Реферат Тақырыбы : Шағын жинақталған мектеп және оның ерекшелігі Орындаған : Ерлан. Г топ : но3Б (11)



бет1/4
Дата07.11.2022
өлшемі15.36 Kb.
#464209
түріРеферат
  1   2   3   4
шжм


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ

Реферат


Тақырыбы: Шағын жинақталған мектеп және оның ерекшелігі

Орындаған: Ерлан.Г
Топ: НО3Б (11)
Жетекші: Кажыбаева Ж.Ш

Өскемен, 2022 ж



Кіріспе
Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер саны тәуелсіздік алған жылдардан кейін жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Себебі ауыл халқының тіршілік қамымен қалаға қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде тұрғындардың саны азаюымен, оқушы саны да кеміп келе жатыр.
Шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп:
- біріктірілген сыныптармен;
- біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.
Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек.
Шағын жинақты мектеп мәселесін зерттеушілер Ж.Қ.Астамбаева мен Г.И.Уәйісова өздерінің «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» атты еңбегінде «Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің мәселесі күн тәртібінен түспей келеді» деп атап көрсетеді
«Соңғы 15 жылда шағын жинақты мектептің саны күрт өсті. Әр төртінші мұғалім шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы шағын жинақты мектеп жағдайында оқиды»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет