Бастауыш сыныптарда пәнаралық байланыс арқылы білім сапасын арттыру мәселесі



Дата01.03.2024
өлшемі16.13 Kb.
#493438
мақала


БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Білім саласында үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін, еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім сапасының жоғары деңгейге жетуі мемлекеттік білімді дамыту сапасының жоғары деңгейге жетуі мемлекеттік білімді дамыту бағдарламаларының басты мақсаты болып табылады.


Еліміздегі жаһандық білім беру үдерісі мақсатты, тәуелсіз, мобильді тұлғаны дайындауда оқушының жеке басын дамытуға, оның қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл оқыту үдерісіне педагогикалық көзқарастардың түбегейлі өзгеруін білдіреді, зияткерлігі дамыған,белсенді, өзін-өзі басқара алатын, білімін жүйелей алатын, ақпаратты өз бетінше іздейтін және сыни тұрғыда ойлауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақ стан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында (ҚР Президентінің 26.02.2021 №521 Жарлығымен) Сапалы білімге байланысты: «Оқушылардың ойлау дағдыларын қарапайым деңгейден (білу,түсіну қолдану) жоғары деңгейге дейін (талдау, синтездеу, бағалау) қалыптастыру, пәнаралық байланыстарды барынша тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «өтпелі тақырыптардың» болуы маңызды болады» деп міндеттейді. Аталған міндеттер өз кезегінде бастауыш сыныптан бастап оқушылардың білім сапасын арттыруды пәнаралық байланыстар жүзеге асыруды көздейді. Ендеше, оқу үдерісіндегі пәнаралық байланыс оқушылардың білім сапасын арттырудың құралы бола алады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
31-қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» бастауыш білім берудің мазмұны оқыту нәтижелеріне бағдарланады және төмендегідей аспектілерді ескере отырып айқындайды :

  • Заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы;

  • Сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;

  • Оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы;

  • Оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету;

Жоғарыда аталып өткен кең ауқымды аспектілер бастауыш білім беру пәндерінің
мазмұны пәнаралық және пәнішілік байланыстар негізінде қарастырылғанын көрсетеді.
Жаңартылған білім мазмұны аясындағы оқулықтағы тапсырмалар пәнаралық байланыста оқытуда үлкен маңызға ие. Шынында да, осы тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың қоршаған орта туралы тұтас бейнесі қалыптасады. Осы тұста бастауыш сынып оқушыларына арналған Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақастың авторлық бірлестіндегі 4-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығында (1,2 бөлім) пәнаралық және пәншілік байланыстар жүзеге асырылуын байқалық: әдебиеттік оқу пәнімен – қазақ тілі сабақтарында мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды пайдалануда, ақын-жазушылардың өмірбаянымен танысу, суреттерін көрсету, автор туралы мәлімет беру, мәтіннің мазмұнын жалғастыруды қажет ететін тапсырмалар арқылы әдебиеттік оқу сабағындағы материалдарды еске түсіруде, тәрбиелік мәні бар көркем шығармаларды және жас ерекшілігін ескере отырып халық ауыз әдебиеттерін пайдалануда; дүниетану пәнімен – қоршаған орта туралы заттар мен құбылыстардың атауларын таныстыруда,олар жайында түсінік беру, мәтінді түсіндіруде жануарлар, өсімдіктер, жер,су, қорық және т.б. туралы түсініктерін кеңейту, табиғат құбылыстары мен туған жердің табиғатын таныстыруда, туған ел, Отан туралы жаттығуларды орындатуда, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы ұғымдардың мәнін ашып, оларға сиппатама беруде, еліміздің мәдениеті, шаруашылығы туралы түсінік беруде; математика пәнімен – сан атауларын пайдалануда, заттың пішіні мен көлемін салыстыруда; музыка пәнімен –өлең мәтіндері арқылы музыкалық қабілетін дамытуда, музыка шығармаларының негізінде байланыстыра сөйлеуді дамытуда; бейнелеу өнері пәнімен жаттығу мазмұны бойынша сурет салуға берілген тапсырмаларды орындатуда, әртүрлі суреттер мен портреттерді пайдалануда, белгілі суретшілер туралы мағлұмат беруде, сюжетті сурет бойынша мазмұндама жазуда пәнаралық интеграциясы жүзеге асады.
Пәнаралық байланыста оқытуды жүзеге асыру балалардың танымдық қызығуы мен білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімнің пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі және пәнаралық интеграцияны білім мазмұнында айқындау оқу үдерісін интеграциялау негізінде ұйымдастырудың басты міндеттерінің қатарына жатады.
Бастауыш сынып пәндерін байланыстырып оқытуда бастауыш сынып мұғалімі мынадай әдістемелік принциптерді білуі және ұстануы қажет:
Пәнаралық байланысты алдын-ала жоспарлау;
Пәнаралық байланысты оқушылар үшін қызықты танымдық материалдар арқылы ұйымдастыру;
Пәнаралық байланысты сабақтың қажетті бөлігінде тақырыптың мазмұнын ашуда тиімді қолдану;
Пән мазмұнын жаңа ғылыми деректермен толықтыру;
Тақырыптың мазмұнын, ерекшелігін және оқушылар мүмкіндігін ескеру;
Жаңа берілетін пәнаралық байланыс мағлұматтарын оқушылардың білетіндерімен ұштастыру;
Осы жағдайда ғана бастауыш сыныпта пәнаралық байланыс негізінде оқыту түрлі мәселелердің шешімін таба білетін, білімін өздігінен жүйелей алатын тұтас дүниетанымы бар эрудициялы тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Пәнаралық байланыс арқылы бастауыш сынып оқушылары бар білімді жүйелі толықтырады және кеңейтеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет