Басқару үрдісінде басқару есептің орны



Дата07.07.2016
өлшемі33.5 Kb.
#183801
Басқару үрдісінде басқару есептің орны
Қазақстанның 2030 жылға дейін экономикалық даму стратегиясы есепте орын алатын реформалардың жеделдетілуіне әсер етті. Қазіргі нарық экономика жағдайларында өндіріс қызметінің маңызды факторы болып анықталған ақпаратпен қамтамасыз етілетін басқару қызметі табылады. Ақпарат арқылы бөлімшелер арасындағы өзара байланыс іске асырылады, жеке бөлімшенің кәсіпорын әкімшілігінің алдында құқықтары мен жауапкершілігі шектеледі, жеке қызмет түрлерінің келісімдігі жүзеге асырылады.

Нарық экономика жағдайларында менеджерлердің басқарушылық жұмысын жетілдіру үшін, бюджеттеу, жоспарлау, талдау, бақылау қызметтерін жүзеге асыру үшін басқару есебін жүргізудің қажеттілігі жоғарылайды. Халықаралық нарыққа шығудың қажетті шарты болатын қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының талаптарына сай экономикалық дамудың көптеген концепцияларын нарық экономикасы қайта қарастыруды талап етті. Басқару есебі қалыптасуының өзектілігі Қазақстанның әлемдік нарықтық кеністігіне интеграциялау үрдісіне байланысты. Дамыған мемлекеттердің тәжірибесі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының талаптарына, сонымен қатар, нәтижесінде басқарушылық шешімдерді қабылдайтын менеджерлер жоспарлаудың теориясы мен тәжірибесіне, нормалау, бюджеттеу, талдау, бақылау және басқарушылық, оперативтік, ішкі есептің ақпаратына, яғни басқарушылық есеп тетігінің маңызды құрылымдық бөлігіне сүйенеді. Басқару есебінің мақсаты – кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттігін қамтамасыз ету үшін тауарлы –материалдық қорлардың жетіспеушілігі жағдайларында үнемдеудің, өндіріс шығындары азаюының және табыстардың артуының әдістерін анықтау. Басқару есебінің ақпараты өндірісті басқару тиімділігіне, өнім өткізуге және менеджерлердің әрбір жеке үрдіс бойынша басқарушылық шешімдерді өз уақытында қабылдауына әсер етеді.

Кәсіпорынды басқару жүйесінде маңызды бір құрылымдық бөлік болып шығындарды басқару табылады. Шығындарды басқарудың мәнін түсіну үшін басқару үрдісінің кейбір аспектілерін қарастыру қажет. Қолдағы бар ресурстарды тиімді пайдалану жағдайында басқару объектісінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін кәсіпорынның бағытталған қызметі болып басқару табылады. Жоспарлау, бақылау, реттеу, ұйымдастыру, ынталандыру қызметтерін жүзеге асыру нәтижесінде жалпы басқару іске асырылады. Басқару үрдісі келесі кезеңдерден тұрады:

- мақсаттар қою;

- альтернативті нұсқаларды іздеу;

- іс - әрекеттердің альтернативті нұсқалары туралы мәліметтер жинау;

- іс – әрекеттердің альтернативті нұсқасын таңдау;

- қабылданған шешімдерді жүзеге асыру;

- іс жүзіндегі және жоспарланған нәтижелерді салыстыру;

- кемшіліктерді жою үшін шаралар қолдану.

Басқару есебі бухгалтерлік тәжірибенің перспективтік бағыты болғандықтан, басқару қызметін жоспарлау, бақылау және реттеу үрдісінде пайдаланатын ақпараттың сапасынан менеджер жұмысының нәтижелері тәуелді болады, яғни қаржылық және еңбек ресурстардың басқаруындағы тиімділікті қамтамасыз етеді. Нарық экономика жағдайларында шығындар мен қаржылық нәтижелерді оңтайландыруға және негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдауға көмектесетін оперативтік экономикалық ақпарат қажет. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді перспективада оңтайландыру үшін түрлі басқарушылық шешімдерді оперативті қабылдау мақсатымен талдау үрдісінде қажет болатын кәсіпорынның шаруашылық қызметінің табыстары мен шығындары, оның нәтижелері туралы есептің, жоспарлаудың, бақылаудың, талдаудың кешендік жүйесі болып басқару есебі табылады. Өткен құбылыстарды талдау нәтижесінде болашақ уақытқа ұсыныстар енгізу және объективті оперативтік басқару шешімдерді қабылдау үшін кәсіпорынның менеджерлерін ақпаратпен қамтамасыз ету басқару есебінің негізгі мақсаты болып табылады. Басқару есебінің негізгі мақсаттарына келесі жатады: кәсіпорын қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді анықтау және өлшеу; қызмет көрсеткіштерінің мәндері туралы ақпарат жинау және сақтау; қойылған мақсатқа сәйкес ақпарат дайындау және жинау; алынған нәтижелерді талдау; кәсіпорынды басқаратын сәйкес деңгейлерге талдау нәтижелерін тапсыру; өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау; кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін жоспарлау және болжау; бақылау мақсатымен есептер жасау; кәсіпорынды басқару үрдісінде стандартты емес шешімдерді қабылдау үшін объективті ақпаратты ұсыну; кәсіпорын дамуының ең тиімді жолдарын болжау.

Басқару есебінің жүйесі бойынша кәсіпорын өндіретін өнімнің өзіндік құны туралы объективті және сапалы ақпарат қамтамасыз етіледі; жоспарланған нәтижелерден ауытқулар анықталады және олардың себептері айқындалады; кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату резервтері бейнеленеді; мүліктің қозғалысына бақылау жүргізу қамтамасыз етіледі; баға анықтаудың икемділік жүйесін пайдалану жүзеге асырылады; бәсекелестік қабілеттігі жоғары өнім шығару қамтамасыз етіледі; кәсіпорын табыстарын көбейту және шығындарды азайту үшін мүмкіндік жасайтын негізделген тиімді басқарушылық шешімдер қабылданады.



Нарықтың дамуына байланысты басқару есебі және оның ақпараты кәсіпкерлік қызметті басқару тетігіне ауысады. Басқару есебі және оның ақпараттық қамтамасыз етуі тұрақты түрде экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес келуге тиіс. Сондықтан, бухгалтердің жұмысы да өзгереді: басқару бухгалтерлері әр түрлі қызметтер атқарады, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін салыстырмалы талдау жүргізеді, мәліметтер жинаумен айналысады, табыстарды анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет