«Техникалық және кәсiптік, орта оқудан кейінгі бiлiм беру» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы



Дата25.02.2016
өлшемі50.58 Kb.
#24179

«Техникалық және кәсiптік, орта оқудан кейінгі бiлiм беру» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы  «    »

№    қаулысымен

бекітілген

«Техникалық және кәсiптік, орта оқудан кейінгі бiлiм беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Техникалық және кәсiптік, орта оқудан кейінгі бiлiм беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен әзірленген.

2. Мемлекеттік қызмет техникалық және кәсіптік, орта оқудан кейінгі  білім беретін оқу орындарымен (бұдан әрі - ТжКОКБ оқу орындары) жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызмет 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 19 қаңтардағы  № 130 «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 30 қаңтардағы № 174 «Орта білімнен кейінгі білім берудің  кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары бекіту туралы» қаулылары негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат ТжКОКБ оқу орындары, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kzсайтына орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы),  техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдарыға (қызметті алушылар) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

 7. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:

          1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;

    2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында,  оқудың кешкі  нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

8. Қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:

1) ТжКОКБ оқу орны басшысы атына жазылған өтініш;

2) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

3) 3x4 сантиметр көлеміндегі 4 (төрт) дана фотосурет;

4) 086-У нысанындағы медициналық анықтама флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);

5) бар болған жағдайда кешенді тестілеу немесе ҰБТ туралы сертификаты;

6) жеке куәлігінің көшірмесі.

Қызметті алушылар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар  құжатты ұсынады:

1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) босқын - босқынның куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

     5) оралман - оралман куәлігі.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін керекті құжаттар ТжКОКБ оқу орнына ұсынылады.

10. Мемлекеттік қызметті алушыларға құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі, онда:

1) конкурстық іріктеуге немесе емтихан тапсыруға жіберілгендігі туралы ақпарат;

2) тапсырылған құжаттардың тізбесі;

3) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері;

4) құжаттарды қабылдау шарттары көрсетіледі.

11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру қызметті алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

12. Мемлекеттік қызмет тегін/ақылы көрсетіледі.

13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылуына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға төмендегі жағдайлар негіз болады:

1) осы стандарттың 8-тармағында  көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе толық ұсынылмауы;

негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, білім, құқық, экономика,  медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;

жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, білім, құқық, экономика,  медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балл жинауы.

14. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік немесе орыс тілдерінде көрсетіледі.

15. Мемлекеттік қызмет ТжКОКБ беретін оқу орындары белгілеген жұмыс уақыты режиміне сәйкес көрсетіледі.

16. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

17. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі ТжКОКБ  беретін оқу орны басшысының білім алушылар қатарына қабылдағандығы туралы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық және кәсіптік, орта оқудан кейінгі бiлiм беру ұйымдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

18. Қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты оқу орны қабылдау комиссиясының басшысы немесе ТжКОКБ бастығынан алуға болады. Шағымдар ауызша немесе жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

19. Көрсетілген қызметтің нәтижесіне келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар апелляцияның жоғары инстанциясы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне хабарласа алады, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 (интернет-ресурсы: www.edu.gov.kz).

20. Тиісті деңгейде қызмет көрсетілмеген жағдайда азаматтардың өтініштері ТжКОКБ оқу орны кеңсесі арқылы жазбаша түрде білім беру ұйымы белгілеген жұмыс уақытының режиміне сәйкес қабылданады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

22. Азаматтардың өтініштері, оның ішінде, шағымдары еркін үлгіде жазбаша түрде қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенің сипатына байланысты қосымша құжаттар ұсынылады.

23. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.

Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.



4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

24. Мемлекеттік қызметті алуға дене мүмкіндігі шектеулі қызметті алушылардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ТжКОКБ  оқу орындарының ғимараттарында арнайы жабдықталған ұстайтын тұтқалар, пандустар қарастырылады.



25. Мемлекеттік қызметті алу туралы ақпараттар порталда, жергілікті атқарушы органдар, ТжКОКБ оқу орындарының интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz  сайтындаорналастырылады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет