«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДАҒЫ МҰНАЙДЫ ТЕРЕҢДЕТІП ӨҢДЕУ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ
2011 жылдың 21 маусымында АтырауМӨЗ базасындағы мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының (МТӨК) қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) бойынша қоғамдық тыңдау өткізу жоспарланған.
Жоба 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған ҚР Үкіметінің қаулыларына, ҚР аумағында айналымға шығарылатын автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтарға қойылатын талаптар бекітілген техникалық регламентке сәйкес жүзеге асырылуда.
МТӨК жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның инвестициялық стратегиялық жобалар тізіміне енгізілген.
Қоғамдық тыңдау Қазақстан Республикасындағы негізгі мұнай өндіруші аймақтың орталығы – Атырау қаласында өтеді.
Қоғамдық тыңдауды ұйымдастырудағы мақсат – тұрғындарды жоспарлы іс-шаралармен таныстырып, бұл жобалардың қоршаған ортаға әсер ету деңгейі туралы ақпараттандыру.
Бұл инвестжобаның стратегиялық мақсаты - «АМӨЗ» ЖШС кәсіпорнында әлемдік стандарттарға сай жоғары сапалы мұнай өнімдерін шығаратын және отандық өндірісті дамыту мақсатында мұнай химиясы үшін шикізат өндіретін жаңа заманғы техникалық база қалыптастыру. Бұл мақсатқа АМӨЗ-ының қолданыстағы технологиялық сызбаларын экологиялық сипаты жоғары отын алуға мүмкіндік беретін екінді мұнай өңдеу үрдістеріне жаңарту арқылы қол жеткізу көзделген. Бұл қоршаған ортаға әсерді мейлінше төмендете отырып, мұнайды максималды деңгейде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнай өңдеу тереңдегін арттыру міндеттерін түбегейлі шешу өңдеудің қосымша тереңдегін қамтамасыз ететін (кокстеу, АВТ-3 вакуум блогы) екінді үрдістердің енгізілуі, сондай – ақ, каталитикалық риформинг сынды мұнайды тереңдетіп өңдеудің базалық үрдісін енгізумен байланысты.
Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының аясында жоғарыоктанды бензин, әуе отыны, дизель отынының өндірісін арттыру, мұнай өңдеу тереңдігін 85 пайызға дейін жеткізу, мотор отындарының сапасын Евро 4-5 стандарттарына сәйкестендіру жоспарланған. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 2010-2015 жылдар аралығы.
Кешен құрылысының негізгі мақсаты – қолданыстағы қондырғыларды қайта жаңарту және жаңа технологияларды қолдану арқылы зауыт қызметінің тиімділігін арттыру, «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ жанар-жағар май бекеттерін жоғары сапалы мотор отындарымен қамтамасыз ету болып табылады.
ҚОӘБ жасақталған Жобаға тапсырыс беруші «Атырау МӨЗ», жасақтаушы - «Омскнефтехимпроект» ААҚ.
Барлық іздеу, құрылыс-өңдеу, іске қосу-баптау және пайдалану жұмыстары ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалары аясында жүргізілетін болады. Жобаланған жұмыстың қоршаған ортаға жалпы әсері рұқсат етілген мөлшер деңгейінен аспайды деп бағаланады.
Жұмыс ҚР Қоршаған орта министрінің 28.06.2007 жылғы № 204-б бұйрығымен бекітілген «Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулыққа» сай жүргізілді.
Толық ақпарат және сауалдарға жауап қоғамдық тыңдау барысында берілетін болады.
Анықтама:
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС:
99,5% үлестің иесі «ҚазМунайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ.
«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.
Достарыңызбен бөлісу: |