Аудан шаруа қожалықтарының назарына!!!
2015 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал өнімдерінің сапасы мен өнімділігін арттыруды субсидиялаудың қағидалары ҚР Ауыл шаруашылығы Министрі А.Мамытбековтың 19.11.2014 жылғы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілді.
1.Мал шаруашылығын субсидиялаудың 2015 жылға арналған жаңа қағидалары бойынша төмендегі бағыттар субсидияланады:
- Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша:
1) Асыл тұқымды ірі-қара малдарын сатып алу.
2) Асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді сатып алу.
3) Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары (ірі-қара, қой)
4) қоғамдық табындарда асыл тұқымды бұқаларды пайдалану, қосу
- Мал өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру бағыты бойынша:
1) Бірінші деңгейлі мал бордақылау алаңдарына өгізшелер өткізу.
2) Сиыр, жылқы, қой етінің құнын арзандатуға
2. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары бойынша төленетін субсидия мөлшері:
- 1 бас сиырға 18000 тенге
- 1 бас асыл тұқымды сиырға 20 000 тенге
- 1 бас қоғамдық табында пайдаланылған бұқаға – 104000 тенге
- 1 бас саулық қойға – 1500 тенге
3. Сатып әкелінген 1 бас асыл тұқымды малдың басына:
- ірі-қара – 154000 тенге
- қой -8000 тенге
- жылқы – 40000 тенге
- түйе – 37000 тенге
4. Мал өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру бағыты бойынша төлем мөлшері:
- өндірілген 1 кг сиыр еті үшін:
а) 1 деңгей 300 тенге
б) 2 деңгей 170 тенге
в) 3 деңгей 100 тенге
- өндірілген 1 литр сиыр сүті үшін:
а) 1 деңгей 25 тенге
б) 2 деңгей 15 тенге
в) 3 деңгей 10 тенге
5. – өндірілген 1 кг қой еті үшін
1 деңгей 200 тенге
2 деңгей 100тенге
-
Өндірілген 1 кг қойдың биязы жүні үшін 130 тенге
-
Өндірілген 1 кг жылқы еті үшін 92 тенге
-
Өндірілген қымыз үшін 60 тенге
-
Өндірілген 1 литр шұбат үшін 55 тенге
6. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының бағыты бойынша қойылатын талаптар мен өлшемдер.
1) ірі –қара малдарымен селекциялық және асылдандыру жұмыстарына:
- барлық малдардың ИСЖ және ИАС базаларында болуы қажет
- Аталық малдарды 2 мерзімнен артық пайдаланбау
- тексіз аталық малдарды піштіру
- шаруашылықтағы өткен жылдың алынған өгізшелерінің 50 пайызынан кем емес санын I- I I деңгейлі мал бордақылау алаңдарына өткізуі қажет
- Асыл тұқымды шаруашылық үшін қосымша :
- Асыл тұқымды малдардың Республикалық Палатада тіркеуде болуы
- консалтингтік қолдаудың болуы
7) Қой малдарымен селекциялық және асылдандыру жұмыстарына:
- Барлық қой малдарының ИСЖ және ИАС базасында болуы
- 1.01 күнге аналық мал басының 300 бастан кем болмауы
- 30 бас аналыққа 1 бас аталық қошқарлардың болуы
- Аталық қошқарларды 2 мерзімнен артық пайдаланбау
- тексіз аталық малдардың табында болмауы, піштірілуі қажет
- асыл тұқымды шаруашылықтар үшін қосымша:
- малды қолдан ұрықтандыру керек
- консалтингтік қолдаудың болуы
8. Сатып алынатын асыл тұқымды малдардың жасына қойылатын талаптар:
- ірі-қара - құнажындар 18 айдан аспауы
- бұқалар 18-26 ай аралығында
- қой малдары –тұсақ малдар 18 айға дейін
- еркек тоқтылар 18 айға дейін
- жылқы малдары – байталдар 3 жылға дейін
- айғырлар 5 жылға дейін
- түйелер – інгендер 3 жылға дейін
- буралар 5 жылға дейін
9. Қой етін өндіргені үшін субсидия алу үшін
I деңгей үшін шаруашылықта:
2015жылдың 1 қаңтарына күнге аналық малы 100 бастан кем болмауы
I I деңгей үшін 2015 жылдың 1 қаңтарына аналық малы 300 бастан кем болмауы қажет.
10. Жылқы етін өндіргені үшін субсидия алуға 1.01.2015 күнге аналық биелердің саны 75 бастан кем болмауы
11. Қымыз өндіргені үшін субсидия алу үшін
1. 1.01.2015 күнге аналық бие малдарының басы 35 бастан кем болмауы керек
2. Қымызды бутылкаға қуятын цех болуы қажет.
Осы мал шаруашылығын субсидиялау қағидалары бойынша қажетті қосымша мағлұматтарды аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінен анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |