Басқарушылық концепция және басқарушылық модель.
Басқару әдістері – белгілі жетістікке жету үшін басқару субъектісінің объекке ықпал жасау тәсілдер жүйесі. Басқару әдістерінің теориялық негізі терең және жинақты жұмысты талап етеді. Себебі, басқарудың неғұрлым белсенді және әрекетті құралы дұрыс қолданбаған жағдайда жұйе нәтижелерге соқтырады. Бұл басқару механизмінің дұрыс қалыптаспаған немесе диформацияланбаған кезінде қиындай түседі. Басқару әдістері классификациясында бірнеше әдістемелер бар. Дегенмен, адамдарға және ұжымға олардың мүддесінен шығатындай белгілі басқару әдістерін қолдану керек. Сондықтан, ықпал ету классификациясына назар аудару керек: экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік - психологиялық. Берілген классификациялардың негізгі болып жұмысшылардың еңбекке жеке ынтасы; олардың мүддесі мен қажеттіліктері табылады. Осы әдістер адамдардаң мінез-құлқын анықтайды: -экономикалық әдіс; -ұйымдастырушылық-жіктеу әдістері; -әлеуметтік – психологиялық әдістері. 2 Басқарудың экономикалық әдісі..Басқарудың экономикалық әдістері - бұл экономикалық ынталар мен жетістіктер жиынтығы, өндіріске тікелей емес, жанама әсер етеді, қоғамға керекті бағытта кәсіпорын жұмыскерлердің қызметін ұйымдастыру. Экономикалық әдістер жүйесі өзіне 2 үлкен топты қамтиды: орталықтандырған тікелей есеп айырысу және шаруашылық есеп айрысу. Басқарудың экономикалық әдістер жүйесі барлық шаруашылық жетіктерге сүйенеді: жоспарлау, экономикалық талдау, экономикалық ынта және т.б. 3.Басқарудың ұйымдастыру – жіктеу әдістері.Басқару әдістер жүйесінде ұйымдастырушылық – жіктеу әдістері ерекше орын алады. Олар өзіне басқару субъектісіне объективті ықпал ету тәсілдерін күш және билік беделіне негізделіп қамтиды - заң, жарлық, қаулы, бұйрық, ұйғарым, нұсқау және т.б. Бұл әдістер басшы мен қызметкердің әрқайсысының міндеттерін, құқықтарын, жауапкершілігін анықтайды, сонымен қатар басқарудың әр деңгейі мен звеносына қатысты. Олар жоғарыда тұрған билеушілердің мүддесін орындалуына қызметкерлердің персоналды жауапкершілігімен қамтамасыз етуі керек. Ұйымдастырушы - жіктеу әдістерінің негізі – кез келген қоғамда бар, кез келген әлеуметтік - экономикалық жүйеде бар ұйымдастырушылық қатынастар. Сол тарапта басқарудың неше түрлі қатынастары қалыптасады. Кез келген нақты ұйымдастырушылық қатынастар - бұл өзіне құқықтық қатынастарды және жауапкершілік, билікті қамтитын субъективті - объективті қатынастар.
Достарыңызбен бөлісу: |