Бастауыш сынып оқушыларын казак тілі сабағы арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу


Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік тәрбие берудің әдіс-тәсілдері мен жолдары



бет4/5
Дата20.05.2022
өлшемі274.32 Kb.
#458085
1   2   3   4   5
Бастауыш сынып оқушыларын казак тілі сабағы арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу

2. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік тәрбие берудің әдіс-тәсілдері мен жолдары.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік тәрбие берудің зерттеу деңгейі.
Бүгінде «Мен патриотпын» деген замандастарымыздың бойынан нағыз ұлтжандылық сезімнен гөрі, мендік патриотизм өріс алғанын байқаймыз. Яғни, олар өзінің бас мүддесін бірінші орынға қояды, ұлттық, елдік мақсат келесі орынға қалады. Сондықтан әр адамның бойынан өзімшілдік, менмендік, тек өз пайдасын көздейтін пиғылдан арылту үшін, ұлтжандылық тәрбиесіне баулу керек. Ол ата-бабаларымыздың ерлік істерінен, аңыз әңгімелерінен, батырлар жырынан мысал келтіре отырып, солардан үлгі алу, өздерін солардың ұрпағы екендігіне көз жеткізе отырып, еліктету арқылы іске асыруға болады. Сондықтан әр адамның бойына Отанға, халқына шын берілгендіктен, ата-салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасуы керек.
А.Байтұрсынов: «Атадан балаға мирас болып екі-ақ нәрсе қалады, бірінші — бай тілі, екінші — байтақ жері».
Философ А.Айталының «Ұлттану» оқу құралында «Ұлтжандылық — халық рухы және материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты. Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал істің иесін айтамыз. Ұлы ұлттар осындай ұлтжандылығымен мықты» делінген.
Патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі — Отан десек, оның мазмұны — байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи ескерткіштері, туған өлкедегі киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Олай болса, патриоттық тәрбиенің қазіргі кезде алатын орны ерекше.
Соған байланысты мен өзімнің зерттеу жұмысымда бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу деген .
Зерттеу мәселесіне байланысты жүргізілген тәжірибелік–эксперименттік жұмыстар Қостанай қаласының №24 «А» Бастауыш қазақ мектебінің 4 «А» және 4 «Б» сыныптарында жүргізіліп, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарымызға 26 бала қатысты. Оның ішіндегі 13 бала 4 «А»сыныбында, ал 13 бала 4 «Б» сыныбынан. Жүргізілген тәжірибелік–эксперимент жұмыстарымыздың мақсаты: қазіргі кездегі бастауыш сынып жасындағы оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырып, танымдық белсенділіктерінің дамыту үлгісін жасап, оны оқу үрдісіне пайдалану, ұлтжанды жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәжірибелік–эксперименттік жұмыстың міндеттері:

  • бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағында әртүрлі тапсырмалар беріп оқушылардың білім деңгейін анықтау.

  • Бастауыш сынып оқушыларының бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

  • Бастауыш сыныптағы ана тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

  • Оқушыларды Отанды сүюге, әрқашан қастерлеп көз қарашығындай асырауға осы ана тілі сабағы арқылы тәрбие беру.

Зерттеу жұмысымның тақырыбына байланысты үш кезеңге бөліп қарастырдым.
I. Кезең – анықтау;
II. Кезең – қалыптастыру;
III. Кезең – қорытынды.

Тәжірибелік – эксперименттік жұмысымның анықтаушы эксперимент кезеңінде эсперимент және бақылау топтары алынды. Бақылаушы топ ретінде 4 «Б» сынып оқушыларының 13 баласы, ал эсперименттік топқа 4 «А» сынып оқушыларының 13 баласы алынды. Бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейін анықтауға арналған әдістемелік диагностикалар, ана тілі сабағы бойынша тапсырмалар беріліп, балалардың танымдық белсенділігі анықталды.


Сонымен қатар анықтаушы кезеңде бастауыш сыныптағы бағдарламалармен, оқу жоспарымен, балалардың ана тілі сабағында танымдық белсенділігімен танысып, бастауыш сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, олардың ана тілі сабағында отансүйгіштікке тәрбиелеуде тәрбиенің ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне деген белсенділігін бақылап, тәрбиешінің ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін жүргізу әдістемелерімен таныстым. Бастапқы кезде бақылау және эксперименталды топтарының сабақтарына қатысып, бақылау жүргіздім.
Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің білім деңгейін анықтау мақсатында бақылау және эксперименттік топтарына әдістер жүргізілді.
Бұл әдістер – бастауыш сынып оқушыларыны танымдық белсенділігінің даму деңгейін анықтау үшін арналған. Бұл әдістер ұпаймен бағаланады және нәтижелері анықталған.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі. Бақылау әдісінде оқушылардың білім деңгейіне байланысты тәсілдерді қолдануға болады. Соның ішінде тест, ашық тест, шығарма, сауалнама, әңгіме, сөздік жұмыс және т.б тәсілдер. Осы тәсілдердің ішіндегі ашық тестті тапсырма ретінде оқушыларға беріп олардың отанға деген сүйіспеншіліктері мен білім деңгейлерін анықтадым.

Әдіс 1. «Сауаланама»


Нұсқау: Бұл әдісте бастауыш сынып оқушыларына сауалнама беріледі. Сауалнаманың сұрақтарына жауап беру арқылы оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін анықтауға болады. Бұл әдісте оқушылардың ойлау үрдістері мен отанға деген сезімдері, оқушылардың жан-дүниесі зерттеледі. Осы әдісті қолданып оқушыларды отанды сүюге, өз елінің патриоты болуға шақыру. Әрбір оқушының сауалнамалары жеке қарастырылып, жауаптарына байланысты ұпаймен бағаланады.

Сауалнама


1.Өзіңді патриотымын деп санайсынба?
1)Ия
2)Жоқ
3)Білмеймін
2.Қазақстан жерін қорғауға өз үлесіңді қосып жүрсінбе?
1)Ия
2)Жоқ
3)Білмеймін
3.Туған еліңді, жеріңді сүйіп өтесінбе?
1)Ия
2)Жоқ
3)Білмеймін
4. Патриоттық сезімді ояту үшін қандай іс-шаралар қолдану керек деп ойлайсың? Өз ойыңды жаз.
5. Бастауыш сынып оқулығын оқығанда қандай тақырыптар отансүйгіштікке баулуға шақырады? Өз ойыңды жаз.
6. Отанды сүю, отанды қастерлеу, отанды қадірлеу, отанды қорғау әрбір азаматтың борышы деп санайсыңба?
1)Ия
2)Жоқ
3)Білмеймін
7. Отан деген сөзді қалай түсінесің? Өз ойыңды жаз.
8. Өзіңнің Қазақстанға деген сезіміңді қалай жеткізесің? Өз ойыңды жаз.
9. Өз Отаныңды өркендету, дамыту, қорғау үшін не істер едің? Өз ойыңды жаз.
10. Ана тілі сабағында отан туралы қандай өлеңді жатқа білесің және бір шумағын жаз?

Бағалау критерийі:


10 ұпай-егер оқушы барлық сұрақтарға толық жауап беріп сөздерді дұрыс байланыстырып, өз ойын толық жеткізіп өз Отанының патриоты екенін дәлелдесе.
8-9 ұпай- оқушы барлық сұрақтарға жауап беріп, өз Отанының патриоты екенін дәлелдеп, бірақ сөйлемдерді дұрыс байланыстыра алмаса.
6-7 ұпай-оқушы сұрақтарға толық жауап берсе, өз Отанының патриоты болғанымен сөйлемдерде сөздерді дұрыс қолданып толық жеткізіп бере алмаса.
4-5 ұпай-оқушы сұрақтарға толық жауап бермей, өз Отанының патриоты болып, сөздерді сөйлемдерді дұрыс жаза алмай мазмұны жағынан дұрыс құрастырылмаса.
2-3 ұпай-оқушы сұрақтарға толық жауап бермей, өз Отанының патриоты деп өзін есептемей сөздерді, сөйлемдерді мүлдем байланыстыра алмаса.
Даму деңгейінің қорытындысы:
10 ұпай-жоғары
6-9 ұпай-орташа
2-5 ұпай –төмен

Кесте 1 «Сауалнама» әдісінің даму қортыныдысы





Бақылаушы топ



Жоғары

Орташа

Төмен

Эксперименттік топ



Жоғары

Орташа

Төмен

1

Азат Жаннұр

++

+




Айтқожинов Мәди




+

+

2

Даниал жандос




++

+

Ақылбек Әминә

+

+




3

Ғазиз Қазбек

+

+




Асқар Мирас

+

+

+

4

Раханов Бекзат

++







Ахметова Алсу

+

+

+

5

Каримова Нәзгүл







++

Бейсенов Жангельды

+







6

Ғазиз Азиза

+

+




Бигалинова Дана

++







7

Батыр Бекзат

+




++

Даненов Даниал

+

+

+

8

Макашев Өмір




++




Демисенова Дана

+




++

9

Сисенгалиева Мадина

++




+

Ембергенова Бағдат

+

+




10

Мукушева Руслана

+

++




Жанакаев Адай




+




11

Құсымбаев Алан

+

+




Жолбарыс Аружан




++




12

Салназарова Жанар

+

+





Жолдыбаева Диана

2

+

3

13

Қаныбек Нұрсұлтан

+







Жумагалиев Адлет

+









Барлығы

8

3

2

Барлығы

6

6

1




Барлығы %

61

24

15

Барлығы %

46

46

8

Қорытынды. «Сауалнама» әдіс. Бұл әдісте бақылаушы топ пен эксперимент топтарына бақылау жүргіздім. Бақылаушы топта 4 «Б» сыныбынан 13 оқушы және эксперимент топта 4 «А» сыныбынан 13 оқушы қатысты. Бұл әдісте үш деңгей болды: жоғары, орташа, төмен. Оқушылардың бұл тапсырманы орындағанда олардың жан-дүниесін, ішкі ойларын, отанға деген сүйіспеншіліктерін анықтау болды. Бақылау тобындағы жоғары деңгейде 8 оқушы 61%, орташа деңгейде 3 оқушы 24%, төменгі деңгейде 2 оқушы 15% көрсеткішті көрсетті. Ал, эксперимент тобында жоғары деңгейде 6 оқушы 46%, орташа деңгейде 6 оқушы 46%, төменгі деңгейде 1 оқушы 8% көрсеткішті көрсетті. Осы екі топты салыстыру арқылы айырмашылықтарын байқадым.

Әдіс 2. Ашық тест
Нұсқау: Бұл әдіс бойынша оқушыларға ашық тесттер беріледі (тапсырма-1). Тізбектің әрбір бөлшегінде тапсырмалар берілген. Берілген тапсырмалардың дұрыс жауаптарын өздері касындағы тізбекке жазады. Зерттеуді жүргізуші баланың тапсырманы орындауға жұмсалған уақытын қадағалап, белгілеп отырады. Тапсырманы орындау кезінде берілген дұрыс жауап ұпаймен саналады, соның нәтижесінде баланың қабылдауының даму деңгейі жайында қорытынды шығарылады. Бұл әдісті «Туған өлкем – тұғырым» деген бөлімдегі «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтініне жүргіздім.


Рәміздер туралы не білесін?




Рәміздердің авторлары кім?




«Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтінінде не туралы айтылған?




Рәміздердің өзіндік ерекшеліктері туралы айтып бер.




Мәтіндегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп бер.




Бағалау критерийі:


10 ұпай-бала тапсырманың бесеуін дұрыс орындап шықты, осы уақыт ішінде берілген тапсырмаларды жазып үлгеріп болды.
8-9 ұпай-берілген тапсырманың төртеуін дұрыс орындап, қалғанын орындауға уақыт жетпей қалды.
6-7 ұпай-берілген тапсырманың үшеуін дұрыс орындап шықты, тапсырмаларды орындауда уақыт жетпей қалды.
4-5 ұпай-берілген тапсырманың екеуін дұрыс орындап шықты, тапсырмаларды орындау үшін уақыт қажет болды.
2-3 ұпай-берілген тапсырманың біреуін дұрыс орындап шықты, тапсырмаларды орындау үшін уақыт жетпей қалды.
Даму деңгейінің қорытындысы:
10 ұпай-жоғары
6-9 ұпай-орташа
2-5 ұпай –төмен
Кесте 2 «Ашық тест» әдісінің даму қорытындысы.



Бақылаушы топ



Жоғары

Орташа

Төмен

Эксперименттік топ



Жоғары

Орташа

Төмен

1

Азат Жаннұр

++

+




Айтқожинов Мәди




+

++

2

Даниал жандос




++

+

Ақылбек Әминә

+

+




3

Ғазиз Қазбек




++




Асқар Мирас

+

+

+

4

Раханов Бекзат

++







Ахметова Алсу

+

+

+

5

Каримова Нәзгүл







++

Бейсенов Жангельды




++




6

Ғазиз Азиза

+

+




Бигалинова Дана

++







7

Батыр Бекзат

+




++

Даненов Даниал

+

+

+

8

Макашев Өмір




++




Демисенова Дана

+




++

9

Сисенгалиева Мадина

++




+

Ембергенова Бағдат




++




10

Мукушева Руслана

+

++




Жанакаев Адай




+

+

11

Құсымбаев Алан




++




Жолбарыс Аружан




++




12

Салназарова Жанар

+

+





Жолдыбаева Диана

2

+

3

13

Қаныбек Нұрсұлтан

+







Жумагалиев Адлет

+









Барлығы

6

5

2

Барлығы

4

6

3




Барлығы %

46

39

15

Барлығы %

31

46

23

Қорытынды. «Ашық тест» тәсілі. Бұл әдісте бақылаушы топ пен эксперимент топтарына бақылау жүргіздім. Бақылаушы топта 4 «Б» сыныбынан 13 оқушы және эксперимент топта 4 «А» сыныбынан 13 оқушы қатысты. Бұл әдісте үш деңгей болды: жоғары, орташа, төмен. Оқушылардың деңгейін анықтау үшін «Ашық тест» тәсілін қолдандым. Бұл тәсілде бақылаушы топтағы оқушылардың жоғары деңгейді 6 оқушы 46%, орташа деңгейді 5 оқушы 39% ал төменгі деңгейде 2 оқушы 15% өз білімдерінің көрсеткішін көрсетті. Бұл оқушылардың отанға деген патриоттық сезімдерінің көрсеткіші жоғары болды. Ал, эксперимент тобында жоғары деңгейде 4 оқушы 31%, орташа деңгейде 6 оқушы 46%, ал төменгі деңгейде 3 оқушы 23% көрсетті. Эксперимент тобында бақылаушы топқа қарағанда айырмашылық болды.


Әдіс 3. «Шығарма»
Нұсқау: Бұл әдіс бойынша оқушыларға тақырып беріледі. Тақырып «Туған өлкем - Қазақстан» осы тақырыпқа байланысты өз ойларын қағазға түсіріп шағын шығарма жазып ой-өрістерін дамытады. Бұл тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытады. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылығына байланысты туған жерін сүюге деген сезімдері артады. Әрбір оқушыны жазған шығармаларының мазмұнына және сауаттылығына байланысты ұпаймен бағалаймыз. Осының нәтижесінде оқушылардың даму деңгейіне қорытынды шығарылады.

Бағалау критерийі:


10 ұпай-оқушы тапсырманы қатесіз және мазмұны жағынан шығармалық қабілеттерін қосып әртүрлі қиялмен жазды.
8-9 ұпай-берілген тапсырманы оқушы сөздерді жазу кезінде 1-2 қате сөздерді жазған, мазмұны жағынан әртүрлі шығармалық қабілеттерімен жазды.
6-7 ұпай-берілген тапсырманы оқушы бірнеше қателіктер жіберіп, мазмұны жағынан дұрыс құралмаған сөйлемдер болды.
4-5 ұпай-оқушы берілген тапсырманы орындау барысында көптеген қателіктер жіберіп, мазмұны жағынан дұрыс құрылмаған сөйлемдер болды.
2-3 ұпай-берілген тапсырманы орындағанда көптеген қателіктер жіберіп соның ішінде сөйлемдері дұрыс құрылмаған мазмұны жағы мүлдем дұрыс ойластырылмаған.
Даму деңгейінің қорытындысы:
10 ұпай-жоғары
6-9 ұпай-орташа
2-5 ұпай –төмен

Кесте 3. «Шығарма» әдісінің даму қорытындысы







Бақылаушы топ



Жоғары

Орташа

Төмен

Эксперименттік топ



Жоғары

Орташа

Төмен

1

Азат Жаннұр

++

+




Айтқожинов Мәди




+

+

2

Даниал жандос




++

+

Ақылбек Әминә

+

+




3

Ғазиз Қазбек

+

+




Асқар Мирас

+

+

+

4

Раханов Бекзат

++







Ахметова Алсу

+

+

+

5

Каримова Нәзгүл







++

Бейсенов Жангельды

+







6

Ғазиз Азиза

+

+




Бигалинова Дана

++







7

Батыр Бекзат

+




++

Даненов Даниал

+

+

+

8

Макашев Өмір




++




Демисенова Дана

+




++

9

Сисенгалиева Мадина

++




+

Ембергенова Бағдат

+

+




10

Мукушева Руслана

+

++




Жанакаев Адай




+




11

Құсымбаев Алан

+

+




Жолбарыс Аружан




++




12

Салназарова Жанар

+

+





Жолдыбаева Диана

2

+

3

13

Қаныбек Нұрсұлтан

+







Жумагалиев Адлет

+









Барлығы

8

3

2

Барлығы

6

6

1




Барлығы %

61

24

15

Барлығы %

46

46

8

Қорытынды. «Шығарма» әдісі. Бұл әдісте бақылаушы топ пен эксперимент топтарына бақылау жүргіздім. Бақылаушы топта 4 «Б» сыныбынан 13 оқушы және эксперимент топта 4 «А» сыныбынан 13 оқушы қатысты. Бұл әдісте үш деңгей болды: жоғары, орташа, төмен. Оқушылардың білім деңгейін, отанға деген сүйіспеншіліктерін, сауатты жазуларын, сөйлемді байланыстыруларын бақылап анықтадым. Бақылау топтағы жоғары деңгейде 8 оқушы 61%, орташа деңгейде 3 оқушы 24%, төменгі деңгейде 2 оқушы 15% көрсеткіш көрсетті. Ал, эксперимент тобынан жоғары деңгейде 6 оқушы 46%, орташа деңгейде 6 оқушы 46%, ал төменгі деңгейде 1 оқушы 8% көрсеткіш көрсетті. Бақылау тобындағы оқушылардың көрсеткіштері жоғары болды.



2.2. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері мен шарттары.
№1
Тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным
Мақсаты мен мәліметтері: Туған жердің кереметтігі, ондағы әрбір тастар мен суларды қадірлеу керек екенін түсіндіру.
Оқыту формасы мен әдіс-тәсілері: көрсету, жеке жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнеіліктер және қажетті құралдар: слайд бойынша жұмыс жасау, әр түрлі суреттер.
№2
Тақырыбы: Жарық түнде жайлауда
Мақсаты мен мәліметтері: Туған жерге ешқандай жер жетпейтіндігін түсіндіріп, туған жердің түніне де күніне де ештенені теңеуге келмейтінін ұғындыру. Туған жердегі жайлауға түнде шыққандағы кезі көз алдарына елестету.
Оқыту формасы мен әдіс-тәсілері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер және қажетті құралдар: слайд, жайлаудың суреті, сөзжұмбақ.
№3
Тақырыбы: Көкшетау
Мақсаты мен мәлімметтері: Қазақстанның әсем қалаларының бірі «Көкшетау» туралы мәліметтер беріп оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқыту формасы мен әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер және қажетті құралдар: слайд, сұрақтар дайындалған карточкалар, суреттер.
№4
Тақырыбы: Туған жердің ыстығы-ай
Мақсаты мен мәліметтері: Туған жердің ыстық екенін түсіндіріп, әңгімені түсіндіре отырып оқушыларды отанды сүюге, қадірлеуге үйрету.
Оқыту формасы мен әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер және қажетті құралдар: слайд, суреттер, жұмбақтар.
№5
Тақырыбы: Елтаңба мен Ту туралы жыр
Мақсаты мен мәліметтері: Өз елінің рәміздерінің шығу тарихымен таныстыру.
Оқыту формасы мен әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету.
Көрнекіліктер және қажетті құралдар: слайд, рәміздердің суреттері, карточкалар.
№6
Тақырыбы: «Ана құшағында»
Мақсаты мен мәліметтері: оқушылардың санасына ана деген сөзді терең ұғындырып, әрбір баланы анасын қадірлеп, құрметтеуге үйрету.
Оқыту формасы мен әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету.
Көрнекіліктер және қажетті құралдар: слайд, суреттер, сөзжұмбақ.
№7
Тақырыбы: «Бала Мәншүк»
Мақсаты мен мәліметтері: оқушыларға соғыс жылдары болған оқиғалардан үзінді айтып көрсетіп, туған жеріміздің топырағы оңай жолмен келмегенін түсінідіріп оны қадірлеуге, қорғауға үйрету.
Оқыту формасы мен әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету.
Көрнекіліктер мен қажетті құралдар: слайд, видеоролик, суретттер.
№8
Тақырыбы: «Әлияның ерлігі» Ж.Жұмақанов
Мақсаты мен мәліметтері: Әлия Молдағұлова туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте түсу арқылы танымдық білімдерін арттыру. Жүйелі ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, батырлықты дәріптеу отаншылдыққа тәрбиелеу.
Оқыту формасы мен әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, көрнекілік, шығармашылық тапсырмалар беру.
Көрнекіліктер мен қажетті құралдары: слайд, суреттер.
№9
Тақырыбы: «Мен соғысты жек көрем!»
Мақсаты мен мәліметтері: өлең мазмұны мен идеясымен таныстыру, Қ.Жұмағалиев өмірі, шығармалығы туралы мәлімет беру. Шығармалық қиялын, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, достыққа тәрбиелу. Әрбір оқушы санасына үлкенді сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттері сіңіру.
Оқыту формасы мен әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, әңгімелесу, баяндау.
Көрнекіліктер мен қажетті құралдар: деректі фильм, плакат, слайд.
№10
Тақырыбы: «Батыр Бауыржан»
Мақсаты мен мәліметтері: оқушыларды «Батыр Бауыржан» мәтінімен таныстыру. Бауыржан атамыз туралы естеліктермен, ерлік істерімен таныстыру. Оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Баланы батырлыққа, ерлікке, елжандылыққа, өз Отанын сүюге, адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқыту формасы мен әдіс-тәсілдері: әңгімелему, сұрақ-жауап, көрсету.
Көрнекіліктер мен қажетті құралдар: слайд, суреттер.
№11
Тақырыбы: «Кімнің мекені жақсы?»
Мақсаты мен мәліметтері: оқушыларға Отан, туған жері, мекен-жайы туралы білім бере отырып шығарманың түпкі мәнін түсінуге үйрету. Мәнерлі сөйлеу дағдыларын жетілдіру, отанды сүюге, туған өңірін танып білуге тәрбиелеу.
Оқыту формасы мен әдіс-тәсілдері: талдау, жинақтау, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер мен қажетті құралдар: слайд, суреттер.
№12
Тақырыбы: «Туған жер»
Мақсаты мен мәліметтері: Оқушыларды Қасым Аманжоловтың «Туған жер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. Елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Оқушыларды тәрбиелі, ұқыпты, білімді, сабақ үстінде өзін ұстай білуге үйрету.
Оқыту формасы мен әдіс-тәсілдері: талдау, жинақтау, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер мен қажетті құралдар: слайд, суреттер.

Тақырыбы: «Сүйемін, өскен Отаным»


Мақсаты: Оқушыны Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту; Отанын сүюге, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.


Тапсырма: Ақын М.Мақатаев пен Қ. Аманжолов өлеңдерінде (соңғы жолдарында) қандай ұқсастық бар? Ұқсас жолдарды көшіріп жаз.
Мақсаты: оқушылардың өлеңдерді салыстыру кезінде еске сақтау қабілеттерін жақсартып, өлеңді жаттау дағдыларын арттыру. Шығармашылық ойлауларын арттыру, қиялдарын дамыту. Өлеңді ұйқасу үлгілеріне қарап ажыратуға үйрету.

Барысы: екі ақынның өлеңдерін салыстырып отырып дәптерлеріне өздік жұмыс ретінде орындайды. Екі өлеңдегі төрт тармақты екінші шумақтың ұйқасу үлгілерін төмендегі сызбаға қарап салыстыр. Не байқағандарын айтып ой алмасады.


Қ. Аманжолов М.Мақатаев
Мен өзіңдей байтақ едім, кең едім.
Сүйемін, өскен Отаным, Қызығыңды көріп еркін келемін. Жылысып өткен жылыңды
Сен де аямай бердің маған барыңды, Қарыздармын сондықтан,
Мен де аямай барымды саған беремін. Беремін талай жырымды.



Қасым Аманжолов. «Туған жер»

Мұқағали Мақатаев. «Сүйемін, өскен Отаным»

... ...
... ...
... ...
... ...

... ...
... ...
... ...
... ...

Тақырыбы: «Жарық түнде жайлауда»


Мақсаты: Оқушыны Әбділда Тәжібаевтың «Жарық түнде жайлауда» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын, іздену қабілетін дамыту.
Тапсырма: Өлеңнің соңғы шумағындағы сөздерді пайдаланып, сөзжұмбақты шеш.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық ойлауларын дамытып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау қабілеттерін жақсартып байланыстырып сөйлеулерін арттыру. Сөзжұмақты шешу ойлау қабілеттерін жақсартып шапшаңдыққа, тез ойланып шешуін айтуға үйретеді.

Барысы: өлең шумақтарына қарап сөзжұмбақты шешеді. Шешуін тапқан оқушы тақтаға келіп жазады. Бұл тапсырма оқушылардың шапшаңдығын тексереді.


(1).... түнде, жазық дала, жайлауда,
Жалықпаймыз атқанша (2)... сайрауға.
(3)..., (5).... астында (4)......тербеліп,
Үйренгенбіз толқынды жыр (6) .......ға.
Мақсаты: Оқушыны Ілияс Жансүгіровтің «Көкшетау» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанды сүюге үйреу. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Тапсырма: Өлеңдегі бейнелі, көркем сөздерді мына сызбаға сүйеніп, теріп жаз.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, көркем сөздерді шығармаға қосып жазуға үйрету. Өлеңді жаттауға дағдыландырып ондағы әрбір ұйқасты есте сақтап, шығармашылық ойлауларын дамыту. Бұл сызба нұсқада көркем сөздерді жеке өз беттерінше жазады. Бір-бірінің жазған сөздерін салыстырып жаңа сөздерді үйренеді.
Барысы: сызбаға қарап көркем сөздерді жазады. Барлық оқушылар өздік жұмыс ретінде дәптерлеріне орындайды.
Қандай тау? Қандай тас?

Жомарт малта
Момақан маржан
Шипа ақық,меруерт
[Қосымша Б]
Тақырыбы: «Туған жердің ыстығы-ай»
Мақсаты: Оқушыны Қали Сапарбаевтың «Туған жердің ыстығы - ай» атты әңгімені түсініп оқуға үйрету, әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Тапсырма: Туған жер, туған ел жөніндегі мына мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жаз.
Мақсаты: оқушылардың мақал-мәтелдерді көптеп білулерін талап ету, мақал-мәтелдер ата-бабамыздан келе жатқан сөздер. Оны әрбір оқушы сөйлегенде, шығарма жазғанда қолдануға болатынын түсіндіру.
Барысы: мақалдардың басы айтылады соны оқушылар жалғастырады. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді айтады.
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
Отан – оттан да ыстық
Өз елің өлең төсегің.
Батыр туса ел ырысы.
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Тақырыбы: «Елтаңба және Ту туралы жыр»
Мақсаты: оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікті сезінуге, жауапкершілікке тәрбиелеу; өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге патриоттық сезімдерін ояту; Ел рәміздерін, тарихын білуге, қастерлеуге үйрету; оқушыларға желтоқсан жұлдыздарының батырлығы, отаны үшін жанын аямаған еліміздің ұл-қыздарының ерлігі туралы түсінік беру.
Тапсырма: Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құрыңдар. Диалогке мәтіндегі мақал-мәтелдерді қатыстырып айтыңдар.
Мақсаты: оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, диолог құру арқылы сөздерді, сөйлемдерді дұрыс құруыларын тексеру.
Барысы:

  1. Елтаңба және Ту туралы білетіні бойынша мынадай кестені толтырады.

Мен не білемін?

Нені білгім келеді?

Бүгінгі сабақта не үйрендім?










(Бұл сұрақтар баланың өзін-өзі тексеруіне, өзін-өзі бақылап, бағалауына көмектеседі).

І. «Мен не білемін?» деген сұрақ бойынша оқушылар Тудың, Елтаңбаның авторын, ондағы бейнелердің қандай мағына беретінін айтуға болады. Елтаңба авторы – Шота-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов. Тудың авторы – Шәкен Оңдасбекұлы Ниязбеков.
Тақырыбы: «Бала Мәншүк»
Мақсаты: Мәншүк Мәметованың ерлігі туралы оқушылардың түсініктерін тереңдету; сабақ тақырыбын өздігінен талқылай, Мәншүктің ерлігі туралы ойларын тұжырымдайды, шығармашылық жұмыстар атқарады; шағын топ құрамында өзара қатынасқа түседі, сенім және сыйластық дағдыларын қалыптастыруға атсалысады, топ мүшелерінің бәрі де оқу материалын меңгеруін қадағалайды, бір-біріне көмек көрсетеді.
Тапсырма: Мұғалім оқушыларға тақырып бойынша «Ой қозғау» үшін бар білгендерін жазбаша жазуды тапсырады.
Барысы: Жеке жұмыс (5мин.) оқушылар өтілетін тақырып – Мәншүк және соғыс туралы «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» кестесінің бірінші бөлімін өздігінен толтырады.

Не білемін?




Не білгім келеді?




Нені білдім?



Тақырыбы: «Әлияның ерлігі» Ж.Жұмақанов


Мақсаты: Әлия Молдағұлова туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте түсу арқылы танымдық білімдерін арттыру. Жүйелі ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, батырлықты дәріптеу отаншылдыққа тәрбиелеу.
Тапсырма: «Ой қозғау» ойыны. Ойын шарты бойынша көрсетілген бағыт бойынша екі әріп тастай отырып, бір мақал құрастырып шығаруы тиіс.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жақсартып, әріптерден сөз байланыстырп сөйлеулерін үйрету.
Барысы: сөзге қатысты мақал-мәтелдерді табу арқылы оқушының тіл байлығын жетілдіру.

Жауабы: Отан оттанда ыстық. Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас. Құрастырылған мақалдың қандай мағына беретіні мұғалімнің көмегімен түсіндіріледі.
Тақырыбы: «Мен соғысты жек көрем!»
Мақсаты: өлең мазмұнымен, идеясымен таныстыру, Қ. Жұмағалиев өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Оқушылардың шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Отансүйгіштікке, елжандылыққа, достыққа тәрбиелеу. Үлкенді сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.
Тапсырма: оқушылар түрлі формада өз шығармаларын жазып, оқып береді. Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, ойлау мен қиялын ұштастырып сөздерді байланыстырып сөйлеуге баулу.
Барысы: оқушылар шығарма жазады, жазған шығармаларын рольге еніп оқып береді. Осы шығармаларды түрлі формада жазады да соның ішінде әңгімеде, өлеңде, алғыс хатта жазып өз шығармашылықтарын дамытады.




1 топ

2 топ

3 топ

Роль

Соғыс ардагері

Оқушы

Оқушы

Аудитория

Оқушыларға

Дүниежүзі балаларына

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевқа

Форма

Әңгіме

Өлең

Алғыс хат

Тақырып

Талай өткен ғасырлар,
Еш соғыссыз өтпеген

Бейбітшілік, достық

Ұлттар арасындағы достық, татулық

Тақырыбы: «Батыр Бауыржан»


Мақсаты: оқушыларды «Батыр Бауыржан» мәтінімен таныстыру. Бауыржан атамыз туралы естеліктермен, ерлік істерімен таныстыру. Оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Баланы батырлыққа, ерлікке, елжандылыққа, өз Отанын сүюге, адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеу.


Тапсырма: «Образға кіру». Бұл тапсырмада оқушылар Бауыржан ағамыздың образына еніп шығарма жазады. (Егер сен Бауыржан ағамыз сияқты батыр болсаң не істер едің?). оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамып,


Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамып, сөздерді байланыстырып сөйлеулері артады, Бауыржан ағамызға ұқсап өз отанын қорғауға ұмтылады, отансүйгіштік сезімдері дамиды.


Барысы: Әрбір оқушы жеке тапсырма ретінде орындап, шығармашылық ойлауларын іске қосып әрқайсысы өз бетінше образға еніп шығарма жазады. Тақтаға Бауыржан ағамыздың суреті ілініп тұрады. Соған қарап оқушылар көз алдарына елестетіп шығарма жазады. Шығарма жазуға 40 минут уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде жазған шығармаларын аяқтап сабақ бітуіне 5 минут қалғанда шығарманы жинап аламын. Оқушылар мынадай деп шығарма жазуы мүмкін мысалы: Мен 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысына қатыстым. Соғыс кезінде қырғын шайқас пен қан төгістер болды. Соның салдарынан халқымыз қырылып жастарымызды соғысқа әкетіп жатты. Соның ішінде өзімде болдым.


Тақырыбы: «Кімнің мекені жақсы?»


Мақсаты: оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, сөздік қорын дамытып, мәтінді түсініп оқуға үйрету. «Кімнің мекені жақсы?» мәтініндегі негізгі сұрақ қойып оқушылардың ой-өрістерін дамыту. Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.


Тапсырма: «Үш бөлімдік сұхбат». Оқушыларға оқулықтағы «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін «Үш бөлімдік сұхбат» тәсілін қолданып оқу тапсырылады.


Мақсаты: оқушыларды мәтінді қатесіз дұрыс оқуға, шапшаң оқуға, топпен жұмыс жасауға үйрету. Мәтін бойынша сұрақтарды бір-біріне қойып, мәтіннің мазмұнын ашуға дағдыландыру.


Барысы: «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін үшке бөлеміз (абцаз бойынша).



  1. Оқушылар топ ішінде А, В, С, Д болып бөлінеді. Оқушылар мәтіннің бірінші бөлімін оқиды (бірінші абцаз). Оқып болғаннан кейін А деп аталатын оқушылар Б деген оқушыларға, С деп аталатын оқушылар Д деген оқушыларға мәтін бойынша сұрақ қояды.

  2. Оқушылар мәтіннің екінші бөлімін оқиды (келесі екінші абцаз) оқып болған соң бір-біріне сұрақ қояды.

  3. Оқушылар мәтіннің үшінші бөлімін оқиды (соңғы үш абцаз). Оқып болған соң жұптасып сұрақ қояды.

  4. Мұғалім оқушыларға және оқушылар мұғалімге мәтін бойынша сұрақтар қойып, өз ойлары мен тұжырымдарын айтады.

Тақырыбы: Туған жер. Қасым Аманжолов


Мақсаты: Оқушыларды Қасым Аманжоловтың «Туған жер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. Елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Оқушыларды тәрбиелі, ұқыпты, білімді, сабақ үстінде өзін ұстай білуге үйрету.
Тапсырма: Ой қозғау стратегиясы: Туған жер туралы не білесіңдер? Туған жер туралы білетіндеріңді қасыңдағы серіктестеріңмен өзара пікір алмасыңдар. INSERT стратегиясы бойынша жұмыс.
Мақсаты: оқушыларды білген және білмеген білімдерін тексеріп оны ары қарай дамыту. INSERT стратегиясы бойынша оқушылардың шапшаң ойлауларын, пікірлерін толық жеткізе білу, топпен жұмыс жасауға үйрету.
Барысы: оқушылардың ой қозғау стратегиясы бойынша пікірлерін тыңдап тапсырманы ары қарай орындаймыз.
Мағынаны ажырату сатысы: INSERT стратегиясы бойынша жұмыс жасау жолын ескерте отырып, мәтінді оқу барысында қарындашпен белгі қоюларын ескертемін.
V – білемін
+ - жаңа білім
— - білмедім, түсініксіз
? – таң қалдым, зерттеймін.
Сыныпта v, – екі белгімен жұмыс жүргізіледі де, +, ? белгісі бойынша үйге кесте толтыру тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет