Баскөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы және 2016 жылға міндеттері туралы тезисі Қазақстан Республикасының Президенті Н. А. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсім



Дата23.02.2016
өлшемі51.28 Kb.
#7841
Баскөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы және 2016 жылға міндеттері туралы

тезисі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатында округте 10 адамнан тұратын ақпараттық- насихаттау тобы жұмыс істейді, жұмыс жоспары, тұрғындармен кездесу кестесі дайындалып, тұрғындармен кездесулер өткізілді. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыра отырып 2015 жылдың 12 айында біршама маңызды жұмыстар атқарылды, ауылдық округтің дамуы үшін негізгі міндеттер қойылды: елді мекендерді абаттандыру, әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстарын жүргізу. Ауылдық округ тұрғындарының саны- 1834 адам, аула саны – 497.

Ауыл шаруашылығы

2015 жылы мал басының саны – 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда: ІҚМ 384 басқа азайып, 3630 басты құрады, қой мен ешкі 1031 басқа өсіп, 6608 басты құрады, жылқы 264 басқа өсіп, 1277 басты құрады, шошқа басы 2014 жылдың көрсеткішіне сәйкес 96 басты құрады. Ауыл шаруашылығының өндірілген өнімі ет 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға өсіп, 9015 ц құрады, сүт 1,2 пайызға өсіп, 57207 ц, жұмыртқа 1,3 пайызға өсіп 554248 дананы құрады. 2015 жылы шаруа қожалықтарымен егілген егіс алқабы 2476,4 га, алынған астық көлемі гектарына 9,1 цн шықты,

Негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 1900,0 мың теңгені құрады, 2015 жылдың шілде айында «Башкуль» ЖШС 6 бас қазақтың ақбас тұқымды бұқасын сатып алды. Округте мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындауда «Агробизнес - 2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы АӨК мемлекеттің қолдауымен округтің шаруа қожалықтары мен «Башкуль» ЖШС 14,910 мың теңгенің субсидияларын алды.

Шағын және орта бизнес

Ауылдық округтің аумағында 10 дүкен, 1 дүңгіршек, 1 дәріхана, 1 ЖЖС, 1 көлік жөндеу стансасы, 1 ауыл шаруашылық техникасын жөндейтін шеберхана қызмет көрсетеді. Округ бойынша шағын кәсіпкерлік саласында 44 адам жұмыс істейді, 2015 жылы 5 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Округ тұрғындарын әлеуметтік ұнмен қамтамасыз ету мақсатында, тұрақтандыру қорынан 27,5 тонна ұн шығарылды.



Инфраструктура – абаттандыру бойынша: Ағымдағы жылы қоқсықтарды үю, қаңғыма иттерді аулау, елді мекендердің көшелеріне санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 1600,0 мың теңгеге Қарағайлы ауылындағы орталық саябаққа қоршау жүргізіліп, саябақтың ішіне балалардың ойын құрылғылары орнатылды. Башкөл ауылында 80 орындық мектеп пайдалануға берілді. Округтің елді мекендерінінің көшелерінде – 98 фонарь орнатылған, көше фонарларына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Семей орманы» Бөкебай филиалы сәуір айында Қарағайлы ауылына жақын маңда 50 мың дана қарағай көшеттерін отырғызу арқылы «ҚАЗАҚСТАН-2050» жазуын жазды.

2015 жылға жергілікті салықтарды жинау сомасы 1385,4 мың теңгені құрады. Қосымша кіріс көздері бойынша, мүлікті жалға беруден округ әкімінің қолма –қол ақшаны бақылау шотына –133989 теңге қаражат түсті. Жергілікті қоғамдастық өкілдері жиналысының шешімімен, түскен 133989 теңге қаражатқа Қарағайлы ауылындағы саябаққа орындықтар, қоқсық салатын ыдыстар сатып алынды.



Әлеуметтік қамсыздандыру

Округте төменқамтылған отбасыларының саны – 9, оның ішінде балалар саны -28, 6 -төменқамтылған отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алады. Округте «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыруда 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 11 адам тартылды, 2014 жылы -9 адам тартылды. 24 жаңа жұмыс орыны құрылды, 75 адам Морозов және Бөкебай филиалдарына маусымдық жұмыстарға орналасты. Жастар тәжірибесіне 1 маман жіберілді. Кәсіптік білім алуға округтен 4 адам веттехник, аспазшы мамандығына оқуға жіберілді. 3 отбасы «Өрлеу» бағдарламасына тартылды.



Білім беру Округте екі орта білім беретін мектеп бар, 52 мұғалім жұмыс істейді, 318 оқушы білім алады. ҰБТ – дің орташа балы-61,5 балды құрады, 2014 жылы -67,5 бал. Мектептерде төменқамтылған отбасыларының балаларына және 1-4 сынып оқушыларына барлығы 112 балаға тегін ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. Тегін тамақпен төменқамтылған отбасыларынан 28 бала қамтылған. «Мектепке жол» акциясы аясында округтің шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер жалпы сомасы 85 мың теңгеге төмен қамтылған, көпбалалы отбасыларының 15 баласына оқу –құралдары, мектеп формасымен көмек көрсетті. Ауылдық округтің жастары округтің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді түрде қатысып отырады. Волейбол, баскетбол, мини-футбол, жеңіл атлетика секциялары жұмыс істейді. Округтің футбол командасы аудан біріншілігінде 1 орын алды, шағын футболдан Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің командасы аудандық жарыстарда 1 орынды иеленді.

Денсаулық сақтау

Ауылдық округте 1 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік пункт, жедел- жәрдем көлігі бар. Округ бойынша 2015 жылы – 18 бала дүниеге келді, өлім жағдайы – 16 адам. Ана және сәби өлімі, туберкулезден алғаш науқастану және қайтыс болу тіркелмеген, кеселді ісікпен науқастану -1 жағдайды құрайды. Республикалық «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша скрингтік тексеруден өтті, жыл сайын округтің елді мекендерге жылжымалы флюрограф келіп отырады. Ағымдағы жылы 758 адам флюрографиялық тексеруден, 100- адам ФГДС тексеруінен өтті.

2015 жылдың айтулы мерейтойларына арналған іс- шаралар кең көлемде жүргізілді. Ұлы Жеңістің 70- жылдығы аясында «Жеңіс керуені» акциясы өткізілді, Қарағайлы, Башкуль ауылдарындағы ескерткіш тақталар жаңартылды, округтің тұрғындары, кәсіпкерлер мен ш/қ басшылары 415 мың теңгенің демеушілік көмегін көрсетті. Бесқарағай ауданының құрметті азаматы, ҰОС ардагері С.Бутинбалин атындағы Бесқарағай ауданының ардагер ойыншыларының командалары арасында жыл сайынғы өткізілетін волейбол турнирі өткізілді,турнирдің демеушісі «Тасқұдық» ш/қ басшысы Бутинбалин Бауыржан. «Тайгуль» ш/қ басшысы Мұратбек Токоманов және «Қанағат» ш/қ басшысы Ерлан Елюбаевтың және тұрғындардың қатысуымен 50 мың теңге қаражатқа Қарағайлы ауылының мәдениет үйіне жазғы су құбыры тартылды. Жыл көлемінде ауылдық округте мәдени және спорттық іс- шаралар тұрақты өткізіліп отырады.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында округ бойынша тұрғындардың және жерлестеріміздің қатысуымен жалпы сомасы 2 млн 460 мың теңге қаражатқа келесі іс- шаралар өткізілді: Ербулат Айтжанов жалпы сомасы 1 млн 800 мың теңгеге Бөкебай филиалының орман аумағында округ тұрғындары үшін орындықтар орнатып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, демалыс орынын ұйымдастырды.



Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік 2015 жылдың көлемінде округте 10 қылмыс тіркеліп, 9 ашылған. Округтің қоғамдық саяси жағдайы тұрақты, экстремизм фактілері тіркелген жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілді. 2015 жылы округте сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтар тіркелген жоқ.

2015 жылғы округ әкімімен кездесу барысында ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныс- пікірлер: Техникалық жөндеу шеберханасына электр энергиясын қосуға көмек көрсету туралы, Башкуль ауылының Целинная көшесіндегі электр қуатының нашарлығы туралы, Мәдениет үйінің су құбырын жөндеу туралы. Барлық ұсыныс – ескертпелерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілді.



2016 жылға қойылған міндеттер:

- «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша округте ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету,

- мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жұмыстарды жүргізу, мал басы санының және мал шаруашылығы өнімдерінің өсуі,

- Қарағайлы ауылындағы саябақты абаттандыру жұмыстарын жүргізу,

- Башкуль ауылындағы Шабра саябағына абаттандыру жұмыстарын жүргізу,

- қосымша кіріс көздерін анықтауға бағытталған жұмыстарды жүргізу.



Баскөл ауылдық округінің әкімі Н.Балыкбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет