Тәрбие тұғыры –имандылықта
Мақсаты: Ата-бабамыздың,ұлтымыздың әдет-ғұрпын,салт – дәстүрін, қасиетін бойына сіңірген, ұлттық намысы, ар-ожданы бар жастар тәрбиелеу.
Барысы:
1.Кіріспе сөз
2.Кездесуге келген қонақтармен таныстыру.
1-жүргізуші: Менің әлі күнге дейін есімде, кішкене кезімізде әр көктем сайын қарт аталарымыз ауылға ойын баласын тегіс жинайтын.Олар естияр жігіт-желеңді бас етіп бұлақтардың көзін ашуға жіберуші еді.Сол ата-әжелеріміз «Бұлақтың көзін ашу – Меккеге сапар шеккендей қасиетті сауабы үлкен деущі еді. Су бар жерде тіршілік бар,бұлақтың көзі ашылса су мол болады, су болса астық та,шөп те, гүл де жайқалып өсіп,адамдар мен жан-жануарлар тоқ болады, тоқ болса бір-біріне қастандық жасамай бейбіт жүреді. Бастаудың көзін ашсаңдар өмір тіршіліктің көзін ашқандарың» дейтін.
2-жүргізуші: Ия, рас айтасың біздің ата-әжелеріміз нағыз данышпан ғой,ата-бабаларымыз ұлағатын осы күнге дейін сақтаған. Ал қазір біздің көкейге түйетініміз қандай бұлақ жайлы деп ойлайсың?
1-жүргізуші: «Таза бұлақ» көрінісі
2-жүргізуші: Қазақ халқы табиғатқа табына жүріп талғам алыпты табиғатты өзінің өмірін сақтаушы кие тұтыпты, тіршілігінің мәні мен сәні ретінде ардақтапты.
1-жүргізуші: Ия, дәл солай әрбір халықтың дүние танымы сол халықтың өмір өзегінен, тұрмыс – тіршілігінен туындаған. Табиғаттың алып тұлғасын оның ғаламат күші мен керемет көркіне, жан-жануарлармен өсімдіктердің жаратылыс бітіміне таңданбау, қызықпау мүмкін бе? Табиғат анадан бізді бөліп әкеткен сол сенімсіздік дерті шығар, табиғаттың бермесін тартып аламыз, жерді де, көкті де бағындырамыз деп астамшылық жасап, өзімізге қажетті бұзып жарып алуға дағдыландық. Соның нәтижесінде табиғаттың тепе-теңдік заңдылықтары бұзылып адам мен жаратылыстың арасында көзге көрінбейтін, көзге көрінетін байланыстар әлсіреп, үзілуге шақ қалған.
Тозған жер, суалған көл,құрдымға кеткен бастаулар мен бұлақтар, арнасы кепкен өзендер, жұтаған өсімдік дүниесі мен аты қағазда қалған жан-жануарлар барлығы адамның қатыгездігінен немқұрайды пейілінен, құдіретке сенбеуінің салдарынан құрдымға кетіп барады.
2-жүргізуші: Біздің ата-бабаларымыздың неменеге сеніп, неге сыйынғанын содан келіп қалыптасқан ұлттық таным-наным, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың мән-мағынасына, астарына көбірек көңіл бөле қарасақ, халықтық тәрбиенің үлгілі өнегесін көрер едік. Енді солардың қалдырған аманатын тыңдайық. «Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары».
1-жүргізуші: Мінеки, желмаясынамініп жерұйық іздеген Асанқайғы бабамыздан бастап, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Абай сынды ұлылардың жазып кеткен дала заңы десек те болады.
2-жүргізуші: Рас айтасың еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге сенім бостандығы қайта оралғандай болды. Дінге жол ашылды. Бұрын атын айтуға қорқатын ата-бабаларымыздың аруағын қастерлеп еміе-еркін ас беріп, торқалы тойларын тойлап, рухымыз көтеріліп жатыр. Көзден бұлбұл ұшқан ата-дәстүрімізді жаңғыртар иманды ұрпақ өсіп келеді. Ұлы Абай айтпақшы: «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, болмас буын керек» дейді. Олай болса адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруды дәріптейтін имандылық қасиеттері жайлы тыңдайық.
Кісілік – ұжымына адамгершілік ұғымымен астарлас келетін моральдық атаулардың бірегейі- кісілік ұғымы. Кісілік - өмір барысында біртіндеп қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әрекеттер мен мінез-құлқының азаматтық ар-ұжданы. Халқымыз:
« Адам болар баланың кісіменен ісі бар,
Адам болмаса баланың кісіменен несі бар »,- деп тәрбиелі адамның үлгі-өнегесін жоғары бағалап, жастарға «жарлы болсаң да арлы бол » деп талап қойған. Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, оған сәлем беру, төрден орын беріп құрметтеу, көңіліне қарау кісіліктің нағыз белгісі.
Отансүйгіштік - әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді ой түйіндерін арнаған. Мәселен, М.Әуезов: «Отан анам, Отаным сенен аяр жаным жоқ,сенен іскер күшім жоқ » десе, В.А Сухомлинский: « Отан - өз бесігің,өз үйің, өз бесігіңді ұмыта көрме » дейді. «Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүіспеншілік туғызған » дейді Ж.Ж. Руссо.
Мақсаткерлік – бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстанған бағыт-бағдарына танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара» депті орыс жазушысы И.С.Тургенев. «Адамдарды алдына қойған мақсатымен бағалау» деген белгілі саяхатшы Миклухо-Маклай. Мақсаткер адам ылғи да жалындап жанады, бықсу дегенді білмейді, ол жеңілмеу үшін күреседі.
Ақылдылық – бұл жан-жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам. «Ақылды адамға екі дүниеде жол ашық » деген Ж.Баласағұн. Қазақ мақал-мәтелдерінде де «Ақылдан кісі озбайды», «Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді», «Ақылды айттырмай біледі» деп ерекше мән берген.
Борыш пен жауапкершілік – бұл адамның әке-шеше, үй-іші, тума- туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет.
Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып түсіну, сондай-ақ, осы арадағы өз парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру жатады. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады.
Ар-ұят – халқымыз «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп арды жаннан да қымбат есептейді.
Ұят – адамгершілікті сақтай білудің, имандылықтың жотасы. Ұят нышандары сәбилік шақтан қалыптаса бастайды. Бұл жан толғаныстар арқылы бет-бейнеден, инабатты іс-әрекеттерден байқалады. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деп халық ұятсыздықтың негізі қанағатсыздық, ұрлық, мақтаншақтық, өтірік айту, адамгершілік қалыпты бұзу деп есептейді.
Мейірімділік пен ізгілік – егіз қозыдай осы екі қасиет басқаларға (әке-шеше, ағайын-туыс, танысқа көңіл бөлу ) олардың сеніміне ие болуды айналадағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау,адамға эмоциялық жағынан тиімді, кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды.
« Мейірімділік, - деп жазды К.Бови, - мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл ». Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылық пен қара, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірмандық білдірген жанашырлық пен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі. Халқымыздың сан ғасырлар тарихында бүкіл өмірін халық бақыты үшін сарп еткен біртуар перзенттер аз болмаған. Әл- Фараби, Асанқайғы, Сырым батыр, Махамбет, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердіұлы, т.б.
Адалдық пен шыншылдық – адал адам шынайы да, шыншыл адам. Адалдық сөздің таным мен сенімге ұштасуы,оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Адал да шыншыл, әділетті болу- еңбекпен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілікке тиянақты болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жерде әділет, кішіпейілділік, қайырымдылық пен қарапайымдылық та еріп жүреді, бұлар кісінің ат пен абыройына дақ түсірмейді.
Достық – адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне көмектеседі.Оның маңызды белгісі – берік әрі терең эмоциялық жақындық. Ол- адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде деадал және шынайы болу, өзара терең мүдделік, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара терең мүдделік,бір-біріне терең сенім,қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру,өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр салақ адамдар бір-бірімен дос болып көгермейді.
Достыққа байланысты Шал ақын «Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас» деп бейнелейді. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де еш құдірет те кірлете алмайды. Достыққа кішкене сызат түсті дегенше, құдай ұрды дей бер. Егер шын дос табылса мал-басыңды соның жолында құрбан ет. «Досыңның кішкене сыйын көптей көр, досыңа қанша көп берсең де аздай көр» дейді сөз зергері Мәшһүр Жүсіп Көбеев.
1-жүргізуші: Әр заманды жасаушылар өз тұсындағы адамдардан гөрі мұраттары асыл,имандылығы биік, ақылды, көпке үлгі өнеге боларлық, жаны пәк, ажар-көркі көз суарардайәрліні өткен замандардан іздеген.
2-жүргізуші: Соның бір мысалы халқымыздың ұлы ақыны Абайдың ұлы Әбдірахманға берген адамгершілік қасиеттері туралы өлеңін тыңдайық.
«Орынсызды айтпаған» өлеңі оқылады.
Енді адамның кейбір мінездері жайлы ақынымыз Ж.Қалжанованың өлеңдерін оқушылар орындауында тыңдасақ.
1-оқушы:
Өмірге кісі қонақ келіп кетер,
Мақсатқа біреу жетпес, біреу жетер.
Кейбіреу ұрпақ үшін қызмет етсе,
Кейбіреу шегірткеше ән сап өтер.
Өмірді неше түрлі мінезімен
Адамдар өз тұсында жүріп өткен.
«Бақ» пен «бақыт» арасын ажыратпай,
Кейбіреу босқа өмір сүріп кеткен.
Тыныштық күндерінде бейбіт заман,
Көре алмаулық, күндестік нәрсе жаман.
Арамдықпен ағайын қарғыс айтса,
Оқ бар ма, жан жаралар артық сонан…
2-оқушы: … «Жаман айтпай жақсы жоқ » дейді қазақ,
Көрсе де жамандықтан талай азап.
«Жақсылық» пен «жамандық» жолда жүрген,
Көптен мысал айтайын мен де аздап…
Сан түрлі мінездер бар балапаным,
Мен дағы жақсыларын ұнатамын.
Қолдағы бес саусақтың тең емесін,
Мысал ғып өзімді-өзім жұбатамын.
Жақсыға жаның әуес болса балам,
Есіңе ақиқаттың жолын салам.
Көкірек көзіңді ашар иманың мен
Пейілің, әділ сөзің, сезім, санаң.
Достарыңызбен бөлісу: |