Барлық мамандықтың 1 курс студенттеріне «Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері»



Дата01.07.2016
өлшемі206 Kb.
#169178

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университет

Аграрлық факультеті

Экология және қоршаған орта кафедрасы

Барлық мамандықтың 1 курс студенттеріне

«Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша


студенттердің Оқытушының жетекшілігімен

орындалатын өздік жұмыстарының, практикалық жұмыстарының және өздік жұмыстарының
әдістемелік нұсқаулары

Құрастырушы:

Экология және қоршаған орта

кафедрасының аға оқытушысы Нуржуманова Ж.М.


Семей 2013 ж.


ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Азаматтық корғаныс (АҚ) - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында елін, халқын, шаруашылық жүргізу объектілерімен аумағын осы заманғы зақымдау қаруларының закымдау факторларының әсерінен, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы

Авария - технологиялық процестердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы

Антропогсндік ТЖ -адамдардың қателік жасауынан (өз қолдарымен өздері) туындайтын процесс

Антропоноздық - адамдарда ғана инфекциялық аурулар (тұмау, туберкулез т.б.) тудырушы микроорганизмдер

Аса кауіпі бар инфекциялар - өте ауыр түрде өтетін, көп жағдайда ақыры өлімге әкеп соғатын және тез жұғылғыштығымен ерекшеленетін - адамдар арасында тез тарайтын аурулар түрлері

Асептика — жараны микроптардың зақымдауынан қорғау әдісі

Антисептика —­­ жараға түскен бактерияларды, микроағзаларды өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою

Апат — адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеумсттік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнетін қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залал

Атом каруы — ауыр элементтер ядролары бөлінгенде журетін тізбекті реакция кезінде кенеттен бөлініп шығатын энергияны пайдалануға негізделген жаппай қыру қаруы

Артерия (күре) кан гамыры жарақаттанғанда ашық - қызыл түсті қан "фантан" теріздес атқылап ағады
Әсері күшті улы зат (ӘКУ 3) — бұл шекті мүмкін концентрациядан белгілі бір көлемде асып түсетін химиялық косылыс, адамдарға, малға, өсімдікке зиянды әсер етіп, оларды әр түрлі деңгейде улау мүмкіндігі
Бактериологиялық кару — адамдарға, үй жануарларына ауру жұқтырып, азык - түлік тағамдары мен жемшөпті инфекциямен зақымдауға арналған, жеткізудің техникалық құралдарына енгізілген ауру тудырғыш микробтар мен олар бөліп шыгаратын токсиндерді, инфекция көзі болып табылатын жәндіктер мен кеміргіштерді пайдаланып жасалған жаппай қыру қаруы
Вакцина — аса қауіпті инфекциямен ауырған адам немесе жануарлар

қанынан алынған препарат


Зооноздык — жануарлардың инфекциялық ауруларын (бруцеллез, сібір жарасы т.б.) тудырушы микроорганизм
Дауыл — жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел

Дезактивация — зақымданған заттың бетінен улы затты кетіру немесе залалсыздандыру

Дезинфекция — жұқпалы аурудың көзі болып табылатын заттарды жою.

Дератизация — түрлі аурулардың қоздырғыштары болып табылатын кеміргіштерді кұрту

Дезинсекция — инфекциялық ауруларды тасымалдаушы бунақ денелерді жою

Дозиметр — радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерді зерттейтін құрал

Естен тану — орталық жүйке - жүйесінің қызметінің күрт нашарлауы нөтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай
Жарақаттану — адам терісінің, кейбір мүшесінің немесе бүкіл денесінің күшпен бүлінуі

Жаракат алу – адамның жұмсақ етінің жаралануы, сүйектің сынуы, миының қозғалуы, денесінің күюі

Жер сілкінісі — жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы

Жерсіну — адам ағзасының жаңа климаттық - географиялық жағдайларға бейімделуі
Инсульт — миды қоректендіретін қан тамырларының ұйыған канмен бітелуіне байланысты мидағы қан айналысының қатты бұзылуы

Иммунитет — антигендік қасиеттері бар организмге бөтен агенттерді, соның ішінде ауру тудыратын микроорганизмдерді қабылдамау немесе ол коздырғыштардан ауру жұқпауы
Карантин — эпидемиялық аурулардың таралуын алдын алу мақсатында жүргізілетін арнайы ұйымдастырылған медициналық бақылау және шектеулі жүйесі

Күю — жоғары температурадан, химиялык заттардан, электр тоғы мен сәуле әсеріне дененің жұмсақ ұлпаларының закымдануы

Күйдіргі қою — аяқ - қолдың ірі күре тамырлары зақымдалған кезде қанды уақытша токтатудың негізгі әдісі

Концентрация — ауа көлемінің бірлігінде жинақталған ӘКУЗ қатты әсері.

Кіндік орталық — бұл орталық нүктенін, тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте
Қар көшкіні — бұл тік тау жартастарында пайда болатын қар массасының төмен қарай лықсуы

Қауіпсіздік — іс - әрекет кезінде қауіп - катердің болмайтындығы айқын болған жағдай

Қорқыныш — өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез - келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы
Магнитуда — бұл топырақтын, бір бөлігінің жылжуының ең жоғарғы амплитудасының логарифміне сәйкес сандардың шартты берілуі
Обсервация — бүкіл зақымданған ошақты оқшаулау жөне ошақтағы жұқпалы ауруды жою қатаң эпидемияға қарсы шаралар жүйесі

Опырмалар — ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы
Өрт - адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі
Паренхиматоздық қан ағысы— ішкі органдардан қан кету

Пандемия — жұқпалы аурулардың тұтас елдердін (құрлықтың) үлкен аумағына жаппай таралуы
Региональді ТЖ – республика территориясының бір немесе бірнеше аудандарын қамтитын табиғи жөне техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Сапрофиттар — ауыру туғызбайтын және сыртқы ортада өмір сүретін микроорганизмдер

Сәулелену дозасы (адамның сіңірген дозасы) - адам ағзасына радиоактивті сәулелену энергиясының сіңірілуі

Сел — тау өзенінің оз арнасынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бүзылуыиан болатын куатты ағын

Су басу — өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы

Сутектік қару — жеңіл элементтер ядроларының синтезі негізінде ілезде бөлінетін энергия жатады

СПИД— бойдағы қорғаныс қаблетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам организіміндегі иммундық жүйені бұзатын және бүкіл аурулар катарына төтеп беретін мүмкіндігін жоғалтып, өлімге әкеліп соқтыратын дерт
Таскын — нөсердің немесе қыстағы жылымыктық салдарынан судың аз уақытта көтерілуі

Талықсу — адам миыньң қансыздану нәтижесінде естен кенеттен уакытша айырылуы

Төтенше жағдай — табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын жөне адам күшін талап ететін жагдай
Үгінділер — тау жыныстарының өз салмағының әсерінен қозғалуы

Үсік шалу – төменгі температура әсері нәтижесінде ағза жасушаларының зақымдалуы
Шандақ дауыл — күшті жел салдарынан жер бетінен шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және келемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы
Химиялық кару — жалпылай улау заттарын колданатын әскери қару
Экстремальдык жағдай — адам өміріне, денсаулығына немесе оның дүние - мүлкіне тікелей қатер тудырғанда, өзгенің көмегі болмайтын немесе көмек беру шектелген жағдайды айтамыз

Экология — ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін биологиялық ғылымның бөлімі

Эпидемия — аса қауіпті инфекция ауруларынын, бірнеше мемлекеттерге таралу формасы

Эпидемиология— жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылым
Ядролық қару — жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қару


ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Практикалық жұмыс №1

Тақырып: «ТҚН-ге кіріспе. ТҚН-ді ұйымдастыру негізі»

Мақсаты: тіршілік қауіпсіздікті ұйымдастыру негізін білу және алдын алу

Бірінші тапсырма: тест сұрақтары

  1. ТҚН дегеніміз не?

  1. Адамдарды қоршаған ортаның қауіпті және қажет емес факторларынан қорғаудың теориясын қамтитын пәнаралық аймақты қамтиды

  2. Адамдарды қоршаған ортаның қауіпті және қажет емес факторларынан қорғаудың практикасын қамтитын пәнаралық аймақты қамтиды

  3. Адамдарды қоршаған ортаның қауіпті және қажет емес факторларынан қорғаудың теориясын мен практикасын қамтитын пәнаралық аймақты қамтиды

  4. Ғылыми білімдердің пәнаралық аймағын

  5. Адамдарды қоршаған ортаның қауіпті және қажет емес факторларынан қорғаудың практикасын қамтитын ғылыми білімдердің пәнаралық аймағын

2. Қауіпсіздік өмір негізінің мақсатына жатпайтындар:

А) еңбек сапасын көтеру В) травмалық жағдайды ескеру С) денсаулықты сақтау

D) жұмысқа қаблеттілікті көтеру Е) дұрыс жауабы жоқ

3. Қауіпсіздік дегеніміз не?

А) қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс, уақиғаларды айтамыз

В) іс - әрекет кезінде қауіп - катердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Сондай ақ адамның, табиғаттың және материалдық құндылықтардың қорғану жағдайы

С)табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жагдай

D) қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізбейтін құбылыс, процесс, уақиғаларды айтамыз

Е) дұрыс жауабы жоқ



4. Қауіп – қатер дегеніміз не?

А) қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізбейтін құбылыс, процесс, уақиғаларды айтамыз

В) іс - әрекет кезінде қауіп - катердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Сондай ақ адамның, табиғаттың және материалдық құндылықтардың қорғану жағдайы

С)табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жагдай

D) қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс, уақиғаларды айтамыз

Е) дұрыс жауабы жоқ



5. Төтенше жағдай ?

А) қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізбейтін құбылыс, процесс, уақиғаларды айтамыз

В) іс - әрекет кезінде қауіп - катердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Сондай ақ адамның, табиғаттың және материалдық құндылықтардың қорғану жағдайы

С) табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жагдай

ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жагдай

D) қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс, уақиғаларды айтамыз

Е) дұрыс жауабы жоқ

6. Азаматтық қорғаныстың міндеттеріне жатпайтындар:

А) басқару және байланыс жүйелерін ұйымдастыру

В)радиациялық, химиялық, бактериологиялық жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау

С) азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылын жасауға ұдайы әзірлікте ұстау

D) азық-түлік, су көздерін, тамақ, шикізаттарын, жемшөпті, мал және өсімдіктерді радиоактивті, химиялық, бактериологиялық уланудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау

Е) дұрыс жауабы жоқ



Екінші тапсырма: кестені толтыр

Қауіптің саналы бағасы

Жағдайлардың саны

Адамдардың жалпы саны




5

2000




3

5000

0,003

3




0,06




2000

0,07




300

4*10-6

40







6

600




11

40000




8

480

0,008




800

2*10-8

2




0,5




1000

10-9

10





Үшінші тапсырма: сұрақтарға жауап беру

  1. Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдарын, күштерін, орындарын ата?

  2. Қауіпсіздік өмір мақсатына жету үшін қандай мәселелерді шешу қажет? Жауабынды дәлелде

  3. Қауіп-қатерлер қандай жағдайларда пайда болады? Эвакуация дегеніміз не?


Практикалық жұмыс №2

Тақырып: «Әскери уақыттағы ТЖ. Жаппай қыру қаруының әсері»

1. Ядролық ыдырау өнімін өндірумен байланысты объектіде ТЖ кезінде ядролық қару және ядролық қарудың әсер ету факторларының әсері.

  1. Ядролық жеңілу ошағы.

  2. Радиоактивті улану аймағы.

  3. Зақымдану факторлары:

А) толқындық соққы және оның адам мен жануарға әсері;

Б) сәулелену және оның адам мен жануарға әсері;

В) енетін радиация (түсінігі; түзілуі, көзі);

Г)Ядролық қару факторларынң әсер ету аймағында және ядролық ыдырау өнімін қолданатын объектіде ұқсас ТЖ кезінде құтқару және жедел жұмыстарды жүргізу.



2.Химиялық қару әсері:

  1. Улаушы заттармен зақымдану:

А) Улаушы заттар түрі (УЗ);

Б) УЗ және КӘУЗ қолдану белгілері;

В) химиялық жеңілу ошағы және химиялық зақымдану аймағы;

Г) химиялық ластану аймағын анықтау факторлары;

Д) химиялық ластану аймағында жедел жұмыс жүргізу.


  1. Бактериологиялық қару әсері:

  1. Аса қауіпті аурулардың (оба, холера, сибирская язва, ботулизм) және олардың адам ағхасы мен жануарларға спецификалық әсері көрсететін факторлардың қысқаша сипаттамасы.

  2. Биологиялық жеңілу ошағы; биологиялық ластану аймағы.

  3. Бактериологиялық (биологиялық) жеңілу ошағын және аймағын залалсыздандыру кезіндегі шұғыл жұмыс.


Әдебиеттер:

1. В.Г. Атаманюк, Л.Г. Ширшев, Н.И. Акимов, Гражданская оборона, М., Высшая школа, 1986., гл.

2. И.К. Топоров, Основы безопасности жизнедеятельности, М., Просвещение, 1996.

3. Основы защиты населения и территорий в ЧС, М., 1998.


Практикалық жұмыс №3

Тақырыбы: «Бейбітшілік уақыттағы ТЖ: табиғи (стихиялы) апаттар. Стихиялы апаттарды болжау және тұрғындарды қорғау»

  1. Табиғи шығу тегі бар ТЖ-дың жалпы сипаттамасы:

    1. Э.А. Арустамов бойынша табиғи шығу тегі бар ТЖ-дың түрлері. Табиғи ТЖ-дың жалпы заңдылығы. Табиғи ТЖ-дың шығуына антропогенді әсер ету. Барлық табиғи апаттардың өзара байланыс.

  2. Геологиялық сипаттағы ТЖ; түрлері, сипаттамасы:

    1. Жер сілкіну. Магнитуда шамасын сипаттайтын шкала. Вулкан: вулканизм, магма, лава, алдын-алу. Қар көшкіні. Сел. Геологиялық сипаттағы ТЖ-дың алдын-алу.

  3. Метерологиялық сипаттағы ТЖ; жалпы сипаттамасы.

    1. Жел және құйын; Бофорт шкаласы. Торнадо. Метерологиялық ТЖ алдын-алу.

  4. Гидрологоиялық сипаттағы ТЖ; жалпы сипаттама және түрлері.

    1. Су басу. Өзендегі мұздардың қатуы. Цунами.

  5. Табиғи өрттер; жалпы сипаттама және түрлері.

    1. Орман өрттері. Торфтық өрттер.

  6. Табиғи қауіптен адамдарды, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін қорғау формалары:

    1. Белсенді формалары. Пассивті формалары.


Әдебиеттер:

  1. Э.А. Арустамов. Безопасность жизнедеятельности. М., Издательский дом «Дашков и Ко», 2000.

  2. В.Г. Атаманюк и др. Гражданская оборона, М., В.Ш., 1986.

  3. Безопасность жизнедеятельности, под ред. Белова М., 2000.

  4. Приходько. Безопасность жизнедеятельности. Алматы, 2000.

Практикалық жұмыс №4

Тақырыбы: «Сүйек сынғанда, бас жарақатында және қан кету кезіндегі бірден-бір көмек»

Мақсаты: қан кету, сүйек сынғанда, бас жарақатында кезіндегі көмек көрсетуге машықтану

1 тапсырма. Басқа «тақия» тәрізді, иыққа, шынтақ пен тізе буындарына таңғыштарды қою.

Тәтіханова Г.С. Тіршіліктің қауіпсіздік негізі.- Оқу-әдістемелік кешені.– Семей. – 2006 ж. 123 бет пайдаланып бір-біріне «тақия» тәрізді, иыққа, шынтақ пен тізе буындарына таңғыштарды қойыныздар.

2. Қанды тоқтатуға арналған күйдіргі қою тәртібі.



Күйдіргі қою – аяқ – қолдың ірі күре тамырлары зақымдалған кезде қанды уақытша тоқтатуға негізделген әдісі. Сүретке қарап бір-біріне күйдіргі қойындар.

3 тапсырма: жарақаттанушыны тасымалдау

Жарақаттанушыны тасымалдау әдісімен танысыныз

4 тапсырма. АИ-2 қобдишасындағы шприц-тюбикті қолдану және даярлау

Антидот салынған шприц-түтік полиэтилен корпусынан, дәрі жіберетін инеден және қорғаныш қалпақтан тұрады. Антидотты жіберу үшін шприц-түтік сол қолға алып, инесін жоғары көтеріп ұстайды. Иненің қамқасындағы кесілетін дөңгелекшені сағат тілі бойынша оң қолдың үлкен және сұқ саусағымен бұрайды, иненің қалпақшасын алып, оны оң қолға ұстайды, бір-екі тамшы сұйықтықты басып шығарады, одан кейін өте жылдам қимылмен инені омыртқаның бұлшықетіне, санның немесе иықтың алдыңғы бөлігіне енгізеді.Түтік ішіндегі дәрі сұйықтықты тері астына енгізіп болған соң, саусақты инені суырып алады да мақтамен бастырып береді.




Практикалық жұмыс №5

Тақырыбы: «Оқыс жағдайларда және қауіпті ауруларда: үсу, күю, күн өту, элетрлік жарақат»

Мақсаты: Бақытсыздық кезде болатын жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмектерді көрсетуге машықтану.

1 тапсырма. Үсу кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.

2 тапсырма. Суға батқан кезде көрсетілетін реанимациялық шаралар

3 тапсырма. Электр тоғы соққан кезде көрсетілетін реанимациялық шаралар

Дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің шаралары қысқаша дәптерге жазылу керек.
Әдебиеттер:


              1. Первая доврачебная помощь под ред. В.М. Величенко и др., М., Медицина, 1990.

              2. В.А.Полякова, Первая помощь при повреждениях и несчастных случая., М., 1990.

              3. Сластихин М.Л., Медицинская помощь при травмах, 1974.

              4. Тәтіханова Г.С. Тіршіліктің қауіпсіздік негізі.- Оқу-әдістемелік кешені.– Семей. – 2006 ж.


Практикалық жұмыс №6

Тақырыбы: «Оқыс жағдайларда және қауіпті ауруларда: күн өткенде, стенокардия ұстамасында, миокард инфарктінде, тағаммен улану кезінде, асфиксияда бірден-бір көмек»

Мақсаты:алғашқы көмек көрсетудің мақсатымен және маңыздылығымен танысу

1 тапсырма. Жасанды демалдыру және жүрекке массаж жасау шаралары

2 тапсырма. Улану кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек

3 тапсырма. Жүректің ұстама аурулары кезінде көрсетілетін дәрігерлік көмек


Әдебиеттер:

  1. Первая доврачебная помощь под ред. В.М. Величенко и др., М., Медицина, 1990.

  2. В.А.Полякова, Первая помощь при повреждениях и несчастных

случая., М., 1990.

  1. Сластихин М.Л., Медицинская помощь при травмах, 1974.

  2. Тәтіханова Г.С. Тіршіліктің қауіпсіздік негізі.- Оқу-әдістемелік кешені.– Семей. – 2006 ж.


Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыстарының (ОСӨЖ) әдістемелік нұсқаулары
ОСӨЖ №1 Тақырыбы: «ТЖ тұрғындарды қорғау формалары. Ұжымдық және жеке қорғану құралдары. Санитарлы өңдеу» (семинар)

  1. Тұрғындарды қорғаныс құралдарымен сақтау.

    1. Қорғаныс шаралары; баспана, радиацияға қарсы баспана, жертөле, қарапайым қорғаныс – сңылау.

  2. Адамдар мен шаруашылық объектілерін көшіру.

    1. Орынды дұрыс белгілеу. Көшіру. Тұрғындарды тағаммен, тұрмыстық жағдаймен, медициналық қамтамасыз ету.

  3. Жеке қорғаныс құралдары.

    1. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары; фильтрлеуші және оқшаулаушы противогаз, респиратор, шаңға қарсы маскалар және мақта-марлілі бинттер. Теріні қорғау құралдары: ЭК, ОЗК, ЭФО. Медициналық қорғану құралдары: АИ-2, жеке химиялыққа қарсы пакет.


Әдебиеттер:

1. В.Г. Атаманюк, Л.Г. Ширшев, Н.И. Акимов, Гражданская оборона, М., Высшая школа, 1986., гл. 5, 7 параграф 25.

2. И.К. Топоров, Основы безопасности жизнедеятельности, М., Просвещение, 1996.

Основы защиты населения и территорий в ЧС, М., 1998.

3. Тәтіханова Г.С. Тіршіліктің қауіпсіздік негізі.- Оқу-әдістемелік кешені.– Семей. – 2006 ж.
ОСӨЖ №2 Тақырыбы: «Алкогализм, шылым шегу, нашақорлық және адам денсаулығы мәселелері»

Тапсырма: берілген тақырып бойынша стенгазета құрастырындар


  1. Алкагольдің алдын-алу: алкоголизм, оның түбірі және ауру ретінде дамуы.

  2. Шылым шегудің алдын-алу: шылымшегу. Оның түбірі және ауру ретінде дамуы.

  3. Нашақорлықтың алдын-алу: нашақорлық және оның адам денсаулығына зияны:

А) “анаша” түсінігі;

Б) нашақорлық түрлері;

В) Қазақстан республикасындағы нашақорлықтың аймақтық ерекшелігі
Әдебиеттер:


  1. Ураков И.Г. Алкоголь: личность и здоровье. М., Медицина, 1986, 80 с.

  2. Алкоголизм: Руководство для врачей. Под ред. Г.В. Морозова и др. М., Медицина, 1883, 432 с.

  3. Бабаян Э.А., Пятов М.Д. Профилактика алкоголизма. М., Медицина, 1981, 62 с.

  4. Зиановский Ю.Ф. Здоровье без сигареты. М., ФиС, 1979, 64 с.

  5. Чаклин А.В., Милиевская. Сохранить здоровье смолоду. М., Педагогика, 1987, 144 с.


ОСӨЖ №3 Тақырыбы: «Автономды өмір сүру жағдайында тіршілік ету аймағының ерекшілігін бағдарлау»

Бақылау формасы: топпен жұмыс, гипотезаларын қорғау

Тапсырма:

  1. Компас бойынша горизонтты анықтау

  2. Бағдары және циферблаты бар сағатты қолданып күн арқылы горизонтты анықтау

  3. Түс уақытында күннің орналасуы арқылы горизонтты анықтау

  4. Карта және компас арқылы орынды табу

  5. Жұлдызды аспан арқылы горизонтты анықтау


Әдебиеттер:

1. И.К. Топоров, Основы безопасности жизнедеятельности, М., Просвещение, 1996.

2. В.Г. Волович, Человек в экстремальных условиях природной среды, М., Мысль, 1983.

3. НВП под ред. Ю.А. Науменко, М., Просвещение, 1984.

4. Справочник туриста, М., 1988.

5. Тәтіханова Г.С. Тіршіліктің қауіпсіздік негізі.- Оқу-әдістемелік кешені.– Семей. – 2006 ж.


ОСӨЖ №4 Тақырыбы: «Автономды өмір сүру жағдайында тіршілік ету аймағында қауіптілікті хабарлау»

Бақылау формасы: топпен жұмыс, гипотезаларын қорғау

Тапсырма:

  1. Сигналды айна арқылы сигнал берген орынды табу

  2. Мемлекетаралық сигналдар жүйесі арқылы сигнал беру

  3. Объектіге дейінгі арақашықтықты анықтау

Әдебиеттер:

1. И.К. Топоров, Основы безопасности жизнедеятельности, М., Просвещение, 1996.

2. В.Г. Волович, Человек в экстремальных условиях природной среды, М., Мысль, 1983.

3. НВП под ред. Ю.А. Науменко, М., Просвещение, 1984.

4. Справочник туриста, М., 1988.

5. Тәтіханова Г.С. Тіршіліктің қауіпсіздік негізі.- Оқу-әдістемелік кешені.– Семей. – 2006 ж.


ОСӨЖ №5. Тақырыбы: «Автономды өмір сүру жағдайында тіршілік ету аймағында су және тағамды табу ерекшелігі»

Бақылау формасы: топпен жұмыс, гипотезаларын қорғау

Тапсырма:

  1. Табиғи фильтрлеуші объектілер арқылы суды тазалау әдістері

  2. Искра шығару арқылы от жағу

  3. Үйкеу арқылы от жағу

  4. Үлкейтетін айна арқылы от жағу

  5. Әртүрлі химиялық реагенттер арқылы от жағу.


Әдебиеттер:

1. И.К. Топоров, Основы безопасности жизнедеятельности, М., Просвещение, 1996.

2. В.Г. Волович, Человек в экстремальных условиях природной среды, М., Мысль, 1983.

3. НВП под ред. Ю.А. Науменко, М., Просвещение, 1984.

4. Справочник туриста, М., 1988.

5. Тәтіханова Г.С. Тіршіліктің қауіпсіздік негізі.- Оқу-әдістемелік кешені.– Семей. – 2006 ж.



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ (СӨЖ)

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
СӨЖ №1 Тақырыбы: «ВИЧ/СПИД-тің мәселелері және оның алдын-алу»

Бақылау формасы: реферат

Реферат жазылуында келесі құрылысы сақталады: 1) Титулдық беті – реферат тақырыбы, студент оқитын факультет атауы, оның тобы, аты-жөні толық жазылады; 2) Жоспары (мазмұны), бұнда рефераттың негізгі бөлімдерінің атаулары және олардың басталу беттері көрсетіледі; 3) Атауы мен жоспарынан кейін кіріспе жазылады, бұнда автор шешілетін мәселелерді, ұсынылатын материалдың мақсаты мен есептерін көрсетеді; 4) Негізгі бөлімінде рефераттың жоспарланған бөлімдері ашылып жазылады; 5) Қорытынды безендіріледі, оған автордың берілген мәселеге қатысты жеке қорытындылары және ұсыныстары кіргізіледі; 6) Рефератты жазуда пайдаланған әдебиет тізімі келтіріледі.

Реферат көлемі компьютермен басылған 10 бет және қолмен жазылған 12 бет текст мөлшерінен аз болмау керек. Барлық беттер номерленген болуы тиіс (титулдық бетінде номер қойылмайды, бірақ ол жалпы нумерацияға кіргізіледі). Рефераттың жаңа бөлімінің басталуын алдыдағы бөлімнен бөліп көрсету қажет және оның аталуы міндетті түрде жазылады.
СӨЖ №2 Тақырыбы: «Салауатты өмір салтын қалыптастыру; салауатты өмір және денсаулық. Денсаулық және экология.»

Бақылау формасы: буклет

Бірінші (титулдық) бетінде буклеттің тақырыбы, студент оқитын факультеттің атауы, студенттің тобы, аты-жөні жазылады. Буклет негізгі түсініктерді кіргізеді, оны көрнекілікті материалмен безендіру қажет және қолданған әдебиет тізімі келтіріледі.


СӨЖ №3 Тақырыбы: «Әлеуметтік-гигиеналық факторлар және тұрғындар денсаулығы. Рационалды тамақтану, еңбек кестесі және демалыс»

Бақылау формасы: презентация

Презентацияны Microsoft PowerPoint бағдарлама арқылы жасау керек. 10 слайдтан кем емес.



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Эпизоотия жөне эпизоотиялық ошақ дегеніміз не?

2. Қандай инфекциялар алиментарлы және олардың жұғу жолдары?

3. Күн радиациясының адамзат баласы үшін пайдалы жақтары мен кері жақтары қандай?

4. Инфекциялық аурулардьң қоздырғыштарына тән ерекшеліктер?

5. Эпидемия, эпизоотия, эпифитотия терминдеріне анықтама беріңіз.

6. Атмосферадағы радиоактивті заттардың жерге түскеннен кейін қандай заттар бөлінеді?

7. Табиғи радиоактивті фоннан басқа тағы қандай фон бар?

8. ШҚО бойынша радиоактиві ластанудың қазіргі жағдайы және оның экология мен адам денсаулығына әсері қандай?

9. Радиоактивтілік қандай өлшем бірліктермен өлшенеді?

10. Адам ағзасына қауіпті радиация дозасы және қорғану жолдары бар ма?

11. Иондық сәулеленудің созылмалы әсерінің адамға қауіпі қандай?

12. Алғашқы сәулеге ұшыраған зардап шегушіге көрсетілетін көмек?

13.Жара дегеніміз не? Жараны тудыратын себебтер?

14. Антасептик және олардың қолданылуына қарай түрлері ?

15.Стерилизация түсінігі? Хирург кұралдарының стерилизациясының ерекшелігі?

16. Қандай жарақаттану уақытында ашық - қызыл түсті «фонтан» тәрізді қанның кетуі болады және қандай көмек беру қажет?

17. Уақытша канды тоқтату әдісіне қай әдіс жатады?

18. Күдіргінің және бұраудың дұрыс қайылғандығын қалай тексереді?

Жарақаттардың жіктелуі. Жарақаттан алған шок. Шокқа қарсы қолданылатын қарапайым шаралар. Жабық жарақаттар: ауырсыну, сіңірдің созылуы, буынның шығуы. Балалар жарақаты. Жаралардың жіктелуі. Инфекциялық асқынулар. Асептик жене антисептике түсініктері.

19. Күйіктер және олардың жіктелуі. Термиялық күйік. Күйіктен алған шок және балалар күйігінің ерекшелігі.

20. Кенеттен науқастану кезінде көрсетілетін негізгі көмектер. Суға бату, токқа түсу, күн өту және ыстық үру. Стенокардия, миокард инфаргы, өкпеден қан кету.

21. ТЖ жіктелуі. Табиғи зілзала, ендірістік авария, катастрофалар, соғыстық қақтығыстар. ТЖ туу мүмкіндіктері. Апат болған ауданға сипаттама. Бірінші және екінші зардап әкелетін факторлар.

22. Атом қаруының әсер етуі және ТЖ обектілерінде атом қаруының әсер ету факторлары мен атом қаруының жарылысынан кейінгі зардап зияндары. Атомдық зақымдалу ошағы, радиоактивті ластану аймағы, зақымдау факторлары (соқкы толқын жануарлар мен адамдарға әсерінің сипаттамасы, жарықты сәуле бөлу адамдар мен жануарларға әсері, өткір радиация). Атом қаруының әсерінен ластанған аудандарға көмек көрсету.

23. Химиялык карудың әсері. Улаушы заттармен ластану. УЗ жіктелуі. УЗ және ӘКУЗ колдану белгілері. Химиялык ластану ошағы және ластану аймағы. Химиялық ластану аймағын анықтайтын себебтер. Химиялық ластану аймағында көрсетілетін негізгі көмектер.

24. Бактериологиялық қарудың әсері. Аса қауіпті ауруларға кысқаша сипаттама ( оба, тырысқақ, сібір жарасы, ботулизм) және факторлары. Биологиялық ластану ошағы және аймағы. Биологиялық ластану аймағында жүргізілетін локализация және ликвидация жүргізілу шаралары.

25. Қорғану жолдары: панахана, радиацияға қарсы жамылғылар, жертөле, подвалдар. Қарапайым қорғану орындары - паналайтын саңылаулар мен жертөле. Халық шаруашылық объектілері мен тұрғындарды көшіру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру. Көшірілген ошақтағы адамдарды тамақпен, тұрмыстық жағдаймен және дәрі-дәрмектермен қамтамас ету.

26. Жеке басты қорғайтын қондырғылар. Тыныс алу жолдарын қорғау құралдары: сүзгіш және айырғыш газқағарлар, респираторлар, мақта-дәке және шүберек маскалар. Теріні қорғағыш киімдер: ЭК, ОЗК, ЗФО. Медициналық қорғаныс құралдары: АИ-2, жеке химиялық қорғау пакеті.

27. Азаматтық қорғаныс дабылдарымен іс әрекет жүргізу. Тұрғын аймақтарға арнайы зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу: дегазация, дезактивация, дезинфекция.

28. ӘКУЗ дегеніміз қандай заттар?

29.Қандай тұрмыстық улы заттарды білесіз және оның қауіптілігі каншалықты?

30. Уланған кезде көрсетілетін дәрігерлік көмек?
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі әдебиет:


  1. С. Арпабеков. Өмір – тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004 ж.

  2. С. Тойжанов. Өмір қауіпсіздігінің негіздері. Алматы.-Дәнекер.-2004 ж.

  3. Тәтіханова Г.С. Тіршіліктің қауіпсіздік негізі. Оқу-әдістемелік кешені- Семей 2006 ж.

  4. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности, Алматы: Юридическая литература, 2006, 366 с.

  5. Королев А.Н., УМКД Основы безопасности жизнедеятельности и проблемы ВИЧ/СПИД, 2006 г.

  6. Атаманюк В.Г., Гражданская оборона, М., ВШ., 1986.

  7. Э.А. Арустамов, Безопасность жизнедеятельности, М., 2000.

  8. Гусак О.Н., Теоретические начала безопасности деятельности. Предупреждение и ликвидация ЧС, М., 1990.

  9. Топоров И.В., Основы безопасности жизнедеятельности, М., 1992.

  10. Гражданская оборона род ред. Шубина Е.П., М., 1991.

  11. В.А.Полякова, Первая помощь при повреждениях и несчастных случаях, М., 1990.

  12. В.И. Покровский, В.В. Покровский. СПИД. М., Медицина, 1988.

  13. Проблемы СПИДа и его профилактика (пособие для подготовки педагогических кадров).

  14. Авторский коллектив – Чакликов Т.Е., Бекжанова Т.А., Бекзатов К.Н., Абдрахманова Г.А., Суюбаева Б.П., Алматы, 1999.


Қосымша әдебиет:

  1. Воробьева Ю.А., Хрестоматия по курсу ОБЖ.

  2. Ю.Г.Бобков, Первая доврачебная помощь при лекарственных и бытовых отравлениях, М., 1982.

  3. Сластихин М.Л., Медицинская помощь при травмах, 1974.

  4. Журнал: Основы безопасности жизнедеятельности, 1996-1998.

  5. В.Г. Волович, Человек в экстремальных условиях природной среды, М., 1983.

  6. ЧС и защита от них, под ред. А. Бондаренко, М., 1998.

  7. А.В. Гостюшин, С.И. Шубина, Азбука выживания, М., Знание, 1995.

  8. А.А. Лукаш, Бытовые отравления и их предупреждение, М., Медицина, 1968.

  9. С.М. Мартынов, Профилактика отравлений грибами, М., Медицина, 1975.

  10. Дж. Зеккарди, Энциклопедия экстренной медицинской помощи, М., Крон-Пресс, 1998.

  11. Б.Н. Орлов, Ядовитые животные и растения СССР.

  12. К.В. Бардин, Азбука туризма, М., Просвещение, 1973.

13. Волович В.Г., На грани риска, М., Мысль, 1985.

14. Цвилюк Г.Е., Азы личной безопасности, М., Просвещение, 1997.



15. Гостюшин А.В., Энциклопедия экстремальных ситуаций, М., Зеркало, 1994.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет