________________________________________________

4. Отбасыішілік өзара қарым-қатынастары (отбасының бұрынғы ерлі-зайыптылық өмірінің сипаттамасы және қазіргі уақыттағы ахуалы, бала асырап алушылардың тұлғалық сапалары, мүдделері, бос уақыттағы жұмысы, өмірліккөзқарасы, дінге, тәрбиелеуге қарым-қатынасы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесіның бар болуы, жақын туысқандардың бала асырап алуға қарым-қатынасы) ________________________________________________________

________________________________________________________________________________

5. Бала асырап алуға себеп: _______________________________________

____________________________________________________________________

6. Денсаулығы (бала асырап алуға үміткерлер болуға тілек білдірген азаматтар денсаулығының жай-күйі туралы дәрігерлік қорытындыға сәйкес) ____________________________________________________________________


7. Бала асырап алуға үміткерлер болуға тілек білдірген азаматтар

Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танымаған.

Сот ата-ана құқықтарынан айырмаған және оларда шектемеген.

Өзіне жүктелген міндеттеді тиісті орындамағаны үшін қорғаншылар, қамқоршылар міндеттерінен шеттетілмеген.

Бұрынғы бала асырап алушылар болып табылмайды, егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса

Қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ.

_________________ ____________________

(қолы) (инициалдары, тегі)

_________________ ____________________

(күні)

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды

есепке алу қағидаларына

2-қосымша

_________________________________________

(қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі

функцияларды жүзеге асыратын органның атауы)


Бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болу

мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы

ҚОРЫТЫНДЫ
Т.А.Ә. (толық) _______________________________________________________

Туылған күні: ________________________________________________________

Т.А.Ә. (толық) _______________________________________________________

Туылған күні: ________________________________________________________

Мекенжайы (тұрғылықты жері, индексі)__________________________________

____________________________________________________________________

Отбасының сипаттамасы (құрамы, некенің ұзақтығы (қайта некеде болған кезде бұрынғы некеден балаларының бар-жоқтығы көрсетілсін), балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесі, отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас, жақын туысқандардың бар-жоқтығы және олардың бала асырап алуға қарым-қатынасы, бала асырап алуға үміткерлердің мінез-құлық ерекшеліктері); ерлі-зайыптылардың біреуі бала асырап алған кезде екіншісінің бала асырап алуға келісімінің бар екені көрсетілсін).

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Білімі және кәсіптік қызметі ____________________________________

____________________________________________________________________

Денсаулығының сипаттамасы (денсаулығының жалпы жай-күйі, бала асырап алуға кедергі келтіретін сырқаттарының болуы)

____________________________________________________________________

Материалдық жағдайы (мүлкі, еңбекақысының мөлшері, табыстардың өзге түрлері) _____________________________________________________________

____________________________________________________________________

Бала асырап алуға себеп _______________________________________________

Бала асырап алушылардың баланың кандидатурасы бойынша тілектері (жынысы, жасы, мінез-құлық, түр-әлпетінің ерекшеліктері, бала асырап алуға үміткерлердің дамуында ауытқушылықтары бар баланы асырап алуға келісімі)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Азаматтың___________________________________________________________

(өтініш берушінің (берушілердің) Т.А.Ә.)

бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болу мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды __________________________________________________________

____________________________________________________________________
________________________________ __________________________

лауазымы, Т.А.Ә. күні, қолы


М.О.
Ескертпе. Қорытындының түпнұсқасы бала асырап алуға үміткерлерге беріледі, көшіремесі бала асырап алуға үміткерлердің ісіне тігіледі. Қорытынды қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бланкісінде дайындалады, оның басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады. Қорытынды осы Ереженің 3-тармағында қарастырылған құжаттардың негізінде дайындалады және бала асырап алуға үміткерлер ретінде есепке қою және бала таңдау үшін негіз болып табылады. Есепке қойылған күні бала асырап алуға үміткерлер журналында көрсетіледі.

_________________________

Бала асырап алуға тілек

білдірген адамдарды

есепке алу қағидаларына

3-қосымша


Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды

есепке алу журналы


Бала асырап алуға үміткерлердің

тегі, аты, әкесінің аты (толық)

Туылған күні (күні, айы, туылған күні)

Ұлты

Тұрғылықты жері (мекенжайы, үй, жұмыс телефоны кодымен, ұялы)

Жұмыс орны, атқаратын лауазымы

Денсаулығы туралы қорытынды

Отбасылық жағдайы(толық, толық емес отбасы)

Тегін, атын, әкесінің атын, туылған күнін, жұмысы мен тұрғылықты жерін көрсете отырып отбасының құрамы, оның мыналары бар

Баланы асырап алуға жақын туысқандарының азбаша келісімінің болуы

Достардың немесе көршілердің (үштен кем емес) ұсыным хаттарыныңболуы

Отбасының жиынтық табысының мөлшері

Тұрғын үйдің (жеке, жалға алынған) болуы

Өтінішті есепке қою күні

Азаматтардың бала аырап алуға үміткерлер болудан бас тартуы

Ескертпе

жақын туысқандары

кәмелетке толған балалары

кәмелетке толмаған балалары

бұрын асырап алынған (қамқоршылықтағы)балалар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18













































































































_________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет