Семинар Тақырыбы: «Тарих сабағында ұлттық құндылықтарды дәріптеу әдістерін қолдану»



бет1/4
Дата05.09.2024
өлшемі28.47 Kb.
#503404
түріСеминар
  1   2   3   4
20.03.2024 ж семинар сабагы


Әулиекөл ауданы білім бөлімінің №1 Қазанбасы ЖББМ

Аудандақ семинар

Тақырыбы: «Тарих сабағында ұлттық құндылықтарды дәріптеу әдістерін қолдану»

Мақсаты: Ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық мәдениеттің ұлттық бірегей көрсеткіші, күші екенін білдіру;
Берілген ақпарат негізінде оқушылардың өз бойындағы барды оятып, жаңа ұғымдар беріп, ұлттық руханиятты сақтауға баулу;
Оқушының ішкі сезім дүниесін дамыта отырып, ақыл-ой жүйесін жетілдіру.


Өту уақыты: 20.03.2024 ж

Қатысушылар: 7 сынып

Жауапты: тарих пәнінің мұғалімі Рахметов С.О.
2023 – 2024 оқу жылы
Бөлім тақырыбы : Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы
Зерттеу сұрағы: “Зар заман” өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты?
Оқу мақсаты: 7.1.2.2 қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру
Бұл сабақта: Ислам дініне қатысты Ресей империясының саясаты жайлы және «Зар заман» өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасқанын білетін боламыз.
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Үй тапсырмасы: «Шашу әдісі» (7 минут)

  1. Жарменкелік сауда мал өсірушілер мен отырықшы диқандардың арасында қандай сипат алды?(Делдалдық сипат алды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте тиімді болды. Олар жәрменкеде мал мен мал өнімдерін көптеп айырбастай алды.)

  2. Пароходпен тасылатын негізгі тауарларды ата? (таскөмір, астық, тұз, көкөніс және мал)

  3. Қазақстандағы ірі жәрменкелерді ата? (Қоянды, Қарқара, Жаркент)

  4. Қай жылы Омбыдан Семейге алғашқы пароход сапарға шықты? (1862 жылы)

  5. Ресей көпестері қандай сауда өнімдерін сатты? (білтелі шамдар, сабын, ыдыс аяқтар, ұн, шай, қант)

  6. Орта Азия саудагерлері қандай өнімдер сатты? (әртүрлі шапан, кілем, жібек, мақта мата кездемелер)

  7. 1871 жылы Қазақстанның қай қаласында тұңғыш қоғамдық банк ашылды? (Повладарда)

  8. Жарменкелерде ірі ірі спорттық ойындарынан қай түрлері жиі өткізіліп тұрды? (Ат жарыс және ұлттық ойын түрлері)

  9. Ірі ірі жәрменкелерде қазақтың бүкіл әлемге танылған балуаны кім? (Қажымұқан Мұңайтпасов)

  10. Осындай жәрменкелерде сол кездің сал серілері мен ақындары да болып жүрген. Олар кімдер? (Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Шамсудинова, Әміре Қашаубаев, Әсет Найманбайұлы)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет