Сыныбы: 1 «Б» Мұғалім: Қыстаубекова Б



Дата31.01.2024
өлшемі27.61 Kb.
#490327
-жаңа жыл


171 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп


Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Кел жаңа жыл, жаңа жыл!»
Сыныбы: 1 «Б»
Мұғалім: Қыстаубекова Б.





Қызылорда, 2023ж

Бекітемін:



Мұғалімнің аты-жөні

Қыстаубекова Бибігүл

Күні:

26.12.2023ж

Сынып: 1 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Тәрбие сағатының мақсаты:

Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беріп, балалардың тақпақты мәнерлеп оқуы, әнмен биді нақышына келтіріп орындау қабілеттерін арттыру және әсемдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Жаңа жылдық шырша,түрлі-түсті шарлар, жылтыр жіпшелер, жаңа жылдық суреттер.



Барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының
іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты-ру кезеңі

  1. мин

-Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңде
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы.
Құтты болсын балалар!
Жаңа жылын тағы да
Қол соғып қарсы алайық.
Би билеп, ән салайық.
Би: «Ақшақар биі»



Балалар мұғаліммен сәлемдесіп, би билейді.

Оқушыларды мадақтау сөздер айту.




Сабақтың ортасы
30мин

- Құрметті оқушылар келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын, береке, молшылық, бейбітшілік, тыныштық жылы болсын! Балалар бүгін бізге қонаққа Аяз ата мен немересі Ақшақар келіп қалыпты. Аяз атаның қапшығы үлкен, сыйлығы мол екен. Соған арнап өнерлерімізді көрсетейік.
Тақпақтар:
1-оқушы:
Тамаша,тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
2-оқушы:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
3-оқушы:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
4-оқушы:
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Би билеп барлық бала жүр.
5-оқушы:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
6-оқушы:
Аяз ата келі тұр,
Бізге сәлем бері тұр.
Сақалының ұзын – ай,
Кесіп алсам шіркін-ай.
(Аяз ата балаларға сыйлықтарын таратады)


-Ой, бәрекелді, балалар. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.  Балалар, мынау ортадағы әдемі шыршамыз көңілсіз тұр ғой, бәріміз бірге әдемі шыршаның шамын жағайық. Кәнекей, барлығымыз шеңбер құрып, шыршамызды айналып, шаршамызды жағайық.
Бір, екі, үш
Шырша шамы жан.
(Шыршамызды айналып «Шырша» әнін айтамыз)
-Келе жатқан жылымызды көтеріңкі күймен қарсы алайық! Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің деген сөз бар ғой. Ендеше біздің балаларымыздың Жаңа жылға дайындаған биін тамашалаңыздар!
Би: «Жаңа жыл»

Тақпақтар айтады.


Шыршаны айналып, ән шырқайды.









Сабақтың соңы

Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.
-Міне, жаңа 2024 жыл да келді. Ал 2024 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын. Жаңа жыл — әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.




Оқушыларды мадақтау. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет