ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ
№ 4 Б А С П А С Ө З Р Е Л И З І
2013 жылғы 8 ақпан
Қаржы нарығындағы ахуал туралы
-
Инфляция
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2013 жылғы қаңтарда инфляция 0,9% (2012 жылғы қаңтарда – 0,3%) деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,5% (0,5%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,2% (0,3%-ға), ақылы қызмет көрсету 2,2% (0,1%-ға) өсті.
Азық-түлік тауарлары нарығында 2013 жылғы қаңтарда көп дәрежеде жемістер мен көкөністер 2,6%-ға, оның ішінде ақ орамжапырақ 4,9%-ға, сәбіз 4,3%-ға, қызылша 4,2%-ға қымбаттады. Макарон және темекі өнімдері 0,8%-ға, ұн 0,5%-ға қымбаттады. Сонымен қатар жарма бағасы 0,6%-ға, қант 0,2%-ға төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында дәрі-дәрмек 0,4%-ға, күнделікті үй заттары 0,3%-ға, киім мен аяқ киім 0,2%-ға көтерілді. Дизель отыны 0,2%-ға, бензин 0,1%-ға арзандады.
Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметтер ақысы 2,7%-ға өсті. Бұл ретте салқын су тарифі 11,7%-ға, электр энергиясы 5,0%-ға, орталықтан жылыту 2,5%-ға, кәріз және ыстық су - әрқайсысы 2,3%-ға өсті. Өткен айда құқықтық қызметтер 7,2%-ға, көлік қызметтері 3,2%-ға (темір жол көлігі 10,0%-ға), амбулаторлық қызметтер 1,1%-ға көтерілді.
1-график
2012 және 2013 жылдардың қаңтарындағы инфляция және оның құрамдас бөліктері
2013 жылғы қаңтарда инфляция жылдық көрсетуде 6,6%-ды (2012 жылғы желтоқсанда – 6,0%) құрады. Азық-түлік тауарлары 5,3%-ға (5,3%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,4%-ға (3,5%-ға), ақылы қызметтер 11,6%-ға (9,3%-ға) қымбаттады.
-
2012 жылғы төлем балансы (алдын ала қорытындылар)
Ағымдағы операциялар шотының профициті 2012 жылдың қорытындысы бойынша 2011 жылмен салыстырғанда 35,5%-ға төмендеп, 8,8 млрд. АҚШ долл. құрады.
Сауда балансының профициті 5,8%-ға төмендеп, 45,2 млрд. АҚШ долл. (2011 жылы 47,9 млрд. АҚШ долл.) құрады. Кірістермен операциялар бойынша ресурстардың нетто-әкетілуі (жалақыны және инвестициялық кірістердің балансын қоса алғанда) 2011 жылғы деңгейде қалыптасып, 27,6 млрд. АҚШ долл. құрады.
Ағымдағы шоттың басқа құрамдас бөліктері бойынша қызметтер мен трансферттердің теріс дисбаланстары тиісінше 7,7 млрд. АҚШ долл. және 1,1 млрд. АҚШ долл. құрады.
Капиталмен және қаржымен жүргізілетін операциялар шотының теріс балансы (қателер мен қалып қоюларды есептегенде) 11,5 млрд. АҚШ долл. құрады.
Шет елге тікелей инвестициялар бойынша нетто-әкету 1,4 млрд. АҚШ долл. құрады. Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) таза түсімі 2011 жылғы 13,7 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда 14,1 млрд. АҚШ долл. мөлшерінде қалыптасты. Нәтижесінде тікелей инвестициялау операциялары бойынша оң баланс 2011 жылғы 9,1 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда 2012 жылы 12,7 млрд. АҚШ долл. мөлшерінде қалыптасты.
Портфельдік инвестициялар бойынша 16,7 млрд. АҚШ долл. мөлшеріндегі нетто-әкету негізінен Ұлттық қордың шетелдік активтерінің 13,7 млрд. АҚШ долл. өсуімен, сондай-ақ қазақстандық банктердің борыштық міндеттемелерінің 2,4 млрд. АҚШ долл. төмендеуімен қамтамасыз етілді.
-
Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары
2013 жылғы қаңтарда Ұлттық Банктің жиынтық халықаралық резервтері 27,0 млрд. АҚШ долл. дейін 4,7%-ға төмендеді, Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 4,8% төмендеп, 26,4 млрд. АҚШ долл. құрады. Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 2013 жылғы қаңтарда 6,8%-ға төмендеді. Алтындағы активтер жүргізілген операциялар және әлемдік нарықтарда оның бағасының өсуі нәтижесінде 2,2%-ға өсті.
2013 жылғы қаңтарда елдің халықаралық резервтері жалпы алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 58,5 млрд. АҚШ долл.) 85,4 млрд. АҚШ долларына дейін 0,7%-ға азайды.
2012 жылғы желтоқсанда ақша базасы 5,0%-ға тарылып, 2746,2 млрд. теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 2669,5 млрд. теңгеге дейін 5,7%-ға тарылды.
2013 жылғы қаңтарда ақша массасы 10522,5 млрд. теңгеге дейін 0,5%-ға ұлғайды (жыл басынан бері 7,9% өсті). Айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1528,0 млрд. теңгеге дейін 10,7%-ға ұлғайды (жыл басынан бері 11,9% өсті), банк жүйесіндегі депозиттер 8994,5 млрд. теңгеге дейін 1,0%-ға азайды (жыл басынан бері 7,2% өсті). Депозиттердің көлемінің қысқаруымен салыстырғанда айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынының ұлғаюы депозиттердің ақша массасы құрылымындағы үлесінің 2012 жылғы қарашадағы 86,8%-дан 2012 жылғы желтоқсандағы 85,5%-ға дейін төмендеуіне себепші болды.
Ақша мультипликаторы 2012 жылғы желтоқсанда тіркелген ақша массасы өсу қарқынымен салыстырғанда ақша базасының басым кеңею қарқыны салдарынан 2012 жылғы қарашадағы 3,90-дан 2012 жылдың желтоқсанның қорытындылары бойынша 3,64-ке дейін азайды.
-
Валюта нарығы
2013 жылғы қаңтарда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 150,37–150,93 теңге аралығында өзгерді. Айдың соңында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 150,81 теңге болды.
2013 жылғы қаңтарда Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 22,4%-ға азайып, 3,3 млрд. АҚШ долл. болды. Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 52,9% төмендеп, 1,6 млрд. АҚШ долл. құрады.
Жалпы алғанда ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 36,1% төмендеп, 5,0 млрд. АҚШ долл. болды.
-
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
2013 жылғы қаңтарда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 6 аукцион өткізілді. Оларда12 айлық МЕККАМ (9,7 млрд. теңге), 3 жылдық МЕОКАМ (4,7 млрд. теңге), 5 жылдық МЕОКАМ (18 млрд. теңге), 10 жылдық МЕУКАМ (3,4 млрд. теңге), 15 жылдық МЕУКАМ (14,7 млрд. теңге), 12 жылдық МЕУЖКАМ (5,3 млрд. теңге) орналастырылды.
Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік: 12 айлық МЕККАМ бойынша 3,00%, 3 жылдық МЕОКАМ бойынша– 3,23%, 5 жылдық МЕОКАМ бойынша– 5,58%, 10 жылдық МЕУКАМ бойынша – 6,00%, 15 жылдық МЕУКАМ бойынша 6,60%, 12 жылдық МЕУЖКАМ бойынша – инфляция деңгейінен 0,01% құрады.
Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі өткен аймен салыстырғанда 1,5% ұлғая отырып, 2013 жылғы қаңтардың аяғында 2947,4 млрд. теңгені құрады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары.Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары эмиссиясының көлемі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,2 есе қысқарып, 2013 жылғы қаңтарда 11,5 млрд. теңге болды.
Бұл ретте 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион өтті (5,0 млрд. теңге және 6,5 млрд. теңге).
Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілік 1,05% құрады.
Айналыстағы ноттардың көлемі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 19,1% қысқарып, 2013 жылғы қаңтардың аяғында 150,7 млрд. теңгені құрады.
-
Банкаралық ақша нарығы
2012 жылғы желтоқсанда орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда 23,2%-ға ұлғайып, баламасы 1627,1 млрд. теңге болды.
Орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттердің көлемі 53,5%-ға азайды және 122,1 млрд. теңге (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 7,5%) болды. Бұл ретте орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы желтоқсанда 0,74%-дан 1,23%-ға дейін өсті.
Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2012 жылғы желтоқсанда 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда 107,6 млрд. теңгеге дейін 56,6%-ға азайды.
2012 жылғы желтоқсанда 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда орналастырылған доллардағы депозиттердің көлемі 44,4% ұлғайды және 9,6 млрд. АҚШ долл. (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 89,2%) болды. Орналастырылған доллардағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы желтоқсанда 0,18%-дан 0,13%-ға дейін төмендеді.
Еуродағы және рубльдегі депозиттерге орналастыру көлемі шамалы болып қалуда – орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінен тиісінше 0,3 және 3,0%.
Шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі 2012 жылғы желтоқсанда орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 80,1%-дан 92,5%-ға дейін ұлғайды. Орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемінен шетел валютасында резидент емес банктерде орналастырылған депозиттердің үлесі 77,8%-дан 92,1%-ға дейін ұлғайды.
-
Депозит нарығы
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2012 жылғы желтоқсанда 8994,5 млрд. теңгеге дейін 1,0%-ға төмендеді (2012 жылғы өсуі - 7,2%). Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 5622,7 млрд. теңгеге дейін 4,3%-ға төмендеді (2012 жылғы төмендеуі – 0,7%), жеке тұлғалардың депозиттері – 3371,8 млрд. теңгеге дейін 5,0%-ға көтерілді (2012 жылғы өсуі – 23,8%).
2012 жылғы желтоқсанда шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2683,0 млрд. теңгеге дейін 5,3%-ға азайды (2012 жылғы өсуі – 2,0%), ал ұлттық валютада 6311,5 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға көтерілді (2012 жылғы өсуі – 9,6%). Теңгемен депозиттердің үлес салмағы бір айда 68,8%-дан 70,2%-ға дейін ұлғайды.
Банктердегі халықтың салымдары (резидент еместерді қоса есептегенде) 2012 жылғы желтоқсанда 5,1%-ға 3409,5 млрд. теңгеге дейін өсті (2012 жылғы өсуі – 23,6%). Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттер 7,8%-ға 2072,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 1,1%-ға 1337,0 млрд. теңгеге дейін өсті. Халық салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 59,3%-дан 60,8%-ға дейін ұлғайды.
2012 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 3,6% (2012 жылғы қарашада -2,1%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,3% (8,3%) болды.
-
Кредит нарығы
2012 жылғы желтоқсанда банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 9958,0 млрд. теңгені құрап, 2,3%-ға ұлғайды (2012 жылы өсу 13,0%).
Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 7041,3 млрд. теңгеге дейін 3,4%-ға ұлғайды (2012 жылғы өсуі – 23,9%), шетел валютасында - 2916,7 млрд. теңгені құрап, 0,3%-ға төмендеді (2012 жыл үшін төмендеуі – 6,8%). Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы бір айда 70,0%-дан 70,7%-ға дейін өсті.
2012 жылғы желтоқсанда ұзақ мерзімді кредиттеу 8002,3 млрд. теңге болып, 2,0%-ға өсті (2012 жыл үшін өсуі - 12,4%), қысқа мерзімді кредиттеу 1955,7 млрд. теңгеге дейін 3,3%-ға (2012 жыл үшін өсуі - 15,4%) ұлғайды. Ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы бір айда 80,6%-дан 80,4%-ға дейін азайды.
2012 жылғы желтоқсанда заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7102,7 млрд. теңгеге дейін 2,4%-ға өсті (2012 жылы – өсу 9,9%), жеке тұлғаларға – 2855,3 млрд. теңгеге дейін 2,0%-ға (2012 жылы – өсу 21,7%) ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы қарашадағы 28,7% деңгейінде қалды.
2012 жылғы желтоқсанда шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 1412,0 млрд. теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды (2012 жылы – өсу 5,2%), бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 14,2%-ын құрайды.
Банктердің экономикаға берілген кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы салалық бөлуде сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 20,1%), құрылыс (14,0%), өнеркәсіп (12,0%), көлік (4,3%) және ауыл шаруашылығы (3,2%) сияқты салаларға тиесілі.
2012 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,3% (2012 жылғы қарашада – 10,7%), жеке тұлғаларға – 21,2% (21,4%) құрады.
-
Қаржы секторы сегменттерінің көрсеткіштері
Банк секторы
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк секторында 38 банк бар.
2012 жылы екінші деңгейдегі банктердің активтері 13,9 трлн. теңгеге дейін 8,2%-ға өсті (2012 жылғы желтоқсандағы өсім – 1,2%).
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктердің меншік капиталы 2012 жылы 53,3%-ға ұлғайып, 2 трлн. теңгеге жуық құрады (2012 жылғы желтоқсанда «БТА Банкі» АҚ қайта құрылымдауды жүргізу және оның меншікті капиталының ұлғаюы салдарынан 4,1 есе өсті).
Банк секторының несие портфелі 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2012 жылы 11,3%-ға ұлғайып (2012 жылғы желтоқсанда – 1,6% өсті), 11,7 трлн. теңгені құрады.
Сақтандыру секторы
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру секторында 35 сақтандыру ұйымы, оның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 7 сақтандыру ұйымы бар.
2012 жылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 14,2%-ға 442,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша 2012 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 159,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 9,7%-ға көп.
«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2012 жылы 72,0% ұлғайып, 52,4 млрд. теңгені құрады. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 2013 жылғы 1 қаңтарда 2012 жылғы 1 қаңтардағы 17,4%-ға қарсы 24,8%-ды құрады.
Зейнетақы жүйесі
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп тұрды, олардың саны 2012 жылы өзгерген жоқ.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 2012 жылы 3,5%-ға өсті және 8422,5 мың шотты құрады. 2012 жылы зейнетақы жинақтары 3,2 трлн. теңгені құрап, 20,1%-ға өсті (2012 жылғы желтоқсанда өсім – 2,1%).
Қорлардан сақтандыру ұйымдарына зейнетақы төлемдері мен аударымдары 2012 жылы 89,8 млрд. теңгеге немесе 38,5%-ға ұлғайып, 2013 жылғы 1 қаңтарда 323,0 млрд. теңгені құрады. Зейнетақы жарналары 2012 жылы 503,1 млрд. теңге (2012 жылғы желтоқсанда 48,7 млрд. теңге) болды.
2012 жылы жинақтаушы зейнетақы қорларының қалыпты инвестициялық портфель бойынша номиналды кірісінің орташа алынған коэффициенті 4,0%-ды, ал консервативтік портфель бойынша – 1,75%-ды құрады.
Тұтастай алғанда, 1998-2012 жылдар аралығындағы кезеңде қалыпты инвестициялық портфель бойынша кірістіліктің жинақталған деңгейі 366,15% (консервативтік портфель бойынша – 356,07%) болды, ал инфляцияның жинақталған мәні – 236,31%-ды құрады.
-
2012 жылғы 4-тоқсандағы экономиканың нақты секторының кәсіпорындары мониторингінің нәтижелері туралы
Экономиканың нақты секторындағы жағдайды 2012 жылғы 4-тоқсан бойынша бағалау мақсатында 2013 жылғы қаңтарда кәсіпорындарға кезекті мониторинг өткізілді. 2012 жылғы 3-тоқсан бойынша жүргізілген пікіртеріммен салыстырғанда ел экономикасының негізгі салаларын көрсететін мониторингке қатысушы-кәсіпорындардың саны 2491-ден 2511-ге дейін өсті, оның ішінде орта және ірі кәсіпорындардың саны 1505-ке ұлғайды.
Теңгенің АҚШ долларына, еуроға және ресейлік рубльге бағамы өзгеруінен шаруашылық қызметінде теріс әсерді байқаған кәсіпорындардың үлесі 2012 жылғы 4-тоқсанда елеулі түрде азайды (тиісінше 14,7%-ға, 11,2%-ға және 11,8%-ға дейін). Көптеген кәсіпорындар теңгенің бұл валюталарға бағамы өзгеруінен шаруашылық қызметтеріне болған әсерді байқамады (тиісінше 61,7%, 64,7% және 64,2%).
2012 жылдың 4-тоқсанында кредит алған кәсіпорындардың үлесі аздап өсті (2012 жылғы 3-тоқсанда 19,9%-дан 20,4%-ға дейін), сондай-ақ банктердің кредиттері бойынша берешегі бар кәсіпорындардың саны елеусіз түрде азайды (2012 жылғы 3-тоқсанда 38,3%-дан 37,6 %-ға дейін). 2013 жылғы 1-тоқсанда кредит алуға кәсіпорындардың 22,6%-ы ниет білдірді (2012 жылғы 4-тоқсанда – 22,1%).
Тұтастай алғанда, кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі іс жүзінде өзгерген жоқ: меншікті қаражаты есебінен негізгі құрал-жабдықтарды қаржыландырған кәсіпорындардың үлесі 2012 жылғы 3-тоқсандағы деңгейде қалды (61%), банктердің кредиттерін бұл мақсатта қолданатын кәсіпорындардың үлесі аздап өсті (2012 жылғы 3-тоқсанда 5,5%-дан 6,1%-ға дейін). Бұл ретте, теңгедегі кредиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлемелер 12,1%-ға дейін және шетел валютасындағы - 9,9%-ға дейін төмендегені байқалады.
Жалпы алғанда, экономиканың нақты секторы бойынша сұраныстың өсу қарқындарының төмендеуі байқалып отыр. Сұраныстың төмендеуін кәсіпорындардың 20,9% (2012 жылғы 3-тоқсанда – 15,1%), ұлғаюын респонденттердің 24,7% (2012 жылғы 3-тоқсанда – 28,7%) атап өтті. Сұраныстың өсу қарқынының біршама бәсеңдеуі ауыл шаруашылығында, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптерде, ал сұраныстың төмендеуі негізінен «көлік және байланыс» және «құрылыс» салаларында орын алды. 2013 жылғы 1-тоқсанда жалпы алғанда, сұраныстың өсу қарқынының бәсеңдеу үрдісі жалғасады деп күтіледі.
Кәсіпорындардың дайын өніміне бағаның өсу қарқының баяулауы байқалды. Осы үрдіс бағалардың өсу қарқынының ұлғаюы байқалған «қонақүйлер мен мейрамханаларды», «жылжымайтын мүлікпен байланысты операцияларды, жалға беруді және кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтерді» қоспағанда, барлық салаларды қамтыды.
2013 жылғы 1-тоқсанда жалпы экономиканың нақты секторы бойынша, сондай-ақ өндірушілердің тұтынушылық өнімдер мен қызметтерді іріктеуі бойынша қалыпты баға өсуінің жалғасуы күтіліп отыр.
2012 жылғы 4-тоқсанда шикізат пен материалдарға бағаның өсу қарқыны төмендеді. Жалпы алғанда, іріктеу бойынша шикізат пен материалдарға бағаның өсуін байқаған кәсіпорындардың үлесі 48,6%-ды құрады және кәсіпорындардың 3,2% бағалардың төмендегенін, ал қалғандары бағалардың өзгермегенін атап өтті. 2013 жылғы 1-тоқсанда бағалар өсуінің бәсеңдеуі күтілуде. Шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны орташа алғанда нақты сектор бойынша 2011 жылғы 2-тоқсаннан бастап бәсеңдегенін атап өткен жөн.
Нақты сектордың қаржылық жағдайы, жалпы алғанда, 2012 жылғы 4-тоқсанда іс жүзінде өзгерген жоқ: рентабельділігі төмен және шығынды кәсіпорындардың үлесі өткен тоқсанның деңгейінде (2012 жылғы 4-тоқсанда 22,5%), рентабельділігі орташа және жоғары кәсіпорындардың үлесі де 2012 жылғы 3-тоқсанның деңгейінде (77,5%) қалды. Бұл ретте, сатудың орташа (салық салынғанға дейін) рентабельділігі 40,7%-ға дейін (2012 жылғы 3-тоқсанда 40,2%) аздап ұлғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |