Балтабаев Бекзат
Жауаптар
1)Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым.Физиологияның максаты- жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам ағзасының жұмысын түсіну,оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, циталогия және гистологиямен байланысты.Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды. Физиологиялық зерттеу әдістері
бақылау;
эксперимент.(тәжірибе);
2) А.Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ.ғылыми физиология дамыды. А.Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ.ғылыми физиология дамыды. XIX және XXғ.физиология аса гүлденуге жетті.Себебі Сеченов, Павлов сиякты ғалымдар көптеген жаңалықтар ашты.
3) Шетелдік ғалымдар- Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М.Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті. Германияда Дюбуа-Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. Кеннон-вегетативтік жүйке жүйесін зерттеді. Сегенов, Павлов, Боткин, Бехтерев нервизмді ддамытты. И.М.Сегенов «орыс физиологиясының атасы». Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И.П.Павлов дамытты. Ухтомский-доминанта туралы ілімді жасады. И.П.Павлов XV Халықаралық конгрессте (1935)-дүниежүзілік физиологтар атасы деп аталды. Павлов мына бағыттарды зерттеді:
қан айналу;
ас қорту;
жоғарғы жүйке іс әрекеті.
Ол жоғарғы жүйке іс әрекетінің (жжіә) типтері туралы ілім құрды. Павлов шығармашылығының шыңы үлкен ми қыртысының сигналдық жүйелер туралы ілімі. Павловқа дейін физиологияда аналитикалық тәсіл басымды болса ол синтетикалық бағытты жасады.Отандық ғалымдар- өсімдік физиологиясын зерттеу ісі ерекше жолға қойылып, өсімдіктің тұзбен улануының биохимиялық тетігін (Л. Қ. Қылышев және оның шәкірттері), кексағыз бен таусағызды физиологиялық тұрғыда зерттеу (А.А. Прокофьев, К. М. Мыңбаев), бидайдың қолайсыз жағдайға төзімсіздігі, түсімділігі, сондай-ақ физиологиялық белсенді заттардың өсімдікке тигізетін әсерін зерттеу (Ф. А. Полымбетова, Л. К. Маманов), темекі будандарының ата-енелік формаларына қарағанда сапасының артық болатынын дәлелдеу (М. Ф. Тамаровский, Ж. Қ. Калекенов, т. б.), жабайы алманың сұрыптау барысында құнды тектік қор екені дәйектеліп, таулы жерлерде алма өсіру жолдарын зерттеу ( Ж. Жатқанбаев, т. б.) мәселелері жан-жақты тексерілді.
4) Физиология принциптері. Тірі ағза - біртұтас.Онда жасушалар, тіндер, ағзалар, жүйелер әрекеттері байланысты және келісімді де болады. Организм өзін-өзі реттейтін қасиеті бар. Ол өзіне қажетті нәрселерді алып оған зат алмасудың соңғы өнімдерін бөліп тұрады. Организм тек қоршаған ортамен тұрақты қатынаста ғана белсенді түрде тіршілік ете алады. Нервизм принципы - жүйке жүйесінің әсерін ағзаның көптеген әрекеттеріне қаратуға тырысатын физиологиялық бағыт. Зат алмасу - өмір белгісі және қажетті шарт болып табылады.Адаптация- органзмнің қоршаған орта әсерлеріне бейімделуі. Ол жеке-жеке физиологиялық жүйелердің қызметтерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы, ұзақ уақыт ас рационынында нәруыздар қорытатын ферменттер көбейеді. Организмнің өзін–өзі реттеуі оның (тірі ағзадан) ерекшелігі болып табылады да қоршаған ортаның әсерлеріне ағзаның тұрақты орнын (тіршілік жағдайына бейімделуін) қамтамасыз етеді.
5) Тірі организмнің қасиетті – олар тыныс алады, көбейеді, зат алмасады, титиркенеди.
Есептер жауабы:
1.. Организм
2. Рефлекс
3. Гомеостаз
4. Павлов
5. Экотоп
6. Наркоз
Достарыңызбен бөлісу: |