Бұлт Аспанда қалқыған тұман тәрізді қою су буы; атмосферада қалқыған қоюланған су буының және өте ұсақ мұз кристалының жиынтық жүйесі. Бұлт тұман сияқты, бірақ ол жердің бетінде емес, өте биікте пайда болады



Дата02.01.2022
өлшемі12.58 Kb.
#453713
Бұлттар


Бұлт – Аспанда қалқыған тұман тәрізді қою су буы; атмосферада қалқыған қоюланған су буының және өте ұсақ мұз кристалының жиынтық жүйесі. Бұлт – тұман сияқты, бірақ ол жердің бетінде емес, өте биікте пайда болады. Бұлттар әр уақытта көшіп жүреді – оларды жел айдап отырады. Судың ұсақ тамшылары қосылып, қара бұлт пайда болады. Ақ бұлт // Ақша бұлт – ашық күндері аспанда болатын будақ-будақ ақ бұлт. Ала бұлт – айнымалы, арты нөсерге әкелетін бұлт. Бұлт ала – жер шала – бұлт тұтас, қалың болмағандықтан жауған жаңбыр да жер бетіне тегіс жаумайды; осыдан шығатын шөп, егістік, көкөніс барлық жерде бірдей емес, ала-құла болады дегенді аңғартады. Будақ бұлт – шумақ-шумақ бұлт. Желең бұлт – түтілген шудадай жеңіл бұлт. Қазбауыр бұлт – ондаған шақырым биіктікте ұсақ мұз түйіршіктерінен пайда болған бұлт. Кілегей бұлт – жұқа, сирек бұлт. Маса бұлты – желсіз, тымырсық түнгі бұлт. Өркеш бұлт – түйе өркештенген ақша бұлттар тізбегі. Сетінеуік бұлт – іргесі сөгіліп, ыдыраған бұлт. Ақша бұлт – жаңбырсыз бұлт.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет