Баспасөз хабарламасы 15 қаңтар 2013 жыл Атырау қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауыты»



Дата29.02.2016
өлшемі238 Kb.
#32227



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

15 қаңтар 2013 жыл

Атырау қаласы



«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС сыртқы байланыс және ақпарат қызметі ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының Орынбасары С.А. Дьяченконың зауытқа жұмыс сапары туралы хабарлайды.
2013 жылдың 15 қаңтарында ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының Орынбасары С.А. Дьяченко жұмыс сапарымен зауытта болмақ.

Делегация Ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешеннің құрылыс алаңдарын аралайды. 2013 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланған кешен құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 27 құрылыс алаңында құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Негізгі технологиялық қондырғылардың нөлдік цикл жұмыстары 95 пайызға дейін орындалды.

Бұл кешен іске қосылғаннан кейін еліміздің батыс өңірі бұдан да сапалы мотор отындарымен және мұнай химиясына арналған шикізатпен қамтамасыз етілмек. АМӨЗ-да қосылған құны жоғары өнімдер – жылына 133 мың тонна бензол мен 496 тонна параксилол шығарылатын болады. Жобалық қуаттылыққа зауыт 2013 жылдан кейін шығады.

2012 жылдың 20 желтосқанынан бастап тағы бір инвестициялық жоба – мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені іс жүзінде жүзеге асырыла бастады. 2012 жылдың 19 желтоқсанында 251,9 млн. АҚШ долларын құрайтын аванстық төлем жасалды. Құрылыс 2016 жылы аяқталады деп жоспарланған. Жоба аясында құрылыс алаңдарын дайындау жұмыстары жалғасуда. 2012 жылдың 20 желтоқсанынан бастап «түбегейлі тапсыру» шарты шеңберіндегі жұмыстар басталды.

Мұнайды терең өңдеу жоғарыоктанды бензин, авиациялық жәнге дизель отындарының өндірісін молайтуға мүмкіндік береді. АМӨЗ жылына 5,5 млн. тонна мұнай өңдеген жағдайда жыл сайын 1 миллион 745 мың тонна автокөлік бензинін, 1 миллион 640 мың тонна дизель отынын, 244 мың тонна авиакеросин шығаратын болады. Қарамай өндірісі 193 мың тоннаға дейін қысқарады. Барлық мотор отындары Еуро-5 стандартына сәйкесетін болады.

АтырауМӨЗ мұнайды терең өңдеу кешені бойынша шетелдік жобалаушылардың озық технологияларын Axens (Франция), UOP (Ұлыбритания), FosterWheeler(Италия) тартуда.



Екі ірі кешен іске қосылғаннан соң АМӨЗ экологиялық қауіпсіз, әлемдік талаптарға сай келетін мотор отындары мен мұнай химиясы үшін шикізат өндіретін инновациялық озық технологиялы өндіріс орны ретінде қалыптаспақ.

Анықтама:

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС:

99,5% үлестің иесі «ҚазМунайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ.

«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.  

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет