Баскөл ауылдық округі әкімінің округ тұрғындарының алдында есеп беру тезисі «Жергілікті атқарушы органдардың басшыларының тұрғындармен есеп- беру кездесуін өткізу туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі94.46 Kb.
#2616
Баскөл ауылдық округі әкімінің округ тұрғындарының

алдында есеп беру

ТЕЗИСІ
«Жергілікті атқарушы органдардың басшыларының тұрғындармен есеп- беру кездесуін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жыл сайын округ тұрғындарымен кездесу өткізіліп отырады. Баскөл ауылдық округіне үш елді мекен Ново-Николаевка, Башкуль, Букебай ауылдары қарайды. Округ тұрғындарының саны 1844 адамды құрайды. 2012 жылы Баскөл ауылдық округінің әлеуметтік- экономикалық дамуы бойынша біршама маңызды жұмыстар атқарылды. Бюджеттің кіріс бөлігі жоспар бойынша 1702,0 мың теңге теңгенің орнына, 1735,5 теңгеге артығымен орындалып, 102,0 пайызға артты. Ауылдық округ бюджетінің шығыс бөлігі 2012 жылға нақты игерілгені 12591,2 мың теңгені құрады. Өткен жылы тұрғындардан 1218 өтініш, оның ішінде 18 өтініш жазбаша және заңды тұлғалардан 3 өтініш түсті, барлық өтініштер уақытымен қаралып, тиісті іс-шаралар қабылданды.

Ауыл шаруашылығы

2012 жылдың 1 қаңтарына 72 шаруа қожалығы тіркелген, оның 8 мал шаруашылығымен айналысады. Округтің шаруа қожалықтарымен аграрлық сектордың дамуы үшін ауылшаруашылық жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылы 30 шаруа қожалығы көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізді. Егіс алқабының көлемі 2012 жылы 8620,9 га, оның ішінде дәнді дақылдар – 2981,8га, майлы дақылдар – 2224,6га, басқа дақылдар – 3414,5 га құрады. 2011 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 34 пайызға ұлғайды. 2013 жылға 114,3га күздік дақылдар себілді, 250га – парға жыртылды. 2012 жылы 8300 тонна қатаң мал азығы дайындалды. Жиналған астықтың орташа өнімділігі 2012 жылы әр гектардан бидай 9,4 ц, күнбағыс – 5,5 ц болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш бидай 10ц, күнбағыс – 4 ц құрады.

Мал шаруашылығына келетін болсақ, ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарында мал басының саны жыл сайын өсіп келеді, 2011 жылмен салыстырғанда ірі қара мал 11,2 пайызға, ұсақ мал 10,2 пайызға өсті.




Ірі қара мал

Ұсақ мал

жылқы

Шошқа

2011 жыл

2937

5282

806

78

2012 жыл

3284

5400

800

200

Мал шаруашылығының өнімдерін өндіру бойынша:




Ет

Сүт

Жұмыртқа

2011 жыл

6800ц

42840ц

472,2 мың дана

2012 жыл

6920ц

4300ц

470 мың дана

Малдарды бірдейлендіру жұмыстары жалғастырылуда: 3284 бас ірі қара малға, 5400 бас ұсақ малға бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, сырға салынды, компьютер базасына енгізілді.

Округте ветеринарлы- санитарлық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан 8700 бас ұсақ малдан, 80 бас жылқыдан,8 бас шошқадан, 10 иттен, 7200 бас ірі қара малдан қан алынып, зертханалық тексеруден өткізілді, оның ішінде 9 бас ірі қара малдан «оң» нәтиже көрсетті.

Башкуль ауылында «Айжана» ш/қ базасында мал сою алаңы ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. 2012 жылы «Бернгардт» шаруа қожалығы Өскемен қаласының «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ірі қара малды толықтыру үшін 7 млн 200 мың теңгенің несие ресурстарын алды, бүгінгі күні 37 бас аналық ірі қара мал, 2 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

Шағын бизнес

Тұрғындарды азық- түлікпен, күнделікті қажетті тауарлармен, дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 10 дүкен, 1 сауда дүңгіршегі, 1 дәріхана қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық техникаларын жөндейтін 1 шеберхана, 1- жанар- жағар май стансасы жұмыс істейді. 2012 жылы ауылдық округтің әкімдігі және кәсіпкерлер арасында күнделікті қолданыстағы тауарлардың бағасын реттеу және әлеуметтік бөлімдерді ұйымдастыру бойынша меморандумдар жасалды. Округ тұрғындарын әлеуметтік ұнмен қамтамасыз ету мақсатында, ЖК «Б.Айтчанова» 1- сұрыпты ұнды сату бойынша келісім- шарт жасалынып, тұрақтандыру қорынан 26 тонна ұн шығарылды. Жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының басшыларымен республикалық және аумақтық шағын және орта бизнесті несиелендіру бағдарламаларын түсіндіру тақырыбына кездесулер мен семинарлар өткізіліп отырды.

2013 жылы Бөкебай ауылының тұрғыны А.Ильшибеков сауда дүкенін, «Бернгардт» ш/қ Ново-Николаевка ауылында мал сою алаңын, «Айгерим» ш/қ М.Балыкбаев ауыл шаруашылық техникаларын және автокөліктерді жөндеу станциясын, «Толқын» ш/қ суытатын қондырғымен мал сою алаңын ашуды, «Башкуль»ЖШС 300 орынға арналған сиыр қорасын қайта қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Жұмыспен қамту

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасын орындау бойынша 2012 жылы жұмыспен 28 адам қамтылды, қоғамдық жұмыстарда 6 адам, шаштараз, жүргізуші, газбен дәнекерлеуші мамандықтарына – 6 адам кәсіптік білім алды, жастар тәжірибесінде – 2 адам, «Айжана»ш/қ- 4 адам, «Мерей»ш/қ -2 адам, «Атамекен -2» ш/қ -3 адам, «Құлагер»ш/қ – 2 адам, «Балыкбаев Н.А.»ш/қ -2 адамға әлеуметтік жұмыс орындары құрылды.

Округ бойынша төмен қамтылған отбасыларының саны жыл сайын азайып келеді. 2012 жылы 13 отбасы тіркелген, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті 2 отбасы алады. 2011 жылы бұл көрсеткіш 16 отбасын құрады, атаулы әлеуметтік көмекті 3 отбасы алды. Әлеуметтік сала бойынша округте мүмкіндігі шектеулі 7 - балаға, 3 - жалғызбасты қартқа, 5- 18- жастан жоғары мүгедектерге үш әлеуметтік жұмысшы қызмет көрсетеді.

«Қамқорлық» бағдарламасын іске асыру мақсатында округтің демеушілерімен тұрақты қайырымдылық көмек көрсетіліп отырады. «Қайырымдылық» айлығында 229,5 мың теңгенің демеушілік көмегі көрсетілді. «Мектепке жол» акциясы аясында төмен қамтылған отбасыларының балаларына 30 мың теңгенің оқу құралдары мен оқуға қажетті киімдері табыс етілді.

«Туған жерге -тағзым» және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында округтің шаруа қожалықтарының, кәсіпкерлерінің көмегімен Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің төмен қамтылған отбасынан шыққан 10 баласына және 20 мектепке дейінгі дайындық тобының баласына ыстық тамақ беру ұйымдастырылды.

Білім беру

Округте екі орта мектеп жұмыс істейді. 2012 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 250 мың теңгеге Н.Баймұратов атындағы орта мектебіне және 250 мың теңгеге Башкуль орта мектебіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Н.Баймұратов атындағы орта мектебінде 3390 мың теңгеге химия кабинеті және 600 мың теңгеге еңбек кабинеттері жаңадан жабдықталды.

Округтің екі мектебінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін медициналық кабинеттер жұмыс істеуде.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласы бойынша округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Бұл салада 8 адам жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория қызметкерлері аурудың алдын- алу мақсатында рентгенография, флюрография тексерулерінен өту қажеттігі туралы, тұрғындармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ағымдағы жылы 65 адам рентгенография, 1073 адам флюрография, «Саламатты Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында 140 адам скринингтік тексерулерден өтті.

2012 жылы 10 сәби дүниеге келді. Округ бойынша 27 адам қайтыс болды.

Жолдарды жөндеу, көріктендіру және көгалдандыру

Жолдарды жөндеу, елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру жұмыстары округ аумағында тұрақты жүргізіліп отырады. Қыс мезгілінде елді мекендердің кіру- шығу жолдары, көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізіледі, жергелікті бюджеттен осы жұмыстарға 330 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.

Округте елді мекендерді санитарлық тазалау сенбіліктері тұрақты өткізіліп отырады, автомобиль жолдарының маңдары, көшелерді тазалау жұмыстары жүргізілді. Округ аумағында үш мал қорымы бар, ағымдағы жылы 100 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары, 200 мың теңгеге қоқсықтарды үю жұмыстары жүргізілді. 2012 жылы 120 мың теңге қаңғыма ит аулау жұмыстарына бөлінді. Елді мекендерді көгалдандыруға 68,8 мың теңге қаржы бөлініп, 9880 түп әртүрлі ағаш көшеттері мен бұталар, 150 шаршы метрге гүл отырғызылды. Қазіргі күнде Ново-Николаевка ауылында 42, Букебай ауылында 12, Башкуль ауылында 15 көше шамдары бар, көше шамдарын ұстауға және жөндеу жұмыстарына 842 мың теңге бөлінді.

«Семей орманы» мемлекеттік орман – табиғи резерватының Бөкебай филиалы

Ауылдық округтің аумағында «Семей орманы» мемлекеттік орман – табиғи резерватының Бөкебай филиалы орналасқан. Жалпы көлемі 64541 га, оның ішінде орманды алқабы – 48949 га. Филиал кеңсесі Бөкебай ауылында, филиал бойынша 3 орманшылық Бөкебай, Ромадан, Шадруха және 3 өрт-химия стансасы бар. Штат кестесі бойынша 61 адам, 57 мемлекеттік инспектор, маусымдық жұмыстарда 99 адам жұмыс істейді. Филиалда 2004 жылы 5 га аумақта құрылған тұқымбағы жұмыс істейді, 2012 жылдан тұқымбағының аумағы 15 га ұлғайып,пайдалану аумағы 12 га құрады. 2012 жылы 3 га аумаққа 2,4 млн дана өскін отырғызылды

Бөкебай филиалының қызметкерлері спорттық іс-шараларға белсенді қатысып отырады, соның ішінде өрт- қимылдары өнері бойынша жарыстарында, спартакиадаларда жүлделі орындарды иеленуде. Филиал жыл сайын өздерінің еңбек ардагерлері мен орманшыларын құрметтейтін дәстүрлі Орман қызметкерлері күнін өткізіп отырады. Бөкебай филиалы жыл сайын мектептерге, еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне демеушілік көмек көрсетіп отырады.
Ішкі саясат, мәдениет және спорт

Округ бойынша тұрғындармен 5 адамнан тұратын ауыл активі, әйелдер кеңесі, ақсақалдар кеңесі, қоғамдық кеңес, діни мәселелер бойынша діни кеңес құрылып, діни мәселелерді түсіндіру бойынша кездесулер өткізуде. «Башкуль» татар- ұлттық мәдени орталығы жұмыс істеуде. Қоғамдық кеңес отырыстарында ауыл тұрғындарының шешімін таппай жүрген мәселелерін шешу, нашар отбасыларының жағдайын қарау бойынша сұрақтар қаралды. Сондай – ақ округе 10 адамннан тұратын ақпараттық- насихат тобы жұмыс істейді, тұрғындардың әр топтарымен Елбасының жылсайынғы Жолдауын, республикалық және аумақтық бағдарламалардың орындалуы бойынша кездесулер, дөңгелек үстелдер, ақпараттық –насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Округте екі мектеп кітапханасы және бір ауыл кітапханасы жұмыс істейді.

Іс- шаралар жоспарына сәйкес округ аумағында кең көлемдегі мәдени іс- шаралары тұрақты түрде өткізіліп отырады. Округ аумағында жыл басынан бері кең көлемде спорттық іс-шара ауданның ауылдық округтерінің ардагер спортшыларының қатысуымен Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, Бесқарағай ауданының құрметті азаматы С.Бутинбалинді еске алуға арналған волейбол турнирі, 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналарға арнаймыз әнімізді» мерекелік іс- шарасы, шаруа қожалықтары басшыларының, ауыл кәсіпкерлерінің қатысуымен 2 рет семинар –кеңестер, «Наурыз -2012» мейрамы, 1- мамыр Халықтар бірлігі күні Башкуль ауылында «Татулық, достық - ғанибет» атты мерекелік қойылым, Ново-Николаевка ауылында «Дружба народов живущих рядом» өткізілді. Семей орманы МОТР ММ Бөкебай филиалы жыл сайын экологиялық акция «Саябақтар шеруі» тұрақты өткізіліп отырады. Ауылдық округ ардагерлерінің хор коллективі аудандық «Патриоттық әндер» байқауына қатысып 2- орынды иеленді. Отан қорғаушылар, Жеңіс күніне арналған «Ұлы жеңіс дүбірі» атты іс- шара, «Әскери іс- қимылдар» ҚР Қарулы күштерінің 20 жылдығына арналған әскери –спорттық байқауы, 2012 жылдың 25 маусымында Башкуль ауылының 175 жылдығына арналған «Сабантой» мейрамы кең көлемде аталып өтті. 6- шілде Астана күніне Н-Николаевка ауылының мәдениет үйінде «Ән- жырым саған -Астана» атты мерекелік концерт, 30- тамыз Конституция күні, 1- қазан қарттар күніне арналған мәдени іс – шаралар, «Қайырымдылық» айлығы аталып өтті. 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күніне арналған іс- шара өткізілді. 2012 жылдың желтоқсан айында жерлес ақынымыз Н.Баймұратовтың 125 жылдығына арналған іс- шаралар кең көлемде аталып өтті. Жаңа жыл мерекесіне арналған шырша мерекесі округтің барлық ауылдарында өткізілді. Мәдениет үйінде ауыл жастары үшін би кештері ұйымдастырылып отырады, сондай ақ домбыра және гитара үйірмелері ашылған.Мектептерде спорт секциялары, үйірмелер жұмыс істейді.

Жыл көлемінде өткізілген барлық мәдени және спорттық іс- шараларға округтің жеке кәсіпкерлері М.Елюбаева, Г.Ибраева, Р.Бейсекина, И.Нысанбеков, Н.Каратаева, К.Кемпирова, Б.Айтчанова, ауыл тұрғындары А.Салкенов, А.Ильшибеков, С.Алшынов, М.Бегимова, Н.Тихонова және ш/қ «Иван-1», «Тасқұдық», «Балыкбаев Н.А.», «Мерей», «Атамекен-1», «Толкын», «Ұлпан», «Айжана», «Динар», «Бернгардт», «Алан» «Башкуль»ЖШС демеушілік көмек көрсетті.

Округ аумағында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір – салтын насихаттау іс- шаралары өз жалғасын табуда. Округ спортшылары барлық аудандық жарыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Аудандық волейбол бірнішілігі бойынша өткізілген чемпионатта округтің волейболдан әйелдер командасы 1- ші орынды, жазғы футбол маусымның ашылуына және 1- мамыр бірлік күніне арналған ауылдық округ командалары арасында аудан әкімінің кубогына өткізілген футбол турнирінде округтің футбол командасы жүлделі 1 орынды, Шығыс Қазақстан облысының құрылғанына 80- жылдығына арналған футболдан Бесқарағай аудандық чемпионатында 1( бірінші) лига бойынша Баскөл ауылдық округінің командасы аудан чемпионы атанды. Балалардың қысқы демалысын ұйымдастыру мақсатында хоккей қорапшалары құйылған.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқық сақтау тәртібі

Ауылдық округ аумағындағы қоғамдық қауіпсіздік және құқық сақтау тәртібі ауылдық округі әкімінің, ауыл активінің және учаскелік полиция инспекторының тұрақты бақылауында. Аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру және қылмыспен күрес, құқық- бұзушылықтың алдын- алу мақсатында «Мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын», «Участок, жедел алдын- алу»акциялары өткізілді.


2012 жылғы ауылдық округ әкімінің және аудан әкімінің есеп беру жиынында берілген сын- ескертпелер бақылауға алынып, оларды орындау бойынша жұмыстар жүргізілді.

1. Ново-Николаевка ауылының су құбыры мәселесін шешу туралы. 2012 жылдың ІV тоқсанынан бастап республикалық «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында судың жер асты қорын анықтау жұмыстары жүргізілуде.



2. Башкуль ауылында мектеп құрылысын жүргізу туралы. Мектеп құрылысын жүргізу бойынша жобалық- сметалық құжаттарын 2013 жылдың 1- тоқсанында жүргізу жоспарланып отыр.

3. Ново-Николаевка дәрігерлік амбулаториясында дәрігердің жоқтығы туралы. Дәрігер маманға сұраныс берілген, сұрақ Бесқарағай аудандық ауруханасы басшысының бақылауына алынған, дәрігердің орыны бос.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет