Банктер арасында және банктер мен банктік операциялардың белгілі түрін жүзеге асыратын ұйымдар арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы төлемдер мен ақша аударымдары
Банктер арасында және банктер мен банктік операциялардың белгілі түрін жүзеге асыратын ұйымдар арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы төлемдер мен ақша аударымдары. 2007 жылдың III тоқсанында тікелей корреспонденттік шоттар арқылы төлемдер өткен банктер саны 26-ға жетті.
2007 жылдың III тоқсанында банктердің корреспонденттік шоттар арқылы 565.6 млрд. тенге сомасына төлемдер жүргізілді (жалпы төлемдер сомасының 1.6% БААЖ мен банктік клиринг арқылы жүргізілді), 2006 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда төлемдер көлемінің 39.6% ке (немесе 160.5 млрд. теңгеге) өскені байқалады.
2007 жылдың III тоқсанында төлем аударымдарының саны 1 471.4 мыңға жетті, ал 2006 жылдың II тоқсанында олардың саны – 1 226.8 мыңды құраған. Төлемдер санының 19.9%-ке (немесе 244.7 мыңға) өсуі байқалуда.
2007 жылдың III тоқсанында тікелей корреспонденттік шоттар арқылы өткен бір төлемнің орташа соммасы 384.4 мың теңгені құрады және 2006 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда 16.4% өскен (немесе 54.2 мың теңгеге).
Әр ай бойынша тікелей корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылған төлемдер ағымы.