Реферат. Студенттің өзіндік жұмысы. Ғылыми тарих 1 курс Орындаған: Жанұзақ Бекзат



Дата24.02.2024
өлшемі17.01 Kb.
#493125
түріРеферат
Саясаттану Жанұзақ Бекзат


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Реферат.
Студенттің өзіндік жұмысы.
Ғылыми тарих 1 курс
Орындаған: Жанұзақ Бекзат
Тексерген: Инкарбаев Есенай Турганбаевич
Тақырыбы:Қазақстанның құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде дамуы.
Жоспар:
1) Кіріспе.
2) Демократия дегеніміз не?
3) Қазақстан зайырлы мемлекет
4) Қазақстан құқықтық мемлекет
5) Қазақстан әлеуметтік мемлекет
6) Қазақстан демократиялық мемлекет
7) Қорытынды.
8) Пайданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе:
Осы күні тәуелсіз Қазақстан Республикасы басқа да посткеңестік елдер сияқты өзін халықаралық қауымдастықтағы орнын одан әрі нығайтуға барлық күш-жігерін салуда. Осы тұрғыдағы ең маңызды мәселелердің бірі қоғамдық саланы әлемдік демократиялық стандарттарға келтіру және шынайы құқықтық мемлекетті кұру болып табылады. Демократиялық үрдістердің алғы шарты елде саяси еркіндік, адам кұқықтарының сақталуы, әлеуметтік қорғау қамтамасыз етілуі, жеке және қоғамдық бастамалардың кең тарауы.
Қазақ елінің өз тәуелсіздігін алып, егемендігіне қол жеткізгеніне отыз үш жыл болды. Осы жылдар аралығында еліміз қиын да, қыстаулы кезендерді, жетістіктер мен алға ілгерушіліктерді бастан кешірді. Алғашқы күннен бастап еліміз зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет құру бағытын таңдап алып, азаматтық қоғам институттарын дамытуды басты мақсат етіп қойды. Қазакстан Республикасының казіргі 1995 жылы кабылданған Конституциясы бойынша әлеуметтік және кұқықтық мемлекетті құрудың алғышарттары мен негізгі принциптері белгіленген: «Қазакстан Республикасы өзің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" болып табылады. Құқықтық мемлекетті кұруға Қазақстан Республикасы ұмтылуда және оның бастауы 1993 және 1995 жылғы Конституциялар негіз салды. Ол қоғамның тұрақты дамуы мен ретке келтірудін легитимді егеменді ұйымды білдіреді, ол жерде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың кызметтері құқықтық нормаларға байланысты, оларға бағынады және оларға сәйкес ылғи да түзетіліп отырады.Қазақстанда кұқықтық мемлекетті қалыптастыру өте күрделі және динамикалық процесс, ол қоғамнан көп күш салуды кажет етеді. Құқықтық мемлекет демократиялық емес сипаттағы институттардан, кұрылымдардан және қатынастардан бас тарту, құқықтық мемлекет үшін ерекше жаңа институттар мен кұрылымдар енгізу және пайдалану. Қандай да болмасын мемлекеттегі демократияның дамуын парламентаризмнен (парламенттіліктен) тыс талдау мүмкін емес. Тарихи тұрғыдан алғанда парламент-қоғамның әлеуметтік топтары уәкілдерінің біріккен органы. Қоғамдағы демократияның деңгейі әрбір уәкілдің билік пен коғам арасында өз тобының мүдделерін қорғау мүмкіндігімен анықталады. Осы тұрғыдан карағанда Қазақ елі тарихындағы парламенттіліктің алғашқы карапайым көрністері әскери демократия, ру басшылары жиналысы, ағамандар кеңесі, ақсақалдар кеңесі, хандық және билер кеңесі болып табылады. Қазак халқының тарихында ХІХ ғасырдың өзінде хандык кеңестер мен билер кеңестері орын алып келді. ХХ ғасырдағы Қазақстан парламентаризмі өзінің нақты бастауын мемлекеттік биліктің жоғарғы тармағы және бірден-бір заң шығарушы орган деп жарияланған 1937 жылғы Кеңестердің төтенше Х сьезінде қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясынан алады.Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің алғашкы кұрамы 1938 жылғы 24 маусымда округтер бойынша өткен сайлауы 4 жылдық мерзімге сайланды, Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну құқығы қоғамдық ұйымдар мен еңбекші халыққа берілді. Сайлау жасырын дауыс беру, жалпыға бірдей тен және тікелей сайлау құқығы негізінде өткізілді. Алайда, сайлау сырттан қараганда демократиялық сипатта болғанымен, барлық деңгейдегі депутаттық корпусты сайлау билік иесі Коммунистік партияның қатаң бақылауымен баламасыз негізде жүргізілді. Депутаттыққа кандидаттар коммунистік партия ұйымдары белгілеген таптық,партиялык, ұлттық, жыныстық және жас ерекшеліктері бойынша іріктеліп алынды.
Демократиялық мемлекет - бүкіл әлемде жаһандану дәуірінде кеңінен таралған мемлекет үлгісі. Мемлекет демократизмі халықтың билікке қатысуынан, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлінуінен, саяси алуан түрліліктен, жергілікті өзін-өзі басқаруынан көрініс табады. Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге асыратындығын білдіреді. Халық егемендігі бөлінбейді, тек бір ғана субъектісі бар - халық. Осылайша, халық билігі биліктің бүкіл халыққа тиесілі екендігін білдіреді. Халық билігі жағдайында билікті халық, яғни мемлекет азаматтары заңдылығын мойындап, бақылап отырады. Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай өкілетті және тікелей қатысу демократиясы түрлері анықталған. Өкілетті түрінде - халық билігінің тек өздері өкілі болып табылатын, солардың атынан шешім қабылдап, олардың еркін білдіретін сайланбалы өкілетті өкілдер арқылы жүзеге асырылуы. Тікелей демократия - жалпы халықтың немесе оның бір бөлігінің тікелей өз еркін білдіруі. Халық билігінің жоғарғы тікелей қатысуы референдум және сайлау арқылы жүзеге асырылады. Демократия саяси алуан түрлілік принциптері арқылы қызмет етеді. Саяси плюрализм халық билігінің тиімділігін арттырады. Мемлекеттің демократиялылығы жергілікті өзін-өзі басқaру органдарының болуын білдіреді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару органдары негізінде әртүрлі аумақтық бірліктің түрғындарының заң шеңберінде өз жауапкершілігі мен өз мүддесі тұрғысынан қоғамдық істердің маңызды бөлігін басқару құқы мен мүмкіндігін білдіреді.Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет ең алдымен Конститутция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзім біткен соң оларды ауыстыруға халықтық құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндікті береді. Бұл ретте оларға Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес сөз, ар-ождан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу «ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дамуын шешу, сондай ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекеттің санаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды.Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық болып табылады.
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет.
Бұл Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекетпенажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді.Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі әркімнің өзіндік ұстанымы.Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.
Қазақстан құқықтық мемлекет.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі принциптері: азаматтар үшін «заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін «занда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат» болып табылады.
Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеде көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі адам және азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетіндігіне кепілдік бере алады.
Қазақстан әлеуметтік мемлекет.
Конститутцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болуымен қатар, әлеуметтік мемлекет болып та табылады. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конститутциясында көрсетілгендей, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым,, мәдениет, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және жағдайы төмен отбасыларына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындайды.
Бұл шараларда әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асырады. Алайда әлеуметтік мемлекетті «социалистік мемлекет» деген ұғыммен шатастыруға болмайды. Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай әлеуметтік қамқорлықтарды өз міндетіне алады және азаматтардың еңбек пен кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеп, теңгермелік көңіл күйдің болуына жол бермейді. Қазақстандық демократияның ажырамас конститутциясық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғарғы лауазымды адамының (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдары (Парламентті, маслихаттарды және жергілікті өзін өзі басқару органдары) құру тәсілі ерікті сайлау.Ерікті сайлау үшін негізгі үш жағдай сақталуы тиіс. Біріншіден, баламалы ұйғарымдылығы (альтернативті), сайлаушының бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігі; екіншіден, сайлау науқанының барлық сатысындағы қоғамдық бақылау; үшіншіден, сайлаушылардың өз еркімен дауыс беруі. Қазақстан егемендігі, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасып, ол қамтамасыз етіледі. Демократия және құқықтық дәрежеге өту процесі одан әрі жалғасуда.
Қорыта келе, демократия деп халықтың билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады.Демократиялық қоғамның белгілерін экономкалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау шиеліністерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы, және т.с.с. Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сонау құқығы да заң жүзінде бекітілген.

Қолданылған әдебиеттер:1. А.С. Рахымбаева «Саясаттану» Алматы,2006 2. Д.А. Жамбылов «Саясаттану негіздері» оқу құралы Алматы Жеті жарғы, 1998 ж.
3. Е.С. Қуандық «Саясаттану негіздері» Алматы, 2000 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет