Қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Ережесі Жалпы ереже



бет1/3
Дата01.07.2016
өлшемі4.64 Mb.
#170551
  1   2   3




Қарағанды облыстық әкімдігінің

2013 жылғы _________ № ______

қаулысына қосымша

Қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру

Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Қағида абаттандыру саласындағы бiрыңғай және орындалуы мiндеттi нормалар мен талаптарды белгiлейдi, Қарағанды облысында аумағындағы елді мекендерінде жер учаскелерiнiң, ғимараттардың, құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үшiн аудан аумағын тазалау және күтiп ұстау тәртiбiн анықтайды.

2. Қағида Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, облыс аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау және күтiп ұстау жағдайына талаптарды анықтайтын Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері, құрылыстық және санитарлық қағидалары мен нормалары негiзiнде әзiрленген.

3. Аумақты абаттандыру және санитарлық күтiп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қала және аудан әкiмдерiне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары мәселелерiн қарастыратын аудан әкiмдiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiне, кондоминиум объектiсiн басқару мақсатында құрылған көп пәтерлi тұрғын үйлердегi үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң коммерциялық емес бiрлестiктерi, өзiн-өзi басқару органдарына, ғимараттар, құрылыстар, жер учаскелерi иелерiнiң және (немесе) жер пайдаланушыларға жүктеледi.
2. Осы Қағидада қолданылатын негiзгi

ұғымдар мен түсiнiктер
4. Алаңның жаяу жүретін бөлiгi – жаяу жүргiншiлер қозғалысына арналған алаң кеңiстiгi және учаскелер, алаңның барлық аумағы (өкiлдiк және мемориалдық) немесе оның бөлiгi (объект маңындағы) арқылы көрсетiлуi мүмкiн.

5. Аумақты санитарлық тазалау – қатты тұрмыстық қалдықтарды және iрi көлемдi қоқыстарды жинау, шығару және қайта өңдеу (зарарсыздандыру).

6. Бекiтiлген аумақ – көрiктендiру және санитарлық күтiп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру кезiнде бекiтiлген аумақ субъектiлерiнiң келiсiмi бойынша кент және ауылдық округ әкiмдерi беретiн аумақты абаттандыру паспортында көрсетiлген санитарлық тазалау және жинастырылатын жер учаскесi (аумақты көрiктендiру паспортының формасы осы Қағидаға қоса ұсынылады).

1) кент немесе ауыл аумағында бекiтiлген нысандар болып табылатындар: ауыл және кент көшелерi жағындағы бөлiнген учаскелер шекарасынан, өтпе жол шетiмен шектелген аумақ iшкi кварталдық аумақтың учаскелерi; ауланың iшкi аумағы - шағын сәулет түрлерiн, балаларға арналған, кiр жаятын, қоқыс жәшiктерi орналасқан алаңшаларды, автокөлiк тұрақтарын, декоративтiк құрылыстарды, үйге кiреберiс жолдарды, аулаға кiреберiс жолдарды орнату үшiн пайдаланылатын жерлер (бiр аулада бiрнеше жер пайдаланушылар болса, онда бекiтiлген аумақ шекаралары пайдаланылатын аумақ шекараларына сәйкес, немесе тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi), сақтауға және жинақтауға уақытша пайдаланылатын аумақ, бөлiнген және iргелес аумақ, инженерлiк желiлердiң қорғалатын аймақтарының аумағы;

2) жеке, сонымен қатар заңды тұлғалар бекiтiлген аумақтың субъектiлерi болып табылады: кондоминиум объектiсiн басқару мақсатында құрылған көп пәтерлi тұрғын үйлердегi үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң коммерциялық емес ұйымдары, ғимараттар мен құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары, жер учаскелерiнiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары.

7. Абаттандыру паспорты – аумақтар бекітілген субъектілерге (бекітілген субъект келісімі бойынша) жеке және заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы мен орналасқан мекенжайы, басшының телефоны, тегі, аты, әкесінің аты , салықтөлеушінің есеп нөмірі, ҚҚТ шығаруға арналған келісім шарттың болуы, қатты жабындылар, гүлзарлар аумағы, тағайындалған және бекітілген аумақтағы ағаштар, қылқанжапырақтылар саны, шағын сәулер пішінінің болуы, аула тазалаушылар (адам саны) немесе ауаумақты тазалауға арналған келісім шарттың болуы көрсетілген қалалар мен аудан әкімдіктерінің беретін құжаты. Егер паспортта көрсетілген мәліметтер өзгертілсе, заңды тұлғаның (жеке тұлға) басшысы қала немесе аудан әкімі аппаратын хабардар етеді де абаттандырудың жаңартылған паспортын алады.

8. Бөлiнген аумақ – Қазақстан Республикасының жер заңнамасының тәртібімен белгiленген жеке және заңды тұлғаларға ұсынылған аумағының бөлiгi.

9. Ғимараттың қасбетi – ғимараттың немесе құрылыстың сыртқы жағы.

10. Демалатын аумақтар – халықтың демалу орындарын ұйымдастыруға және жайластыруға арналған, саябақтар және скверлер, су қоймалары, жағажайлар, ландшафт сәулет объектiлерi, сондай-ақ уақыт өткiзетiн және сауықтыру мақсатындағы басқа да орындарды қамтитын ортақ пайдалану орындары.

11. Жасыл көшеттер – жасанды және де табиғи текті ағаш, ағаш-бұта, бұта және шөп өсiмдiктерi.

12. Жаяу жүретін аймақтар – серуен және мәдени – тұрмыстық, транзиттiк қозғалыс мақсатында халықтың қозғалысы жүзеге асырылатын және белгiлi - бiр сипаттамалары: жылдам көшеден тыс және жер үстi қоғамдық көлiк аялдамаларының болуы, қызмет көрсету, тарих және мәдениет ескерткiштерi, демалыс объектiлерiнiң көп шоғырлануы және жаяу жүргiншiлер ағынының жоғары жиынтық жиiлiгi бар аумағының учаскелерi. Жаяу жүретін аймақтары жаяу жүретін көшелерде, аудан алаңдарының жаяу жүретін бөлiктерiнде құрылуы мүмкін.

Жер учаскесiнiң иесi және (немесе) пайдаланушысы - аудан шегiнде жер учаскесiн пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлға.

14. Жолдарды күтiп ұстау - нәтижесiнде жолдың, жол құрылыстарының, жолға бөлiнген белдеулердiң, жолды жайластыру элементтерiнiң көлiктiк-пайдалану жағдайын қолдау, қозғалыс қауiпсiздiгi және ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстардың кешенi.13.

15. Көгал – шөптер, гүлдер, ағаштар мен бұталарды көшеттеудi қамтитын көрiктендiрудiң жасанды құрылған элементi.

16. Көрiктендiру – жер үстiн жабу құралдарын, декоративтiк көгалдандыру және суландыру, күрделi емес құрылыстар, шағын сәулет түрлерi, сыртқы жарықтандыру, көрнекi ақпарат, жарнама және басқа да құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын аудандық ортаның қауiпсiздiгiн, ыңғайлылығын және көркем мәнерлiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған заңды және жеке тұлғалардың бөлiнген аумақ шекарасындағы қызметi. Осы қызмет аумақты жинастыруды, көрiктендiру нысандары мен элементтерiн пайдалану, санитарлық ұстау, жөндеу және қорғауды ұйымдастыруды көздейдi.

17. Көшелердің санаты - көшелер және өтпе жолдарды көлiк қозғалысының қарқындылығына және олардың пайдаланылуы мен күтiп ұсталуына қойылатын ерекшелiктерге байланысты жiктеу.

18. Қатты тұрмыстық қалдықтар (әрi қарай - ҚТҚ) – тұтынудың тұрмыстық қалдықтары, өндiрiс немесе тұтыну барысында пайда болған шикiзат, материалдар, жартылай өңделген өнiм, басқа да бұйымдар немесе өнiмдердiң қалдықтары, сондай-ақ жапырақтар, бұтақшалар және сыпырындыдан басқа өзiнiң тұтыну қасиеттерiн жоғалтқан тауарлар (өнiмдер).

19. ҚТҚ және iрi көлемдi қоқыстарды қайта өңдеу (зарарсыздандыру) – адамның денсаулығы және қоршаған ортаға зиянды әсердi болдырмау мақсатында мамандандырылған қондырғыларда әр түрлi технологиялық әдiстер арқылы ҚТҚ және iрi көлемдi қоқыстарды өңдеу.

20. Өтпе жол - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға және басқа да кент iшiндегi құрылыс объектiлерiне көлiк құралдарының өтуiн қамтамасыз ететiн жол элементi.

21. Пайдаланушы – меншiк иесi өзiнiң мүлкiн жалдау, жалға алу, шаруашылық жүргiзу, жедел басқару және (немесе) заңнамамен немесе шартпен қарастырылған басқа да негiздерде тапсырған тұлға.

22. Рұқсат етiлмеген қоқыс үйiндiсi - өндiрiс және тұтыну қалдықтарының оларды өздiгiнен (рұқсат етiлмей) тастау (орналастыру) немесе жинау нәтижесiнде қалдықтардың жиналуы.

23. Сұйық тұрмыстық қалдықтар (әрi қарай - СТҚ) – лас сулар және жуындылар.

24. Сыртқы жарнама және ақпарат құралдары – сыртқы жарнама және ақпаратты тасымалдауға арналған құрылымдар, құрылыстар, техникалық құралдар, көркем элементтер және тасымалдағыштар.

25. Сыртқы (көрнекi) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектiлерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiндегi және елдi мекендердегi үй-жайлардың шегiнен тыс ашық кеңiстiкте орналастырылған жарнама.

26. Сыртқы көрiктендiру объектiлерi – кешендi көрiктендiру қызметi жүзеге асырылатын кез келген аумақ: алаңшалар, аулалар, функционалдық-жоспарлық құрылымдар, аудандар мен ықшам аудандардың аумақтары, тұтас кент, сондай-ақ бiрыңғай қала құрылыстық регламенттеу (қорғалатын аймақтар) немесе көрнекi-кеңiстiктiк қабылдау (құрылысы бар алаң, iргелес аумағы және құрылысы бар көше) принципi бойынша бөлiнетiн аумақтар.

27. Тротуар – жолдың жүру бөлiгiне жанасатын немесе одан көгал немесе арық жүйесiмен бөлiнген, жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына арналған жол элементi.

28. Шағын сәулет түрлері – декоративтiк сипаттағы және пайдалануға жарамды сипаттағы объектiлер: мүсiндер, субұрқақтар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, шатырлар, орындықтар, жәшiктер, балалардың ойнауына және ересек адамдардың демалуына арналған жабдықтар мен құрылымдар. Шағын сәулет түрлеріне сонымен қоса: қоғамдық кеңiстiктер, демалыс орындары және аулалар аумағында орналасқан демалуға арналған орындықтардың жазғы кафе, үстел ойындарына арналған алаңшаларда – орындықтар мен үстелдердiң әр түрi жатады.

29. Iргелес аумақ – көрiктендiру паспорттарына сәйкес бекiтiлген жеке және заңды тұлғалардың меншiгiнде және (немесе) пайдалануындағы сауда, жарнама және басқа объектiлерге, ғимарат, құрылыс, құрылыс алаңының қоршауы периметрiне және (немесе) жер учаскесiнiң шекарасына тiкелей жанасатын жалпы пайдаланудағы аумақ.

30. Iрi көлемдi қоқыстар - өзiнiң тұтыну қасиеттерiн жоғалтқан, өздерiнiң көлемi бойынша арнаулы қоқыс жинайтын машиналармен тасымалдауға келмейтiн қолданыстың және шаруашылық қызметiнiң қалдықтары.
3. Жалпы талаптар
31. Заңды және жеке тұлғалар және барлық меншiк түрiндегi тұлғалар бөлiнген және белгiленген аумақ шегiнде сәулет, санитарлық, экологиялық талаптарға сәйкес өз қаражаттары есебiнен тазарту, қажеттi жайластыру, сондай-ақ көрiктендiру объектiлерi мен элементтерiн күту, күтiп ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргiзедi.

32. Коммуникацияның барлық түрлерiне қызмет көрсететiн шаруашылық субъектiлерi сәйкес коммуникацияларды күтiп ұстауы және уақтылы жөндеуi, жөндеуден кейiн бүлiнген жабындар мен элементтердi қалпына келтiруi қажет.

33. Заңды және жеке тұлғалар инженерлiк коммуникацияларды төсеу, жөндеу және қайта құруға байланысты жұмыстарды жол жабындарын, тротуарлар, көгалдар және басқа да объектiлер, абаттандыру элементтерi мен инженерлiк құрылымдарды бүлдiру жолымен тек тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары саласындағы өкiлеттi орган берген жазбаша рұқсаты (ордерi) болған кезде ғана жүргiзе алады. Ордерге бұзылған жабындыны қалпына келтіру мерзімдері мен шарттары және оларды абаттандыру туралы талаптар енеді.

34. Жеке және заңды тұлғаға рұқсат (ордер) алу үшін келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес өтініш;

Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес екі данадағы жер жұмыстарының өндірісіне арналған ордерді берудің келісім шарт бланкісі;

Қағиданың 4 қосымшасына сәйкес ордер бланкісі;

Барлық келісімдермен белгітүсірілімінің көшірмесі;

Инженерлік коммуникациядағы ойым нүктесімен техникалық шарт көшірмесі;

Мердігерлік жұмыстарға арналған келісім шарт көшірмесі;

Мердігер жұмыстарын жүргізетін ұйым лицензиясының көшірмесі;

Егер бұзылған жерлері болса, асфальтбетондыжабындыны қалпына келтіруге арналған келісім шарт көшірмесі;

Заңды тұлғалар үшін қосымша тапсырылатын көшірмелер: салықтөлеушінің тіркеу нөмірі, мемлекеттік тіркелу туралы куәлік, кәсіпорын немесе ұйымның статистикалық карточкасы;

Жеке тұлғалардың қосымша тапсыратын көшірмелері: салықтөлеушінің тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітапшасы, жеке куәлік.

Жер жұмыстарын (құрылыс, жөндеу) жүргізуге рұқсат (ордер) беруге жазылған өтініштердің қарастырылу мерзімі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңына сәйкес орнатылып – өтініш бергеннен кейін он бес күнтізбелік күн ішінде.

Ордерде мерзім талаптары мен бұзылған жерлерді абаттандыру мен қалпына келтіру шарттары жөнінде көрсетіледі.

Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін орындалған жұмыстардың сапасыз жүргізілу себебінен екі жыл ішінде бұзылулар мен құлап қалулар орын алса, заңды және жеке тұлға бұзылған жабындыларды қайтадан жөндеуі тиіс.

Заңды және жеке тұлғалар ордердегі талапты орындамаса, өкілетті органмен абаттандырудың элекменттері бұзылған тексеріс актісі құрылып, әкімшілік сипаттағы шаралар қолданатын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына жолданады, сонымен қатар сот тәртібінде ордер талаптарын күштеп орындау бойынша шаралар қолданылады.

35. Заңды және жеке тұлғалар асфальт төсемін бүлдiрумен байланысты жер жұмыстарын аяқтаған соң бес тәулiк iшiнде жол жабынын қалпына келтiруi қажет.

36. Жол жөндеу жұмыстарын жүргiзетiн заңды және жеке тұлғалар ауданның автожолдарында орналасқан жарамсыз люктердi, нөсерлiк кәрiз торларын ауыстыру бойынша, сондай-ақ мүгедектер арбаларының, балалар арбаларының өтуi үшiн және жаяу жүргiншiлер қолайлылығы үшiн жол өтетiн жерлерде жаяу жүргiншiлер тротуарларынан түсетiн жолдарды жайғастыру шараларын қабылдау қажет.

37. Ауданның елді мекендері аумағында жол берiлмейдi:

1) көшелер мен (немесе) көлiк өтетiн бөлiктi ластауды болдырмайтын қандай да бiр жүк түрлерiн оларды мұқият жабусыз көлiк құралдарымен тасымалдауға;

2) объект иесi және (немесе) пайдаланушының келiсiмiнсiз және (немесе) осы мақсаттарға бөлiнген жерлерден тыс жерлерде, сонымен қоса Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған белгiленген тәртiпте алынған рұқсатнамалар немесе келiсiмдерсiз хабарландыруларды, плакаттарды, үндеухаттарды, түрлi ақпараттық материалдарды орналастыруға, жазулар мен графикалық бейнелердi салуға;

3) автомобиль жолдарының жүру бөлiгiне қоқыс, қозғалысқа қауiп келтiретiн заттарды тастауға;

4) ғимараттардың, құрылыстардың және тұрғын үйлердiң терезелерiнен қоқыс лақтыруға;

5) аула және квартал iшiндегі аумақтардың жасыл аймақтарына, балаларға арналған алаңшаларға, жаяу жүретін жолдарға және тротуарларға қызметтiк және жеке автокөлiктi қоюға, енгiзуге;

6) арнайы бөлiнген және сәйкес жол белгiлерiмен және (немесе) таңбалармен белгiленген орындардан тыс белгiленбеген орындарда көлiк құралдарын қоюға, жууға және орналастыруға;
7) көгалдарда, гүлзарларда, балаларға арналған алаңшаларда, кiр жаятын алаңшаларда және қоқыс жәшiктерi орналасқан алаңшаларға, ғимараттардың қақпаларына және саябақтарына түрлi мақсаттағы объектiлердi орналастыруға, сонымен қоса автокөлiк құралдарын қоюға;

8) тұрақ үшiн арнайы бөлiнген орындардан басқа тұратын жерiне қарамастан бөлшектенген көлiк тұрағы, арнайы автокөлiктiң өтуiне кедергi келтiретiн аула аумақтарының өтпежолдарында баған, блок және басқа да аумақ қоршауларын тұрғызуға және орнатуға.

38. Кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде пайда болатын өндiрiс қалдықтарын жинау және уақытша сақтау осы кәсiпорындардың күшiмен осы мақсаттарға арнайы жабдықталған орындарда белгiленген тәртiпте бекiтiлген өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру лимиттерiне сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсiпорын аумағында арнайы белгiленген орындардан тыс қалдықтарды жинау және оларды орналастыру лимиттерiн асыруға жол берiлмейдi.

Өсiмдiк және басқа да топырақты уақытша жинау тек арнайы бөлiнген учаскелерде ғана рұқсат етiледi.

4. Аймақты тазалау және тазартуды ұйымдастыру, түрлерi және тазалауға қойылатын негiзгi талаптар
39. Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың санитарлық - қорғалатын аймақ аумақтарын тазалауды осындай кәсiпорындардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары жүзеге асырады.

40. Меншiк нысанына тәуелсiз заңды және жеке тұлғалар осы Қағидаға және көрiктендiру паспорттарына сәйкес белгiленген аумақ шекарасында тазалау, суару, тротуарларға құм себу, қар және қоқыс шығару, суағарлар және сорғыларды тазарту жұмыстарын орындауы қажет.

41. Аймақты санитарлық күтiп ұстау және тазалау зарарсыздандыру орындары бар қоқыс шығаруға мамандандырылған кәсiпорындар арқылы жүзеге асырылады және келесi шараларды қамтамасыз етудi көздейдi:

1) аумағындағы қоқыстарды, қалдықтарды жинау және оларды уақтылы шығаруды ұйымдастыру;

2) тиiстi санитарлық жайластыру жағдайы: тұтыну қалдықтарын жинауға арналған алаңшаларды жоспарлы-тұрақты, ағымдағы тазарту, қалдықтарға арналған қоқыс жәшiктерi (оларды жинау тiкелей арнайы автомобильдер арқылы ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда) болуы, нормативтiк талаптарға сәйкес қоқыс жәшiктерiн ортақ пайдаланудағы орындарға орнату;

3) аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгiлде – қарды жинау және шығару, көшелердiң өтпе жолдарын және жаяу жүргiншiлер тротуарларын тайғаққа қарсы қоспалармен өңдеу, белгiленген және көметiн орындарға тұтыну қалдықтарын шығару, өзендердi, бұлақтарды, арналарды, тартпаларды, нөсерлiк кәрiздердi және су өткiзетiн құрылғыларды қоқыстан тазарту;

4) санитарлық қорғалатын аймақтардың нормативтiк шегiнде жүйелi түрде аумақты күтiп ұстау бойынша жұмыстары.

42. Елдi мекендердiң аумағын санитарлық тазалау жүйесi тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинау, жою, зарарсыздандыру және қайта өңдеудi қамтуы қажет.

43. Жаңадан құрылыс салынатын учаскелерде ғимаратты пайдалануға енгiзетiн кезде тазалау жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

44. Ғимараттар мен құрылыстардың, жеке тұрғын құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары тұрмыстық қалдықтарды шығаруға уақтылы шарт жасауға тиiс.

Кондоминиум объектiсiн басқару мақсатында құрылған көп пәтерлi тұрғын үйлердегi үй-жайлардың (пәтерлердiң) иелерiнiң коммерциялық емес бiрлестiктерi тиiс:

1) қоқыс жинағыштар үшiн алаңшаларды жабдықтауы;

2) азық-түлiктiк қалдықтарды, көшелiк және аулалық қоқыстарды жинауға арналған құрал-саймандармен аула сыпырушыларды қамтамасыз етуi;

3) қоқыс қабылдаушы камераларды, алаңшаларды, сондай-ақ қалдық жинаушы орындарды жүйелi жуу, зарарсыздандыру және дезинсекциялауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауы қажет.

45. Аумақты тазалауды жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсiпорындар, тұрғын үйлердiң, ұйымдардың, мекемелердiң аумағынан қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды уақтылы (шарттарға сәйкес) шығаруы қажет.

46. Аумақтарды тазалау шекараларын анықтау осы Қағида негiзiнде жүзеге асырылады:

1) көше - жол желiсi, алаңдар, қоғамдық орындар (ортақ пайдаланудағы демалыс орындары, саябақтар, скверлер, аллея бульварлары, тұрақтың соңғы орындары, иесiз жерлер) – мемлекеттiк тапсырыс көлемiнде кент және ауылдық округтер әкімдерімен, бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi – мемлекеттiк мекемелерімен;

2) квартал iшiндегі және басқа аумақтар бойынша тазалау шекарасы кент және ауылдық округтер әкiмдерi беретiн абаттандыру паспорттарына сәйкес анықталады.



5. Аумақтарды күзгi-қысқы кезеңде тазалау
47. Күзгi-қысқы тазалау кезеңi 1 қарашадан бастап 1 сәуiрге дейiн белгiленедi. Ауа-райы жағдайларының күрт өзгеруi жағдайында (қар, аяз) күзгi-қысқы тазалауды бастау және аяқтау мерзiмiн сәйкес бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi үйлестiредi.

48. Жапырақ түсетiн кезеңде түскен жапырақтарды уақтылы жинау қажет. Жиналған жапырақтар көрiктендiру бойынша кәсiпорындармен арнайы бөлiнген учаскелерге немесе компостерлеу алаңдарына шығарылуы тиiс.

Тұрғын құрылыс аумағында, скверлер мен саябақтарда, ҚТҚ үшiн контейнерлерде жапырақтарды өртеуге жол берiлмейдi.

Жапырақтарды ағаштар мен бұталардың тамыр бөлiгiне жинауға, сондай-ақ оларды қоқыс жинайтын алаңшаларда және қоқыс жинайтын контейнерлерде жинақтауға жол берiлмейдi.

49. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшiктер және шағын сәулет формаларының элементтерi, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйiрлерiндегi кеңiстiк, оларға кiреберiс жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.

50. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегi, бульварлардағы, аллеялардағы жолдарды тазалау кезiнде жасыл желектердiң жойылмауын және ерiген суды қайтаруды қамтамасыз ету шартымен құрамында химиялық реагенттерi жоқ қарды уақытша жинауға арнайы алаң дайындалып, жинауға рұқсат берiледi.

51. Инженерлiк желiлерде болған апаттан пайда болған тротуарлар мен жолдың жүру бөлiгiндегi мұзды желi иелерi және (немесе) пайдаланушылары уатып жинайды.

52. Жол берiлмейдi:

1) көшелердiң жүру бөлiгiне және өтпе жолдарға, тротуарлар мен көгалдарға квартал iшiнде өтпе жолдардан, аула аумақтарынан, кәсiпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда объектiлерiнен жиналған қарды жылжытуға немесе орнын ауыстыруға;

2) тротуарларда, саябақтарда, скверлерде, аулаларда және басқа жаяу жолдар мен көгалдандырылған аймақтарында көктайғаққа қарсы реагент ретiнде сұйық хлорлы кальций пайдалануға;

3) көгалдарға, гүлзарларға, бұталар және жасыл көшеттерге лас және тұз араласқан қарды, сонымен қатар мұз үйiндiлерiн роторлық лақтыруға және орнын ауыстыруға.

53. Метеорологиялық қызметтерден күнi бұрын жалпы тайғақ болатыны туралы ескерту алған жағдайда, эстакадалардың, көпiрлердiң жүру бөлiгiн өңдеу жұмыстары қар жаумай тұрып жүргiзiледi.

54. Жолдың шетiнде қар үйiндiлерi қалыптасқан жағдайда тротуарлар мен көгалдарға қардың орнын ауыстыруға жол берiлмейдi.

55. Аулаларға кiреберiс, шығу жолдары, квартал iшiндегі жолдар жүру бөлiгiнiң шетiнен бастап механикалық күреу мен сыпырудан кейiн бiрiншi кезекте тазартылуы тиiс.

56. Көшелерден және өтпе жолдардан қарды шығару екi кезеңде жүзеге асырылады:

1) жер үстiлiк жаяу өтпе жолдардағы, көпiрлердегi және жол өткелдерiндегi, көпшiлiк баратын орындардағы (iрi әмбебап дүкендер, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, театрлар), ауруханалардың аумағына және басқа әлеуметтiк маңызды объектiлердiң кiреберiс жолдардағы бiрiншi кезекте (таңдаулы) қарды шығару қар жауғаннан кейiн 48 сағат iшiнде жүзеге асырылады;

2) соңғы (жаппай) қарды шығару бiрiншi кезектi шығару аяқталғаннан кейiн кезекпен, тапсырыс берушi анықтаған кезектiлiкке сәйкес шығарылады.

Қоқыс тастайтын жер астында орындар қалалар және аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарымен анықталады.

57. Қар ерiгеннен кейiн қарды уақытша жинайтын орындар қоқыстан тазаланып, абаттандырылуы тиiс.

58. Тротуарлар, аула аумақтары және өтпе жолдар қар мен мұздақтан асфальтқа дейiн тазартылуы қажет. Мұздақ (көктайғақ) пайда болған жағдайда құм немесе ұсақ қиыршық таспен өңдеу жүргiзiледi.

59. Аулалар аумақтарынан және квартал iшіндегі өтпе жолдардан тазаланған қарды автокөлiктердiң еркiн өтуiне және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына кедергi жасамайтын орындарға жинауға рұқсат етiледi.

60. Қар жинау кезiнде жасыл көшеттерге зақым келтiруге жол берiлмейдi.

61. Аула iшiлiк аумақтарда қарды жинағанда ерiген қар суының ағуын алдын ала ескеру керек.

62. Қыс мезгiлiнде ғимарат, құрылыс иелерi және (немесе) пайдаланушылары шатырларды мұздан және сүңгiлерден уақытылы тазарту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.

63. Ғимараттың жаяу жүргiншiлер аймағына шығатын жақтарындағы шатырын тазарту жұмыстары қар жауғаннан кейiн жедел түрде қатерлi учаскелерге қоршау орнату арқылы жүргiзiлуi керек.

64. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздан жаяу жүргiншiлер жолдарына түсiрiп тазарту жұмыстары тек күндiзгi уақытта жүргiзiлуi қажет. Шатырдың басқа жақтарынан, сондай-ақ жазық шатырлардан қар ауланың iшкi аумағына түсiрiлу керек. Қарды түсiрер алдында жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларын жасау қажет.

Ғимараттардың (құрылыстардың және құрылғылардың) шатырларынан түскен қарлар, мұздар мен сүңгiлер жедел түрде өтпе жолдың шет жағына қарай көшенi тазалаушы ұйымдар шығаруы үшiн орналастырылады.

65. Су ағар құбырларға қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берiлмейдi.



6. Аумақтарды көктем - жаз кезеңiнде тазалау
66. Жазғы тазалау кезеңi 1 сәуiрден бастап 1 қарашаға дейiн белгiленедi. Ауа-райы жағдайлары күрт өзгерген жағдайда жазғы тазалау мерзiмдерi өзгеруi мүмкiн.

67. Аула аумақтарын, аула iшiндегi өтпе жолдарды және тротуарларды қоқыстан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалау, оларды жуу, сондай-ақ күнi бойы тазалықты сақтауды аумаққа бекiтiлген субъектiлер қамтамасыз етедi.

68. Аулалар аумақтарын жуу және шланг арқылы суару үшiн суару шүмектерi әрбiр үй маңында жабдықталып, пайдалануға жарамды күйде болуы тиiс.

69. Күрделi емес құрылыс объектiлерiнiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары (автотұрақтар, көлiк жөндейтiн орындар, ангарлар, қоймалық қосымша құрылыстар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) бекiтiлген аумақты санитарлық тазалау және тазарту бойынша келiсiм-шартқа отыруға немесе оны өз күшiмен күн сайын жүргiзуi тиiс.

70. Металл қоршаулар, жол белгiлерi және жол көрсеткiштерi таза болуы тиiс.

71. Аудан жолдарының бөлiнген белдеуiнде, көгал ретiнде орналастырылған бөлу жолағында шөп төсемдерiнiң биiктiгi 15 сантиметрден аспау керек. Әр түрлi қоқыстармен және қалдықтармен жолақты ластауға жол берiлмейдi.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет