Бастауыш сыныппен к,оштасу кешінін, сценарийі



Дата12.01.2024
өлшемі55 Kb.
#488890
Тәрбие сағаты Сәлем саған, мектебім!


Тәрбие сағаты: Сәлем саған, мектебім!


Мақсаты: 5-сынып оқушыларына орта буынға тез бейімделуіне көмектесу, жаңа міндет пен талаптармен таныстыру; оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату; жаңа дәстүрді мектеп өміріне енгізу.


Көрнекілік: «Мектеп өмірі қызықты» атты буклет, фотосуреттер, плакаттар, ұстаздар мен оқушыларға арналған құттықтау открыткалары және куәліктер, шарлар, ноутбук, музыка.


Жоспар:

  1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.

  2. «Сынып бұрышының» презентациясы.

  3. Әдеби монтаж.

  4. Мұғалімдерге алғыс білдіру, құттықтау.

  5. 5-сынып оқушыларының анты.

  6. Куәліктер тапсыру рәсімі.

  7. Мерекелік дастархан.



Барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып жетекшісі іс-шараның мақсатымен таныстырады.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! «Сәлем саған, мектебім!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі мерекеміз жақсы дәстүрге айналады деп сенеміз.

  1. Сынып презентациясы. Әр оқушының қысқаша мінездемесі оқылып, сыныпта атқарылатын міндеті туралы айтылады.

  2. Сөз кезегін оқушыларға береміз.

1-оқушы: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата- аналар,
«Сәлем, мектеп» деген тойымызға.
2-оқушы: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
3-оқушы: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
5-ші сыныпқа мен бармақ.
4-оқушы: Төрт жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Құрметті біздің балалар,
Орындалды ойымыз
Құтты болсын тойымыз!
5-оқушы: Жоламасын жамандық,
Болсын әр кез амандық.
Ашық болсын көгіңіз,
Әнге толсын төріміз.
(«Мектебім» әні орындалады)
Жүргізуші: Балаларымыз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды саналарына сіңіріп өседі. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі. Оқушыларыма бастауыш сыныпта дәріс берген ұстаз – Ыбырай Қайроллаұлы, келесі өлең шумақтары Сізге арналады.
6-окушы: Қиялымды көздедің,
Таптың ойдың тұрағын.
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.
7-оқушы: Ақылшым, асыл ұстазым,
Жолыңды айқын нұсқадың.
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұштадың.
1-оқушы: Әлі есімде отырғаным партаға,
Таңданып кеп үңілгенім тақтаға.
Жайдары, ашық ұстазымның сондағы,
«Түзу отыр» - деп қаққаны арқаға.
2-оқушы: Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жандарды көргенде.
Шарықтап биік қиялым...
Анадай ұстаз мектебім,
Алғысым айтар көп менің.
3-оқушы: Ұсынғаны адалдық,
Үйреткені адамдық.
Бар ұстазға тілейміз,
Бақыт, табыс, амандық!
(«Ұстазым» әні орындалады)

  1. 5-сынып оқушылары пән мұғалімдерін құттықтайды, открыткаларын табыс етеді.

4-оқушы: Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні,
Сондықтан да біздің мектеп үлгілі.
МУСЛИМА апай — дана кісі басшымыз.
Тәртіп пенен мәдениеттің символы.
5-оқушы: Өз есімі жүректерде жатталған.
ЫБЫРАЙ ағай талай жерде мақталған.
Тілін тауып, көңілін тауып бәрінің,
Бастауыштың бар баласын басқарған.
6-окушы: Қазақ тілін құрметтеп,
Сүйеміз шын жүректен.
Мұғалім анамыздай,
Көңілдерге гүл еккен.
Өсіреді сананы,
САУЛЕ апайға мың алғыс,
Әлпештеген баланы.
7-окушы: Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне.
Өз аузына қаратқан,
БАҚЫТ апайды ұғамыз.
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығамыз.
1-оқушы: Тарих сабағын беретін,
Ғарыш туралы да білетін.
БИБИГУЛЬ апайымыз
Қызық екен сабағыңыз!
2-оқушы: Кемшілікті кезінде,
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңілінің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
ТАЛҒАТ ағай осындай.
3-оқушы: Баулыған әрбір өнерді,
БАҚЫТ апай өнерлі.
Әсем әннін шебері,
Әрбір сөзі мәнерлі.
Қызықтырып ән-күйге,
Бізді үйретіп келеді.
4-оқушы: КАМИЛА апай сүйікті
Үйретеді шет тілді.
Көп нәрсені біледі,
Бізді жақсы көреді.

  1. Оқушылардың анты.

5-сынып оқушысы қыз бала: БІЛІМ АЛУҒА, ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУҒА, ОТАНДЫ КОРҒАУҒА, ТІЛІМІЗ БЕН САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ САҚТАУҒА,
5-сынып оқушысы ер бала: МӘДЕНИЕТТІ БОЛУҒА, ҮЛГІЛІ БОЛУҒА, ЕРІНБЕЙ ЕҢБЕК ЕТУГЕ, МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАҢКЫН КӨТЕРУГЕ, (бәрі) АНТ ЕТЕМІЗ!!!

  1. Салтанатты түрде оқушыларға куәліктерін тапсыру, табыс ету, құттықтау.

  2. Оқушылар ата-аналары жасаған дастархан басына өтеді.

М.Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебі



Тәрбие сағаты:
«Сәлем саған, мектебім!»
Өткізген: Жылқыбаева А.Т.
2014-2015 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет