Тақырып 10 Дәріс жоспары: 1. Еңбек құқығын қорғау 2. Азаматтық құқықтарды қорғау 1. Еңбек құқығын қорғау - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 14 жасқа толған оқушылар еңбекке араласа алады, бірақ оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындауға болады. Мәселен, жас балаларға кинематография, театр ұйымдарында, сондай-ақ циркте ғана еңбек етуге рұқсат етілген. Мұнда да денсаулығы мен психикалық жай-күйіне зиян келтірмеу талаптары орындалуы тиіс. Тағы бір айта кететін жайт, кәмелеттік жасқа толмағандар да зейнетақы аударымдарын жасайды.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңына сай 1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар. 2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi. - 2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi.
3. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi және олардың еңбегін реттеудің басқа да ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |