Балалар кітабы апталығы «Үздік оқырман» сайысы



Дата09.06.2016
өлшемі34.5 Kb.
#125890
Балалар кітабы апталығы

«Үздік оқырман» сайысы.

Мақасаты: Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын

түсіндіру. Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: «Менің сүйікті кітабым» атты кітап көрмесі.

Нақыл сөздер: «Ой маржаны кітапта», «Кітап-білім бұлағы, білім өмір

шырағы» т.б.

Жүргізуші: Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат-білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан. «Шын мәнінде, сарқылмайтын бір ғана қазына бар-бұл кітапхана» деген Пьер Буаст. «Ізденсем, білсем деген» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан ашық.Ата-анамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап-білім бұлағы, білім өмір-шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ұлы Абай айтпақшы, адам баласы үшін кітап- тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады. Юнеско-ның өлшемдері бойынша адамдардың оқыған кітап саңына қарай бөлген екен. Көп оқитын 1 жылда: 21 және одан көп кітап оқитын адам. Орташа оқитын 1 жылда: 6-20 кітап оқитын адам. Аз оқитын 1 жылда: 1-5 кітап оқитын адам.

Жүргізуші: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұңды жүрек түңдігін.

Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

Сіздер білімді де, талантты оқушыларсыздар. Сайысымыздың атынан белгілі болып тұрғандай, қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп оқып оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екенін анықтаймыз.

І-бөлім: «Білім көзі кітапта». (Кітап туралы мақал-мәтелдер жарысы).

ІІ-бөлім: «Кітап- алтын сандық, іші толған қазына құт».(Блиц турнир).

ІІІ-бөлім: «Кітап-білім бұлағы» (зымыран сұрақтар).

ІҮ-бөлім: «Өлең сөздің патшасы».

Жүргізуші: Кітап жинап түптеймін, жыртылмасын,

Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.

Таза болсын, беттері, кірлемесін.

Көрген кісі кітабы кір демесін. (Мұзафар Әлімбаев).

Жүргізуші: «Мақал қайдан шығады ой болмаса,

Киіз қайдан шығады қой болмаса» дегендей.

І. «Білім көзі кітапта» кітап туралы мақал міәтелдер жарысы.

Жүргізуші: Дейді ойышылдар «Кітап-білім бұлағы»,

Кітапхана-сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп, көп оқыған баланың

Анық тағы білімпаз боп шығары.

ІІ. «Кітап- алтын сандық, іші толған қазына құт» дегендей блиц-турнир.


  1. «Аққу, Шортан һам Шаян» мысалын аударған кім? (А.Байтұрсынов).

  2. «Болды, міне міне, дәл алты ай».

Жаттың ұйықтап, еркетай.

Ұйқың қанды тұр қозым,

Аш көзіңді жұлдызым» атты өлең кімнің және қай өлеңі? (М.Жұмабаев

«Жазғытұрым»).



  1. «Жыртық кітап жылады» өлеңнің авторы кім? (Өтебай Тұрманжанов).

  2. Әртіс, қазақ сахна өнерінің шебері. Қазақ киносының негізін қалаған адам кім? (Шәкен Айманов).

  3. «Баланың айласы» мәтіннің авторы кім? (Ы.Алтынсарин).

  4. «Күмәш» әңгімесінің авторы кім? (Б.Майлин).

  5. Кім 1845-1904 жылдары өмір сүрген (Абай).

  6. «Оян қазақ!» кітабының авторы (М.Дулатов).

  7. Қаз дауысты батыр кім? (Қазыбек).

  8. «Жақсыдан жаман туар ма?» бұл сұрақ кімге қойылған? (Жиренше шешенге).

Кітап білім бұлағы.

ІІІ. Зымыран сұрақтар.



  1. М.Мақатаев жырлаған үш бақыты (Халық, тіл, Отан).

  2. Шоқанның туып-өскен алтын бесігі (Сарыарқа).

  3. И.Крылов пен А.Құнанбаев мысалындағы кейіпкерлер. (Құмырсқа мен шегіртке).

  4. Су атасы- бұлақ, сөз атасы-құлақ, жол атасы не? (Тұяқ).

  5. «Ақсақ киік» өлеңі қалай басталады?

(Арқаның Бетпақ деген даласы бар).

  1. Абайдың «Қыс» өлеңі қалай басталады? (Ақ киімді денелі ақ сақалды).

  2. Жағы қалақтай, мойны садақтай қай түлік? (Құлын).

  3. Зеңгібаба қай түліктің атасы. (Сиыр).

  4. Не Мауглиге өш еді? (Шер- хан).

  5. Тұңғыш қазақ әліппесі қай тілде жазылды (Араб).

Жүргізуші: Өмір мәні- өнер менен білімде,,

Айтайықшы кітабыңды жыр ете.

Әрі ақылшың, рухани қазына,

Құнды байлық баға жетпес бұл өте.



ІҮ. «Өлең сөздің патшасы» оқушылар өздеріне ұнайтын тақпақтарды жатқа айтып жарысады. Сайыс соңында өзінің оқыған кітаптары жайында жақсы әңгіме айтып, тақпақты мәнерлеп оқыған, сұрақтарға дұрыс жауап берген үздіктер, жеңімпаздарды марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет