Дәріс
Сабақтың тақырыбы: № 14 Графиктер мен диаграммалар құру.
Excel – де диаграммалар тұрғызу.
Диаграмманы түзету.
Диаграмманы безендіру
Диаграмманы редакциялау
Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметтердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметтер қатарын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады.
Д иаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік объектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парақта немесе кез-келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диаграмма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер бұл мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді.
Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол Стандартты аспаптар панелінде орналасқан. Диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмманы тұрғызар алдында мәлімттер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметтерді Диаграмма шеберінің жұмыс барысында да енгізуге болады.Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма шеберінің жұмыс барысының алғашқы сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз қажет (8.1-сурет). Стандартты қыстырмасындағы Түр(Вид) тізімін диаграмманың қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқалары бейнеленген. Соның ішінен өзімізге қолайлысын таңдауымыз қажет. Стандартты емес қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері бейнеленген. Диаграманың түрін таңдап алынғаннан кейін Ары қарай (Далее) батырмасын басамыз.
Мәліметтерді таңдап алу. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) жұмысының екінші сатысы диаграмма тұрғызылатын мәліметтерді таңдап алудан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |