Серия «Филология». № 3(99)/2020
91
DOI 10.31489/2020Ph3/91-95
ƏОЖ 821.512
А.Ш. Пангереев, М.Р. Балтымова
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан
(E-mail: pan.abat@mail.ru)
Балалар фольклоры дəстүрлі мəдениеттің ерекше саласы ретінде
Мақалада фольклордың қалыптасуы, қазақ халқының əн-күй өнерінің дамуына əсері мен олардың
ерекшеліктері, қазақ халқының рухани байлығы мен құндылықтарды сақтаудағы алатын орны туралы
мəселелер қамтылған. Қазақ ауыз əдебиетіне жүргізілген ғылыми зерттеулерге шолу жасалып,
болашақ ұрпаққа қалған рухани мұра ретінде фольклор үлгілерінің жинақталуы, халыққа таралу
жолдары, оған дəлел болған көне түркі жазбаларындағы мифтік сюжеттер талданған. Жүргізілген
зерттеулер негізінде қазақ халқының рухани құндылықтарын ұлттық əдебиет пен мəдениет арқылы
қалыптастырудың жолдары, оны жүзеге асыруда жас ұрпақты балалар əдебиетінің үлгілерімен
таныстыру, фольклор үлгілерін игерту, дəстүрлі мəдениетімізді сақтаудың құралы ретіндегі
маңыздылығы айқындалған. Жас ұрпақты мəдениетті, өркениетті елдің азаматы ретінде тəрбиелеудегі
балалар фольклорының айрықша орны туралы баяндалған. Қазақ халқының тұрмыс-салты мен ата-
баба дəстүрінен сыр шертетін, өткен өмір көрінісімен бірге тығыз дамып келе жатқан дəстүрлі
мəдениетті қалыптастырудағы фольклор жанрының жүздеген жылдар бойы дамып, өркендеп келе
жатқан үлкен ғылым екендігі көрсетілген.
Кілт сөздер: фольклор, балалар фольклоры, дəстүрлі мəдениет, рухани мұра, фольклорлық
шығармалар, ұлттық мəдениет, құндылық, рухани мұра, фольклор жанры.
Қазақ фольклорын өзінің даму тарихынан бастап зерттесек, ол рухани азық беретін бай мұра.
Фольклорды оқу арқылы адам санасын дамыту, байыту жұмыстарын жүргіземіз. «Қазақ фольклоры
— жанр жағынан да, түр жағынан да бай мұра. Оның ғасырлар бойғы тарихы бар. Ол сонау алғашқы
қауымның ыдырау кезеңінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүріп келді. Көне заманнан бері ол жай
ғана өмір сүрмей, əрбір қоғамдық құрылыста өмір шындығына сəйкестеніп, өзгеріп отырды.
Кейбір жанрлар өмірден біржола жоғалып, оның орнына жаңа жанрлар пайда болды» [1; 36, 37].
Қазақ фольклоры мен қазақ əдебиетінің арасын ажыратып алуда тек қана фольклорлық мұра
жайындағы зерттеулерге сүйенсек, атап айтқанда Халел Досмұхамедовтың «Қазақ халық əдебиеті»
атты еңбегінде (1928 жыл) фольклор мен əдебиеттің даму тарихы əдебиеттану ғылымының өз алдына
жеке салалары болып қалыптасқандығын айта аламыз. Əдебиет пен фольклор бір-бірінен
ажыратылып, айырмашылықтары анықталса да, кейбір туындыларды қайсысына жатқызатындығы
беймəлім болған кездерді де айтпай кетпейміз. Өйткені, авторы белгісіз, ел аузына ауыздан шығып,
тараған əдеби үлгілерді фольклорға жатқызып, өлеңдерді, жырларды əдебиетке жатқызды. Соның
бірі, 1960 жылдары «Қазақ əдебиетінің тарихы» атты үш томдық жинақта XVIII ғасырдағы Бұқардан
бастап жырланған ауыз əдебиетінің үлгілері қазақ əдебиетінің даму тарихын анықтауға түрткі болды.
Əдебиет тарихының дамуы қай кезден басталады десек, Б. Кенжебаевтың зерттеулерінен қазақ
əдебиетінің даму тарихы қазақ хандығы құрылған XI ғасырдан басталады деген пікірлермен
кездесеміз. Фольклордың дамуы да əдебиетпен қатар дамығандығына болжам жасасақ, фольклор
тарихын зерттеуде əдебиеттің даму тарихына тоқталмай кете алмаймыз. Мысалы, Орта Азия мен
Қазақстанға ортақ мұра боп қалған көне таңба үлгілеріндегі жазулар, еуропалық жəне қазақ
зерттеушілерінің еңбектерінде берілген VIII ғасырдағы Орхон Енисей, Талас жазбалары, оған дейінгі
грек тарихшысы Геродоттың еңбектерінде берілетін біздің жыл санауымызға дейінгі үш мың жыл
бұрын өмір сүрген сақтардың қаһармандық өмірінен сыр беретін зерттеулерді айтуымызға болады.
Кейбір деректерде [2] қазақ əдебиетінің даму тарихы қытай деректеріндегі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы
дəуірлерінен басталатынын кездестіреміз. Осы айтылған пікірлердің қаншалықты дұрыстығы мен
нақтылығына көз жеткізу үшін қазақ хандығының құрылуы, жеке ұлт ретіндегі қалыптасу, мемлекет
болып қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, салыстырып, ғылыми-əдіснамалық тұрғыда тереңірек
ашудың қажеттілігі туындайтыны сөзсіз.
Фольклордың қалыптасуы қазақтың əн-күй өнеріндегі ерекшеліктермен де түсіндірілетіні
белгілі. «Əжептəуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани
коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты — сол ұлттық кодыңды сақтай білу» [3],
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
А.Ш. Пангереев, М.Р. Балтымова
92
Вестник Карагандинского университета
— деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, ұлттық кодты сақтаудың бірден-бір жолы — ұлттық əдебиет
пен мəдениеттен қол үзбеу. Ал жер бетінде қазаққа ғана бұйырған күй жанры — ұлттық кодтың
төресі, оның тарихын зерттеп қана қоймай, беймəлім тұстарын, зерттелінбеген тұлғаларды, алуан
түрлі күйлерді зерттеу нысанына алып, ғылыми айналымға енгізу — рухани жаңғырудың басты
міндеттерінің қатарынан табылатыны сөзсіз. Қaзaқ хaлқының тұpмыc-салтымен, өмip-тipшiлiгiмeн
əpқaшaндa тығыз бaйлaныcтa бoлaтын күй — жүздeгeн жылдapдан бepi қaнaт жaйып, өpкeндeп кeлe
жaтқaн жaнp.
Қaзaқ мyзыкacын бipтұтac мəдени pyхaни құбылыc peтiндe шapықтayғa мүмкiндiктiң бoлмayы
— зepттey жүйeciнiң шaшыpaңқылығынa ceбeпшi бoлып, қaзaқтың дəcтүpлi мyзыкacы бipдe
тapихтың, кeлeciдe мəдeниeттaнудың, eндi бipдe фoльклopтaнудың aяcындa қapacтыpғaн yaқытты дa
бacтан кeшipдiк. Тəyeлciздiктiң aқ тaңы aтқaндa ocындaй oлқылықтapдың opнын тoлтыpyдың
мүмкiндiгi тyды.
Фольклор — ағылшын тілінен аударғанда халық шығармасы, халық аузынан тараған көркем
шығарма, халық даналығы деген мағынаны білдіреді. Фольклор əлем халықтарының барлығында бар.
Ауыз əдебиетінің ертеден келе жатқан асыл мұра екендігі қай халықтың болмасын өз алдына ұлт
екендігін, ұлттық санасын көрсетеді. Осы ретте орыс жазушысы, əдебиетші, сыншы Б.Г. Белинский
өзінің зерттеулерінде ауыз əдебиеті мен жазба əдебиетінің айырмашылығын көрсетіп, ауыз
əдебиетінің өте ертеден келе жатқан халықтың ой-санасының жемісі екендігін көрсетеді. Бұл
түсініктің нақтылығы мен шынайылығына тоқталатын болсақ, əлемнің жаратылуы мен күйреуі
туралы мифтік ұғымдарға тоқталуымызға болады. «Əлемдік мифологияның басты тақырыбы —
дүниенің жаратылуы мен күйреуі, басты кейіпкері жасампаз қаһарман мен құдайлар, адамдар екен де,
басты сипаты — біркелкілігі болып шықты. Қазақ мифологиясы да осы тектес. Мұнда да əлемнің
жаратылуы мен күйреуі баяндалады, жасампаз қаһармандар да, адамдар да құдай да əрекет жасап
жатады. Алайда, бұдан əлемдік мифология барлық халықта, барлық уақытта бірдей болған, еш
өзгеріске түспеген деген тұжырым тумайды. Керісінше, ол əр дəуірдің рухына сəйкес, əр халықтың
өмір салты мен тұрмыс-тіршілігімен байланысты туып, қоғамның əр кезеңіне қатысты өзгеріп
отырған. Сол себепті əлемдік мифологияны тарихи-стихиялық, əрі салыстырмалы-типологиялық
əдіспен зерттеу нəтижелі болмақ» [1; 299–300].
А.Н. Афанасьев зерттеулерінде ауыз əдебиетінің үлгілері дінге, діни ұғымдар мен əртүрлі
мифтерге байланысты туылған деген пікірлерді кездестіруге болады. Бірақ, мифтерге байланысты
ауыз əдебиетінің үлгілері пайда болуы мүмкін деген ұғымдардың шынайылылығы жоқ. Өйткені,
идеалистік көзқарасқа негізделген мифологиялық теориялар мен ой-пікірлер ауыз əдебиеті
үлгілерінің шығу тарихын ғылыми тұрғыда айқындай алмады. Бірте-бірте түрлі халықтардың ауыз
əдебиетінің пайда болу тарихын адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы нəтижесінде, сауда
жолдарымен пайда болғандығы туралы зерттеулерді орыс жазушысы Потанин, В.В. Веселовскийдің
еңбектерінен байқауымызға болады. Фольклордың даму тарихын зерттеуде əдебиеттің даму
тарихындағы хронологиялық даму, əдебиеттің өзіндік даму жолы деп көрсетілетін халық тарихының
көркем бейнелі шежіресіне де зер салуымыз қажет. Өйткені, халық бар жерде тарих бар, қандай да бір
дəуірдің, сол дəуірдегі болған оқиғаның көркем бейнесін, кейпін танытатын əдебиет екендігі белгілі.
Басқа да елдердегі чуваш, орыстардағы əдебиеттің дамуы хронологиялық жүйе бойынша дамыған.
Қазақ əдебиетінің тарихын зерттеуде ұлттық əдебиеттің ғасырлар бойы жинақтаған көшпелі тайпалар
əдебиеті, ежелгі түрік əдебиеті, ХІХ ғасыр əдебиет, ХХ ғасырдың басындағы əдебиет, кеңес
дəуіріндегі əдебиет болып хронологиялық жүйемен даму жолын көрсетуге болады. Мұнда əр
дамудың қай кезеңінде болмасын шығарманың өмірге келуіне себеп болған алғы шарттар немесе
жағдайлар, сол дəуірдегі əлеуметтік қақтығыстар мен құбылыстар басты назарға алынады. Сол
сияқты қазақ фольклорының дамуы шығарманың жанрлық жағынан көркемделуі, жетілуі, көркемдік
тұрғыдан өсуі, дамуы, қалыптасуы деп қарастыра аламыз. Фольклордың даму тарихын
зерттеушілердің хронологиялық ұстанымдары бойынша типологиялық тұрғыда хронологиялық,
көркемдік даму түрлеріне қарай əлеуметтік-мəдени өмірдің дамуы, ғылымның дамуындағы ізденістер
басшылыққа алынған.
Қазақ ауыз əдебиетіне жүргізіле басталған күрделі зерттеулердің бастау алатын кезеңі ХІХ
ғасырда рухани мұра ретінде ұрпағымызға қалған фольклор үлгілерін жинақтау жұмысы орындалып,
халыққа таратылып отырған. Сол кездегі жинақталған материалдар қазіргі уақытта қазақ
фольклорының ғылыми негізін жасауға арқау болған. Негізінен қазақ фольклорының дамуы мен
қалыптасуының бастауы, тарихы ерте заманнан бастап ауыз əдебиетінің үлгілерін жинаудан, оларды
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Балалар фольклоры дəстүрлі мəдениеттің ерекше саласы ретінде
Серия «Филология». № 3(99)/2020
93
таратудан басталған. Оған дəлел, көне түркі жазбаларына мифтік сюжеттер, суреттер түрінде беріліп
отырған. Оның дəлелі ретінде Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштеріндегі жазбаларының
қазақ халық поэзиясына тəн поэтикалық өрнектерді түркі халықтарының мəдениетінен ғана емес
бүкіл дүние жүзіне танымал тарихи ескерткіштердегі жазбалардан көруімізге болады. Атап айтсақ,
өсиет өлеңдер мен толғауларда қазақтардың адамшылық пен ізгілік туралы барша таным-түсінігі
алақанға салғандай анық көрініс тапқан. Ол замандағы халықтың арман мұраты, жақсылыққа
ұмтылуы, бүкіл адамдық кредоны сақтай білуге тəрбиелеуі жатыр. Мұндай шығармалар өнеге
боларлық, ғибраттылық, тағылым аларлық, дидактикалық мəнімен, ойды көріктеп, нəрлі, бейнелі
сөздермен жеткізетін образдықпен, тартымдылығымен құнды болған. Сондықтан да олардың
көпшілігі халық жадында сақталып, хатқа түспегендерінің өзі өсиет ретінде атадан балаға мирас
болып жетіп отырған. Ұлы даланың ұлы ойшылдары, ұлт рухын ту еткен жауынгер батырлары, ақын
жыраулары сол дəуірдің ақиқат шындығын ұрпақ жадында қалдырып, игі істерді дəріптеп, үлгі-өнеге
болатын сөз айтуды мақсұт еткен. Көне түркі дəуірінде Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк бабаларымыз
өз сөздерін тасқа қашап жазып, келер ұрпаққа өсиеттеген. Ержүрек қолбасы Күлтегіннің, білікті
мемлекет қайраткері Тоныкөктің құлпытасына қашалып жазылған сөздер жай ғана тарихи мұра емес,
олардың келер ұрпаққа арнаған өсиеті, ғибратты сөздері. Таста жазылғандай:
Сөзімді түгел естіңдер,
Кейінгі іні-жиенім, оғланым,
Бергі тайпам, халқым (КТм).
Немесе:
Түркі бектері мен халқы,
Бұны есітіңдер.
Қандай сөзім бар болса,
Мəңгі тасқа жаздым (КТм).
Қырық жолдан тұратын Күлтегіннің үлкен жазуында Түрік қағанатының өткен өмірі, тарихы
туралы мол материал бар. Қаған түркі тайпаларының басын біріктіріп, дүниенің төрт бұрышына
бейбітшілік орнатуға бар күш-жігерін жұмсайды. Түркі қағандары мен бектерінің тасқа қашап, Мəңгі
өшпесін деп жазған жырларының негізгі идеясы түркі мемлекетін Мəңгілік ел ету, оларды біріктіріп,
татулыққа шақыру, тəуелсіз елдікті сақтау болды. Сол үшін олар осы жазбаларды өсиет ретінде
қалдырды.
Одан кейінгі қазақ фольклорының əртүрлі жанрдағы жазылған нұсқалары орта ғасырлардағы
Махмуд Қашқаридың «Диуан лұғат ат-түрік» (1074), Жүсіп Баласұғынның «Құдатғу білік» (1069),
«Кодекс куманикус» (1303) бүгінгі күнгі ауыз əдебиетінде кездесетін сюжеттік ертегілер мен өлеңдер,
мақал-мəтелдер көп кездеседі. Түркі тілдес халықтардың поэзиясының дамуында да аңыздар мен
əңгімелердің топтасып беріліп, көне жазба ескерткіштерінде болғанын айтуға болады. Мысалы, «VII-
XIV ғасырлар арасында туған түркі тілдес халықтарға ортақ ескерткіштер ішінде, əсіресе, оғыз-қыпшақ
тілінде жазылған туындылар қазақ халқының поэзиялық дəстүрлерімен, көркемдік өлшемдерімен,
түсініктерімен, дүниетанымымен егіздің сыңарындай туыстас. Бұлардың түпкі төркінінде өмір мен өмір
құбылыстарын, адам мен қоғамды тану мен бейнелеудің, көру мен суреттеудің бірлігі, бір арнасы,
өлшемі жатқаны айқын аңғарылады. Айталық, «Оғыз-наме», «Мұхаббат-наме» сияқты əйгілі
ескерткіштерде батыр мен батырлықтың, сұлу қыз бен махаббат сезімдерінің суреттелуі қазақтың
ертегі, аңыздары мен эпикалық жырларындағы көркемдік тəсілдерге мейлінше жақын, кейде тіпті жеке
шығармалар мен кейіпкерлердің арасынан нақты бірлік, ұқсастық белгілерін табуға болады.
Сондықтан, түркі тілдес халықтарға ортақ жазба ескерткіштерді мəдениеттің жалпы көне үлгілері
ретінде тереңдей тану, зерттеумен қатар, олардың тіліміз бен тарихымызға, əдебиетімізге қатысын
айқын аша түсудің үлкен ғылыми маңызы бар» [4; 81, 82]. Сол кездегі туған фольклорлық
шығармалардың өлеңдер, ертегілік сюжеттер, мақал-мəтелдер мазмұнының мəнділігі, оның құндылығы
қанша уақыт өтсе де, өзінің өзектілігін жоғалтпай, əлі күнге дейін ұрпақ тəрбиесінде ерекше рөлге ие
болып келетіндігін мына пікірден байқауға болады: «Фольклорлық шығармада уақыт ылғи да өткен
дəуір болып көрінеді. Бірақ осы өткен дəуір айтушы мен тыңдаушыға өз заманымен тығыз байланысты
болып сезіледі, баяндалып отырған оқиғалар осы əңгімеленіп отырған кезде болып жатқандай
қабылданады. Бұл қасиетті, əсіресе батырлар жыры мен тарихи жырдан жəне аңыздан, шежіреден
байқауға болады. Демек, фольклорлық шығармадағы қазіргі шақ пен бұрынғы шақтың жігі айтушы мен
тыңдаушылар үшін баяндалған оқиғаның өте ерте заманда болғанында емес, сол оқиғаның қаншалықты
маңызды екенінде» [1; 31–32]. Мұнан шығатын қорытынды фольклорлық шығармалардың айтушы мен
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
А.Ш. Пангереев, М.Р. Балтымова
94
Вестник Карагандинского университета
тыңдаушы өмір сүріп отырған кезең уақытпен өлшенбейді. Олардың өзара байланысы айтушы мен
тыңдаушы арасындағы санасы мен ойын сəйкестендіріп, айтылған ойдың маңыздылығын, қажеттілігін,
сол дəуірге сəйкестігін көрсетеді. Қазақтың тəлімдік ойлар тарихына жүгінсек Елбасы Н.Ə. Назарбаев
Қазақстан халқына Жолдауларында мəдени тарихи мұраларды сақтау, жинау, қорландыру жылдары деп
жариялап отырған. Оның өзектілігі зиялы қауымға мемлекеттік тілде əлемдік ғылыми ойдың, мəдениет
пен əдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасақтауды
міндеттеген еді [5; 3]. Қазақ фольклортану ғылымы қазақ фольклорлық шығармалардың жинақталуы,
жариялануы тарихы мен оның тұрақталу жолдарын зерттейтін ғылым екендігін басшылыққа ала
отырып, айтылған ойдың түйінін тарихи шындық пен нақты деректерге сүйеніп туған əңгімелердің
уақыт өте келе халық арасына таралып айтылып, ол əңгімелердің қоғам дамуы мен заман талабына сай,
адамның сұранысы мен қажеттіліктеріне сай өзгеріп, жаңарып, өткен заман мен бүгінгі заманның
арасын байланыстыратын алтын көпір болады деп көрсетуге болады. Сонымен бірге, осы ойымыздың
жалғасын қазақ балалар фольклорының дамуы мен қалыптасуы жайындағы көрегендікпен айтылған
мына пікірді айтпай кетуге болмайды: «Тарихтың бізге бұйыртқан сыбағасына жеңіл-желпі қарауға
болмас. Уақыт дегеніңіз жүрдек, маңдай тіреген мың сан сұраққа əрі дəл, əрі жылдам жауап беру қажет.
Сол сұрақтардың ішіндегі ең маңыздысы ұлттық пəтуа — бірлік болса керек. Əрине, экономиканы
жаңаша жүргізу де, сыртқы саясат та, қорғаныс мəселесі де мəнді. Алайда, осы жерде біздің жүрегімізді
басқа бір гəп тербейді, атап айтсақ, ұлттық сана, яғни ұлттың жүрегі не күйде деген мəселе.
«Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында өзінің мемлекетіне деген терең патриоттық
сезім де, жалпылық сананы жетілдірудегі қазақ тілінің тірек боларлық рөлі де, бас көтерер
азаматтардың айқын мақсатты əрекеттері де, тарихи сананы қалпына келтіру де... бəрі-бəрі барша
қазақ ұлтының басын біріктірер бастаулар болып табылады» [6; 52–53]. Дəл, осы пікірдің мазмұнына
үңілсек, қазақтың қазақылығы мен ұлттық сипатын сақтап қалар, өз тілімен қатар, ұлттық тəрбиесі
екендігін тағы бір мəрте дəлелдейміз. Өйткені, ұлттық тəрбие берудің құралы ретінде ұсынылып
отырған фольклорлық шығармалар қазақтың баласының бойында патриоттық рух пен бірлік,
ынтымақты қалыптастыратынын көре аламыз. Оған дəлел, қазақтан шыққан тұңғыш
фольклористердің бірі ағартушы, алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің ауыз əдебиеті
шығармаларын жинап, жүйелеу, топтастыру арқылы қазақ баласының тұла бойына адамгершілік,
тəрбиелік маңызы өте жоғары тұратын рухани құндылықтарды құюда фольклорлық шығармаларды
ұсынғандығын баса айтамыз. Өткен мен бүгіннің арасындағы рухани байланыстың ажырамауына бар
ынтасы мен жігерін сала отырып, өткен уақыттағы молдалар оқытып жүрген араб, парсы тілдерінің
барлығы қазақ баласының бойында кертартпалық пен теріс мінезді қалыптастырады деп, өзінің
өлеңдерінде шыншылдық, əділдікті бетке ұстайды. Мысалы, «Ыбырай өлеңдерінің ішінде оқушысын
əділдікке, адамгершілікке баулуды мақсат ететін, ұрлық-барымта сияқты феодалдық-патриархалдық
əдет-салттардың жексұрындық сырын əшкерелейтін «Араз бол, кедей болсаң ұрлықпен» деген тəрізді
шығарма да бар. Ыбырайдың кейбір өлеңінен өз дəуірінің шындығын, əлеуметтік теңсіздігін мүлде
айқын көруге болады» [4; 113]. Осыдан біз, қазақ фольклорының дамуына жаңадан ағартушылық
сипат пен түр беріп, жанрлық табиғатын жыр, ертегі, аңыз түрінде беріп отырғандығына толықтай
көз жеткізіп, ол халықтың дəстүрлі тұрмыс-тіршілігі мен бала тəрбиесінде туған, қалыптасқан, əлі
күнге дейін зерттеліп келе жатқан ауқымы кең көлемді шығарма екенін білеміз.
Қазақта этномəдени тұтастық ретінде танып-түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің құдіреті
айрықша мəнді. Фольклор — қазақ өмірінің айнасы, қазақтың өткені мен болашағын
байланыстыратын алтын көпір деуімізге əбден болады. Өйткені, ата-бабамыздың өмір сүрген
ортасынан бізге сыр шертер, түсіндіріп, айқындайтын тарих, шежіре, көненің көзі болып табылады.
Фольклорды игеру нəтижесінде əрбір қазақ баласы өзінің «Менін» нақтылайды, өзінің түп-тамыры
мен өмір сүрген ортасын таниды. Фольклор өзінің табиғи болмысын өзгертпейтін рухани құндылық,
халық шығармаларының қайнары екендігін дəлелдеп келеді. Фольклор туындыларындағы жырлар,
аңыздар мен əңгімелер, ертегілердің мазмұны адамдардың бір-бірімен рухани қарым-қатынасын
нығайтып, халықтың асыл мұрасы мен рухани құндылықтарын игерту, ұлттық мəдениеттің түрлі
саласын меңгертудегі тəрбие құралы деуімізге болады.
Əдебиеттер тізімі
1 Қасқабасов С. Жаназық: Əр жылғы зерттеулер / С. Қасқабасов. — Астана: Аударма, 2002. — 584 б.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Балалар фольклоры дəстүрлі мəдениеттің ерекше саласы ретінде
Серия «Филология». № 3(99)/2020
95
2 Нұрахметұлы И. Қазақ əдебиетінің төркіні мен тарихын дəуірлеу: Х ғасырдан XVIII ғасырға дейін: филол. ғыл. канд.
... автореф. / И. Нұрахметұлы. — Алматы, 2005. — 20 б.
3 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан жаһандық ахуалда: өсім,
реформалар, даму» атты 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауы.
4 Дербісəлин Ə. Байтақ пен бəйтерек: Ғылыми еңбектері мен ол туралы əдеби-көркем жəне ғылыми, деректі
материалдар жинағы / Ə. Дербісəлин. — Алматы: Арда, 2009. — 392 б.
5 Қасқабасов С. Елзерде: Əр жылғы зерттеулер / С. Қасқабасов. — Алматы: Жібек жолы, 2008. — 504 б.
6 Қоңыратбаев Ə. Қазақ фольклорының тарихы: оқу құралы / Ə. Қоңыратбаев. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 288 б.
А.Ш. Пангереев, М.Р. Балтымова
Достарыңызбен бөлісу: |