Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-3
|
123257
|
166564
| С-О-5 |
83282
|
112430
|
I. Көлік комитетінің «Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы», 010000, Астана қаласы, Ақжол көшесі 28, телефон анықтама үшін телефоны: 8 (7172) 54-61-34, e-mail: ktk.ast@mid.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.
1. Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы «С-О-5» санаты 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының аумағындағы автомобиль жолдары желісінің сақталуын қатамасыз етілуне бақылау жасайды, Инспекцияның Ережесіне сәйкес автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының көлік, лицензиялау заңнамаларын, нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісімдердің жеке және заңды тұлғалармен сақталуына бақылау жасайды. Мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруге» транзиттік әлеуеттің қолданылуы туралы ақпаратты жинақтайды, автокөлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын есептейді, бекітілген нысанда есептілік құжаттар түріндегі жинақталған ақпараттың берілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады, Автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау жасайды, халықаралық қатынастағы тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын жылжымалы құрамға қойылған талаптарының тасымалдаушылар тарапынан сақталуына бақылау жасайды, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел тасымалдаушыларымен жасалынатын каботажды тасымалдауды анықтауды және алдын алуды жүзеге асырады, белгіленбеген өткізу бекеттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына шетел автокөлік құралдарының кіру фактілерін анықтайды, рұқсат етілген салмақтық және көлемдiк өлшемдерiн асырып, автоматтандырылған өлшеу жүйесі арқылы өткен автокөлік құралдарына бақылау жасайды, Кеден одағының сыртқы шекарасында берілген хабарландырулардың орындалуын тексереді, автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салады, ұстап, стационарлық көліктік бақылау бекеті жанындағы арнайы алаңдарда, тұрақтарда олардың уақытша сақталуы үшін жеткізеді, белгіленген тәртіппен жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалын жасауға рұқсат куәлігін, автокөлік құралына рұқсат карточкаларының болуын тексереді. Көлік саласындағы (әуе көлігінен бөлек) шаруашылық субъектілерін тексереді, ҚР ӘҚбК-мен белгіленген құзыреті шегінде хаттама, актілер әзірлейді, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұйғарым береді. Атқарылған жұмысының есептерін және талдауларын әзірлейді. Инспекция басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылым және технология саласындағы, құқық саласындағы, әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласындағы, қызмет саласындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушығабағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
II. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Астана қаласының Статистика департаменті» РММ (010000 Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 22, телефондары: 8(7172) 31-62-53, 31-95-94, электронды мекенжайы: zh.mustafina@economy.gov.kz) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Қаржы басқармасының басшысы (санаты - С-О-3, 1 бірлік, № 05-1).
Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысына жалпы және әдістемелік басшылық жасау, бюджеттік жоспарлауды ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп, баланстық есептілікті әзірлеу және ұсыну, ағымдағы жылдық бюджеттік өтінімдерді әзірлеу, бюджеттік қаражаттың игерілуін қамтамасыз ету, қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен қаржыландыру жоспарының орындалуына бақылау жасау, штат кестесін жасау, банктік операциялар қозғалысының есебін, іссапар шығыстарын қадағалау. Мемлекеттік сатып алулар бойынша бақылауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін әзірлеу және олардың өзара ауыстырылуын анықтау, басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылау. Департамент басшылығы белгілеген басқа да өкілеттікті жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласындағы жоғары білім. Аталған санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Келесі құзыреттілігінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, С-R-2, D-4, D-О-4, Е-3, Е-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
2. Қызмет көрсету статистикасы басқармасының бас маманы (санаты - С-О-5, 1 бірлік, № 14-2).
Функционалды міндеттері: статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды өткізу. Статистикалық көрсеткіштердің дәйектілігі мен объективтілігін қамтамасыз ету, болып жатқан экономикалық және әлеуметтік үдерістерді талдау. Алғашқы статистикалық деректер базасы негізінде статистикалық байқаулар деректерінің базасын қалыптастыру. Талдау материалдарын әзірлеу. Статақпаратты пайдаланушылармен жұмыс істеу. Салалық каталогтарды өзектендіру. Департамент басшылығы белгілеген басқа да өкілеттікті жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, қызмет көрсету, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар мен технологиялар саласындағы жоғары білім. Аталған санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Келесі құзыреттілігінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
3. Сауда статистикасы басқармасының бас маманы (санаты - С-О-5, 1 бірлік, № 15-3).
Функционалды міндеттері: статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды өткізу. Статистикалық көрсеткіштердің дәйектілігі мен объективтілігін қамтамасыз ету, болып жатқан экономикалық және әлеуметтік үдерістерді талдау. Алғашқы статистикалық деректер базасы негізінде статистикалық байқаулар деректерінің базасын қалыптастыру. Талдау материалдарын әзірлеу. Статақпаратты пайдаланушылармен жұмыс істеу. Салалық каталогтарды өзектендіру. Департамент басшылығы белгілеген басқа да өкілеттікті жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, қызмет көрсету, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар мен технологиялар саласындағы жоғары білім. Аталған санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Келесі құзыреттілігінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |