Еуразия ұлттық университеті
Баспасөз қызметі
Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)
СЕНАТОРЛАР Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
2014 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Паламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Комитет төрағасы Ахан Бижановтың бастауымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ядролық физика және инженерлік лабаратория институтының Астана филиалында болды.
Құрамында комитет хатшысы Хусаин Валиев, комитет мүшелері Анатолий Башмаков, Светлана Жалмағамбетова, Жабал Ерғалиев, Нұрлан Оразалин, Владимир Редкокошин, бөлім меңгеруші Ерболат Сейілханов, бас кеңесші Руслан Дүйсенов бар делегацияның білім ордасына келудегі мақсаты Елбасы Жолдауында айтылғандай әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосылу жайы: бұл тапсырманың сәтті іске асырылуы – мемлекетіміздің ғылымды қажет ететін экономика қағидаттарына негізделген индустриялық-инновациялық даму жолын күшейтумен байланысты. Сондықтан Сенаторлар осыған орай Елбасы ерекше назар аударған ғылымның Еуразия ұлтық университетінде дамуы және ғылыми әлеуетінің қаншалықты деңгейде өсіп жатқандығымен танысты.
Басқосуда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықов Комитет мүшелеріне оқу орнындағы білім мен ғылымның бүгінгі жай-күйін жан-жақты таныстырды.
Еуразия ұлттық университеті тек еліміздің ғана емес, әлемде ғылым көшін бастап отырған абыройлы оқу орындарының бірі. Жыл сайын мектеп бітірген «Алтын белгі» иегерлері мен аламан білім бәйгесіндегі талапкерлердің таңдауы Еуразия ұлттық университетіне түсіп отырғаны осының дәлелі. Ал бүгінгідей бәсекеге толы заманда кез келген жас қатарластарынан әлдеқайда білімді, тәжірибесі мол, заман талабына сай жаңаша идеяларымен таңдандыра білуі керек. Оқу орнының инновациялық ғылыми зертеу университетіне айналуды көздеуі – осындай талап-тілектен туындап отыр.
Мемлекет басшысының алға қойып отырған басты талаптарының тағы бірі – өркениеттің көшінде бәсекелестікке қол жеткізу үшін білім мен ғылымды өндіріспен ұштастыру, отандық инновация жүйесін қалыптастыру. Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулерге зор интелектуалдық әлеуетін жұмылдырған жоғары оқу орны саналады. Университеттің ғылыми қызметі жаңаша технологияларды қолданатын инновациялық-технологиялық бағытқа негізделген. Халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті жоғары оқу орнына айналу үшін ғылым және инновациялық қызметтің маңызы өте жоғары. Осыған орай, университеттің ғылыми-зерттеу жұмысының ең басты бағыты – ғылымның негізгі іргелі мәселелерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын шешуге атсалысу.
Еуразия ұлттық университеті 2013-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясына сәйкес индустриалды-инновациялық саясат басымдықтарын ескере отырып, экспортқа бағытталған өндірістерді құру мен дамытуға күш салуда. Осының нәтижесінде биоорганикалық химия, эксперимантальді биология және экология, математикалық модельдеу, физика және жоғары технологиялар т.б. салалар бойынша ғылыми орталықтардың жұмысы ілгері дамуда.
Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары мен инновациялық паркінің түрлі ғылыми жобалары ғылымның қатысуын қажет ететін ірі мәселелердің шешімін табуға бағытталған. Ғылым араласпаған жерде өсу де, ілгерілушілік те жоқ. Бұл жөнінде Президент өзінің «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жақсылап тұрып, қарапайым да ұғынықты түрде айтып берді. Егер ғылым араласатын болса, кез келген өндірістің шығаратын өнімінің саны да, сапасы да артады.
Мемлекет басшысының алға қойып отырған тағы бір талабы – өркениеттің көшінде бәсекелестікке қол жеткізу үшін білім мен ғылымды өндіріспен ұштастыру, отандық инновация жүйесін қалыптастыру. Қазіргі күні ЕҰУ мен Қызылорда облысы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылған: сол құжаттың шеңберінде бірнеше ғылыми жобалар жүзеге асуда. Ал Шығыс Қазақстан облысында карбид кремний өндіріс зауыт жобасын салудан бөлек, Бесқарағай ауданында ағаш қалдықтарын кәдеге жарататын шағын зауыттың қанатқақты жобасы жүзеге асуда. Сонымен қатар Көкшетауда «Шучинск-Бурабай-Зеренді» демалыс аймағының энергетикалық инфрақұрылымын «жасыл технологияларға» көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының ғылым жолындағы ізденістері мен қайнар бастаулары ғана.
Соңғы жылдары ғылыми-зерттеу жобаларының көлемінде өсім байқалады. 2011 жылы университеттің бұл саласына 276 млн. теңге бөлінді. Ғылым саласын қаржыландыру 2012 жылы – 1,1 млрд. теңгеге, ал 2013 жылы – 1,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Еуразия ұлттық университетінде негізгі 5 бағыт бойынша жүзеге асырылып жатқан 200 ғылыми жоба қаржыландырылды. Олар энергетика, өнім мен шикізатты тереңдетіп қайта өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технология, өмір, әлемнің ғылыми интеллектуалды әлеуеті. Оған ЕҰУ –дың 660 ғалымы тартылған.
Еуразия ұлттық университеті автономияға алғашқылардың бірі болып көшеді. Бұл жөнінде аталмыш оқу орнының ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықов мәлімдеді. Өйткені университеттің білім беру кеңістігінде алатын орны бар және интелектуалдық, құқықтық, материалдық-техникалық базасы талапқа сай келеді: оқу орны Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері. Екі жыл қатарынан тәуелсіз Қазақстан агенттігінің білім беру саласында сапалық көрсеткіш бойынша ұлттық рейтингте бірінші орында тұр. «QS World University Ranking – Top Universities» атты халықаралық рейтинг агенттігінің қорытындысына сәйкес әлемнің 400 алдыңғы қатарлы ЖОО ішінде 303 орын иеленген. Бұл әлемнің 17 000 ЖОО арасындағы бәсекеде қол жеткізетін орны, яғни Қазақстан мен Орта Азияны былай қойғанда, ТМД елдері ЖОО-лары арасында озық жетістік болып саналады.
Сондай-ақ күні кеше ғана білім беруді бағалау бағытындағы Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық компаниясының соңғы QS Top 50 Under 50 рейтингісінің қорытындысы жарияланды. Нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті құрылғанына елу жылдан аспаған әлемнің 50 ЖОО арасынан 32 орынға тұрақтады. Рейтингіге қатысқан елдердің ішінде Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, АҚШ, Испания, Нидерланды, Финляндия, Австралия, Швеция, Бельгия, Тайван, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Бразилия, Германия, Норвегия, Дания, Аргентина, Италия, Израиль, Португалия, Франция және Сауд Арабиясы сынды елдердің алдыңғы қатарлы білім ордалары бар. Осынау алпауыт елдердің оқу орындары ортасынан ойып тұрып орын алуы құрылғанына 18 жыл ғана болған ЕҰУ үшін үлкен жетістік, мерейлі мәртебе. Бұған ЕҰУ аталмыш рейтингте үздіктер қатарына қосылған ТМД мемлекеттері арасындағы бірден бір жоғарғы оқу орны екендігін қосыңыз. QS Top 50 Under 50 - ЖОО-лардың ғылыми-зерттеу қызметінің белсенділігі мен сапасы, оқыту және интернационалдандыру, мансап әлеуеті, жұмыс берушілердің пікірі және басқа да белгілер арқылы салыстыру жасауға мүмкіндік береді. Осындай толымды, көңілге қонымды жетістікке қол жеткізу үшін университет ұжымы бір кісідей жұмылып, қыруар еңбек еткенін де айтуға тиістіміз. Жалпы, ЕҰУ үшін өткен жыл табысты болды: тарих факультеті, этникааралық және дінаралық толеранттық бойынша ЮНЕСКО каферасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды.
Құрамында 35 ғылыми-зерттеу бөлімшесі бар Еуразия ұлттық университеті ресми деңгейде әлемнің 200-ге жуық жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан. Күні бүгінге дейін университетте әлемнің 45 мемлекетінен 1000-нан аса шет ел мамандары келіп дәріс оқыды, Президенттің «Болашақ» стипендиясы арқылы 100 шақты студенттер шет елдік ЖОО-да білім алып, 300-ден аса профессор-оқытушылар құрамы ғылыми тағылымадан өтіп қайтты.
Міне, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми әлеуетінің қаншалықты деңгейде дамып жатқандығымен танысуды мақсат тұтқан ҚР Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылыми комитеті мүшелері осындай жаңалықтардан хабардар болды.
Ұйымдастарушы:
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Өткізу күні: 2014 жыл 21 ақпан, сағат 9:00
Өткізу орны: ЕҰУ, Абылай хан көшесі 2/1, ЕҰУ Инженерлі бағыттағы зертхана
Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз-қызметіне хабарласыңыздар
+7 (7172) 709 -548
+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)
+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ляйля Рахманова
+7-701 366 35 99, zann_e22@mail.ru - Еркежан Садуақасова
Достарыңызбен бөлісу: |