Барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері – халықты мемлекеттік басқару процесіне тартудың тиімді тәсілдерінің бірі



Дата23.02.2016
өлшемі31 Kb.
#10469
Барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері – халықты мемлекеттік басқару процесіне тартудың тиімді тәсілдерінің бірі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес жетінші жыл барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есептік кездесулері өтуде.

Есептік кездесулер барысында елімізде өткізіліп жатқан реформалардың жүзеге асырылуы, ағымдық жылғы ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы және әрі қарай дамудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы хабардар етіледі.

Тұрғындармен есепік кездесулер облысымыздың барлық селолық округтерінде өткізіледі. Оның барысында халыққа өзінің өзекті мәселелерін, өз ұсыныстары мен ескертулерін білдіруге мүмкіндік беріледі. Қойылған сұрақтарға азаматтарға түсініктемелер ұсынылады. Барлық сұрақтар кездесу барысында арнайы хаттамаларға енгізіліп, қосымша талдау, қаржыны қажет ететін өзекті мәселелер бақылауға қойылады. Бұл кездесулерге БАҚ, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысады.

Есептік кездесулердің өткізу орындары мен уақыты жөнінде халықты хабардар ету мақсатымен баспасөз бен электрондық БАҚ–та кездесулердің кестесі және де әкімдердің есептері жарық көрді. Өзекті мәселелерді толығымен қамту үшін есептік кездесулерге дейін тұрғындардың ұсыныстары, ескертулері мен өтініштері үшін арнайы жәшіктер үшін орындар белгіленіп, қойылған орындары туралы ақпарат та бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Кездесулер барысында түскен ескертулер мен ұсыныстар әкімдердің есептерінде жекелеген бөліммен хабардар етіледі.

Есептік кездесулер қорытындылары бойынша азаматтармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспары дайындалып, олар да электрондық және ақпараттық құралдарында жарияланатын болады.

Есептік кездесулер екі кезеңмен өткізіледі, бірінші кезеңі – селолық округтің барлық елді мекендерінде село, ауыл әкімдері есеп берсе, екінші кезеңінде селолық округ және қаланың ықшам аудандарында аудан әкімдері, Петропавл қаласының әкімдері есеп береді.

Ағымдағы жылы селолық округтері әкімдерінің есептері 10 қаңтарда басталып, 21 қаңтарда аяқталды, 21 қаңтар - 9 ақпан аралығында аудан әкімдері мен Петропавл қаласының әкімдерінің есептері өтетін болады.

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан селолық округтері әкімдерінің жоспарланған 695 есептік кездесулерінен өткізілгені - 634 кездесу, оларға қатысқаны 60 мыңнан астам адам, бір жарым мың адамнан артығы сөйлей алды, олардың барысында 1200 ұсыныстар мен ескертулер енгізілді. Облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің 920 есептік кездесулерін өткізу жоспарлануда.

Жоғарыда айтылғандарға қоса 2010 жылдың қаңтар-ақпан айларында әкімдермен өткізілген есептік кездесулер туралы атап өту қажет. Облыс бойынша барлық дейгейдегі әкімдердің 931 есептік кездесулері өткізілді, олардың барысында 1452 ұсыныс пен ескертулер бақылауға алынды. Түскен ескертулерден 1394 ұсыныс немесе 96 % өзінің шешімін таба білді. 2010 жылы объективті жағдайларға байланысты өз шешімін таба алмаған мәселелер ағымдағы, яғни 2011 жылы шешілетін болады.

Есептік кездесулер барысында туындалған әр сұрақ, сонымен қатар оның орындалуы жеке бақылауда қалып отыр.



Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы

Б.С. Жұмабеков

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет