2.2.15.Дәріс тақырыбы. Қоршаған ортаға қара металлургия әсерінің ландшафтық индикациясы.
Дәріс тезистері.
Қара металлургияға темір және оның қорытпаларын өндіретін өндірістер жатады. Бұл өнеркәсіп бес саладан тұрады: тау-кен, металлургия, ферросплав, отқа төзімді және металл сынықтарын өндейтін өндіріс.
Қара металлургия өндірісі атмосфералық ауаны, жер беті мен жер асты суларын, топырақты көптеген зиянды улы заттармен ластап отырады. Барлық өнеркәсіп өндірістерінің арасында қоршаған табиғи ортаны ластауда екінші орында келеді.Негізгі ластаушы компоненттер көміртек оксиді, қатты заттар, күкірт оксиді, азот оксиді, көмірсутектер.
Барлық металлургиялық процестерде қоршаған ортаға шаң , көміртек пен күкірт оксидтері, домналық балқыту кезінде күкіртті сутегі, азот оксидтері, илек (прокат) шығаратын жерде улы ерітінділердің аэрозолдары, эмульсия булары бөлініп отырады. Минералдық заттармен қатар органикалық улы қосылыстармен де, мысалы, ароматты көмірсутектерімен, фенолмен, бензапиренмен, пиридин негіздерімен ластанады.
Қара металургия өндірістерінен шыққан ақаба суларда қалқыған қатты бөлшектер, май, сульфаттар, хлоридтер, темірдің қосылыстары, ауыр металдар және т.б. ластаушы компоненттер болады. Ірі металлургиялық орталықтардан атмосфереға және ақаба сулармен қоршаған ортаға тасталатын заттардың мөлшері қалыпты мөлшерден бірнеше артып жатады. Металлургия өндірістерінің өздері және олардың қалдықтары көптеген құнарлы жерлерді иеленеді.
Ғалымдардың есебі бойынша адамзат пайда болғаннан бері 20 млрд. тоннадай темір балқытылған екен. Оның 6 млрд. тоннасы қазір әртүрлі машина, аспап, құрылыс материалдары және басқа да обьектілер құрамында көрінеді, ал қалған 14 млрд. тоннасы қоршаған ортаға ыдыраған.
Негізгі әдебиеттер
1.Смирнов Н.Н. Биологические методы оценки природной среды. М.: Наука.-1978.-278 с.
2. Стадницкий Г.В., Родионов А.И. Экология.- Санкт-Петербург,1996,-24 с.
3. Биоиндикация загрязнений наземных экосистем / Под ред. Шуберта Р. М., 1998.-35 с.
4. Общая токсикология / Под ред.Курляндского Б.А., Филатова В.А. М.,2002.-6080с.
5. Основы промышленной токсикологии / Под ред. Толоконцева Н.А. М., 1976.-304 с.
Қосымша әдебиеттер
1.Ковда В.А. Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организации. В кн.: Региональный экологический мониторинг. М., 1983,- 115 с.
2. Одум Ю. Экология Т.1.- М., 1986.- 328 с.
3. Ақбасова А, Саинова Г. Экология.Алматы, 2003 ж.-290 б.
4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.- Алматы: Ғылым,1997.-192 б
Достарыңызбен бөлісу: |