БҰҚар жырау қАЛҚаманұлының 345 жылдығына арналған «КӨріпкел ақЫН» атты портретті кеш 1 Жүргізуші



Дата24.02.2016
өлшемі61.32 Kb.
#18078
БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫНЫҢ 345 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «КӨРІПКЕЛ АҚЫН» АТТЫ ПОРТРЕТТІ КЕШ
1 Жүргізуші: Бұқар жырау Қалқаманұы 1668 жылы туылып, 1781 жылы қайтыс болған. Қааақтың ұлы жырауы, XVIII ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылайханның ақылшысы. Шыққан тегі – Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Абылай хан бір жаққа жорыққа аттанарда одан айдың, күннің сәтін сұрайтын, көрген түсін жорытатын болған.

Бұхар жырау - XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақын.

Бұхар жырау Арғынның бір бұтағы саналатын Қаржас, оның ішінде Алтын торы Қалқаманұлы. Әкесі Қалқаман батыр атанған деседі. Бұхар Баянауылда туып, сол жерде қайтыс болған. Моласы Далба тауының ішінде көрінеді.

2 Жүргізуші: Бұхар жөніндегі нақтылы тарихи дерек - XVIII ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Абылайдың кезінде өмір сүруі. Бір сөзінде Абылайды 11 жасынан бері білемін дегенді айтады. Абылай 1710 жылы туып, 1781 жылы өлген. Ал Абылай өлгенде Бұхар жырау тірі. Өйткені оның өлер алдында Абылайға көңіл сұрап келіп айтқан сөзі күні бүгінге шейін сақталған. Бұхардың көп жасаған адам екендігін бірнеше өлеңдері дәлелдейді. Абылайдың дәуірлеп тұрған кезінде айтқан бір сөзінде:

Күнде мендей жырлайтын,

Тоқсан үште қария

Енді сағын табылмас, -

десе, екінші өзі туралы айтқан бір сөзінде:

«Тоқсан бес» деген - тор екен,

Дүйім жанның қоры екен.

Қарғиын десең, екі жағы ор екен.

Найза бойы жар екен.

Түбі жоқ терең көл екен.

Ел қонбайтын шөл екен.

Келмейтұғын неме екен, - дейді.



1 Жүргізуші: Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады.

2 Жүргізуші: Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады.

Біз әдебиет тарихы бөліміне жасаған жалпы кіріспемізде, шығармалары өз атын сақтаған бірінші ақын Бұхар жырау дедік.

Сондықтан да ол тарихи әдебиеттің басы саналады.

Бұхардың бізге жеткен өлеңдері: «Ай, Абылай, Абылай», «Керей, қайда барасың?», « Айналасын жер тұтқан», « Бірінші тілек тілеңіз», «Жал құйрығын қаба деп», «Сен он бір жасыңда», «Қалданменен ұрысып», «Кәрілік туралы».

Бұл өлеңдердің бәрі де жазба түрде емес, ауызша сақталған. Бұхар өлеңдерінің саны аз, көбінің көлемі шағын болса да, әдебиет тарихын зерттеушілер үшін керекті жақтары көп. Өйткені оның бір алуан өлеңдері өз кезіндегі әлеуметтік мәселелерге арналады, кейбір өлеңдері тарихи жағдайлармен байланысты шығарылған.

1 Жүргізуші: Сонымен қатар тыңдаушы, оқушыларына ой түсірерлік сөздерінің дидактикалық жағы да сол кездің әдебиетін зерттеушілер үшін аса қажет.

Бұхар тек ақын ғана емес, әрі жырау және өз кезеңінің қабырғалы биінің бірі. Ол көп уақыт сарай маңында болып, ел басқару ісіне де тікелей қатысқан. Сондықтан ол өмір құбылысын да, әр алуан әлеуметтік мәселелерді де феодалдық таптың көзқарасынша түсініп, сол тұрғыдан бағалайды.

Орыс патшалығымен соғыспақшы болған Абылайға және оны жақтаушыларға Бұхар жырау қарсы болады. Соғыс ел тыныштығын бұзатын әрекет, хан мен оның шашпауын көтерушілерінің тасқандығынан туған желіктің нәтижесі деп біледі де, ханның да, батырдың да жер-жебіріне жетеді.

Ай, Абылай, Абылай!

Сені мен көргенде,

Тұрымтайдай ұл едің...

Сен қай жерде жүріп жетілдің?

Үйсін Төле бидің

Түйесін баққан құл едің

2 Жүргізуші: ...Сен, Қанжығалы Бөгенбай

Қамалды бұзып қақ жарған

Қайда батыр ер едің?

Батырдан жолды игі деп

Жортып қана жүр едің.

Жұрт ауызына ілінген

Тоқымы кеппес ұры едің.

Қабанбайдан бұрын найзаңды.

Жауға қашан тіредің

Өтіңменен жарылма!

Өкпеңменен қабынба!

Орыспенен соғысып,

Басына моншақ көтерген,

Жұртыңа жаулық сағынба! - дейді.

Ел аңызында Бұхардың сөзінен кейін Абылай жорыққа аттанбай, қолын тартқан деседі. Абылай туралы жазылған тарихи зерттеулерде оның дипломат адам болғанына айрықша тоқталады. Жоғарғы сөзге қарағанда, Абылайдың тыныштықты көздеген саясаттарының бір тамыры Бұхарда жатқанға ұқсайды.

1 Жүргізуші: 1729-1731 жылдары жеңіліс тапқан жоңғарлар 1741 жылы қазақ еліне шабуылын қайта бастап, тағы соғыс ашады. Бұл соғыста қалмақтар қазақты ығыстырып, тағы да көп жерлерін жаулап алады. Абылай екі жүз кісімен қалмақтарға қолға түседі. Әбілмәмбет әскерімен Орскіге шегініп, Орскінің губернаторы Урусовқа паналайды.

Урусов мұны өз билігімен емес, Петербордағы патша үкіметінің рұқсаты бойынша істейді. Патша үкіметінің Әбілмәмбетке көмекке келуінің негізгі себебі, осы уақиғадан бір жыл бұрын, 1740 жылы Әбілмәмбет пен Абылайдың патша үкіметіне бағынамыз деп, Орскінің генерал-лейтенант Урусовке уәде беріп, сөз байласулары болады.



2 Жүргізуші: Бұл келісімнің 1741 жылғы қалмақтармен соғыс кезінде Әбілмәмбеттерге көп пайдасы тиеді. Патша үкіметі қазақ хандығына әскери көмек бермесе де, дипломатиялық көмегін аяған жоқ. Біріншіден, қысылып, көп қолмен барған Әбілмәмбетті Орскіге паналатса, екіншіден, Галдан-Цереннің (Қалдан-Церен) қолына тұтқындыққа түскен Абылайдың босануына көмектесті.

Бұхар айтқан «Орыспенен соғыспай» тату тұру сол кездің өзінде-ақ қазақ елі үшін зор пайданың бір көрінісі тәрізді болатын.

Ел мен ханның арасында қандай қарым-қатыс болуы керек, бұл мәселе жөнінде де жырау өз пікірін ашық айтқан:

«Ханның жақсы болмағы,

Қарашаның елдігі.

Қараша халқы сыйласа,

Алтыннан соққан белдігі», -

дейді.


1 Жүргізуші: Хан, би, сұлтандар өздерін халықтың үстінен қараушы, ел тағдырын шешушіміз деп, қаншама көкірегін көтерсе де, өздерін басқалардан жоғары санаса да, күш халықта екендігін Бұхар дұрыс ұғынып, ел билеушілерге басалқылық айтады.

Бұл жерде де ол өзінің таптық көзқарасына берік. Сөз мазмұны хандардың пайдасына арналады, яғни, қараша халықты қайткенде өздеріне қаратып, өз дегендерін істету мәселесін сөз етеді. Әйтсе де әлеумет өміріндегі талай тартыс, талай ситуацияны өз көзімен көріп, өз басынан кешірген қарт жырау бұл жерде де бір шындықтың бетін ашады: ол - күш халықта деген пікір. «Бәрін айт та бірін айт, халық қозғалса, тұра алмайды хан тағында» деген сөздің негізінде тарихи шындық жатқандығын аңғартады.



2 Жүргізуші: Бұхар жыраудың шығу тегі де, өмірге көзқарасы да сол кездегі үстемдік етуші феодалдық таптың тілегімен ұштасып жатады дедік. Бірақ бұл да жалаң нәрсе емес. Бір шығарманың өзінен де қайшылықтардың ұшқынын көруге болады. « Керей, қайда барасың» деген өлеңін алсақ, оны аңғару қиын емес.

Керей, қайда барасың,

Сырдың бойын көбелеп?!

Сен қашсаң да, мен қойман,

Арғымағым жебелеп...

Ақмырзаңды өлтірдім

Ақ сойылмен төбелеп.

Мен Арғын деген арыспын,

Азуы кере қарыспын.

Сен бұзау терісі - шөншіксің,

Мен өгіз терісі - талыспын.

Абылай алдында сен бітсең,

Құдандалы таныспын.

1 Жүргізуші: Абылай алдында сен бітпесең,

Атасын білмес алыспын...

Ауызыңнан ас кетер,

Қара көзден жас кетер,

Бұл қылығың қоймасаң,

Сонау кеудедегі

Дулығадай бас кетер...

Бұл жөнінде Бұхар кісісін өлтіртіп, қаралы болып, теңдік алуға күші келмей, қаша көшкен аз руға әрі ру атынан сөйлеп, бай ру, көп рудың өкілі ретінде тізе көрсетіп, әрі хан қасындағы қараша, ханға сөзі өтетін, дегенін істететін адам болып сөйлейді. Абылайды өзінің белі ғана емес және беделі етіп ұстайды; Керей ырқына көнсе көнді, көнбесе, күшпен де тоқтатуға құдіреті келетіндігін білдіреді. Сөйтіп, бұл өлеңінде жырау рубасы, ел тізгіні өз қолындағы үстем таптың өкілі, соның ұраншысы болып көрінеді.



2 Жүргізуші: Өйткені қалмақтың қазақ елін жаулап алмақ болып кезеніп тұрған кезінде, қазақтың тәуелсіздігін сақтау үшін бірлік ең керекті, ең негізгі мәселенің бірі болатын. Сондықтан өз іштеріндегі ру тартысының нәтижесінде Керейдің бөліне көшуі - жалпы ел қорғау тілегіне қайшы келетін, бірлікті, қалмаққа қарсы құрылған күшті әлсірететін еді. Міне, осы жағынан алып қарағанда, сол дәуірдің тілегіне сәйкес, бірлікке шақырушылық мәні болды.

1 Жүргізуші: 1723-1755 жылдардың ішіндегі қалмақтардың қазақ еліне жасаған қанды жорықтары болды. Көп соғыстардың нәтижесінде ел басына қиын күндер туды. Елдің ел болып қалу, қалмауы оның бірлігіне тірелді. Демек, бұл жағдайларда Бұхар сықылды әрі ойлы, әрі көпті көрген көне жыраудың бірлік мәселесін көтермеуі мүмкін емес еді. Шындығында да ол елдің бірлігі мәселесіне үлкен мән берді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет