2012 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жеке және заңды тұлғалардан 242 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 220 жазбаша өтініш, 12 өтініш электронды адреске, 10 – факсимильді байланыс арқылы келіп түскен.
Келіп түскен 242 өтініштің ішінде 137 өтініш – екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) қызметіне қатысты (жалпы санының 56,61%), оның ішінде:
- қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдау, оның ішінде кредиттеу мерзімін көбейту, қарыздарды өтеу мерзімін кейінге қалдыру, сыйақы ставкасын азайту, есептелген өсімпұлды есептен шығару жолымен қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымадау (52);
-
банк қызметіне тексеру жүргізу (11);
-
банктік қарыз шартының талаптарын заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру (9);
-
банктік қарыз шарттарын жасау, орындау және тоқтату, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін бұзу (7);
-
ай сайынғы төлемдердің, қарыз бойынша берешектің, өсімпұлдың, депозиттер бойынша сыйақылардың мөлшерін, ЖТСМ мәнін есептеудің дұрыстығын тексеру (79);
- банк-кредитордың пайдасына берешекті мерзімін ұзарта отырып өндіріп алу туралы сот шешімдерінің орындалуы (7);
- банк салымдарына қызмет көрсету және оларды қайтару (6);
- банктердің қарыз шарттары бойынша талап ету құқықтарын үшінші тұлғаларға беруі, сондай-ақ қарыздар бойынша берешекті өндіріп алу үшін үшінші тұлғаларды тарту (4);
- ақпарат алмауы (3);
- банк қызметкерлерінің әрекеттері (3);
- кредиттік тарих (2);
- кепіл нысанын өткізу рәсімі (2)
- банк құпиясын ашу (2);
- кредиттік саясаты (2);
- басқа да мәселелер (20).
Бұл ретте 137 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 69 өтінішті қоса алғанда) – 6 негізделген (қаралған өтініштердің жалпы санының 4,38%).
Төменде банктер бөлігінде 2012 жылғы қыркүйектегі өтініштер және өтініштердің жалпы көлеміндегі олардың үлес салмағы жөнінде мәліметтер келтірілген:
1-кесте
№
|
Қаржы нарығының субъектілері
(қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар)
|
Есепті кезеңде
|
Келіп түскен өтініштер
|
Қаралуы аяқталған
|
Есеп беру кезеңнің соңында қаралу үстінде
|
Саны
|
Қаржы нарығының тиісті секторындағы келіп түскен өтініштердің үлес салмағы, %
|
Саны**
|
Екінші деңгейдегі банктер
|
11
|
«Альянс Банкі» АҚ
|
28
|
20,44
|
12
|
16
|
12
|
«Казкоммерцбанк» АҚ
|
28
|
20,44
|
15
|
13
|
13
|
«БТА Банк» АҚ
|
17
|
12,41
|
11
|
6
|
14
|
«Банк ЦентрКредит» АҚ
|
12
|
8,76
|
4
|
8
|
15
|
«Kaspi Bank» АҚ
|
11
|
8,03
|
3
|
8
|
16
|
«АТФ Банк» АҚ
|
9
|
6,57
|
7
|
2
|
17
|
«Валют-Транзит Банк» (таратылатын банк) АҚ
|
7
|
5,10
|
7
|
0
|
18
|
«Темiрбанк» АҚ
|
5
|
3,65
|
2
|
3
|
19
|
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
|
3
|
2,19
|
1
|
2
|
110
|
«Цеснабанк» АҚ
|
3
|
2,19
|
0
|
3
|
111
|
«Банк «Астана - Финанс» АҚ
|
3
|
2,19
|
3
|
0
|
112
|
«Еуразиялық банк» АҚ
|
2
|
1,46
|
2
|
0
|
113
|
«Нұрбанк» АҚ
|
2
|
1,46
|
0
|
2
|
114
|
«RBS Kazakhstan» АҚ
|
1
|
0,73
|
0
|
1
|
115
|
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
|
1
|
0,73
|
1
|
0
|
116
|
«Казинвестбанк» АҚ
|
1
|
0,73
|
0
|
1
|
117
|
«Delta Bank» АҚ
|
1
|
0,73
|
0
|
1
|
118
|
«Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ
|
1
|
0,73
|
0
|
1
|
119
|
«Forte Bank» АҚ
|
1
|
0,73
|
0
|
1
|
220
|
«Хоум Кредит Банк» АҚ
|
1
|
0,73
|
0
|
1
|
|
Жиынтығы:
|
137
|
100
|
68
|
69
|
56,61*
|
|
ЖИЫНТЫҒЫ:
|
178
|
73,55**
|
85
|
93
|
*- өтініштің жалпы санындағы сектордың үлес салмағы
** - барлық өтініштер негізделген болып табылған жоқ
Төменде алдыңғы есепті кезеңдерде келіп түскен өтініштерді қарау барысы туралы мәліметтер келтірілген.
2-кесте
№
|
Қаржы ұйымының атауы
|
Алдыңғы есепті айларда келіп түскен және қаралуы 01.09.2012 ж. дейін аяқталмаған өтініштер
|
Саны
|
Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлес салмағы, %
|
Қаралуы 2012ж. қырқүйекте аяқталды,
саны **
|
Есепті кезеңнің соңында қарау үстінде, саны
|
11
|
«Казкоммерцбанк» АҚ
|
12
|
16,92
|
12
|
0
|
22
|
«БТА Банк» АҚ
|
10
|
14,08
|
9
|
1
|
33
|
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
|
9
|
12,68
|
9
|
0
|
44
|
«Альянс Банкі» АҚ
|
8
|
11,26
|
8
|
0
|
55
|
«Kaspi Bank» АҚ
|
7
|
9,85
|
7
|
0
|
66
|
«АТФ Банк» АҚ
|
5
|
7,04
|
5
|
0
|
77
|
«Еуразиялық банк» АҚ
|
4
|
5,63
|
4
|
0
|
88
|
«Цеснабанк» АҚ
|
4
|
5,63
|
3
|
1
|
99
|
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
|
4
|
5,63
|
4
|
0
|
110
|
«Банк ЦентрКредит» АҚ
|
3
|
4,23
|
3
|
0
|
111
|
«Темiрбанк» АҚ
|
2
|
2,82
|
2
|
0
|
112
|
«Forte Bank» АҚ
|
1
|
1,41
|
1
|
0
|
113
|
«HSBC Банк Қазақстан» АҚ
|
1
|
1,41
|
1
|
0
|
114
|
«Хоум Кредит Банк» АҚ
|
1
|
1,41
|
1
|
0
|
|
ЖИЫНТЫҒЫ:
|
71
|
100
|
69
|
2
|
** барлық өтініштер негізделген болып табылған жоқ
***- алдыңғы есепті кезеңдерде берілген мәліметтер нақтыланды
Сонымен қатар 3-кестеде есепті кезеңде екінші деңгейдегі банктердің қызметіне қатысты қаралған шағымдар мен өтініштердің, сондай-ақ анықталған ҚР заңнамасын және/немесе банктік қызмет көрсету жөніндегі шарттар талаптарын бұзу негізділігінің көрсеткіштері келтірілген:
3-кесте
№
|
Қаржы ұйымының атауы
|
Қаралуы 2012ж. қыркүйекте аяқталған өтініштер
|
Кол-во
|
негізделген шағым-дар
|
негізделгендердің жалпы санының негізделгендер %
|
анықталған ҚР заңнамасын және/немесе шарттың талаптарын бұзушылықтары бар шағымдар
|
анықталғандардың жалпы санының анықталған-дар %
|
11
|
«Казкоммерцбанк» АҚ
|
27
|
0
|
0.00
|
0
|
0.00
|
22
|
«Альянс Банкі» АҚ
|
20
|
2
|
33.32
|
2
|
33.32
|
33
|
«БТА Банк» АҚ
|
20
|
0
|
0.00
|
0
|
0.00
|
44
|
«Kaspi Bank» АҚ
|
10
|
1
|
16.67
|
1
|
16.67
|
55
|
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
|
10
|
0
|
0.00
|
0
|
0.00
|
66
|
«АТФ Банк» АҚ
|
12
|
1
|
16.67
|
1
|
16.67
|
77
|
«Банк ЦентрКредит» АҚ
|
7
|
1
|
16.67
|
1
|
16.67
|
88
|
«Валют-Транзит Банк» (таратылатын банк) АҚ
|
7
|
0
|
0.00
|
0
|
0.00
|
99
|
«Еуразиялық банк» АҚ
|
6
|
1
|
16.67
|
1
|
16.67
|
110
|
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
|
5
|
0
|
0.00
|
0
|
0.00
|
111
|
«Темiрбанк» АҚ
|
4
|
0
|
0.00
|
0
|
0.00
|
112
|
«Цеснабанк» АҚ
|
3
|
0
|
16.67
|
0
|
14.29
|
113
|
«Банк «Астана - Финанс» АҚ
|
3
|
0
|
0.00
|
0
|
0.00
|
114
|
«HSBC Банк Қазақстан» АҚ
|
1
|
0
|
0.00
|
0
|
0.00
|
115
|
«Хоум Кредит Банк» АҚ
|
1
|
0
|
0.00
|
0
|
0.00
|
116
|
«Forte Bank» АҚ
|
1
|
0
|
0.00
|
0
|
0.00
|
|
ЖИЫНТЫҒЫ:
|
137
|
6
|
100.00
|
6
|
100.00
|
Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша Комитет қызметте мынадай бұзушылықтарды анықтады:
«Kaspi Bank» АҚ:
- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Өтініштерді қарау туралы заң) 8-бабы өтініш берушінің өтінішіне заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап бермеу бөлігінде талаптарын бұзуы;
«Евразиялық банк» АҚ:
- Өтініштерді қарау туралы заңның 8-бабының өтініш берушінің өтінішіне жазбаша жауап бермеу бөлігінде талаптарын бұзуы, осыған орай банкке шектеулі ықпал ету шарасын қолдану мәселесі қарастырылуда;
«Альянс Банкі» АҚ:
- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 39-бабы 2-тармағының ЖТСС мөлшерін дұрыс емес көрсету бөлігінде бұзуына байланысты банкке шектеулі ықпал ету шарасын қолдану мәселесі қарастырылуда;
- Банктер туралы заңның 50-бабының банк құпиясы болып табылатын ақпаратты үшінші тұлғаларға жариялау бөлігінде талаптарын бұзуына байланысты банкке шектеулі ықпал ету шарасын қолдану мәселесі қарастырылуда;
«Банк ЦентрКредит» АҚ:
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 215 қаулысымен бекітілген Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу ережесінің 2-тармағының сыйақы ставкасын кредиттер шарттарында дұрыс, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеумен көрсетпеу бөлігінде және Банктер туралы заңның 31-бабы 1-тармағының қарыз алушымен банктік қарыз шартын жасау кезінде операциялар жүргізудің жалпы талаптарын белгілейтін ережелердің жоқ болу бөлігінде талаптарын бұзуына байланысты банкке шектеулі ықпал ету шарасын қолдану мәселесі қарастырылуда;
«АТФ Банк» АҚ:
- Банктер туралы заңның 39-бабы 5-тармағының банктік қарыз берген күннен бастап бір жыл өткен соң қарызды мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтегені үшін айыппұл өндіріп алу бөлігінде талаптарын бұзуына байланысты банкке шектеулі ықпал ету шарасын қолдану мәселесі қарастырылуда.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықтың (бұдан әрі - № 359 нұсқаулық) 13 және 14-тармақтарының банктік қарыз шартын жалған құжаттармен жасау бөлігінде талаптарын бұзғаны үшін Маңғыстау облысының №2 сотының 07.08.12ж. №13246 жеке ұйғарымын орындау мақсатында «Альянс Банкі» АҚ-ға жазбаша ескерту шығарылды.
Есепті кезеңде алдыңғы есепті кезеңде келіп түскен жеке тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша № 359 нұсқаулықтың 13 және 14-тармақтарының банктік қарыз шартында сенімхаттардың деректемелерін (күндері, нөмірлері) көрсетпеу бөлігінде «Казкоммерцбанк» АҚ-ға жазбаша ескерту шығарылды.
Достарыңызбен бөлісу: |