Биржалық мәмілелер бойынша клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі Клиринг



Дата20.06.2016
өлшемі2.54 Mb.
#149644
Биржалық мәмілелер бойынша клиринг және есеп айырысу
1.1.Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі
Клиринг жалпы өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу деген ұғымды білдіреді. Ал биржалық клиринг ол биржалық саудаға қатысушылар арасында биржалық активті кім, кімге және ол үшін қандай мерзімде ақша төлеп және жеткізіп беру негізінде туындайтын өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу.

Есеп айырысу деген биржалық клиринг айқындау кезінде туындаған міндеттемелерді орындау процесі. Оның нәтижесінде шарт талаптарына сай биржалық мәміле объектісін (мысалы, бағалы қағаз) сатушыдан сатып алушыға беру, сондай-ақ сатып алушының сатушыға берген ақшалы есептесу жүргізіледі. Қазіргі нарықтық сауданы ұйымдастырудан клиринг және есеп айырысудың қажеттілігі туындайды

Нарықтық операцияның ең жай түрі үш құрамдас бөліктен тұрады:


  • сатушы мен сатып алушының арасында мәмілені (ауызша немесе жазбаша) бекіту;

  • мәміле бойынша бағаны шығару (мысалы, тауар бағасын оның санына көбейту және барлық мәміленің бағасын анықтау;

  • шартты орындау.

Әдетте, жай мәмілені бекіткенде екі жақ делдалсыз өздері тікелей кездеседі. Қазіргі биржа нарығында бұндай жағдай сирек кездеседі, сатып алушы мен сатушыны өзара байланыстыратын буын – ол биржалық делдалдар.

Сөйтіп, қазіргі биржалық мәміледеоның құрамдас бөліктері бір – бірінен оқшауланып тұрады:



  • бұрынғыдай шарт алғашқы сатушы мен соңғы сатып алушы арасында емес, клиенттер мен биржалық делдалдар арасында бекітіледі;

  • мәміле бойынша бағаны шығару клиринг процесінде ұйымдастырылады;

  • мәмілені орындау (аяқтау) «есеп айырысу» деп аталатын процесте жүргізіледі.

Клиринг және есеп айырысудың қазіргі биржалық жүйесі алдын ала жасалған төмендегі алғы шаралардың нәтижесі:

Біріншіден, ол үйлесімді технологиялық мүмкіндіктердің болуынан. Атап айтқанда:

а) кеңістік факторын жеңу және ақпаратты беретін уақытты қысқарту үшін жылдам тарататын жаһанды байланыс жүйесінің болуынан;

ә) биржалық және қосымша ақпараттың өте үлкен көлемін өңдеу үшін (яғни есептесудің электрондық жүйесін құрудан және мәліметтер базасын сақтаудан);

б) ақша қаражатын шапшаң, әрі қатесіз аудару үшін есеп айырысудан ұлттық және халықаралық банк жүйесінің болуынан;

Екіншіден, клиринг және есеп айырысу үшін клирингтік (есеп айырысу) палатасын, депозитарийді, реестроұстаушыларды және с.с. маманданған ұйымдар мен биржалық құрылымдарды құрудан;

Үшіншіден, клиринг және есеп айырысу механизмін құрып және оны үнемі жетілдіруден.

Биржалық клиринг пен есеп айырысудың негізгі қызметтерін былайша топтастыруға болады:

а) бекітілген биржалық мәмілелердің тіркелуінен қамтамасыз ету (мәмілелерді тіркеу, тексеру, олар бойынша ақпарат алу және т.с.с.);

ә) тіркелген мәмілелерді (нарық түрі бойынша, қатысушылар және орындалу мерзімі бойынша) есепке алу;

б) биржалық нарыққа қатысушылардың өзара міндеттемелері мен төлемдерін есептеу;

в) биржалық мәмілелерді кепілдікпен қамтамасыз ету;

г) ақшалы есеп айырысуды ұйымдастыру;

д) бекітілген биржалық мәміле бойынша тауар жеткізіп беру.

Биржалық мәмілеге келгеннен соң бірнеше кезеңнен өтетін клиринг және есеп айырысу операциялары басталады. Оларға биржа мүшелері мен клиенттерден басқа да, атап айтқанда, есеп айырысу – клирингтік ұйымдар, банктер, депозитарийлер және т.с.с. мекемелер қатысады.

Клиринг және есеп айырысу мына сипаттарға байланысты жіктеледі:

а) биржалық тауардыңтүріне қарай:

* бағалы қағаздар нарығының клирингі;

* фьючерстік шарттар нарығының

ә) орталықтандыру деңгейіне қарай:

* бөлек бір биржаның клирингі;

* ұлттық биржааралық клиринг;

* халықаралық клиринг;

б) қызмет көрсету аясына қарай:

* Клиринг палатасының мүшелері арасындағы клиринг;

* Биржа мүшелері арасындағы клиринг.

Клиринг және есеп айырысуды ұйымдастыру процесі бірсыпыра

принциптерге негізделген. Олар:

Біріншіден, клиринг және есеп айырысу ды, әдетте маманданған органдар жүзеге асырады.. Ол дербес маманданған ұйым – Клирингтік (есептеу) палатасы немесе биржаның маманданған құрылымдық бөлімі болуы мүмкін.

Екіншіден биржа клиенттерінің мүддесін қорғау тұрғысынан алғанда клиенттер қаржысын делдалдар қаржысынан бөлек жүргізу мен есептеу туралы талаптарды орындауға көп мән берілуі керек.

Үшіншіден, бекітілген биржалық мәмілелердің бүкіл реквизиттері тексеріліп және тіркеуден өткізгеннен кейін ғана олар есеп айырысу – клиринг жүйесіне түседі. Ондай болмаған күнде олар клирингке қабылданбайды.

Төртіншіден, клиринг және есеп айырысудың қатаң кестесі болуы тиіс.

Клиринг және есп айырысудың әрбір операциясы қатаң шектелген уақытта өту керек. Кестені бұзушы айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Бесіншіден, биржада бекітілген мәміленің орындалуына клиринг және есеп айырысу механизмі кепілдік береді. Егер мәмілеге келген екі жақтың бірі өз міндеттемесін орындай алмаса, онда оны биржа құрылымы өзі орындайды.
1.2. Тәуекелдің негізгі түрлері

Есеп айырысу – клирингтік жүйенің қызметін пайдаланушы биржалық нарыққа қатысушылар мәміленің нарықтық сипатына байланысты әрдайым өз капиталын немесе ақша қаражатын жойылтып алу қаупіне тәуекел етіп пайдаланады. Бұндай тәуекелдің – нарықтық, несиелік және жүйелік деп аталатын үш түрі бар.



Нарықтық тәуекел – ол бүкіл қор нарығында немесе фьючерстік нарықта бағаның ауытқуына, мысалы банктік процент ставкасының өзгеруіне байланысты болатын тәуекел. Клиринг есеп айырысу процесі бірсыпыра уақыт алады, сондықтан осы уақыт аралығында бағаның өзгеруінен біраз шығын болуы мүмкін.

Осындай тәуекелдің бір түрі - әлемдік бағалы қағаздар және фьючерстік шарт нарықтарында есеп айырысу мерзімі бойынша келіспеушіліктен пайда болатын – халықаралық нарықтық тәуекел. Мысалы, басқа елден бағалы қағазды сатып алған брокер екі елдегі есеп айырысу мерзімдерінің бір-біріне дәл келмеуінен оларды өз елінде бірден сата алмайды. Сайып келгенде біраз шығынға ұшырайды.



Несиелік тәуекел – ол клиринг және есеп айырысу процесінің бір буынында келісілген уақытта есеп айырыспаудан туындайтын тәуекел. Биржа нарығы және оның инфрақұрылымы дамыған жағдайда тәуекелдің бұл түрі сирек кездеседі. Алайда, брокердің көрсеткен қызметіне клиенттің сыйақы төлемеу қаупі тұрақты түрде болып тұрады.

Жүйелік (операциялық) тәуекел – ол компьютерлік және байланыс жүйелерін қолдануға байланысты болатын шығын тәуекелі. Мысалы, кенет электроэнергиядан ажырату, клиринг есеп айырысу жүйесі қызметшілерінің жіберген қателері. Сондай-ақ, алаяқтық, бұзықтық, ұрлық және с.с. кездесетін келеңсіз жағдайлар да шығынға соқтырады.

Қазіргі кезде биржалық жүйелерді ұйымдастырушылар айтылған тәуекелдерді азайту жолдарын қарастыруда. Ең алдымен биржалық процеске қатысушылардың арасындағы бір-біріне деген сенімнің мықты болуы қажет. Өз әріптестерінің сенімін ақтамаған брокер, әдетте, келесі мәмілеге жіберілмейді. Мәміле ауызша да, жазбаша да, бекітілетіндіктен саудаға қатысушылардың өзара қатынасындағы сенімді сөзінің маңызы зор. Сондықтан сенімділік жоғары болған сайын, биржалық айналым да көп болып, нәтижесінде пайда да артады.

Тәуекелді төмендетудің (минимизациялау) келесі жолы-биржалық делдалдар есебінен сақтандыру қорларын құру. Егер есеп айырысу процесінің бір бөлігінде төлем жүргізілмей қалса, онда төлемеу қаупін сақтандыру қорлары өзіне алады.

Қорыта айтқанда, клиринг – есеп айырысу технологиясын және оны ұйымдастыруды жетілдіру биржа ісін дамытуға көп әсер етеді. Клиринг және есеп айырысудың барлық процесін компьютерлендіру реквизиттерді тексеру мен құжаттарды рәсімдеуді жеделдетіп, ойда болмаған қателерден сақтандырады, ақпараттарды есептеп, сондай – ақ оларды сақтауды қамтамасыз етеді.


1.3. Бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу

Биржа қызметінде клиринг және есеп айырысудың біртектес типтік жүйесі қалыптаспаған. Сондықтан клиринг және есеп айырысуды әрбір ірі биржа өзі ұйымдастырады. Оның бүкіл биржаларға бірдей жалпы белгілері болуымен бірге, кез-келген биржаның тек өзіне тін ерекшеліктері де бар. Одан басқа бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу фьючерстік шарттар нарығындағы клиринг және есеп айырысудан өзгеше болады.

Бағалы қағаздар нарығындағы есеп айырысу-клиринг процесінің ең басты ерекшелігі-сатылған бағалы қағаздарды оның алдыңғы иесінен басқа иесінен басқа иесіне қайта тіркеудің қажеттігі. Есеп айырысу-клиринг уақытын, яғни мәмілені бекіту мен ол бойынша есеп уақытын әдетте есеп айырысу кезеңі деп атайды.

Қор нарығының инфрақұрылымы дамыған елдерде есеп айырысу кезеңі алдын ала бекітіледі. Дегенмен ол бағалы қағаздардыңтипіне байланысты өзгеруі мүмкін. Есеп айырысу күні мынадай формуламен анықталады.





Д=Т+n

Онда: Т-мәмілені бекіткен күн;

n – есеп айырысу жүргізілетін күндер саны.

Мысалы, Англяда бағалы қағаздар бойынша – 10 күн, облигациялар бойынша-2, фьючерстік шарттар бойынша -1күн.

Есеп айырысу кезеңінде брокерлер бір жағынан өз клиенттерінен олар үшін сатып алынған акцияға ақша қаражатын алса, екінші жағынан сатылған бағалы қағаздарды немесе оларды алмастыратын құжаттарды (сертификаттар, куәліктер, трансферттік құжаттар және б.) алады

Есеп айырысу күні сатушы-брокер Есеп айырысу палатасына бағалы қағаздарды береді де, олардың орнына Есеп айырысу палатасынан ақша қаражатын (мысалы, чек) алады. Сол кезде сатып алушы-брокер Есеп айырысу палатасына сатып алынған бағалы қағаздар үшін ақша қаражатын береді. Бірақ сатып алынған бағалы қағаздарды жаңа иесі депозитарийде қайта тіркеуге қажетті бірнеше күн өткеннен кейін ғана алады. Акция сатып алушыға акция бойынша девиденд алу құқығы оны сатып алу мәмілесі бекітілген кезде беріледі. Алайда, акция иесі өз құқығын оны шығарған акционерлік қоғамның акционерлерінің реестрінде акцияны тіркеген датадан бастап алады. Акционерлердің реестрін компания сайлаған тіркеуші жүргізеді.


1.4. Фьючерстік шарт нарығындағы клиринг және есеп айырысу.

Фьючерстік шарт нарығындағы есеп айырысу – клирингтік процесінде негізгі екі ерекшелік бар. Олар:

Біріншіден, Есеп айырысу палатасы биржада бекітілген және тіркелген кез-келген фьючерстік шартты тапсыратын орын

Екіншіден, ол бекітілген мәмілелердің орындалуының кепілі, яғни ол маржалық жинақ механизмі арқылы кепілдік беру.




1.1. Сурет. Биржалық фьючерстік шарттар нарығындағы Есеп айырысу палатасының ролі
Жалпы Есеп айырысу палатасы фьючерстік саудада сатып алынған және сатылған барлық шарттар бойынша клиринг және есеп айырысу қызметін атқарады. Сондай-ақ олардың орындалуын ұйымдастырып, оған кепіл болады.

Клиринг және есеп айырысу жүйесін дамытудың міндеттері:



  • клиринг және есеп айырысу бойынша бір мәмілеге қатысты шығынды азайту немесе оның өсуін тежеу;

  • клиринг және есеп айырысу процесін осы операцияларды жүргізу мерзімін қысқарту жолымен жеделдету;

  • әлемдік қор нарықтарында және фьючерстік нарықтарды клиринг және есеп айырысуды интернационалдандыру.

Осы міндеттерге жету үшін:

Біріншіден, бағалы қағаздарды бейматериалдандыру керек, яғни компьютер жүйесіндегі шотқа электрондық жазу арқылы бағалы қағаздардың қағазсыз (құжатсыз) формасына өту керек. Болашақта ол біртұтас ұлттық (кейінне әлемдік) бағалы қағаздар электрондық депозитарийіне мүмкіндік береді.

Электрондық жүйе атаулы бағалы қағаздарды сатып алу- сатуға байланысты оларды қайта тіркеудің барлық процестерін оңайлатып, әрі шығындарды азайтады. Бағалы қағаздардың қағазсыз формасын пайдалану бағалы қағаздардың жоғалуын, жалған жасалуын, жеткізіп беруді тежеуді және басқа келеңсіз проблемаларды жояды.

Екіншіден, бағалы қағаздармен және фьючерстік шарттармен жүргізілетін электрондық саудаға өту экономиканы компьютерлендіру және байланыс құралдарын дамыту нәтижесінде жүзеге асты. Бұл биржалық нарықты кеңітуге және оны жаһандандыруға,

сауданы арзандатуға, биржалық сауданың көптеген процедурасын оңайлатуға, клиринг және есеп айырысу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік ашты. Болашақта электрондық сауда биржалық делдалдар институтынсаыз қор нарығында әрбір клиент өзі тікелей мәміле бекітуіне мүмкіндік береді.

Үшіншіден, әлемдік биржалық нарықта есеп айырысу кезеңін үйлестіру керек. Әр түрлі елдердің есеп айырысу кезеңдерін бір ізге келтіру (унификация) деген ұлттық нарықтарды интернационалдандыру үшін қажетті негіз құру.



Биржалық бағаны айқындау
2.1. Биржалық баға белгілеудің мәні және маңызы
Биржалық баға белгілеуде екі жақты көзқарас қалыптасқан:

Біріншісі, баға белгілеу – ол биржалық сауда кезінде бағаны айқындау процесі.

Екіншісі, баға белгілеу – ол биржалық сауда процесінде белгіленген баға туралы мәліметтерді өңдеу, оларды биржалық бюллетеньдерде жариялау үшін дайындау және саудаға қатсушыларға көрсету.

Биржалық саудада бағаның белгіленуі – тіркелген сауда жүргізушілердің өзара қызметерінің нәтижесі. Сөйтіп, биржа бағаның оъбективті қалыптасуына мүмкіндік жасап, тек оны айқындаумен шұғылданады.

Биржа бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуға түскен ұсыныс пен сұранысты шоғырландырып, ағымдағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасын анықтап, соның нәтижесінде уақытша және салыстырмалы тепе – теңдіктің көрінісі түрінде бағаны анықтайды. Бекітілген мәмілелер бойынша бағалы қағаздардың қолдан қолға өту бағасы оның бағамы деп аталады.

Сондықтан биржалық бағам биржалық бағам биржалық мәміле бекіткенде де және биржадан тыс айналымда да бағдар ретінде қолданылады.

Биржа туралы заңдар мен нормативтік актілер бағалы қағаздардың биржалық бағамын бекіту ережесін ұсынбайды. Баға белгілеудіңнегнегізі болып саналатын принциптерге байланысты баға белгілеуге әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін.

Әдетте биржалық бюллетеньдерге мәміле бағасының барлығын тіркемей , биржалық күні бойғы баға динамикасын толық сипаттайтын ең ақырғысын тіркейді. Ең ақырғы баға вертикаль және горизонталь тұрғысынан алынады, яғни биржалық күн бойғы жоғарғы және төменгі; сондай-ақ алғашқы минуттардағы және биржалық күн соңындағы қорытынды баға алынады.

Тіркелген мәмілелердің көрсеткіштері мен инвесторлардың мәмілелерінсараптап баға белгілеуші комиссия бағалы қағаздардың түрлері бойынша жоғары және төменгі ең ақырғы бағаны анықтайды.

Әлемдік алдыңғы қатардағы биржаларда баға белгілеу қағазына енгізілген жабылу алдыңғы қатардағы биржаларда баға белгілеу қағазына енгізілген жабылу алдындағы баға немесе соңғы мәміле бағасы биржалық баға болып есептеледі. Биржалық баға көпшілік ақпарат құралдарында жарияланады.

Экономикасы дамыған Батыс елдерінің қор биржасында бағалы қағаздармен сауда автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі. Акция бағымының оның көрсетілген (номинал) құнының көтерілуін лаж немесе ажио, ал бағамның көрсетілген құннан төмен ауытқуын дизажио деп атайды.
2.2. Аукционда баға белгілеу
Биржалық сауданы ұйымдастырудың тиімдігі аукционда баға белгілеу мүмкіндігімен анықталады. Биржалық сессия кезінде биржалық сауданы ұйымдастыру биржалық сауданы ұйымдастыру биржалық нарықтың тұрақты, әрі өтімді болуына әсер етеді. Биржалық сауданы ұйымдастыру формасы негізінен қор нарығының жағдайына, атап айтқанда, оның тереңдігіне, кең ауқымдылығына және төтепберушілігіне байланысты болады. Таратып айтсақ, бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс көлемі ұлғайған сайын нарық та тереңдей түседі. Төтепберушілігі бағаның әртүрлілігіне байланысты нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздарды сатып алуға немесе сатуға дайындығын білдіреді.

Егер нарықтың қызмет ету жағдайы және сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық пайда болуының әсерінен баға өзгерсе, онда биржалық сауда аукцион формасында ұйымдастырылады.

Ол 2.1. Суретте өрнектелген. Аукцион деген көпшілік алдында кім бағаны асырса, соған сатылатын бәсеке сауданың түрі.

Сұраныс немесе ұсыныс көлемі онша көп болмаса онда сауда жай аукцион формасында ұйымдастырылады. Ондай аукционды сатып алушының ұсынысы бойынша я сатушы ұйымдастырады, я көптеген сатушылардан тиімді ұсыныс іздеген сатып алушы ұйымдастырады. Сатушы ұйымдастырған аукционды сатушы аукционы, ал сатып алушы ұйымдастырған аукционды сатып алушы аукционы деп атайды

Жай аукцион типін ағылшын аукционы деп атайды. Онда сатушылар қор құндылықтарын бастапқы баға бойынша сату үшін өздерінің мәлімдемелерін сауда басталғанға дейін беріп қояды. Олар баға белгілеу бюллетеньдерінде топтастырылып, биржалық саудаға қатысушыларға үлестіріледі. Аукцион барысында сатып алушылар бәсекесінің негізінде баға бірден бірге көтеріліп, соңында қағаздар ең жоғарғы бағамен сатылады.

Голландиялық аукционда сатушының алғашқы ұсынған бағасы жоғары болады, сауданы жүргізуші бірден бірге төменгі ставка ұсынып, ақырында соның біреуін қабылдайды. Бұл жағдайда бағалы қағаздардың ұсынылған бағамы көңілінен шыққан бірінші сатып алушыға сатылады.

Тәуекелге салу немесе сырттай аукционында барлық сатып алушылар бір уақытта бірден өз ставкаларын ұсынады.

Бағалы қағаздарды ең жоғары ұсыныс жасаған клиенттер алады.

Қорыта айтқанда, жай аукцион я сатушылар, я болмаса сатып алушылар аукционы, ол сұраныс пен ұсыныс көлемі аз жағдайда ұйымдастырылады. Ал қор нарығы кең ауқымды дамыған жағдайда қос аукцион жүйесін ұйымдастыру тиімді болады. Онда сатушылар арасында да, сатып алушылар арасында да бәсекелестік болады. Қос аукцион «бір дүркін» және үздіксіз аукциондар болып бөлінеді


2.1. Сурет. Аукциондардың жіктелуі


Болашақта бағалы қағаздар нарығының жағдайын, атап айтқанда, оның өтімділігін қамтамасыз ететін қос акцион формасы деп есептеледі. Егер нарықта мәміле-шарт сирек жасалса, биржалық баға белгілеуде «спрэд» деп аталатын сатып алушы мен сатушы бағалары қабыспай алшақтасы, мәміледен мәмілеге дейінгі бағаның ауытқуы ауқымды және үнемі қайталанып тұрса, онда бұндай нарықты өтімді деп айтуға және де биржалық сауданы «бір дүркін» аукцион формасында ұйымдастырған тиімдірек болады. Себебі нарықтың өтімділігі төмен, әрі аукцион сирек өткен жағдайда бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға түскен мәлімдемелерді жинақтау мерзімі ұзақтау болғандықтан, кейін барлығын бір уақытта орындау үшін сауда залында «бір дүркін» аукцион жүргізіледі.

Аукцион жүргізудің техникасы жөнінен ол дауыс аукционы немесе ауызша аукцион түрінде жүргізіледі. Бұл жағдайда биржалық делдалдар өз портфельдерінде клиенттердентүскен мәлімдемелерді ауызша салыстыру үшін жиналады. Оның мақсаты сатып алу мен сату мәлімдемелерінің арасындағы тепе теңдікті анықтау. Дауыс аукционындағы у-шуда дұрыс бағыт алу оңай емес, сондықтан биржалық аукциондарда тарихи қалыптасқан белгілі бір дене қимылын (мысалы, «жұлқыеып сөйлеу» аукционы) пайдаланбай сауда жүргізу мүмкін емес.

Брокер алдын – ала мәлімдемені ауызша беріп қойғанымен, егер кейін оны жазбаша берген жағдайда алдын – ала ауызша берген уақыты өз маңызын жояды. Жазбаша берген мәлімдеме бойынша мәміле жасалады. Сөйтіп, «дүркін-дүркін» аукционы нарықты көптеген тапсырыстан «тазартады». Өтімді нарықта бір биржалық күнде «дүркін – дүркін» аукцион бірнеше өткізіледі. Жиі-жиі өтетін бұндай аукцион бағалы қағаздарға сұраны пен ұсыныстың тұрақты болып тұратынын, нарықтың өтімді екенін білдіреді. Сондықтан үздіксіз аукцион өткізуге болады. Үздіксіз аукционның үш түрі бар:

Біріншісі, тапсырма кітабын пайдалану. Оған брокерлердің ауызша берген мәлімдемесі жазылып, оны кейін клерк орындайды.

Екіншісі – табло, онда әрбір шығарылғанда екі жұп баға көрсетіледі (яғни, сатылғанда – ең жоғары, сатқанда – ең төменгі)

Маклер түскен мәлімдемелерді топтастырып, бағалы қағаздардың әрбір түрі бойынша бағамын айқындайды. Осы бағалар таблоға шығарылады.

Үшіншісі – «тобыр» немесе «жиын» аукционы. Онда саудаға шығарылған бағалы қағаздарды хабарлайтын клерктің айналасына трейдерлер жиналады. Кейін олар «тобырдың» ішінен контрагенттерін табу мақсатында бағаны айғайлап хабарлап, сөйтіп өздері тауып алады.

Сонымен аукциондардың жіктелуін қарастыра отырып, баға нарығы тұрғысынан алғанда «бір дүркін» аукционы біріңғай, әрі ең дұрыс бағаны белгілеуге мүмкіндік береді. Ал үздіксіз аукционда бағаның бір мәміледен келесіге дейін үнемі ауытқуы, сұраныс пен ұсыныс көлемінің аздығы, немесе саудаға қатысушылар санының шектеулілігі, мәлімдемелердің бір қалыпты түспеуі бағаның өсуіне соқтыруы мүмкін.Нарықта бұл әдісті қолдану әрекеті тіпті биржалық дүрбелеңге тіреуі мүмкін.


2.3. Біріңғай бағам белгілеу әдісі
Біріңғай бағам белгілеу әдісі біріңғай баға белгілеуге негізделген. Мысалы, ол жабық қос аукцион негізінде неміс биржаларында қолданылады.

Бұндай жағдайда биржалық бағаны белгілегенде бағамдық маклер деп аталатын ресми делдалдардың мәмілелері ғана ескеріледі. Қор құндылықтарының әрқайсысына сұраныс пен ұсыныс мәлімдемелерін арнаулы маклерлер қабылдайды. Олар белгілі бір уақытта биржа залының бір нақты жеріне жиналып, нақты бағалы қағаздарды алуға мүдделі жақтардың қатысуымен сұраныс пен ұсыныстың ең көп сомасын өтей алатын бағамды белгілеуге кіріседі. Егер нарықта мәлімдеме саны аз болса, онда олар нарықты теңестіре алатын тапсырысты залда айғайлап айтады.

Егер ол мәлімдемені өз атынан шығаратын қолдаушы бос маклер тапса, онда осы мәлімдемені бағамдық маклер компьютерге енгізеді. Сонда ғана осы нақты бағалы қағаз бойынша нарық тепе-тең қалыпқа келеді.

Бағам белгіленгенде белгілі – бір тәртіпті қолдану керек:



  • биржалық бағамды ең көп мәміле санын қамтамасыз ететін деңгейде белгілеу керек;

  • барлық мәлімдемелер алғашқы баға ұсынысы шыққанда «кез-келген бағаммен сату», «кез келген бағаммен сатып алу» деген ұсыныспен жүзегеасырылуы керек;

  • сатып алғанда бағаның ең жоғарғы деңгейі және сатқанда ең төмен баға көрсетілген барлық мәлімдемелер жүзеге асырылуы керек;

  • сатып алғанда бағаның ең жоғарғы, ал сатқанда ең төменгі деңгейі көрсетілген барлық мәлімдемелер жарым – жартылай сатылуы мүмкін;

  • сатып алғанда көзделіп отырған бағамнан төмен немесе сатқанда жоғары баға көрсетілген барлық мәлімдемелер сатылмайды.

Сонымен, біріңғай бағам белгілеу әдісі бойынша белгіленген биржалық бағаны ақпарат құралдарында жариялау үшін қосымша өңдеудің және дайындаудың қажеті жоқ. Тек алдыңғы саудамен салыстырғанда бағаның өсуін немесе төмендеуін, яғни баға қозғалысын есептеу қажет.

Жай және үздіксіз аукциондарға тіркеу әдісі бойынша белгіленген баға бір біріне сәйкес келеді. Себебі биржалық бюллетеньде биржалық күнде мәмілелердің нақты тіркелген бағасы көрсетіледі.


2.4. Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
Фиксинг деген шетел валютасын сату мәлімдемелерінің көлемі оны сатып алу мәлімдемелерінің көлеміне тепе тең келген сауданың жағдайы.

Фиксингке жету сәті – сауданың (аукционның) аяқталу сәті. Фиксингке жету үшін бірсыпыра ережелерді орындау керек.

1.Егер ұсыныс сұраныстан көп болса, онда маклер валюта бағамын төмендетеді; ал ұсыныстан сұраныс көп болғанда керісінше, маклер шетел валютасының ұлттық валютаға шаққандағы бағамын көтереді. Мысалы, валютаны сатып алу көлемі 1200 шартты бірлікке тең, ал сату көлемі – 800, яғни сатып алу көлемі сату көлемінен көп. Бұл валюта бағамын көтеру керектігін көрсетеді. Осындай жағдайда фиксингке жету үшін я сатып алу көлемін азайту, немесе сату көлемін көбейту керек.

Егер сатып алу көлемі 800 шартты бірлікке теңгерілсе, ал сату көлемі 1200 болса, яғни сату көлемі сатып алу көлемінен жоғары, онда валюта бағамы төмендей бастайды. Осындай жағдайда фиксингке жету үшін, я сатып алу көлемін азайту, намесе сатып алу көлемін көбейту керек.

2. Шетел валютасының ұлттық валютаға шаққандағы алғашқы бағам өзгерісінен кейін бағамның қозғалысы бағытын өзгертпеу керек.

3. Сауда барысында шетел валютасының ұлттық валютаға шаққандағы бағамның өзгерісін тек маклер айқындайды.

4. Саудаға қатысушылар сатып алу немесе сату сомасының өзгеруі туралы қосымша мәлімдемелерді өз диллерлері арқылы береді.

5. Қосымша мәлімдемелерді өзгерткенде олардың мына түрлері қолданылады:

а) сатуға валютаны қосатын;

ә) валютаны сатып алу көлемін арттыратын;

б) валютаны сатып алу көлемін төмендететін;

в) валютаны сатудан шығаратын.

Қорыта айтқанда, фиксингке жеткеннен соң бағамдар валюта залының кестесіне енгізіледі. Биржа сатып алушы мен сатушының орташа бағамын баспасөзге дереу шығаруды ұйымдастырады.


ХV тарау Фьючерстік шартпен және опциондармен сауда
3.1. Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
Фьючерстік сауда деген фьючерстік шарт бойынша биржалық тауарды саудада сату формасы. Фьючерстік шарт – ол стандартты үлгідегі шарт, онда мәміле жасасқан тараптардың айқындаған бағасымен шартта көрсетілген мерзімде биржалық активті жеткізіп беру көзделеді.

Фючерстік шартта бір көрсеткіштен, яғни бағадан басқасы жан-жақты стандартталған. Ал сатылатын тауар бағасы, жоғарыда айтылғандай, биржалық сауда барысында белгіленеді

Фьючерстік шартты стандарттағанда төмендегі негізгі көрсеткіштер бір ізге салынады: тауардың тұтыну құны, оның саны және нарықтық айналыс жағдайлары, тауардың түрі, оның базистік саны және одан ауытқыған қосымша төлем мөлшері, тауар партиясының мөлшері, жеткізіп беру мерзімі және оның жағдайы, төлем формасы, шарт жағдайын бұрмалағаны үшін санкция, арбитраж тәртібі және басқалар. Фьючерстік саудада тек мәміле жасасқан тауар түрінің ғана, сондай-ақ мәміленің саны, жеткізіп беру айы және ең негізгісі, сол тауардың шартта көрсетілген бағасының ғана маңызы бар.

Стандартталған фьючерстік сауданың ерекшелігі-шарттың негізденуі. Фьючерстік шартта оның екі жағы болып әдеттегідей сатушы мен сатып алушы емес, сатушы мен есеп айырысу палатасы немесе сатып алушы мен биржаның Есеп айырысу палатасы шығады. Бұл сатушы мен сатып алушының бір-біріне тәуелсіз әрекет жасауына мүмкіндік береді, яғни кері мәміле жасау жолымен бұрынғы рәсімделген шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін жоюға мүмкіндік алады.

Фьючерстік сауданың объектісі өте ауқымды. Фьючерстік шарттармен сауда ол тауармен емес, тек биржалық шарттармен ғана жүргізілетін операция болғандықтан олардың негізгі материалдық игілік ретіндегі тауар ғана емес, жалпы сауданың кез-келген объектісі, мысалы, әртүрлі бағалы қағаздармен сауд. Сондықтан сауданың объектісі шарт болғасын онда шартқа жасалған шартпен, бір топ шартқа шартпен сауда және с.с. Бұл шексіз сауданың табиғи шектеуі – тек нақты тауар нарығымен, нақты капитал нарығымен байланыстар болады.

Фьючерстік шартты форвард шартымен салыстыру арқылы түсінуге болады. Форвардтық шарт деген оның орындалу мерзімі шарт жасаған кезге сай келмейді және ол уақыт шартта көрсетілетін келісім.

Ал фьючерстік шарт – ол биржалық активті болашақта дәл қазір екі жақ айқындаған бағамен сатып алу келісімі. Сонда фьючерстік шарттың форвардтық шарттан бірсыпыра айырмашылықтары бар. Олар:

Біріншіден, фьючерстік шарт тек биржаларда, ал форвардтық шарт биржадан тыс нарықта жасалады.

Екіншіден, фьючерстік шарт – ол формасы бойынша да мазмұны бойынша да стандартты шарт. Ол жан-жақты стандартталған, тек бағасы сауда барысында белгіленеді. Ал форвардтық шарттың формасы типтік болғанымен, барлық нақты жағдайлары, мысалы, алғашқы активтің саны, оның сапалық сипаттамасы және с.с. жағдайлары мәміле жасасқанда екі жақпен ескеріледі.

Үшіншіден, фьючерстік шарт бойынша оның орындалуы мен барлық есеп айырысуына биржа мен Клирингтік палата кепілдік береді.

Төртіншіден, форвардтық шарт алғашқы активті сатып алуға жасалады.Оны орындамаған жақ ірі айыппұл төлейді. Ал. Фьючерстік шарттың механизмі бойынша мәмілеге келмеген екі жақтың мақсаты – алғашқы активті сатып алу-сату емес, сол мәміледен фьючерстік нарықта пайда табу. Ол көбінесе алыпсатарлық шарт.

Бесіншіден, форвардтық шарт қор нарығының ке-келген алғашқы активіне жасалуы мүмкін, ал фьючерстік шартта алғашқы активтер биржаның мамандануына байланысты шектеулі болуы мүмкін.

Қорыта айтқанда, белгілі-бір биржалық активті жеткізіп беру мақсатында жасалған фьючерстік шарт шын мәнінде форвардтық шарт. Себебі мәмілені бекіту мен орындау аралығындағы уақыт форвардтық шарттың мәні болып есептеледі.
3.2. Фьючерстік сауданың мәні және механизмі
Фьючерстік сауданың мәнін екі жақтан: биржа тұрғысынан және жалпы нарықтық шаруашылық жағынан қарастырған жөн.

Биржа тұрғысынан фьючерстік сауда – ол нарықтық шаруашылық жағдайына биржалық сауданың табиғи дамуының нәтижесі. Нақты тауар саудасымен салыстырғанда фьючерстік сауданың зор артықшылығының арқасында нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында биржаларға жұмысын жалғастырып, одан әрі дамуына капитал жинақтауға мүмкіндік береді. Биржаның мақсаты – фьючерстік сауданы дамытып, нарықтық ортада қызмет істеу үшін қажетті мөлшерде табыс табуға қол жеткізу.

Нарықтық шаруашылық тұрғысынан алғанда фьючерстік сауданың мақсаты - нақты тауар нарығында бағаның өзгеруінен сақтандыру, сөйтіп кәсіпкерлердің мүддесін қорғау. Әсірісе, жетекші шикізат және отын тауарының бағасын болжау арқылы биржалық саудадан мол пайда табу.

Нарықтық экономикада бағаны болжау мүмкіндігі өндірістің қарқынды дамуы мен қоғамдастануынан және оның халықаралық интеграциялануынан туындайды. Осындай алдын-ала жасалған шаралардың негізінде фьючерстік сауда бағаның нарықтық болжам механизмін құрады. Тауар әлі өндірілмеген

Бірақ, фтючерстік шартты сатып алу-сату арқылы олардың болжам бағасы бар. Ол баға нақты өмірдегі процестердің әсеріне душар болады. Фьючерстік нарық нақты тауар нарығына ерекше. Ол қатысушылардың құрамында, сауда орнында, нарықтың деңгейінде және басқалар да болатын ерекшеліктер.

Биржалық фьючерстік сауда механизмінің негізгі элементтері:



  • биржалық сауданы фьючерстік шарттармен ұйымдастыру;

  • есеп айырысу тәртібі және фьючерстік шарттарды жою тәртібі;

  • фьючерстік шарттардың орындалуын ұйымдастыру.

Фьючерстік шартпен сауда оны жүргізуші брокерлік фирманың өкіліне клиенттің мәлімдемесін беруден басталады. Мәлімдемені ауызша немесе жазбаша беруге болады. Мәлімдемені тауар туралы, жеткізу мерзімі , шарт саны және баға туралы мәліметтер болуы керек.

Брокерлік фирманың өкілі мәлімдемені, әдетте, телефон арқылы немесе тікелей биржа залындағы осы фирмаға қызмет етіп отырған брокерге береді. Егер биржаның жұмыс күні аяқталып қалса, мәлімдемені ақпараттық орталыққа береді.

Сауда барысында биржалық брокер шартты сатып алуға алған тапсырысын, ұсынатын бағасын және шарт санын айғайлап айтады. Өз кезегінде басқа брокерлер шарттың осындай түрін сатуға алған тапсырыс бойынша өз бағасын ұсынады. Егер сатып алу бағасы дәл келсе мәміле бекітілген деп есептеліп, биржалық жүйелерде тіркеледі. Биржалық сауда аяқталған соң брокерлер бекітілген мәмілелердің реквизиттерін тексеріп, одан соң ақпаратты клиенттерге жеткізеді.

Фьючерстік шартты «сатып алу» деген биржадан алғашқы актив бойынша өзіне міндеттемені қабылдап алу. Содан кейін фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде осы шарт үшін айқындалған тәртіпке сай, яғни шартты сатып алу кезінде анықталған бағаны биржаға төлеу.

Фьючерстік шартты «сату» деген фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде биржаға алғашқы активті жеткізу міндеттемесін өзіне қабылдап алу.

Содан кейін осы шартты сату бағасына сай биржадан ақша қаражатын алу.

Фьючерстік шарт бойынша есеп айырысу формасы әр елде әртүрлі болады. Әдетте есеп айырысу чекпен жүргізіледі.
3.3. Фьючерстік шартты сатып алу-сату мәмілелерін жасасу және орындау тәртібі
Фьючерстік шартты сатып алу-сатуды ұйымдастырушы әрбір биржа өзінің нормативтік актілеріне сәйкес шарттарды жасасу және орындау тәртібін белгілеуге құқылы

Фьючерстік шартты сатып алу-сатудың технологиялық процесін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.

1.Клиенттің шешімі. Клиент фьючерстік шарт нарығының өтімділігін бағалайды, яғни оларды еркін және тез арада сатып алу-сатуды бағалайды, сатып алу-сатуды жүзеге асыруға байланысты шығындарды анықтайды, атап айтқанда, маржаны төлеу, мәмілені жасасу мен тіркеу үшін комиссиялық төлемді, делдалдар қызметін және салықтарды төлеу. Содан кейін клиент фьючерстік саудаға қатысу туралы шешім қабылдайды.

3.1. Сурет Фьючерстік шарт бойынша мәмілені жасау және орындау тәртібі
2. Брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасасу. Фьючерстік нарықта делдалдық қызмет атқаратын фирмамен клиент шарт жасайды. Шартқа сай клиент делдалдық фирмаға мынадай:

* фьючерстік шартты клиент атынан және оның есебінен сатып алу-сатуға мәміле жасауға;

* фьючерстік шартты сатып алу-сатуға байланысты барлық есеп айырысуды клиенттің қаражаты есебінен Есеп айырысу палатасының мүшесі арқылы жүргізуге;

* фьючерстік нарықта барлық қажетті құжаттарды клиент атынан рісімдеуге сенім көрсетеді.

Қызмет көрсету шарты бойынша тараптар фьючерстік нарық жағдайына байланысты қауіп туралы хабардар екенін және болуы мүмкін шығындар бойынша бір-біріне шығымдары болмайтынын бекітеді.

3. Есеп айырысу палатасының мүшесімен қызмет көрсету шартын бекіту. Делдалдар фирмасы Есеп айырысу палатасымен ұзақ уақыт қызмет көрсету жөнінде шарт бекітеді. Әрбір жаңа клиентке қайтадан шарт бекітпейді.

4. Фьючерстік сауданың резерв қаражаты. Фьючерстік мәміле жасауға қажетті ақша қаражатын клиент төлейді. Ол қаражат мәміле орындалуының кепілі. Бірақ ол «фьючерстік сауданың резерв қаражаты» ролін орындамайды. Резерв қаражаты алғашқы маржаны жабу үшін жететін болуы керек. Ондай соманы клиент делдалдық фирма арқылы Есеп айырысу палатасының мүшесіне аударады.

5. Клиенттің тапсырмасы. Биржаның делдалы клиенттің тапсырмасын орындау үшін ең алдымен клиент оған биржалық саудада орындалатын белгілі – бір операцияларға мәлімдеме береді. Биржалық сауданың іс – тәжірибесінде ондай мәлімдеме сауда тапсырмасы деп аталады. Сауда тапсырмасында мәміле түрі, келісім-шарт саны, жеткізіп беру формасы мен мерзімі, төлем формасы, сауда өткен күн және баға белгілеу жағдайлары көрсетілуі қажет. Әлемдік практикада сауда тапсырмасының ең көп қолданылатын түрлері:

* биржа бағасымен сатып алу немесе сату. Мәлімдеме бланкінде баға көрсетілмейді.

* «күннің ең тиімді бағасымен» сатып алу немесе сату-ол сессия күнінің нәтижесі бойынша сатып алу үшін ең төменгі, ал сату үшін ең жоғары бағамен орындалады.

* белгілі бір бағамен сатып алу немесе сату. Оны брокер баға берілген деңгейге жеткен сәтте немесе оны алған бойда орындайды.

6. Тапсырманы орындау-ол биржалық сауда барысында, я болмаса сессия аралығындағы уақытта өтеді.

7. Өткен сауда туралы мәліметтер. Биржа бекітілген фьючерстік мәмілелер туралы мәліметтерді тиесілі ақпараттық жүйелерге беріп отырады. Сөйтіп баға белгілеу әлемге таратылады.

8. Мәмілелер бойынша есеп айырысу – оны Есеп айырысу палатасы орындайды. Оның жұмыс механизмі туралы жоғарыда айтылған.

9. Маржа бойынша қайта есептеу. Маржаның өзгерісі туралы мәлімет биржа күнінің соңында айтылады. Жаңа маржа ставкасы алғашқы маржа ставкасы негізінде жүргізіледі.

10. Маржа төлемі бойынша қосымша қаржыны салу. Қайта есептелген маржаның негізінде белгіленген оның жаңа ставкасы бойынша клиент делдалдық фирма және Есеп айырысу палатасының мүшесі арқылы клирингтік шотқа фьючерстік шарт нарығында жұмысты жалғастыру үшін қосымша қаржы салуы керек. Ол соманы айнымалы маржа деп атайды.

11. Фьючерстік шарт бойынша жеткізу. Фьючерстік мәмілені жалған сипатына қарамастан, кейде фьючерстік шарт бойынша тауар жеткізу де болып қалады.

Әлемдік практикада биржалық сауданың тауарын жеткізудің екі типі бар: алғашқы және екінші рет жеткізу. Алғашқы жеткізу деген тауарды биржа қоймасына жеткізу немесе тауарды биржа қоймасынан алу.

Екінші рет жеткізу деген тауардың қоймадағы партиясын қоймадан шығармай-ақ ағымдағы айдың ішінде биржалық шарт бойынша қайтадан жеткізіп беру. Биржаларда бұл жеткізудің үлесі 20-40% құрайды. Биржалардың көбіне сатушы тек ресми оның қоймасындағы тіркеуден өткен банктердің сейфіндегі және де заводтан тиісті сертификатын алған тауарды ғана жеткізуіне болады. Сатушы оған қоса, тауар туралы мынандай мәліметтерді беруі керек:


  • тауарды жеткізіп беретін көліктің түрі;

  • шығатын елі;

  • қораптардың, қаптардың, бумалардың және т.б.

  • биржа бекіткен тауар сақтау қоймасы;

  • тауарды қоймаға жеткізу датасы;

  • тауар партиясының жалпы салмағы;

  • қайта өлшеген датасы;

  • варрант номері;

  • үлгілерін алған дата және т,б, мәліметтер.

Сатушы айтылған осы мәліметтермен бірге Есеп айырысу палатасы арқылы нотис, яғни жеткізу туралы хабарлама жіберуі керек. Әрбір нотисте шарттың бағасы, датасы, сондай-ақ Есеп айырысу палатасының нотисті алған

Уақыты және оны сатып алушыға берген уақыты көрсетіледі. Есеп айырысу палатасынан өткен барлық нотистерді сатып алушы міндетті түрде орындау үшін қабылдап алады. Содан соң белгілі-бір уақыт аралығында тауар үшін толық мөлшерде қолма-қол ақша төлегені туралы варрант немесе қойма куәлігін, яғни биржа қоймасындағы тауарға меншік құқығын білдіретін құжат алады. Нотис қойған датадан бастап туындаған барлық шығындарды сатушы төлеуі тиіс.

3.4. Хеджирлеу және биржалық алыпсатушылық
Биржалық сауда тәжірибесінде сауда хеджирлеу және алыпсатушылық болып бөлінеді. Хеджирлеу деген ол бағаның қолайсыз өзгеруінен биржалық сақтандыру. Ал биржалық алыпсатушылық деген ол фьючерстік шарттың уақытына, кеңістігіне және тауар түрлерінің баға динамикасына негіздеген пайда табу тәсілі.

Саясиэкономиялық түсінік бойынша хеджирлеу де, биржалық алыпсатушылық та – екеуі де саудагерлік, яғни өндіру кезінде емес, айналыста – баға айырмашылығынан пайда табу тәсілі. Хеджирлеу мен алыпсатушылық – қатар жүретін және бірін-бірі толықтыратын биржадағы саудагерліктің екі формасы. Дегенмен олардың бір-бірінен айырмашалағы да бар. Олар бір медальдің екі жағы тәрізді. Хеджирлеуді алыпсатушылықтан айыруға болмайды және керісінше де болады.

Биржада хеджирлеуді, әдетте, кәсіпорын, ұйым және жеке адам жүргізеді, әрі сол кезде олар, яғни өндірушілер, қайта өндірушілер, сатушылар дәо сол кезде олар нақты тауарлар нарығының қатысушылары да болады. Алыпсатушылықпен, әдетте, фьючерстік шарт бағасының айырмасынан пайда табу мақсатында биржа мүшелері, көбіне жеке адамдар шұғылданады. Нарықтық шаруашылықта басты мақсат – қандай операциялар есебінен екеніне қарамай –пайда табу. Хеджирлеу мақсаты-тапқан пайдамен нақты тауар нарығындағы шығындарды өтеу.

3.5. Фьючерстік шартқа баға құру
Бір биржалық активтің – физикалық ақты нарықта және фьючерстік нарыұта - әртүрлі бағасы болады. Себебі физикалық нарықта активті нақты сатып алу-сату дәл сол кезде жүреді д, ал фьючерстік нарықта ол процесс бірсыпыра уақыттан кейін, яғни бірнеше күннен кейін, тіпті бірнеше айдан, жылдан кейін болады.

Өз кезегінде кез келген нарықтың бағасы тәрізді фьючерстік шарт бағасының объективті негізі –құн. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан фьючерстік шарт бағасының дәстүрлі түрде қалыптасыуы 3.2. Суретте өрнектелген.



3.2. Сурет. Шарт бағасына әсер етуші факторлар
Фючерстік шарттың құнына мына факторлар әсер етеді:

  • физикалық нарықтағы активтің бағасы;

  • фьючерстік шарттың әрекет мерзімі;

  • фроценттік ставка;

  • активті қолдануға байланысты шығындар.

Сонымен, фьючерстік шарттың құнына әсер ететін факторларды екі топқа бөліп 3.3. Суретпен өрнетелік

3.3. Сурет. Шарттың құнына әсер ететін факторлар


3.6. Фьючерстік саудадағы қаржылық есеп айырысу
Фьючерстік шартпен сауда төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:

Біріншіден, шартты сатушы әрдайым шарттың бағасын төмендету үшін ойнайды, яғни егер ол шартты сатқанынан гөрі сатып алғанда төмен бағамен алса, онда ол пайда табады;

Екіншіден, шартты сатып алушы әрдайым шарттың бағасын жоғарылату үшін ойнайды, яғни егер ол шартты сатып алғанынан гөрі доғары бағамен сатса, онда ол пайда табады.

Себебі фьючерстік саудадағы қаржылық есеп екі баланс теңдігінен құралады:




  • егер шартты сатып алушы ұтса, онда міндетті түрде шартты сатушы ұтылады, сондай-ақ керісінше болады;

  • есеп айырысу палатасының және оның клиенттерінің бір мүшелеріндегі ұтыс сомасы Есеп айырысу палатасының басқа мүшелеріндегі ұтылыс сомасына тең болады.

Фючерстік шартты сатып алу-сату бойынша есеп кезеңіне шартты бекіткен күн кіреді. Шарт орындалмай немесе жабылмай қалған кезең және шартты жабу немесе оны орындау күні қаржылық есеп күні болып есептеледі. Осы айтылған кезеңдерде жүогізілетін қаржылық процедураларды қарап өтелік.

І кезең:


- шартты бекіту;

- Есеп айырысу палатасында шартты тіркеу;

- шарт үшін кепілдік жарна төлец;

- шартты тіркегені үшін төлем.

ІІ кезең:

- ашық позицияны сақтау күні;

- айналым маржа бойынша есеп;

- егер Есеп айырысу палатасы маржаның ставкасын өзгертсе, онда алғашқы маржа бойынша есеп.

ІІІ кезең:


  • кері мәміле жасау жолымен шартты жабу күні немесе шартты орындау күні;

  • жабылған позиция бойынша пайданы есептеу;

  • кері мәмілені тіркегені үшін төлем;

  • есеп айырысу палатасының палата мүшесіне (клиентке) төлейтін немесе Есеп айырысу палатасы мүшесінің палатаға төлейтін ақша сомасын есептеу;

  • фьючерстік шарттың негізі болған биржалық активті беру;

Осы атап өткен кезеңдерден Есеп айырысу палатасының қызметі құралады. Олар:

  • алғашқы маржаны есептеу;

  • жабылған позициялар бойынша ұтыс және ұтылыс сомасын анықтау;

  • ашық позицияларды есепке алып және айнымалы маржаны есептеу.

Алғашқы маржа деген Есеп айырысу палатасы мүшесінің өз шотыыан Есеп айырысу палатасы шотына әрбі ашық позиция үшін аударатын ақша сомасы.

Айнымалы маржа деген Есеп палатасы мүшесінің өз шотынан Есеп айырысу палатасы шотына фьючерстік шарттың бағасы ол үшін қолайсыз бағытта өзгеретін ашық позиция болған жағдайда аударатын ақша сомасы.


3.7. Биржада опциондармен сауда
Биржалық опцион деген биржалық активті сатып алуға намесе сатуға құқық беретін стандартты биржалық шарт. Басқаша оны еркін айналыстағы опциондық шарт деп атайды. Құқықты сатып алу үшін белгіленген датаға дейін орындалатын баға бойынша сыйақы деп аталатын белгілі бір сома төленеді.

Фьючерстік шарттарда қолданылған терминологияның опциондармен операциядағы мағынасын қарастыралық. Опционды «сатып алу» деген сатып алушының шартымен келісуді, ал опионды «сату» деген сатушының шартымен келісуді білдіреді.

Іс тәжірибеде опциондық шартты кез-келген нарықтық активтермен және фьючерстік шартпен жасауға болады. Биржалық опциондар фьючерстік шартпен саудада жасалған ережелер мен механизмдердің негізінде биржаларда еркін сатылады және сатып алынады.

Әдетте биржалық практикада опционның екі түрі – сатып алу және сату қолданылады.

Бірінші жағдайда сатып алушы биржалық активті сасып алу міндеттемесін емес, опционды сату құқығын алады. Ал екінші жағдайда сатып алушы сол активті сату міндеттемесін емес, опционды сату құқығын алады. Опционды сатып алушы – оны ұстаушы намесе иемденуші деп те аталуы мүмкін, ал опционды сатушыны оған жазылушы немесе оны «жазып алдырушы» деп атайды. Опциондық шартты ұстаушы жақтардың құқығы мен міндеттемелерін 3.4. Суретпен өрнектеуге болады.

3.4. Сурет Опциондармен сауда
Орындау мерзімі бойынша опцион екі типке бөлінеді. Біріншісі, американдық – ол опцион мерзімі біткенше кез-келген кезде орындалуы мүмкін опцион. Екіншісі, еуропалық –ол тек опцион мерзімі бітетін датада орындалуы қажет опцион.

Опционның негізі болатын биржалық активтер түрі бойынша опциондар төртке бөлінеді:



  • тауарлы, оның негізі – кез-келген тауар;

  • валюталық, олардың негізі – шетел ақша бірліктері;

  • қор опциондары, олардың негізі – акция, облигация, индекстер;

  • фьючерстік немесе фьючерстік немесе фьючерстік шарттарды сатып алу-сату опциондары.

Фьючерстік шарттың бағасының негізі-биржалық активтің бағасы, ал опционның бағасы – оны орындау құқығын алғанф үшін сатып алушының төлейтін сыйақысы. Егер опцион тиімді болса оны орындайды, ал егер зиян келтірсе оны орындаудан бас тартады. Міне бұл бағасы бойынша фьючерстік шарт пен опционның бір-бірінен айырмашалығы.

Опциондық стратегияның негізгі топтарының сипаттамасы. Стратегия – бір істі жүргізу өнері. Опционның түріне, бағасына және оны орындау датасына байланысты опциондық стратегияның саны да өте көптеп саналады.

Оның негізгі тптарын қарастырып өтелік:


  • жай стратегия – ол біркелкі опционды позицияны ашу, яғни колл, пут опционын жай сатып алу немесе сату;

  • спрэд – ол бір опцион түріне және де сол активке бір уақытта екі қарама-қарсы позиция ашу. Басқаша айтқанда, ол бір және сол активке колл немесе пут опционын бір уақытта сатып алу және сату;

  • Құрастырылған стратегия – ол опционның әр түріне бір уақытта екі бірдей позиция ашу. Басқаша айтқанда, ол колл опционы мен пут опционын бір уақытта сатып алу;

  • синтетикалық стратегия – ол: біріншіден, опционның әр түріне бір уақытта қарама-қарсы позиция ашу; екіншіден, активке физикалық нарықта және сол активке опциондық нарықта бір уақытта позиция ашу. Бұл стратегия өзінің мәні жөнінен жай опциондық стратегияға сай келеді.

Аталған стратегия топтарының көптеген түрлері бар. Мысалы, жай стратегияның төрт түрі, «спрэд» - үш, құрастырылған стратегияның – екі және синтетикалықтың – екі түрі болады.

Биржалық опциондарға баға белгілеу. Опционның құнын айқындаушы факторлар фьючерстік шарттың құнына әсер етуші факторлардан өзгеше болады. Себебі опциондарға баға белгілеу механизмі опционның негізі болған активке баға белгілеу механизміне сай келмейді.

Опционның бағасына әсер ететін факторлар мыналар:


  • физикалық нарықтағы активтің бағасы;

  • опционды орындау бағасы;

  • опционның әрекет мерзімі;

  • проценттік ставка;

  • опционның негізі болған актив бағасының өзгермелілігі.

Опциондық физикалық нарық деген кез-келген сатып алу-сату нарығы, мысалы, бағалы қағаздар нарығы. Сондай-ақ, егер опционның негізі фьючерстік шарт болса, онда фьючерстік нарықта опциондық физикалық нарық болуы мүмкін.

Опционның құны екі бөліктен құрылады: ішкі құны және уақытша құны. Ішкі құны бар опцион «ақшалы» деп, ал онысы болмаса «ақшасыз» опцион деп аталады. Опционның ішкі құны ол, егер мәміле дәл бүгін аяқталатын жағдайда опцион үшін түсетін сома. Ішкі құны активтің нарықтық бағас мен орындалу бағасның ара қатынасымен анықталады.

«Колл» опционының ішкі құны – ол активтің бағасы опционның орындалу бағасынан артық болатын шама.

Оның формуласы:


«Пут» опционының ішкі құны –ол опционның орындалу бағасының активтің бағасынан артық болатын шама.



Опционды сатып алушы «ақшасыз» опционды алуға ұмтылады. Себебі бұл жағдайда ол активтің тиімді бағасын пайдалана алады. Сонда, оның ішкі құны нольден кем болмайды

Опционның уақытша құны – ол опционның бағасымен оның ішкі құнының айырмасы. Опционның әрекет мерзімі ұзақ болса опционның уақытша құны да көп болады. Себебі уақыты ұзарған сайын қауіп те өсе түседі.



Қорыта айтқанда, американдық типті опциондар үшін ықтимал сипаттағы опцион бағасына әсері бар бес фактор туралы сөз етілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет