Басылым: бесінші



бет1/2
Дата04.10.2023
өлшемі156.6 Kb.
#479708
  1   2
Практика 1





Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Басылым: бесінші




1 практикалық жұмыс
Тақырыбы: ACCESS (Деректер базасын басқару жүйесі) -мен танысу
Мақсаты: ACCESS-ті (Деректер базасын басқару жүйесі) жүктеуді үйрену, деректер базасы құрылымымен танысу, кестелерді құруды үйрену, кестеге мәліметтер енгізіп және оларды қарап шығуды үйрену.


Тапсырмалар
1. Группа/Подгруппа атымен мәліметтер базасын құрыңыз(мысалы,ИСКО201).
2. КУРС кестесін құрыңыз. Кестені Конструктор режимінде құрыңыз.
КУРС кестесі



Валюталар
индексі

Валюталар аты

Саны

Теңгеге
шаққанда
01.01.07

1

AUD

Австралийский доллар

1

91.14

2

ATS

Австралийский
шиллинг

1

10.95

3

GBP

Английский фунт

1

231.28

4

USD

Доллар США

1

126

5

EUR

ЕВРО

1

167



3. Фирма қызметкерлері кестесін құрыңыз. Мастер режимінде кестені құру.


Материалдар мен құрал-жабдықтар Access бағдарламасы Жұмыстың орындалу реті

  1. Теориялық материалды игеру

  2. Жұмыстың орындалуы

  3. Есеп беру

Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы

  1. Бағдарлама мәтіні.

  2. Тестілеу нәтижесі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.



Глоссарий
Access деректер базасы құрылымы
Деректер базаларына қызмет етуші программалар көмегімен (мысалы, ACCESS ) деректерді арнайы түрде сақтауға, олардан керекті деректерді таңдауға және берілген критерийлер бойынша деректерді іздеуді орындауға болады.
Access обьектілері
Кесте - мәліметтерді жазбалар(жолдар) және өрістер(бағандар) түрінде сақтауға арналған обьект. Әдетте әрбір кесте нақты бір сұрақ бойынша мәліметтерді сақтауға арналған.
Сұраныс - бір немесе бірнеше кестелерден керекті деректерді алуға мүмкіндік беретін обьект.
Форма- негізінен деректерді енгізуге арналған обьект. Формада деректердің басқару элементтерін кестелер өрістеріне орналастыруға болады. Есеп - Microsoft Access деректер қорының деректерді баспаға шығаруға арналған обьектісі.
Макростар - бұл макрокомандалар. Макрокоманда - бірнеше командалардың бір командаға біріктірілуі және оған клавиштар комбинациясы белгіленген.
Модульдар - бұл Visual Basic тілінде жазылған бағдарламалық процедуралар.


Кестелер
Барлық деректер қоры бір немесе бірнеше кестелерден тұрады. Кесте-жазбалар жиынтығы. Кестедегі бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар -жазбалар деп аталады. Кестедегі жазбалар саны қатты диск сиымдылығымен шектеледі. Жазбадағы бар өрістер саны - 255 болады. Әрбір кестенің бірден-бір аты болады. Деректер базасындада әрбір үлкен элементтер жиынтығы үшін бөлек кесте болуы керек, мысалы, қызметкерлер туралы, клиент сұраныстары туралы жазбалар үшін. Бірнеше кестелерде мәліметтерді қайталауға болмайды.
Кестелерді үш түрлі тәсілмен жасауға болады:

  • Мастер көмегімен;

  • Конструктор режимінде;

• Кесте режимінде мәліметтерді енгізу және өрістерді анықтау.


Өрістер


Өріс- берілген обьектінің белгілі бір атрибутының мәні, мысалы клиент фамилиясы, кітап аты, оқиға мерзімі және т.б. Өріс параметрлері:

  • өріс аты 64 символға дейін болады (әріптер, цифрлар, пробелдар);

  • мәліметтер типі (стандартты немесе қолданушымен анықталған);

  • өріс қасиеттері;

  • өріс мазмұны.

Мәліметтер құрылымының көпшілігі кестелік құрылымды болып келеді. Өріс - бұл кестенің элементі. Әрбір өрістің аты болады. Өрістің типі болады.
Өрістер типтері :

  • Мәтіндік (Текстовый) - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі;

  • Сандық (Числовой) - нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі; Мерзімі/Уақыты (Дата/Время) - күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытты сақтауға арналған мәліметтер типі

  • Ақшалық (Денежный) - қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі;

  • OLE обьектілер өрісі (Поле обьектов OLE ) әртүрлі обьектілерді (картинкалар, клиптер және т.б) сақтауға арналған мәліметтер типі;

  • MEMO өрісі (Поле MEMO) - (65535 символға дейінгі) үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі;

  • Санауыш (Счетчик) - жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі;

  • Логикалық - логикалық мәліметтерді сақтауға арналған мәліметтер типі.



Жазбалар.
Жазба - белгілі бір обьект туралы толық мәліметтер жиынтығы. Жазба-кестенің жолы. Әрбір жазба бөлек өрістерден тұрады. Бір жазбаны екіншісінен айыру үшін кестеге бірінші кілт өрісін қосамыз.
Бірінші кілт - әрбір жазба үшін бірден-бір идентификатор (мысалы, компонент шифры, тауар коды). Бірінші кілт ұқсас деректерді айыру үшін қызмет етеді. Сонымен бірге деректерді біріктіру үшін қызмет етеді. Және оның көмегімен бір кестені екіншісмен байланыстыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет