Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар


Жаттығу: «Не жетіспейді?»



бет3/6
Дата19.04.2023
өлшемі242.5 Kb.
#472402
1   2   3   4   5   6
Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар,жаттығулар мен тренингтер

Жаттығу: «Не жетіспейді?» 
Мақсаты: «Не жетіспейді?» ойынының мағынасын түсіндіру. Сөйлеу қабілетін дамыту. Заттың мағынасын жетілдіре меңгерту.
 
Құрал-жабдықтар: әр түрлі суреттер, түрлі-түсті қарындаш.
 
Түсіндіру:
 
-Балалар, біз сендермен сиқырлы сөйлейтін тауға да келіп жеттік. Тау бізге мынадай тапсырма берді, біз оны орындасақ, сөйлейтін тау да бізге жол көрсетеді екен. «Не жетіспейді?» деген тапсырманы дұрыстап ойланып өз орнына рет-ретімен қоя білу қажет.
 
Талқылау.
 

Жаттығу: «Сиқырлы сандық»
 
Мақсаты: балаларға сөздік қорын молайту, алдарына мақсат қойып, соған жете білуге қалыптастыру, береке-бірлікті нығайту.
 
Құрал-жабдықтар: сиқырлы сандық, кәмпит.
 
Түсіндіру: Балалар, мінеки саяхат барысында әртүрлі кедергілерден мүдірмей, сүрінбей өтіп, сиқырлы сандықшамызға да келдік. Енді сендер жақсы білімдеріңді көрсеткендерің үшін сиқырлы сандықшаны ашуымыз керек, ашпас бұрын кілтті құрастырып, сандықтың аузын ашайық, сонда сиқырлы сандығымыздың аузы ашылып, бізге берер сыйы бар.
 
Талқылау:
 
- Кілтті құрастыруда қандай қиыншылықтар болды?
 
- Қандай жағымды, жағымсыз жақтары болды?
 


«Ассоциаация»
Қазір ойынды бастап, жүргізетін адамды таңдап алайық .Жүргізуші боламын деген бала ортаға шығады. Соннан соң ойынға Қатысушылардың әр қайсысы осы ойыншының неге ұқсайтынын, қандай ой туғызтынын айту керек. Мысалы, өсімдікке, затқа, жануарларға. Бір-біріңді есімдеріңмен атауды ұмытпаңдар (ойыншылар ойнайды).


«Жұдырықты аш»
Жұптаса бөлініңдер. Жұптағы біреу жұдырығын қатты жұмады. Екінші адам оны ашуға тырсады.Қолды немесе дененің кез-келген жерін ауыртуға боламайды.Кейін ойыншылар орындарын ауыстырады. Күш көрсетпей қолданған амалдар талқыланады:келісім сөздер, өтініштер,қулықтар.


«Тілсіз итеру»
Ойыншылар бөлме ішінде еркін қозғалып жүреді де, бір-бірін түртіп итереді , жай ұрып, соғып, шымшып көреді,бірақ, сөйлемейді.Кейін балалар ойыннан алған әсерлерін бөліседі


«Иә және жоқ»


Барлық ойыншылар жұптаса бөлінеді. Әркім өзіне «иә» немесе «жоқ» деген көзқарасты таңдайды.Дауыстап,тек қана осы сөздерді айтуға болады. Ойынның мақсаты : қарама-қарсы көзқарастағы ойыншыны өз позициясынан бас тартқызу. Барлық ойын аяқталған соң,өздерінің ойларын бөлісужүреді:Сіздер қандай көңіл-күйнде бөлісу жүреді: Сіздер көңіл-күйінде болдыңыздар? Сіздің ашуланған немесе қиналған сәттеріңіз болды ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет