Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (бааж)



Дата25.02.2016
өлшемі105 Kb.
#22061
Тұтастай алғанда, Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 2008 жылы 141 853.3 млрд. теңге (немесе 1 179.2 млрд. АҚШ долл.) сомаға 24.4 млн. транзакция өткізілді. 2007 жылмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер сомасы 1.1% (1 601.1 млрд. теңгеге) төмендеді, төлемдер саны 3.6% (844.2 мың транзакцияға) ұлғайды.

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушыларының саны 2009 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 511 болды, оның ішінде: екінші деңгейдегі 36 банк және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Казпошта», «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Тимей» ҚӨК ЖШС, ҚБЕО Клиринг палатасы); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық үшін 3 шот; Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі; ҚР Ұлттық Банкі және Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қорының Кастодиан Банкі (ҚҰБ МОЕБ).

2008 жылы БААЖ арқылы 139 558.5 млрд.теңге (1 160.1 млрд. АҚШ долл.) сомаға 9.6 млн. транзакция жүргізілді.

Өткен жылмен салыстырғанда төлемдер саны 12.8% (1 087.2 мың транзакцияға) ұлғайды, ал төлемдер сомасы 1.1% (1 590.0 млрд. теңгеге) төмендеді.



Орташа алғанда, 2008 жылы БААЖ арқылы күніне 560.5 млрд. теңге сомаға 38.5 мың транзакция жүргізілді, мұның өзі 2007 жылдың деңгейден саны бойынша 4.5 мың транзакция (13.2%) артық және сомасы бойынша 4.1 млрд. теңгеге (0.7%) төмен. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2008 жылда 14.5 млн. теңгені құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 12.3% (2.0 млн. теңгеге) төмендеді.

БААЖ-дың негізгі мақсатына сәйкес пайдаланушылар көрсетілген жүйеге қаржы секторының операциялары бойынша негізінен ірі және мерзімді төлемдерді жібереді. Мәселен, 2008 жылда БААЖ арқылы негізінен шетел валютасымен және қымбат металдармен (БААЖ-дағы төлемдердің жалпы көлемінің 21.5%), Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен (тиісінше 29.4%), сондай-ақ банктердің және олардың клиенттерінің банкаралық депозиттерімен және меншікті қаражат аударымдарымен (24.7%) операциялар бойынша төлемдер жүргізілді.

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы 2008 жылда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 98.4% және олардың жалпы санының 39.3% өңделді, мұның өзі неғұрлым ірі және басымдығы жоғары төлемдер жүргізуде БААЖ мақсатының орындалатынын көрсетеді.



Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2009 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қатысушылардың саны 36 болды, олардың 29-ы екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қорының Кастодиан Банкі (ҚҰБ МОЕБ), Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық үшін 3 шот, «Қазпошта» АҚ.

Бөлшек төлемдер ағыны 2008 жылда сомасы 2 294.8 млрд. теңге (19.1 млрд. АҚШ долл.) 14.8 млн. құжат болды. 2007 жылмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 1.6% (243.0 мың құжатқа) қысқарды, бұл ретте төлемдер сомасы 0.5% (11.1 млрд. теңгеге) қысқарды.

Орташа алғанда, 2008 жылында клиринг жүйесі арқылы күніне 9.2 млрд. теңге сомаға 59.6 мың құжат өткізілді, мұның өзі 2007 жылдың деңгейден төлемдер саны бойынша 0.7 мың транзакцияға (1.2%), төлемдер сомасы бойынша 7.5 млн. теңгеге (0.1%) аз. Бұл ретте Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 154.6 мың теңге болды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1.1% (1.8 мың теңгеге) артқан.

Клиринг жүйесінде төлемдердің ең көп үлесі 2008 жылда бюджетке (салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу) және бюджеттен төленетін (жүйедегі төлемдердің жалпы көлеміндегі үлесі 27.9% құрады) төлемдерге, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлар және материалдық емес активтер (үлесі – 29.0%), көрсетілген қызметтер (үлесі – 25.8%) үшін есеп айырысулар бойынша төлемдеріне тиесілі болды.

Сонымен бірге, басымдығы жоғары болып табылмайтын және сомасы бойынша 5 млн. теңгеден аспайтын төлемдерді жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 60.7% және олардың жалпы көлемінің 1.6% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомадағы айтарлықтай төлемдер санын жүргізуде өз міндетін атқаратынын көрсетеді.



1 ҚБЕО сайтында 50 пайдаланушы + ҚБЕО КП көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет