2014 жылы Электр энергиясын өндіру көлемі 2013 жылғы көлемге қарағанда 1 % (немесе 371 млн.кВтс) төмендеуі мына электр стансаларында электр энергиясын өндірудің азаюымен байланысты:
-«2-МАЭС» АҚ бойынша - ҚР нарығында электр энергиясын сату көлемінің азаюына байланысты;
- «МГЭС» АҚ бойынша - Шарын өзенінен Бестөбе су қоймасына келіп түсетін су 2014 жылы болжанған көлемнен аз болуына байланысты.
2014 жылы жылу энергиясы көлемінің 2013 жылмен салыстырғанда 11% (769тыс.Гкал) артуы жылыту маусымының созылуымен және есепті мерзімнің бірінші тоқсанында сыртқы ауа температурасының барынша төмен болуымен түсіндіріледі.
Электр энергиясын беру көлемінің 4% (немесе 485 млн.кВтс) ұлғаюы және электр энергиясын сату көлемінің энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың 2013 жылға қарағанда 6% немесе 472 млн.кВтс артуы есепті мерзімнің 1 тоқсанында Алматы өңірінде температураның төмендеуімен, тиісінше Алматы қаласы тұтынушыларын электр энергиясын беру және жабдықтау көлемінің артуымен түсіндіріледі.
Көмір өндіру көлемінің 2013 жылмен салыстырғанда 9% (немесе 3,7 млн.тоннаға) төмендеуі РФ стансаларының сұранысы азаюымен байланысты.
Алдағы кезеңге болжам
2015 жылға жасалған болжам бойынша, электр энергиясын өндіру көлемі 2014 жылғы факт бойынша 14% азайған. Өндіріс көлемінің азаю себебі «1-ЕМАЭС» ЖШС-нің 2014 жылдың қарашасынан бастап Ресей Федерациясына электр энергиясын жеткізуді шектеуі және өнеркәсіп өндірісі көлемінің азаюына байланысты ҚР бойынша электр энергиясын тұтынудың жалпы көлемінің төмендеуі болып табылады.
2015 жылғы жоспарда жылу энергиясын өндіру көлемі 2014 жылғы деңгейде. 2016 жылы «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ң сатылуымен байланысты азаятын болады.
Электр энергиясын беру мен тарату көлемі бойынша 2015 жылы «АЖК» АҚ мен «ШҚ АЭК» АҚ-ы тұтынушыларының тапсырысы есебінен өсім күтілуде. 2016 жылға арналған болжам бойынша «ШҚ АЭК» мен «МЭБК» АҚ сатылуына байланысты азаяды.
2015 жылға арналған болжам бойынша көмір сату көлемінің болжамы 2014 жылға қарағанда 1 млн.тоннаға немесе 3% төмен болмақ. Бұл Екібастұз 1-МАЭС мен РФ электр стансалары сияқты негізгі тұтынушылардың көмір тұтынуы көлемінің төмендеуіне байланысты болжам, РФ электр стансаларының Екібастұз көмірін қолданатын қазандықтарды пайдаланудан шығару жөніндегі жоспарын есепке ала отырып жасалды. 2016 жылға арналған болжамда көмір сату көлемі 20415 жылға қарағанда 5% немесе 2 млн.тоннаға артады. 2015-2016 жж. көмір өндіру мен сату көлемі ҚР мен РФ-ғы электр энергиясын өндірудің болжалдық көлемін есепке ала отырып әзірленген.
"Самұрық-Энерго" АҚ-ның тарифтік саясаты
Энергетика компаниясының қызмет түріне қарамастан, тарифтік реттеу ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополия және бәсекелестікті қорғау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құзырына жатады.
Энергия өндіруші ұйымдардың (ЭӨҰ) тарифі Үкіметтің 2009-2015 жылдарға арналған, инвестициялық құрамды «инвестицияға айырбас ретіндегі тарифтер» қағидаты бойынша қарастыратын Қаулысымен бекітілген.
2009 жылы қабылданған шектік тарифтер бағдарламасы Қазақстанның электр энергетикалық саласының инвестициялық тартымдылығын арттырып, электр стансаларының қолда бар активтерін ауқымды жаңартуды, қайта жаңғыртып және техникалық қайта жарақтандыруды қамтамасыз етті.
Жыл сайын ҚР Энергетика министрлігімен жасалатын Инвестициялық келісімдер негізінде мөлшері шектік мәннен аспайтын тарифтер белгіленеді.
2016 жылдан бастап Қазақстанда қуат нарығын іске қосу жоспарлануда, ол бойынша энергия өндіруші компаниялар электр энергиясынан тыс, электр қуатының әзірлігіне қолдау жасау жөніндегі қызмет түрін де сататын болады.
Электр энергиясының тарифіне қолда бар активтерді жұмыс жағдайында және техникалық дұрыс қалыпта ұстап тұруға, кеңейтуге, жаңартуға, қолда бар активтерді жаңғыртуға және техникалық қайта жарақтандыруға кететін шығындарды қоспағанда, тікелей электр энергиясын өндіруге жұмсалатын барлық шығындар қосылады.
Қолда бар активтерді жұмыс жағдайында және техникалық дұрыс қалыпта ұстап тұруға, кеңейтуге, жаңартуға, қолда бар активтерді жаңғыртуға және техникалық қайта жарақтандыруға кететін шығындар электр қуатының әзірлігіне қолдау жасау жөніндегі қызмет тарифіне қосылады.
Комитет энергия беретін компаниялардың тарифтерін ұзақ мерзімді кезеңге (5 жыл) реттейді. Энергия беретін компаниялар (ЭБК) үшін 2013 жылдың қаңтарынан бастап салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) әдістемесі енгізілді, ол тарифтерді 20 ЭБК-ті 8 фактор бойынша талдау негізінде бекітуді көздейді. ЭБК арналған салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша Х-фактор белгіленіп, оның негізінде тариф құрылады.
Реттелетін нарық субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтау ұйымдарының (ЭЖҰ) тарифтері Комитетпен міндетті түрде келісуге жатады және мынадай шығындардан құралады: энергия көзінен сатып алу, Жүйелілік операторының (KEGOC) беру, теңгерімдеу және диспетчерлеу жөніндегі қызметі, ЭБК қызметі, ЭЖҰ шығындары (жабдықтаушылық үстемелер).
Менеджменттің компанияның қаржылық-шаруашылық жұмысына талдау жасауы
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы тобының қаржылық-шаруашылық жұмысының қорытындылары туралы есепті дайындау барысында бірыңғай амал қолдану мақсатында, консолидацияда үлестік қатысу тәсілі қолданылады. Бұдан басқа, қолданылып жүрген есептік саясатқа сай, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді көрсету алғашқы құны бойынша емес, яғни қайта бағалану ескерілмей жүргізіледі.
Жоғарыда айтылғандар негізінде, шоғырландырылған теңгерімде үлестік қатысу әдісін қолдану барысында «2-ЕМАЭС» АҚ, «Forum Muider B.V.» көмір активтері компаниясы сияқты, «Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан иелену үлесі 50% құрайтын ірі компаниялардың айналымдары алынып тасталды.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін қалыптастыру барысында осы компаниялар бойынша пайда үлесі «үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдардың пайда/шығын үлесі» бабында көрініс табады.
Активтің құнсыздануына байланысты, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық жұмысының қорытындылары "Самұрық-Энерго" АҚ-ның шоғырландырылған есебіне кіргізілмеді.
Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің жекешелендірудің кешенді жоспары жөніндегі қаулысы мен ҚЕХС-ң № 5 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған жұмыс» стандартына сай, сатуға арналған активтер («Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «МЭБК» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ, «ШЭТ» ЖШС) тоқтатылған жұмыстан түскен пайда жолында көрсетілген.
Есепті жылдағы айтарлықтай оқиға «1-ГРЭС» ЖШС-ін сатып алу болды. Сатып алу құны 236,6 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, «Мойнақ ГЭС» АҚ-ң 49%-ін сатып алу жөніндегі мәміле жасалды. Сатып алу құны 18,5 млрд. теңгені құрады.
Қаржылық-экономикалық көрсеткіштер
№ р/н
|
Көрсеткіштер, млн теңге
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
факт
|
факт
|
факт
|
болжам
|
болжам
|
1
|
Өнім сатудан және қызмет көрсетуден түскен түсім
|
94 558
|
135 844
|
178 085
|
194 442
|
120 729
|
|
Оның ішінде, элиминдеуді есепке алмағандағы жұмыс түрлері бойынша
|
1.1.
|
Электр энергиясын өндіру
|
125 346
|
47 017
|
115 904
|
126 970
|
118 238
|
1.2.
|
Энергиямен жабдықтау ұйымдары сатқан электр энергиясы
|
88 435
|
99 014
|
85 042
|
96 418
|
0
|
1.3.
|
Жылу энергиясын өндіру
|
14 029
|
14 224
|
14 699
|
14 577
|
0
|
1.4.
|
Электр энергиясын беру және тарату
|
34 167
|
45 927
|
31 156
|
34 080
|
0
|
1.5.
|
Химиялық тазартылған суды сату
|
998
|
955
|
1 792
|
1 897
|
0
|
1.6.
|
Құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстары
|
0
|
2 239
|
0
|
0
|
0
|
1.7.
|
Жалға алу
|
1 537
|
1 907
|
2 050
|
2 039
|
2 041
|
1.8.
|
Басқалары
|
8 532
|
9 754
|
20 682
|
566
|
450
|
2
|
Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны
|
77 064
|
104 944
|
120 135
|
140 991
|
61 613
|
|
Оның ішінде, элиминдеуді есепке алмағандағы жұмыс түрлері бойынша
|
2.1.
|
Электр энергиясын өндірудің өзіндік құны
|
57 638
|
30 371
|
66 122
|
83 219
|
61 604
|
2.2.
|
Энергиямен жабдықтау ұйымдары сатқан электр энергиясының өзіндік құны
|
85 303
|
97 312
|
85 072
|
95 817
|
0
|
2.3.
|
Жылу энергиясын өндірудің өзіндік құны
|
16 812
|
14 735
|
14 407
|
15 580
|
0
|
2.4.
|
Электр энергиясын берудің өзіндік құны
|
30 335
|
34 208
|
25 400
|
26 490
|
0
|
2.5.
|
Химиялық тазартылған суды сатудың өзіндік құны
|
1 006
|
1 671
|
1 742
|
1 883
|
0
|
2.6.
|
Құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстарының өзіндік құны
|
0
|
2 311
|
0
|
0
|
0
|
2.7.
|
Негізгі жұмыстың басқа да түрлерінің өзіндік құны
|
3
|
7
|
7
|
9
|
9
|
|
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы
|
8 146
|
11 794
|
25 303
|
36 509
|
26 819
|
3
|
Жалпы пайда (Gross operating profit=1-2)
|
17 494
|
30 900
|
57 950
|
53 451
|
59 116
|
4
|
Қаржыландырудан түскен түсім
|
1 702
|
3 294
|
4 064
|
1 407
|
3 159
|
5
|
Басқа да түсімдер
|
6 577
|
3 799
|
70 435
|
787
|
7
|
6
|
Өнімді сату мен қызмет көрсетуге жұмсалған шығын
|
153
|
105
|
2 416
|
2 883
|
3 488
|
7
|
Жалпы және әкімшілік шығындар
|
6 770
|
10 718
|
11 287
|
12 761
|
9 732
|
8
|
Қаржыландыруға жұмсалған шығын
|
5 300
|
8 377
|
23 993
|
19 530
|
18 315
|
10
|
Негізгі емес жұмыс түріне жұмсалған шығындар
|
4 632
|
1 314
|
87 438
|
1 312
|
41
|
11
|
Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдардың пайда/шығын үлесі
|
13 177
|
30 106
|
12 956
|
11 447
|
12 339
|
12
|
Тоқтатылған жұмыстан болған пайда (шығын)
|
60
|
-92
|
2 987
|
3 822
|
6 382
|
13
|
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар
|
3 522
|
5 618
|
10 009
|
9 036
|
10 135
|
14
|
Азшылықтың үлесі
|
-126
|
1 023
|
-2 696
|
104
|
101
|
15
|
Қорытынды пайда
|
18 758
|
40 853
|
15 947
|
25 289
|
39 190
|
Достарыңызбен бөлісу: |