І Силлабус
-
Оқытушылар туралы мәліметтер:
Мұқашева Манаргүл Өмірзаққызы, ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, программалау және программалауды оқыту әдістемелері салалары бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарымен айналысады, е-mail: mukasheva_m@enu.kz
Махажанова Ұлжан Тәңірбергенқызы, ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы, информатика магистрі, ақпараттық технологиялар және программалау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
-
Пән бойынша мәліметтер:
Аты: PT 102 Программалау технологиясы:
Сағат саны: Барлығы - 3 кредит , соның ішіндегі: дәрістер – 15 сағат, зертханалық сабақтар – 60 сағатқа жоспарланады.
-
Пәннің өткізілу уақыты:
1 курс, ІІ семестр
-
Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері :
Берілген пәнді зерделеу үшін келесі пәндерді (бөлімдерді) меңгеру қажет:
-
Пән
|
Бөлімдердің атауы
|
Алгоритмдеу және программалау тілдер
|
Толық курсы
|
Информатика
|
Толық курсы
|
Студенттердің бұл пән бойынша алған білімдері келесі пәндерді оқытуда жалғасын табады:
-
Пән
|
Бөлімдердің атауы
|
Деректер қорын басқару жүйелері
|
Толық курсы
|
Ақпараттық жүйелердің негіздері
|
Толық курсы
|
Кодтау теориясы
|
Толық курсы
|
Ақпараттық қауіпсіздік
|
Толық курсы
|
-
Пәннің сипаттамасы:
Пәннің мақсаты.
«Программалау технологиясы» пәнінің мақсаты студенттерді программалық жабдықтарды жасау барысында қажет болатын программалық жүйелерді талдау, жобалау, жүзеге асыру және тестілеу әдістерімен таныстыру, сондай-ақ оларды қазіргі бар, қолданылып жүрген ұстанымдар мен технологиялармен таныстыру болып табылады. Бұл туралы теориялық мәліметтер дәріс сабақтарында қарастырылады. Ал зертханалық сабақтарда, объектіге бағдарланған программалау негіздері туралы білімдерін С++Builder ортасында жұмыс жасай отырып жалғастырады. Мұнда студенттер, программалық қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, программалау стилін. программалаудың сапа көрсеткішін, программаны сынау мен қалыптастыру тәсілдерін, объектілі бағытталған программалаудың негіздерін, жады кластарын, адрестеу мен жадыны үйымдастыруды құру, көрсеткіштерді қолданып программа құру және C++ тілінің программалау ерекшеліктерін пайдалануды үйренеді.
Пәннің міндеттері.
Пәннің міндеттері келесідей: 050703 мамандықтарға қойылған талаптарға, Мемлекеттік стандартқа сәйкес, студенттер пәнді оқу үрдісінде С++ тілін қолданып есептерді алгоритмдеу негіздері, мәліметтер түрлерін, операцияларын Си программалау тілінің операторларын, ішкі операторларды, кіріктірілген /встроенные/ функцияларды, программаны қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, динамикалық құрылымдарды, программалау технологиясы негіздерін, программалық қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, программалау стилін, программалаудың сапа көрсеткіштерін, программаны сынау мен қалыптасытыру тәсілдерін, программалаудың объектілі бағытталған негіздерін, жады кластарын, адрестеу мен жадыны ұйымдастыруды қолданып программа кұруды үйренуі тиіс.
Пәнді оқытуды жоспарлау.
Дәріс сабақтарының жоспарлануы
Апта
№
|
Дәріс сабақтарының тақырыптары
|
Дәрістер (сағ.)
|
1, 2
|
Программалау технологиясы. Негізгі түсініктер мен ұстанымдар. Программалау технологиясының даму кезеңдері.
|
2
|
3, 4
|
Программалық жабдықтардың технологиялық сипаттамаларын анықтау.
|
2
|
5
|
Программалық жабдықтарға және оларды жобалаудағы бастапқы мәліметтерге қойылатын талаптарды анықтау.
|
1
|
6, 7, 8
|
Құрылымдық ұстанымға негізделген программалық жабдықтардың ерекшеліктері.
|
3
|
9,10, 11
|
Объектілік ұстанымға негізделген программалық жабдықтардың ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар.
|
3
|
12
|
Қолданушының интерфейсін құру. Қолданушы интерфейстерінің түрлері және оларды құру кезеңдері.
|
1
|
13
|
Программалық жабдықтарды тестілеу. Программалық жабдықтардың сапасын тексерудің түрлері.
|
1
|
14
|
Программалық жабдықтарды жөндеу. Қателердің классификациясы.
|
1
|
15
|
Программалық жабдықтарды құжаттау. Программаларды құжаттаудың ортақ жүйесі.
|
1
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
15
|
Зертханалық сабақтардың жоспарлануы
Апта
№
|
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
|
Зертхана сабақтар
(сағ.)
|
1
|
Программалауда қазіргі қолданылып жүрген технологиялар. Объектіге бағдарланған программалаудың негізгі қағидалары.
|
4
|
2
|
С++ Buildеr 6 ортасының құрылымы. С++ Buildеr 6 ортасында қосымша құру. Жоба, форма, модуль, ресурс файлдары.
|
4
|
3
|
Негізгі визуалдық компоненттер. VCL кітапханасының компоненттері. Қасиеттері, әдістері және оқиғалары.
|
4
|
4
|
Қосымша құруда тізімдерді пайдалану
|
4
|
5
|
Қосымшадағы ауыстырғыштардың қызметі
|
4
|
6
|
Қосымшадағы терезелердің және мәзірлердің жұмысын ұйымдастыру. Форма және мәзірлер.
|
4
|
7
|
Массивтермен жұмыс жасауға арналған компоненттер.
|
4
|
8
|
Ерекше жағдайларды өңдеу түсінігі. Ерекше жағдайлар класы.
|
4
|
9
|
Wіndows интерфейсінің компоненттерін қолданып файлдарды басқару
|
4
|
10
|
С++ Buildеr 6 ортасындағы графика. Объектіні қозғалысқа келтіру. Анимация.
|
4
|
11
|
С++ Buildеr 6 ортасында деректер қорын құру
|
4
|
12
|
С++ Buildеr 6 ортасында деректер қорын басқару
|
4
|
13
|
QReport парағын пайдаланып есеп беруді ұйымдастыру
|
4
|
14
|
Қосымшаның анықтамалық жүйесін құру.
|
4
|
15
|
Қосымшаны таратуға даярлау. Дистрибутивтер. Орнатушы инсталляциялық пакетті Install Shield Express утилитасы арқылы жасау.
|
4
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
60
|
Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары және тапсыру мерзімі:
Апта
№
|
Өзіндік жұмыстардың тақырыптары және қысқаша мазмұны
|
Тапсырылу мерзімі
|
1
|
Программалауда қазіргі қолданылып жүрген технологиялар. Объектіге бағдарланған программалаудың негізгі қағидалары.
|
1-апта
|
2
|
С++ Buildеr 6 ортасының құрылымы. С++ Buildеr 6 ортасында қосымша құру. Жоба, форма, модуль, ресурс файлдары.
|
2-апта
|
3
|
Негізгі визуалдық компоненттер. VCL кітапханасының компоненттері. Қасиеттері, әдістері және оқиғалары.
|
3-апта
|
4
|
Қосымша құруда тізімдерді пайдалану
|
4-апта
|
5
|
Қосымшадағы ауыстырғыштардың қызметі
|
5-апта
|
6
|
Қосымшадағы терезелердің және мәзірлердің жұмысын ұйымдастыру. Форма және мәзірлер.
|
6-апта
|
7
|
Массивтермен жұмыс жасауға арналған компоненттер.
|
7-апта
|
8
|
Ерекше жағдайларды өңдеу түсінігі. Ерекше жағдайлар класы.
|
8-апта
|
9
|
Wіndows интерфейсінің компоненттерін қолданып файлдарды басқару
|
9-апта
|
10
|
С++ Buildеr 6 ортасындағы графика. Объектіні қозғалысқа келтіру. Анимация.
|
10-апта
|
11
|
С++ Buildеr 6 ортасында деректер қорын құру
|
11-апта
|
12
|
С++ Buildеr 6 ортасында деректер қорын басқару
|
12-апта
|
13
|
QReport парағын пайдаланып есеп беруді ұйымдастыру
|
13-апта
|
14
|
Қосымшаның анықтамалық жүйесін құру.
|
14-апта
|
15
|
Қосымшаны таратуға даярлау. Дистрибутивтер. Орнатушы инсталляциялық пакетті Install Shield Express утилитасы арқылы жасау.
|
15-апта
| -
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі:
-
Иванова Г. С. Технология программирования: Учебник для вузов.- М.: Изд-во МГТУ им. Н. Э. Баумана, 2003- 320 с. /Серия: Информатика в техническом университете/
-
Мұқашева М. Ө. Программалау /С++ Builder 6/. Оқулық. Астана, ЕҰУ -2011 ж.- 375 б.
-
Свердлов С. З. Языки программирования и методы трансляции: Учебное пособие. – СПб.: Питер,2007-638 с.
-
Холингворт, Джаррод, Сворт и др. Borland C++Builder 6. Руководство разработчика.: Пер с англ. – М. : ИД «Вильямс», 2004- 976 с.
-
Синицын С. В., Налютин Н. Ю. Верификация программного обеспечения. - М.: БИНОМ, 2008. — 368 с.
-
Крэг Ларман. Применение UML 2.0 и шаблонов проектирования. Введение в объектно-ориентированный анализ, проектирование и итеративную разработку. М.:Вильямс, 07 – 736с.
-
Грекул В.И. и др. Проектирование информационных систем. 2005 г.- 304 с.
-
Бейзер Б. Тестирование чёрного ящика. Технологии функционального тестирования программного обеспечения и систем. - СПб.: Питер, 2004. — 320 с.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
-
Молчанов А. Ю. Системное программное обепечение. Лабораторный практикум. - СПб.: Питер, 2005.- 284 с.
-
Франке. С++ . Учебный курс.- СПб.: Питер, 2003
-
Архангельский А.Я. Программирование в C++ Bulder. М.: Бином, 2003.
-
Тяпичев Г. А. Быстрое программирование на С++.– .: СОЛОН-Пресс, 2004-384 с.
-
Фокс Дж. Программное обеспечение и его разработка. - М.: Мир, 1985.
-
Бағалау жүйесі
Барлығы – 100% үлеспен (баллмен) бағаланады , оның ішінде :
-
Дәріс сабақтары және зертханалық жұмыстар бойынша үлесі (бақылау жұмысы, аралық тестілеу, коллоквиум, курстық жұмыстар және т.б.) – 60%
-
Қортынды бақылау (емтитхан) бойынша – 40%
-
Пән саясаты және процедуралары
-
сабаққа себепсіз кешікпеу керек, кешіккен жағдайда сабаққа қатысуға рұқсат берілмейді;
-
сабақты себепсіз жібермеу, ауырған жағдайда – анықтаманы, басқа жағдайларда түсініктеме ұсыну керек;
-
зертханалық және өзіндік жұмыстарын, курстық жұмыстарды және рефератты уақытында орындап тапсыру;
-
оқу процесіне белсенді қатысу;
-
курстастармен және оқытушылармен шыдамды, ашық және түсіністік қатынаста болу.
Глоссарий_CASE'>ІІ Глоссарий
CASE (Computer- Aided Software/System Engineering– разработка программного обеспечения/программных систем с использованием компьютерной поддержки) – программалық жабдықтарды/ программалық жүйелерді компьютердің қолдауымен құру;
COM (Component Object Model –компонентный модель объекта) - компоненттік объектілер моделі, бұл - бинарлық программалық компоненттерді (немесе программалық коды екілік форматта жазылған компоненттерді) біріктірудің объектіге бағдарланған технологиясы болып табылады. Бұл технологияның артықшылығы бинарлық деңгейдегі стандартты сақтай отырып кез-келген программалау тілінде, кез-келген ортада жасалған компоненттерді кез-келген программада пайдалана беруге болады
RAD (Rapid Application Development- быстрая разработка приложений)- қосымшалар құруды жылдамдату;
UML (Unified Modeling Language– унифицированный язык моделирования) - модельдеудің унифицацияланған тілі (немесе модельдеудің ортақ түрге келтірілген түрі).
МСТ (мемлекеттік стандарт) – белгілі бір салаларға байланысты ережелерді тағайындайтын мемлекеттік деңгейде қабылданған арнайы құжат.
Верификация - ақырғы өнімнің, яғни программалық жабдықтың, алдын-ала анықталған талаптарға сәйкес жасалғандығын тексере отырып, программалық жабдықтың дұрыстығын дәлелдеу. Программалық жабдықтарды верификациялауда «Хоардың аксиоматикалық семантика әдісі», «Флойдтың индуктивті тұжырымдамалар әдісі» және т.б. арнайы формальды әдістер қолданылады.
Глоссарий – терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сөздігі.
Инкапсуляция- бір объектіге тән барлық қасиеттердің, әдістер мен әрекеттердің капсуланың қызметін атқаратын бір құрылымға немесе типке жинақталуы.
Иерархия – бұл белгіл бір жүйедегі элементтердің бір- біріне бағынышты түрде реттеліп орналасуын білдіреді. Мысалы тума класстардың, түпкі кластарға бағынышты болуын «кластар иерархиясы» немесе «объектілер иерархиясы» деп атайды.
Класс(class)- инкапсуляция, қабылдаушылық және полиморфизм қағидаларына сәйкес анықталатын объектілерді программада сипаттау және қолдану үшін құрылатын жаңа құрылымдық тип. Кез-келген объект белгілі бір кластың өкілі, бір данасы немесе айнымалысы болып есептеледі.
Кроссплатформалы программалық жабдықтар – екі немесе одан да көп түрліше аппараттық платформаларда немесе түрліше операциялық жүйелерде жұмыс жасай беретін программалық жабдықтар. Мысалы, операциялық жүйеге тәуелсіз, яғни Linux және Windows тобына жататын операциялық жүйелердің барлығында дерлік жұмыс жасай беретін C, С++, PureBasic және Free Pascal —кроссплатформалы программалау тілдері болып есептеледі.
Қабылдаушылық- белгілі бір түп-объектіден тарайтын және оның барлық қасиеттерін, әдістері мен әрекеттерін қабылдап алып, сақтап қалатын көп тума-объектілерінің болуы. Тума-объектінің түп-объектіден берілген қасиеттерін, әдістері мен әрекеттерін өзгертуге болмайды, бірақ оны жаңа элементтермен толықтыруға болады және одан тарайтын жаңа тума-объектілер алуға болады. Мұның нәтижесінде объектілердің пайда болуын, қайсысы-қайдан тарайтынынын көрсететін, объектілер /немесе кластар/ иерархиясы пайда болады, оның ең түпкі немесе жоғарғы объектісі TObject класы болып табылады .
Нотация – қандайда болмасын бір ұғымдар мен түсініктерді және олардың арасындағы байланыстарды көрсету үшін, арнайы келісім бойынша қабылданған шартты түрде алынған белгілеулердің жиынтығы. Мысалы, алгоритмдерді көрсетуде мәтіндік нотация (псевдокод) және графикалық нотация (блок- схемалар) қолданылатыны белгілі.
Пакеттер(packages)- бұл визуалдық компоненттер мен басқа да объектілердің, функциялардың және т.б. кітапханаларын біріктіре отырып қамтитын, қосымшаға динамикалық түрде қосылатын DLL модульдің немесе кітапхананың арнайы бір түрі.
Полиморфизм- түрлі объектілердің, нәтижелері әр түрлі болатын, бірақ атаулары бірдей әрекеттерді орындай алуы. Мысалы, Windows терезелерінде ең жиі қолданылатын объектілердің бірі, батырмаларды алатын болсақ, бір терезеде бірнеше батырма тұрады, олардың кез-келгеніне «шерткенде немесе сырт еткізгенде», олар түрліше қызметтерді орындайды
Программалық жабдық (soft) – қандайда болмасын белгілі бір саланың есептерін шешуге арналған, программалау тілдерінің бірінде жүзеге асырылған компьютерлік программалардың жиынтығы. Программалық жабдықтар қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің негізгі бөлігі, құраушысы болып табылады.
Программалық жабдықтың өмірлік циклы- оны құру туралы идеяның пайда болған уақытынан бастап, оны жасаған фирманың программалық жабдықты әрі қарай қолдап жетілдіруді тоқтатқанға дейінгі уақыты.
Программаның интерфейсі - қолданушы мен программалық жабдықтың арасындағы қатынас, байланыс. Мысалы, Windows операциялық жүйесінің интерфейсі- қолданушыға өте ыңғайлы графикалық интерфейс (Graphical User Interface, GUI), кейде оны «визуальды интерфейс» деп те атайды.
Программалау технологиясы - программалық жабдықтарды жасау процесінде қолданылатын қолданылатын арнайы әдістер мен құралдардың жиынтығы.
Техникалық тапсырма- программалық жабдықты құру мақсаттары, оған қойылатын талаптар, жасау уақыты мен кезеңдері, тапсырыс берушіге өткізу мерзімі және т.б. көптеген мәліметтер қамтылған, программалық жабдық туралы толық мәлімет беретін құжат. Техникалық тапсырманы жасауға тапсырыс беруші де және оны орындаушы да қатысуы керек.
ЭЕМ (электронды есептеуіш машина) – қазіргі дербес компьютерлердің бұрынғы атауы.
Достарыңызбен бөлісу: |