Банк жүйесінің қаржылық ресурстарды тарту көздері Жеңсікбаева Кулаш Мырхықызы



Дата23.02.2016
өлшемі43.5 Kb.
#9992
Банк жүйесінің қаржылық ресурстарды тарту көздері
Жеңсікбаева Кулаш Мырхықызы

Қорқыт Ата атындығы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қаржылық ресурстардың тұрақты көздеріне қол жеткізу мәселесі Қазақстандық банктер үшін қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің болып отыр. Өзге потенциал қаржы көздерімен салыстырғанда арзан әрі қолжетімді болғандықтан клиенттердің депозиттері банктерді қорландыру көздерінің негізі болып қалуда. Қазақстандық банк секторының міндеттемелерінің шамамен 70-80%-тін депозиттер құрайды. ҚР Ұлттық Банкінің жылдық есебінің мәліметтері бойынша 2014 жылдың 1-қаңтарына Қазақстан банктерінің жиынтық міндеттемелеріндегі депозиттердің үлесі 77,3%-ті құраған. Соңғы 5 жылда Қазақстандық депозиттік мекемелердегі резиденттердің депозиттерінің көлемі қарқынды өскен. 2010-2014 жылдары депозиттердің көлемі 7397,9 млрда теңгеден 11694,0 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 1,6 есеге артқан.

Халықтың жинақ салымдарына қарағанда депозиттердің көлемі анағұрлым басым. Халықтың жинақ салымдарының көлемі соңғы 5 жылда 1,9 есеге артып 2249,8 млрда теңгеден 4438,1 млрд теңгеге дейін ұлғайған.

Депозиттердiң жалпы сомасы iшiнде заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесі басым. 2010-2014 жылдары заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесінің өзгерісі 69,4% - 61,2% дейінгі аралықта сақталған.

ҚР Ұлттық Банкінің сараптамалық зерттеулері бойынша депозиттердің көлемі өсуінің жоғары қарқыны келесі 3 негізгі факторлардың ықпалымен қалыптасқан: 1. банк секторын қолдау жөнінде жүргізілген мемлекеттік шаралар; 2. қор нарығының дамымауы салдарынан бос ақша қаражатын орналастыру құралы ретінде депозиттердің баламасының болмауы салдарынан банктерге деген сенімнің сақталуы; 3. жылжымайтын мүлік рыногының алыпсатарлық тартымдылығының төмендеуі.

Банктер депозиттер есебінен тез әрі мол кіріс әкелетін ең белсенді активтік (несиелік, инвестициялық) операцияларын жүзеге асырады. Депозиттер бойынша салымшыларға төленетін процент түріндегі сыйақы мен берілген кредиттер бойынша кредит алушылардан алынатын проценттік ақы арасындағы айырмашылық есебінен банктер қомақты пайда табады. Сондықтан банктер депозитерді барынша көп тартуға ұмтылады. Сол себепті депозиттер рыногындағы бәсеке де жоғары болады. ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша барлық депозиттердің 75%-тен астамы 8 ірі банкте («Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «KaspiBank» АҚ, «Еуразия Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ) жинақталған.

Алайда клиенттер депозиттерін банктерге қысқа мерзімге орналастырылады. Бұл - банктердің өтімділігіне және ұзақ мерзімді активтік операцияларды белсенді жүргізуіне қысым жасайды. Сондықтан банктер депозиттерге балама ретінде тартуға болатын өзге қаржы көздерін (сырттан қарыз алу, бағалы қағаздар эмиссиясы, банкаралық несиелер, РЕПО) тартады.

ҚР Ұлттық Банкінің сараптамалық зерттеулері бойынша банктер үшін өзге қаржы көздері, атап айтқанда меншікті бағалы қағаздар эмиссиясы мен реттелген борыштар депозиттермен салыстырғанда қорландырудың барынша қымбат көздері болып табылады, себебі олардың құнының орташа мәні 6%-14%-тік аралықта болып отыр. Ал депозиттер түріндегі міндеттемелер бойынша тарту құны 1%-дан 8%-ке дейінгі аралықты құрайды.

Ішкі орта және ұзақ мерзімді потенциал қаржы көздері шектелген жағдайда банктер үшін сырттан қаржы тарту - қаржылық ресурстарды тарту көздерінің бірі болап табылады. Алайда, қазіргі кезде Қазақстандық банктер үшін капиталдың сыртқы нарығы іс жүзінде жабық болуда. ҚР Ұлттық Банкінің сараптамалық зерттеулері бойынша мұндай жағдайдың орын алу себептері - мемлекеттің Украина төңірегіндегі оқиғаларға байланысты валюталық тәуекелдерді төмендету мақсатында қабылдаған сыртқы қорландыруды шектеу шаралары, әлеуетті инвесторлардың азаюы салдарынан елдің инвестициялық тартымдығының төмендеуі, құрландыру құнының қымбат болуы.

Қорытындылайтын болсақ, Қазақстандық банктер үшін депозиттер мен халықтың жинақ салымдары ең тұрақты қаржы көзі болып отыр. Бұл - ұлттық валютаның экономикадағы рөлін арттыруда, экономиканы кредиттеуді одан әрі ұлғайту үшін банктердің теңгелік өтемділігінің өсуін ынталандыруда, банк секторын сауықтыруда аса маңызды факторлар болып саналады. Осы орайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «24» желтоқсанда № 1370 қаулысымен мақұлданған «ҚР Үкіметінің және ҚҰБ-нің экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы» мәлімдемесінде 2015 жылы:


  • халықтың доллардағы кепілдік берілетін депозиттері бойынша берілетін сыйақы мөлшерлемесін жылдық 4 %-тен 3%-ке дейін төмендету;

  • теңгедегі депозиттерді ынталандыру мақсатында салымшыларға кепілдік берілетін, «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ теңгедегі депозиттер бойынша төлейтін сомасын 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайту

  • тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын шартты бірліктермен белгілеуге тыйым салу;

  • тағы басқа да шараларды жүзеге асыру қарастырылған.

Сонымен бірге, теңгенің айырбас бағамының шұғыл ауытқуларына жол берілмейді. Валюта нарығында алыпсатарлықты шектеу бойынша шаралар қабылданады. 2015 жылы Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, қолма-қол шетелдік валюта нарығында айырбас пункттерінің қызметіне қойылатын талаптарды арттыру бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





  1. Банк және банктiк қызмет туралы. ҚР заңы. 31.08.1995 жыл. № 2444

  2. Қазақстанның қаржылық есептілігі туралы. Желтоқсан, 2013 жыл.

  3. ҚР Ұлттық Банкінің жылдық есебі. 2010-2013 жылдар. www.nationalbank.kz

  4. Статистикалық бюллетень. ҚР Ұлттық Банкі. 2014 жыл. www.nationalbank.kz

  5. ҚР Үкіметінің және ҚҰБ-нің экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы. . 24.12.2014 жыл. Қаулы №1370


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет