Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар



Дата23.02.2016
өлшемі51.4 Kb.
#6190
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
2009 жылғы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) жеке және заңды тұлғалардан 260 өтініш келіп түсті, оның ішінде: ҚР Үкіметінің электронды порталының блог-платформасына (бұдан әрі – блог-платформа) Агенттік Төрайымының атына келіп түскен 241 жазбаша өтініш пен 19 өтініштің ішіндегі:

143 өтініш (жалпы санының 55,00 %-ы) екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) қызметіне қатысты, қарастырылған 174 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 89 өтінішті қосқанда) 10-ы (қарастырылғандардың жалпы санының 5,75 %-ы) негізді өтініш;

10 өтініш (жалпы санының 3,85 %-ы) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты, қарастырылған 5 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 3 өтінішті қосқанда) 0 өтініш негізді;

29 өтініш (жалпы санының 11,15 %-ы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне қатысты, қарастырылған 26 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 18 өтінішті қосқанда) 4-і (қарастырылғандардың жалпы санының 15,38 %-ы) негізді өтініш;

13 өтініш (жалпы санының 5,00 %-ы) бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне қатысты, қарастырылған 11 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 6 өтінішті қосқанда) 2-і (қарастырылғандардың жалпы санының 18,18 %-ы) негізді өтініш;

9 өтініш (жалпы санының 3,46 %-ы) жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – ЖЗҚ) қызметіне қатысты, қарастырылған 10 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 2 өтінішті қосқанда) 0 өтініш негізді;

– Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) заңнамасының нормаларына түсініктеме беру туралы өтінішпен және ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстармен жеке және заңды тұлғалардың (қаржы ұйымдарын қоса алғанда) 25 сұратуы (жалпы санының 9,62 %-ы);

– Агенттіктің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша 31 өтініш (жалпы санының 11,92 %-ы).

Төменде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бөлігіндегі өтініштер жайлы және өтініштердің жалпы көлеміндегі олардың 2009 жылғы қыркүйек айындағы үлес салмағы жөнінде мәліметтер келтірілген:

1-кесте



Қаржы нарығының субъектілері

(қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар)


Есепті кезеңде

Келіп түскен өтініштер

Қаралуы аяқталған

Есеп беру кезеңінің аяғында қаралу үстінде

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы келіп түскен өтініштердің үлес салмағы, %

Саны**

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

1

«БТА Банкі» АҚ ЕИҰ «БТА Ипотека» АҚ

9

90.00

2

7

2

«Құрылыс Ипотека» АҚ

(лицензиясы қайтарып алынды)



1

10.00

0

1




Жиынтығы:

10

100

2

8

*- өтініштердің жалпы көлеміндегі сектордың үлес салмағы

** - өтініштердің барлығы дерлік негізді өтініштерге жатпайды


Қыркүйек айында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша Агенттікке 10 өтініш келіп түскен.

Төменде осының алдындағы есепті кезеңде келіп түскен өтініштерді қарау барысы туралы мәліметтер келтірілген***.



2-кесте



Қаржы ұйымының атауы

Алдыңғы есеп беру айларында келіп түскен және

қаралуы 01.09.09 жылға дейін аяқталмаған өтініштер

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлес салмағы, %

Қаралуы 2009 жылғы қыркүйекте аяқталды, саны**

Есепті кезеңнің аяғында қарау үстінде, саны

1

«БТА Банкі» АҚ ЕИҰ «БТА Ипотека» АҚ

3

100.00

3

0

 

ЖИЫНТЫҒЫ:__3__100__3__0'>ЖИЫНТЫҒЫ:

3

100

3

0

**- өтініштердің барлығы дерлік негізді өтініштерге жатпайды

***- алдыңғы есепті кезеңнің мәліметтері нақтыланды

Сонымен қатар, 3-кестеде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ анықталған ҚР заңнамасын бұзушылықтар мәселелері бойынша қаралған шағымдар мен өтініштердің негізділік көрсеткіштері келтірілген:

3-кесте



Қаржы ұйымының атауы

Қаралуы 2009 жылғы қыркүйекте аяқталды

Саны

негізделген талаптар

негізделгендердің жалпы санының ішіндегі негізделгендері %

ҚР заңнамасын және/немесе шарт талаптарын бұзушылықтары анықталған шағымдар

анықталғандардың жалпы санының ішіндегі анықталғандары %

1

«БТА Банкі» АҚ ЕИҰ «БТА Ипотека» АҚ

5

0

100.00

0

100.00




ЖИЫНТЫҒЫ:

5

0

100

0

100

Есепті айда келіп түскен өтініштер негізінен ҚР Үкіметінің № 179 қаулысына сәйкес заемдарды қайта қаржыландыру кезінде жәрдем көрсету мәселелеріне қатысты болды.

Агенттіктің сұратуына толық ақпаратты бермегені үшін «БТА Банкі» АҚ ЕИҰ «БТА Ипотека» АҚ-ға қатысты жазбаша ұйғарым шығарылды.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет