Семинардың мақсаты: Телехабардың сөйлеу тілін және телевизия журналистерінің шеберлігін талдау, пікір алмасу



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата02.01.2022
өлшемі388.78 Kb.
#453294
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
8-Семинар. Телехабардың сөйлеу тілі



Семинардың 

тақырыбы: 

Телехабардың 

сөйлеу 

тілі. 


Телевизия 

журналистерінің шеберлігін талдау 



Семинардың  мақсаты:  Телехабардың  сөйлеу  тілін  және  телевизия 

журналистерінің шеберлігін талдау, пікір алмасу. 

 

Теледидар  тілі  –  технология  мен  сөйлеу  шығармашылығының  бірлігі. 

Теледидар  тілі  деп  жоғары  дамыған  технологиялардың  нәтижесінде 

техникалық  өрнектеулер  арқылы  таралатын,  көрермендерге  арналған  тілді 

айтамыз.  Бүгінде  бұқаралық  ақпарат  құрал  дары  қоғамның  аса  маңызды 

бөлігіне  айналуда.  БАҚ  ішінде  анағұрлым  көп  сұранысқа,  ауқымды 

қолданысқа теледидар ие болып отыр десек қателеспейміз. Қоғамдық пікірді 

жинақтауда,  елді  ақпараттандыруда,  сондай-ақ  адамдардың  моральдік 

эстетикалық  құндылықтарын  қалыптастыруда  теледидардың  алатын  орны 

ерекше.  Осыдан  келіп,  теледидар  тіліне  бұқара  халықтың  тіл  мәдениетіне 

әсер ететін, жұртшылықтың тіл тазалығын тәрбиелейтін құрал ретінде қарау 

қажеттілігі туындайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттерінің бірі 

– адамның, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз ету. 

Радио  немесе  баспасөз  құралдарына  қарағанда  теледидар  ақпаратты 

мейлінше  толық,  жылдам,  нақты  және  қызғылықты  етіп  бере  алады. 

Жұртшылыққа  экономикалық,  саяси,  мәдени  ақпарат  беруді  көздейтін 

жаңалықтар  сияқты  хабарлардың  тілі  халыққа  түсінікті  болумен  ғана 

шектелмей,  ақпараттық  үгіттеуден  аулақ  болуы  да  қажет.  Бұл  хабарларда 

ақпараттың  мазмұнына  сәйкес  салалық  терминдер  қолданылғанымен, 

олардың  мағынасы  түсіндіріліп  өтеді.  Кез  келген  телехабар  адамды 

мәдениеттілікке  үйретеді.  Көрермен  хабарға  қатысушылардың  сөз 

саптауынан,  сөйлеу  мәнерінен,  тіл  тазалығынан  өзіне  қажетті  білім  мен 

білікті қабылдайды.   





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет