|
Павлодар облысы
Баянауыл ауданы әкімдігінің
2012 жылғы «13»желтоқсандағы
№319/12 қаулысымен бекітілген
|
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметтің регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметтің регламентінде келесі ұғымдар қолданады:
1) мүгедек бала – денсаулығында зияны бар, ағзасының функциялары бұзылған, зақымдар мен олардың асқынуынан туындаған, өмір сүруге шектеулер жасайтын дефектерінің нәтижесінде әлеуметтік қорғауды қажет ететін он сегіз жасқа дейінгі тұлға.
2) психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация (ПМПК) – әлеуметтік және медициналық – педагогикалық коррекцияны іске асыру, оқытудың түрі мен тәртібін анықтау үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық – медициналық – педагогикалық диагностикасын іске асыратын мемлекеттік мекеме.
3) қызметті алушы - денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемі білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ жеке тұлға.
2. Жалпы ережелер
2. Бұл регламент Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 қаулысының «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметтің стандартына сай жасалған.
3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін қызметті алушы оқитын білім беру мекемесі іске асырады.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңымен; «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңымен; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы №100 қаулысымен бекітілген Арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережемен; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы №974 бұйрығымен бекітілген Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ережемен реттеледі.
6. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
7. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы өзі оқитын білім беру мекемесіне өтініш береді.
8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ке дейін жүзеге асырылады.
Алдын ала жазылу және жедел рәсімдеу қарастырылмаған.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылады, немесе білім беру бөлімінің 9-20-67 телефондарына қоңырау шалу арқылы білуге болады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттің 15-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні.
11. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
12. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады. Қызмет көрсетілетін бөлме көлемі, орналасуы және сырт пішіні жағынан сапалы қызметтерді ұсыну талаптарына сай келеді. Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасау үшін бөлме креслолармен және орындықтармен жабдықталған.
13. Білім беру ұйымы осы стандарттың 15-тармағында қарастырылған құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
14. Қызмет алушының өтінішінен бастап білім беру мекемесінің мемлекеттік қызметті іске асыру үшін бұйрықты шығаруына дейінгі этаптары:
1) қызмет алушының бұл регламенттің 15 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса өтінішін тіркеу;
2) мектеп директоры үйде оқыту үшін сағаттарды бөлу үшін пән мұғалімдері мен жауапты адамды анықтау;
3) орындаушы үйде оқыту үшін пән мұғалімдеріне сағаттарды бөлу және кестені құру туралы бұйрықтың проектісін жасайды;
4) бұйрыққа мектеп директоры қол қояды;
5) мемлекеттік қызмет үйде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы қимылдар
(өзара қимылдар)
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) медициналық көрсеткіштер бойынша мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы қорытынды: жергілікті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы Дәрігерлік-консультациялық комиссия береді;
2) мүгедек баланы үйде оқыту үшін білім беру бағдарламасы түрінің қорытындысы мен ұсынысы: тұрғылықты мекенжайы бойынша психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация (ПМПК) береді;
3) білім беру ұйымы директорының атына ата-ананың еркін нысанда жазған өтініші;
4) мемлекеттік қызметті алушы ата-аналарының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;
5) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесі;
6) мекенжай анықтамасы;
7) ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама.
16. Мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттары білім беру ұйымының басшысына тапсырылады.
17. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға алатын күні белгіленген тізімдеме беріледі.
18. Қызмет көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілінің жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
19. Білім беру ұйымы осы стандарттың 15-тармағында қарастырылған құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
20. мемлекеттік қызметті көрсету кезінде келесі структуралық-функционалдық бірліктер қатысады (әрі қарай - СФБ):
1) Мектептің іс жүргізушісі (СФБ 1);
2) мектеп директорының оқу- тәрбие жөніндегі орынбасары (СФБ 2);
3) Мектеп директоры (СФБ 3);
21. Әкімшілік қимылдар және олардың реті туралы мәтіндік- кестелік түсініктеме регламенттің 2 қосымшасында беріледі.
22. Әкімшілік қимылдар және олардың реті туралы схема регламенттің 3 қосымшасында беріледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
23. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жауапкершілікке тартылады.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»мемлекеттік қызмет стандартын іске асыратын мемлекеттік мекемелерінің (әрі қарай ММ) тізімі
N
р/с
|
Өкілетті орган
|
Елді мекеннің атауы
|
Жалпы білім беретін мекеме
|
Байланыс мәліметтері
|
1.
|
«Баянауыл ауданының білім бөлімі» ММ
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл а.
|
«Ш.Айманов ат. ГМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 9-20-38 e-mail: B_s1@mail.ru
|
2.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл а.
|
«№2 Баянауыл ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 9-15-72
e-mail: School_2@bk.ru
|
3.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл а.
|
«З.Ақишев ат. ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 9-14-51 e-mail: Skola3@mail.ru
|
4.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл а.
|
«Баянауыл мектеп-интернаты» КММ
|
телефон: 8 (71840) 9-21-23
e-mail: pvl_bayan_mi@mail.ru
|
5.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың к.
|
«№1 Майқайың ОМ» КММ
|
телефон/факс: 8 (71840) 2-10-69
e-mail: mks_1@mail.ru
|
6.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың к.
|
«№2 айқайың ОМ» КММ
|
телефон/факс: 8 (71840) 2-13-17
e-mail: ms2.07@mail.ru
|
7.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ а.
|
«Е.Бекмаханов ат. ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 5-02-35
|
8.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қараашы а.
|
«Шадыра ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 6-12-25
|
9.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Теңдік а.
|
«Қ.Сәтбаев ат ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 64-5-32
|
10.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Құндыкөл а.
|
«Ә.Марғұлан ат. ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 64-2-01
|
11.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Егіндібұлақ а.
|
«Егіндібұлақ ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 93-6-34
|
12.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Торайғыр а.
|
«С.Торайғыров ат. ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 93-6-34 e-mail: asilchan_mub@mail.ru
|
13.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жуантөбе а.
|
«Ж.Аймауытов ат. ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 41-5-45
|
14.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қаратомар а.
|
«Жайма ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 66-0-32
|
15.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан а.
|
«Ақсан ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 9-05-00
|
16.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік а.
|
«Бірлік ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 98-5-19
e-mail: birlikstan@mail.ru
|
17.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, ЦЭС а.
|
«Шөптікөл ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 40-201
e-mail: altoka_87@mail.ru
|
18.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сұлужон а.
|
«Сұлужон ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 40-203
e-mail: sulujon_sow@mail.ru
|
19.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңатілек а.
|
«Б.Хайдаров ат. ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 95-6-10
|
20.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Күркелі а.
|
«Қ.Кемеңгеров ат. ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 93-4-15
e-mail: madiyan74@mail.ru
|
21.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол а.
|
«М.Ж.Көпеев ат. ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 93-4-15
e-mail: kopeev_mektep@mail.ru
|
22.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақши а.
|
«Ақши ОМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 5-02-51
e-mail: akshi_sh@mail.ru
|
23.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Лекер а.
|
«Лекер НМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 9-06-96
e-mail: askar_mkz@mail.ru
|
24.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Үшқұлын а.
|
«Үшқұлын НМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 4-02-06
e-mail: ushkulin_sh@mail.ru
|
25.
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қаражар а.
|
«Қаражар НМ» КММ
|
телефон: 8 (71840) 4-02-06
e-mail: amanmak@mail.ru
|
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
-
Кесте Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі
қатысатын структуралық-функционалдық бірліктердің әрекетін түсіндіру
Іс-әрекет процессі (өтуі, жұмыс барысы)
|
N
р/с
|
N іс-әрекет (өтуі, жұмыс барысы)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
СФБ атауы
|
СФБ 1 топ
Мектептің іс жүргізушісі
|
СФБ 2 топ
Мектеп директорының оқу ісі орынбасары
|
СФБ 3 топ
Мектеп директоры
|
СФБ 2 топ
Мектеп директорының оқу ісі орынбасары
|
2.
|
Іс-шара атауы (процесс, іс-әрекет, операциялар) және олардың орындалуы
|
1) тапсырылған құжаттарды тексеру; 2) құжаттардың кіріс журналына тіркеу;
|
Үйде оқыту туралы бұйрық жобасын дайындау немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру
|
Үйде оқыту туралы бұйрықты қарастыру немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру
|
Үйде оқыту туралы бұйрықты шығару және тіркеу немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру
|
3.
|
Аяқталу нысаны (мәлімет, құжат, өкімдік-ұймдастыру шешім)
|
тұтынушыға қажетті құжаттарды алу туралы қолхат беру
|
Үйде оқыту туралы бұйрықты дайындау немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру
|
Үйде оқыту туралы бұйрыққа қол қою немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру
|
Үйде оқыту туралы бұйрықты шығару және тіркеу немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру
|
4.
|
Орындау мерзімі
|
30 минуттан артық емес
|
10 минут
|
3 күн
|
30 минуттан артық емес
|
Тұтынушы құжаттарды тапсырған уақыттан 3 күн ішінде
|
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Функционалдық өзара әрекеттестік схемасы
Мектептің іс жүргізушісі
Ұсынылған құжаттарды тексеру; кіріс құжаттары журналына тіркеу
Мектеп директорының оқу ісі орынбасары
Үйде оқыту туралы бұйрық жобасын дайындау немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру
Мектеп директоры
Үйде оқыту туралы бұйрыққа қол қою немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру
Мектеп директорының оқу ісі орынбасары
оқыту туралы бұйрықты шығару және тіркеу немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру
Достарыңызбен бөлісу: |